Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолдана білуге үйретудің теориялық негіздері

1. 1Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды бояу түстерімен таныстырудың маңызы . . . 18

2. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолдана білуге үйретудің тиімді әдістемесі

2. 1 Бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларға акварель техникасымен жұмыс жасауды үйретудің мазмұны . . . 26

2. 2 бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолдануды үйрету әдістері . . . 32

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазақстанда қоғамдық реформаларға орай орта білім беру жүйесін жетілдіруде де көптеген шаралар жүзеге асырылды, жалпы орта білім беру саласындағы пәндердің жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты бекітілді және жоғары кәсіби білім берудің стандарттық жобалары даярланды. Жаңа білім стандартына сай білім беру жүйесіне «өнер» бөлімі еңгізілді. Бұл блок «Әлемдік көркем мәдениет» курсы және өнертанудың басқа теориялық пәндері арқылы көрініс табады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының негіздерін қалыптасты-ру жеке тұлғаның дамуына жағдай жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту, сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне үйрету атап көрсетілген. [1]

Бұл, әрине қазіргі заман қоғамның рухани-адамгершілік дамуын жедел шешуді қажет ететінін дәйектейді. Сондықтан бұл рухани өміріміздің жанды саласы - мектеп, оның оқу-тәрбие жұмыстарында түбегейлі өзгерістер жасаудың мүмкіндіктерін кеңейтетіні сөзсіз. Демек, ғылыми дүниетанымға жаңа көзбен қарап, жас азаматтың дара тұлға ретінде қалыптасуын өркениеттік тұрғыдан бағдарлауға бет бұруымыз - заман талабымен үндес қадам.

Қазіргі кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен мәдениеттегі, рухани мұрадағы, тарихымыздағы жалпы адамзаттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді. [2]

Бұл орайда, әсіресе ұлттық таныммен әлемдік биік талғамның бірлігі айқын танылатын бейнелеу өнерін оқыту мәселесі өзінің өзектілігімен және өткірлігімен ерекшеленеді. Соңғы кездері Қазақстанда жалпы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі мәселесіне арналған көптеген басылымдар пайда болды.

Жұмыстың өзектілігін Қазақстан Республикасының Білім Министірлігі белгілеген жоғарыда аталған Ережелер мен, Қазақстандағы орта жоғарғы кәсіби және балама (альтернативті) білім беру стандартының қазіргі талаптары өнердің түрлерін жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту үрдісінде кең қолдану мен тарату жұмыстарын жан-жақты жүргізу мәселесін алдыңғы орынға қоюы да дәлелдей түседі. [3]

Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, М. Қашғари, Ж. Баласағұн, ұлы Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуға үнемі назар аударып отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренко, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев шығармаларында қабілеттері дамытудың және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.

Ресейлік көрнекті ғалымдар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Б. М. Теплов республикамыздың көрнекті ғалымдары Т. Тәжібаев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Т. Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесі теориясының және тәжірибесінің қомақты қоры деп білеміз.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл-педагогтар (Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков), еңбектерінде арнайы сөз етіледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы дамытудың педагогикалық шарттары (М. Мұхамедин), оқыту барысында (Б. Тұрғынбаева), эстетикалық тәрбие беру мәселесі (С. А. Ұзақбаева, Б. А. Әлмұхамбетов, А. Қамақов) зерделеген еңбектерде оқушылар мен студенттердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, музыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетілген.

Тікелей шығармашылықты дамыту мәселесін де бірқатар ғалымдар зерттеген. Жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын және оны қалыптастыруды (Н. Д. Хмель) еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғызудың жлдарын (С. А. Жолдасбекова) сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын (Б. Т. Нәбиева) болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану мәселесін (Қ. Болатбаев) қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын сәндік-қолданбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу (О. Сатқанов) жолдары арнайы зерттеулерге арқау болған. [4]

Дегенмен зерттеу барысында мынадай қарамақайшылықтардың орын алғанын байқадық. Олар:

- бейнелеу өнерінде бояу техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру қажеттілігі мен оның педагогикалық шарттарының анықталмауы арасында;

- қазақ бейнелеу өнері мүмкіндіктері мен олардың бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды дұрыс пайдаланбауы арасында.

Сонымен, анықталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолдана білуге үйретудің тиімді әдістемесі».

