Сот-медицина сараптама бюросы



Кіріспе
Негізгі бөлім
Сот медицина сараптамасының маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сот медицинасы мен басқа да медициналық пәндердің деректерін тергеу және сот тәжірибесінде іс жүзінде қолдану сот-медицина сараптамасының мазмұны болып табылады.
Сот-медицина сараптамасы сот әділдігі мақсаттары мен міндеттеріне қызмет етеді және елімізде қолданылып жүрген қылмыстық, азаматтық, қылмыстық істер жүргізу және азаматтық істер жүргізу заңдарының, Үкімет қаулылары мен өкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығаратын ережелердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың негізінде және соларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Сонымен бірге сот-медицина сараптамасы өз қызметі, құқықтары мен міндеттері шегінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту ісінде, ауру мен өлім-жітімді азайту, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту жолындағы күресте денсаулық сақтау жұмысына барынша жәрдемдесуді мақсат етеді.
Елімізде сот-медицина сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу, Азаматтық және Азаматтық істер жүргізу кодекстерінін бірқатар баптарымен белгіленген. Әрбір кодекс бір құқық саласына қатысты заңдар жинағы болып табылады.
Сараптаманың әр алуан түрлері бар, мысалы сот-медицина, сот-психиатрия, сот-бухгалтерлік, криминалистика, сот-техникалық сараптамалары және т.б. Бұл орайда сот-медицина сараптамасының басқаларының бәрінен бұрын қолданыла бастағанын айта кеткен жөн. Сараптаманың басқа түрлері сияқты, сот-медицина сараптамасы да тергеу және сот органдарының жазбаша берген ұсынысы, қаулысы немесе жолдамасы бойынша ғана жасалады.
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 01.01.1998 жыл.
2. «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы №188 Заңы.
3. Инструкция о производстве судебной экспертизы в РК 1992г.
4. Каракобенов К. "Сот медицинасы"- Алматы "Жеті жарғы" 1996 жыл.
5. Авдеев М.И. Краткое руководство по судебной медицине.-М.Медицина,
1966 г.
6. Волков В.Н., Датий А.В. Судебная медицина: Учебное пособие для вузов.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Сот медицина сараптамасының маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сот медицинасы мен басқа да медициналық пәндердің деректерін тергеу және сот тәжірибесінде іс жүзінде қолдану сот-медицина сараптамасының мазмұны болып табылады.
Сот-медицина сараптамасы сот әділдігі мақсаттары мен міндеттеріне қызмет етеді және елімізде қолданылып жүрген қылмыстық, азаматтық, қылмыстық істер жүргізу және азаматтық істер жүргізу заңдарының, Үкімет қаулылары мен өкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығаратын ережелердің, бұйрықтар мен нұсқаулардың негізінде және соларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
Сонымен бірге сот-медицина сараптамасы өз қызметі, құқықтары мен міндеттері шегінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту ісінде, ауру мен өлім-жітімді азайту, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту жолындағы күресте денсаулық сақтау жұмысына барынша жәрдемдесуді мақсат етеді.
Елімізде сот-медицина сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу, Азаматтық және Азаматтық істер жүргізу кодекстерінін бірқатар баптарымен белгіленген. Әрбір кодекс бір құқық саласына қатысты заңдар жинағы болып табылады.
Сараптаманың әр алуан түрлері бар, мысалы сот-медицина, сот-психиатрия, сот-бухгалтерлік, криминалистика, сот-техникалық сараптамалары және т.б. Бұл орайда сот-медицина сараптамасының басқаларының бәрінен бұрын қолданыла бастағанын айта кеткен жөн. Сараптаманың басқа түрлері сияқты, сот-медицина сараптамасы да тергеу және сот органдарының жазбаша берген ұсынысы, қаулысы немесе жолдамасы бойынша ғана жасалады.
Қазіргі кезде мемлекеттік (лауазымдық) және еркін сот-медицина сараптамасы жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптамасының басым көпшілігін сот-медицина сарапшылары, яғни арнаулы даярлығы бар және сот-медицина сарапшыларының қызметін атқаратын дәрігерлер жасайды. Бұл -мемлекеттік, яғни лауазымдық сараптама. Сондай-ақ сот-медицина сараптамасы болмаған жағдайда сараптама жасауды тергеу немесе сот органдары кез келген дәрігерге тапсыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда ол сарапшы-дәрігер деп аталады. Бұл - еркін сараптама.