Зерттеудің мақсаты мектептерінің 1-4 сыныптарда бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашы-лық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негізден, әдістемелік ұсыныстар жасау.

-Бейнелеу өнерін оқытуда бояу түстерін қабылдауды дамыту ерекшеліктерін талдау;

-мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың бояу түстерімен таныстырудың маңызы;

-бейнелеу өнерін оқытуда оқушыларға акварель техникасымен жұмыс жасаудың мазмңнын анықтау;

-бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолданудың тиімді әдістерін көрсету.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу үрдісі

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында бояу техникасын қолдану арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

1. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға бояу түстерін тиімді қолдана білуге үйретудің теориялық негіздері

1. 1 Бейнелеу өнері сабағында бояу түсін қабылдауды дамыту ерекшеліктері

Қазіргі уақытта заман талабына сай туындайтын басты мәселелердің бірі - жас ұрпақты қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған, парасатты азамат ретінде қалыптастыру, өзін қоршаған ортадағы, адам өміріндегі, әдебиет пен өнердегі, тұрмыстағы, салт-дәстүрдегісұлулықты, әсем көріністерді сезіне біліп, жақсы мен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу. Сондықтан да жас ұрпақты оқытып, тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, сұлулық пен көркемдікті қабылдау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту, ізгілікке баулу, өз ісіне деген шығармашылық құштарлықтарын, қызығушылығын арттыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білім беру, әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланысты жүргізіледі.

Бейнелеу өнері туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды құрамдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда мұражайлар мен көркемөнер галереяларына саяхат жасау пайдалы болмақ.

Бейнелеу өнерінде қолданылатын бояу түстерімен өз кезегінде түсіндіре отырып, оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге, көркемөнерге деген ынта- жігерін арттыруға күш салу керек. Қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды жан-жақты терең танып білуіміздің көптеген тәсілдерінің бірі - түр-түс әлемі. Түр-түстің табиғатын білу, құрамын, эталонын анықтау, қабылдау - барлық салаға, соның ішінде білім беру саласына да қажетті, тәжірибелік маңызы зор мәселелердің бірі. Ғылым, білім саласында белгілі бір жетістікке жету көп ізденісті қажет ететін болса, бейнелеу өнерінде де түсті қабылдау жолдарын меңгерудің маңызы зор. Түсті қабылдаудың баяндау негізі етіп алыну себебі: түс әлемінің тек өнерде ғана емес, философия, психология, педагогика, сәулет өнері т. б. ғылымдарда да мағыналық мәні бар. Шынында да, «түр-түс әлемі» өзінің пайда болып, ұзақ қалыптасу тарихы бар, адам баласы үшін әлі ашылып болмаған сыры мол өзіндік сымбатқа ие өте күрделі, әрі байырғы табиғат құбылыстарының біріне жатады. [5]

Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры: құдіретті салынған көркем шығарма, ондағы бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді. Мысалы, кейбір көркем шығарманы көргенде адамды қарапайым қуаныш билеп, жаны жадырап сала береді. Кейбірі тұңғыйық ойларға жетелейді, тіпті кейбір шығарма ауырған адамның ауыруынан айығуына, көңілінің көтеріңкі болуына көмектеседі. Ойлау, есте сақтау, қиялдау арқылы оқушылар айнала қоршаған әлемдегі құбылыстар туралы танымын байытып, тереңдете түспек. Оқушылардың бейнелеу өнеріндегі бояу түсін өз деңгейінше қабылдай білуді дамытуда жоғары нәтижеге жету үшін:

- Сыныптан тыс жұмыстар арқылы түр-түсті әсерлі түрде сезініп, қабылдауға үйрету, көріп-білгенін шығармасында пайдалана білу шеберлігін қалыптастыру, дамыту қажет;

- Танымдық маңызы бар өнер шараларына жиі қатыстырып, мектепішілік көрмелер ұйымдастыру қажет;

- Жалпы көркемдік әлемін қабылдауға үйрету, тәрбиелеу жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің іске асу барысында жүйелі жұмыс түрінде, үзбей жүргізіп отыру керек;