Сот медицина сараптамасының маңызы

Кейбір елдерде ант берген сараптама деген бар. Мысалы, Францияда солай. Бұл орайда соттарда ант беріп, сот-медицина сарапшысы болып бекітілген дәрігерлердің белгілі бір тізімі болады. Мұндай жағдайларда тергеу және сот органдары сарапшылар таңдағанда дәрігерлердің тиісті тізімімен шектеледі.
Біздің заңдарымызға сәйкес, сараптама тағайындау туралы мәселенің әрбір ретте тергеу немесе сот органдары шешеді. Алайда заңда сараптамалардың барлық түрлері ішінен сот-медицина және сот-психиатрия сараптамаларын міндетті түрде жүргізу көзделген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша:
өлу себебін және дене жарақаттарының сипатын анықтау үшін;
айыпталушының немесе күдік келтірілген адамның іс жүргізу кезіне қарай өздерінің не істегенін білетін-білмейтіндігі немесе өзін-өзі билей алатындығы жағынан ақыл-есінің бүтіндігіне немесе қабілеттілігіне күмән келтірілген жағдайда олардың психикалық халін анықтау үшін;
куәгердің немесе жәбірленушінің іс үшін манызы бар мән-жайлар- ды дұрыс түсіну және олар туралы дұрыс айғақ беру қабілетіне күмән келтірілген жағдайда олардың психикалық және физикалық халін анықтау үшін;
айыпталушының, күдік келтірілген немесе жәбірленген адамның жас шамасының іс үшін маңызы болып, ол туралы құжаттар болмаған жағдайда олардың жас шамасын анықтау үшін сараптама жүргізу міндетті болып табылады.[1]
Сөйтіп, өлу себептерін, дене жарақаттарының сипатын, психикалық халін және жасын анықтаған кезде міндетті түрде сараптама жүргізу заңда көзделген. Іс жүзінде орындалуы жөнінен сот-медицина сараптамасының түрлері: алғашқы, қосымша және қайталап жасалатын сараптамалар болып бөлінеді.
Алғашқы сараптама кезінде объектіге бірінші рет, көбінесе бір сәтке және түпкілікті зерттеу жүргізіліп, сарапшы тиісті қорытынды жасайды. Кейде алғашқы сараптама барысында қосымша зерттеу жүргізу, мамандардың ақыл-кеңесі, т.б. қажет болады. Сондықтан алғашқы сараптама барлық уақытта бірдей бір сәттік бола бермейді.
Қосымша сараптама кезінде сот-медицина сарапшысы әуелі объектіні зерттеп, қорытынды жазады. Сонан соң тергеу барысында, тергеуші сарапшыны тергеу материалдарымен таныстырып, оған қолда бар барлық материалдар ескерілген түпкілікті қорытынды беруді ұсынады.
Алғашқы сараптама онша толық және білікті болмаса, тергеу немесе сот органдарын қанағаттандырмаса, сондай-ақ істе келтірілген басқа дәлелдемелерге қайшы келсе, сараптама қайталап жасалады. Әдетте сараптаманы қайталап жасау неғүрлым тәжірибелі бір немесе бірнеше сарапшыға тапсырылады. Алғашқы, қосымша және қайталанатын сараптамалар комиссиялық және кешенді түрде жүргізілуі мүмкін.
Комиссиялық сараптама мейлінше қиын жағдайларда, атап айтқаңда, кәсіптік құқық бұзғаны үшін медицина қызметкерлерін жауапқа тарту туралы істер бойынша, еңбекке жарамдылық дәрежесін анықтау кезінде, өтірік ауыруды немесе ауырғансуды, өзін-өзі жарақаттауды анықтау үшін сараптама жасаған кезде, күрделі қылмыстық істер бойынша (мысалы, бөлшектеп тасталған мәйітті зерттеген жағдайда), сараптаманы қайталап жасаған кезде жүргізіледі.

Кешенді сараптаманы бір іс бойынша әр түрлі мамандар тобы жүргізеді. Мәселен, улануға сараптама жасағанда оған көбінесе клиникалық дәрігерлер, сот дәрігерлері, химиктер, биологтар, ботаниктер және т.б. қатысады.[2]
Сот-медицина сараптамасы алдын ала тергеу кезінде де, сот мәжілісінде де жүргізіледі. Маман дәрігердің сот медицинасы саласына қатысуы көбінесе оқиға болған жерді қараудан басталады, оны тергеуші жүргізеді (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 126-бабы). Кісі өлтіруге, өзін-өзі өлтіруге, жазатайым оқиғаларға байланысты істерде өлікті оқиға болған (табылған) жерде қарау кезінде, сондай-ақ адам сырттан зорлық жасалуы мүмкін кейбір кенеттен қайтыс болған жағдайларда маман дәрігердің маңызы ерекше зор. Мұндай жағдайларда дәрігер өзінің арнаулы білімі негізінде қылмысты тергеуге елеулі көмек көрсете алады. Мысалы, өліктің жатысы, денесіндегі жарақаттар, қан дақтарының болуы, өлік таңбаларының түсі мен сипаты, өліктің сіресу көрінісі және т.б. бірқатар жағдайларда болған оқиғаның сипаты, жарақат салу әдісі, өлген уақыты туралы, тергеу үшін маңызды басқа да мәселелер жөнінде алдын ала пікір айтуға мүмкіндік береді. Әлбетте, оқиға болған жерге барған маман дәрігердің бірінші кезектегі міндеті - өлу актісін анықтау немесе зардап шегуші тірі болып шықса, оған медициналық көмек көрсету. Оқиға болған жерді қараған кезде хаттама жасалып, оған тергеуші, дәрігер және куәлар қол қояды. Әдетте, хаттама өлікті қарауға қатысқан дәрігердің ауызекі айтуымен жазылады. Маман дәрігер бірқатар айғақты заттарды (қан дақтарын, шәует сұйығын, шашты, т.б.) табу, алу кезінде тергеушіге көп көмек көрсете алады. Сонымен қоса, оқиға болған жерді қараған кезде жоспар жасап, объектіні суретке тусірген жөн, мұны тергеуші істейді.
Оқиға болған (өлік табылған) жерде өлікті қарап шыққаннан кейін тергеуші өлікті сот-медициналық союға жібереді. Оны сойып көруді оқиға болған жерді қарауға қатысқан дәрігерге тапсырған жөн, өйткені ол істің мән-жайымен, өлік құбылыстарының сипатымен және жарақаттардың бастапқы көрінісімен таныс. Бұл ерекшеліктер сарапшының сот-медицина сараптамасы алдына қойылған мәселелерді неғұрлым егжей-тегжейлі шешуіне көмектеседі. Бұл мәселелер тергеушінің қаулысында айқын тұжырымдалуға тиіс, онда сонымен қатар сараптаманың мақсаттары және оқиғаның мән-жайы туралы мәліметтер де көрсетіледі.[3]
Алдын ала тергеуде берілген деректерді сарапшының сот мәжілісінде түсіндіріп беруі жиі кездеседі, сот мәжілісіне оның сот ұсынысы бойынша шақырылуы мүмкін. Кейде сот мәжілісінде сарапшының шешуіне қойылатын қосымша сұрақтар да туындайды. Сот сарапшыға қорытынды беруден бас тартқаны үшін және біле тұра жалған қорытынды бергені үшін жауапты болатынын ескертеді.
Алдын ала тергеу барысында немесе сот мәжілісінде өз қызметін дұрыс атқару үшін сот-медицина сарапшысы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттерін жақсы білуге тиіс. Сарапшының міндеттері:
1. Ол анықтама алушы адамның, тергеушшің, прокурордың, соттың шақыруына келуге тиіс. Дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда, куәгер сияқты, сарапшы да айдап әкелінуі мүмкін. Сарапшының ауырып қалуы, қызмет бабымен іссапарға кетуі, демалыста болуы, шақыру қағазын алмауы және с.с. оның келмеуіне дәлелді себептерге жатады.
2. Тергеу құпиясын сақтауға тиіс. Алдын ала тергеу деректерін жария етуге болмайтыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 96-бабында көзделген. Оларды жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 194-бабында айтылған. Заңның аталған нұсқаулары тәжірибелік сабақтар кезінде кейде алдын ала тергеу деректерімен танысатын студенттерге де қатысты.
3. Сот-медицина сарапшысы сараптама жүргізуге және өзінің алдына қойылған мәселелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Сот-медицина сараптамасының іс жүргізу және ұйымдық негіздері
Сот сараптамасының түрлері
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасынын объектілері
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Пәндер