Бейнелеу өнерінің мақсаты - айналамызда қоршаған ортаны қабалдауға, көзімізге көрінген заттардың түр-түсін, белгілі бір формасы мен пропорциялық айырмашылықтарын қабылдап, саралай білуге тәрбиелеу. Кеңістіктегі түстер айырмашылықтарын, бір түстен екінші түске ауысу заңдылықтарын, бояу ерекшеліктерін, жарық пен реңктердің әсерін зерттей отырып, ойлау қабілеттерін дамытады. Бояу түстерін байқау тәжірибесінің болмауынан: бояу түстерінің өзара үйлесімділігін ажырату, қажетті түсті табу, заттардың айырмашылығын айыру алғашында оқушыға қиынға соғады. Қайткенмен де, жүйелі бағыттап оқыту, үйрету, көрсету негізінде оқушылардың көбі бояу реңін дұрыс, жарасымды, үйлесімді, ажырата білудегі ережелерге біртіндеп үйрене бастайды, бояулардың негізгі қасиеттері өзара қоспалары арқылы күшейетіндігіне мән бере қарайтын болады.

Мектептегі бейнелеу өнері сабақтарында оқу-тәрбие міндеттерін шешуде сабақтың төрт түрі қарастырылады. Олар нұсқаға қарап сурет салу сабағы, сәндік сурет салу сабағы және өнер туралы әңгіме сабақ.

Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабақтары бірінші сыныптан, төртінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабақтарына 108 сағат берілген. Оның 35 сағаты нұсқаға қарап сурет салу сабағына, 24 сағаты сәндік сурет салу сабағына, 37 сағаты тақырып бойынша сурет салу сабағына, 12 сағаты өнер туралы әңгіме сабағына бөлінеді.

Бұл тәртіп бойынша бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарының ішінде нұсқаға қарап сурет салу сабағына 19 сағат, сәндік сурет салу сабағына 47 сағат, тақырыптық сурет салу сабағына 30 сағат, өнер туралы әңгіме сабақтарына 12 сағат берілген. Енді осы сабақтарды жеке қарастырамыз.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтары. Нұсқаға қарап сурет салу сабағы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Бұл сабақтарды өткізудің мақсаты оқушыларды бейнеленетін заттардың нұсқасына қарап бейнелеуге үйрету болып табылады. Заттардың формасын, өлшемдерін, түр-түсін дүрыс қабылдауға үйрету, олармен таныстыру барысында заттың қасиеттерін сараптауға үйрету міндеті қойылады.

Мұғалім бұл сабақтарда нұсқаға қойылған заттардың формасына өлшемдер қатынасына, жарық пен көлеңке құбылысына, көз деңгейінен жоғарғы немесе төмен болуы сияқты ерекшеліктеріне талдау жасайды. Мысалы, оқушы жалаудың суретін салу алдында мұғалім оған өлшемдерінің қатынастарына көңіл аударады. Үлкен өлшемнің көлденеңінен бағытта кіші өлшемнің тігінен бағытты орналасқандығына, түстерінің аспан көк екендігіне және ондағы жарық пен көлеңке, ою-өрнектер көріністеріне оқушылардың назары аударылады. Мұғалімнің мұндай жүйелі түрдегі талдаулары нәтижесінде оқушылардың көру аппараты арқылы алынған әсері талдау, сараптау қабілеттері артып отырады. Нұсқаға қарап сурет салу барысында оқушы зат туралы мәліметтері толыға түседі. Сурет салу барысында бала нұсқаны мұқият қарап, оның қүрылымындағы ерекшеліктерін табуға талпынады. Бастауыш сыныптағы зат формасын тану екі бағытта жүргізіледі бірі-көру арқылы (яғни нұсқаға қарап сурет салу) және ұстап білу арқылы жүзеге асады.

Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында мұғалім зат формасы туралы дұрыс түсініктер бере отырып, жарық пен көлеңке, перспектива, түстану, анатомия туралы ғылыми мәліметтер негізінде оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.

Сурет салушыға зат формасының сипатымен қатар оның құрылымына көңіл аудару қажет. Зат формасы, үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Кейбір заттар симметриялық ал кейбір заттар симметриялық емес бөліктерден тұратындығы көрсетіледі. Адамдар мен жан жануарлардың формасындағы симметрия және әр түрлі өсімдіктердің заттардың формаларының ерекшеліктері сабақта талдап көрсетіледі. Мұндай талдаулар мен қатар суреттер салу нәтижесі оқушылардың ойлау қабілеттерін Сонымен баланы сурет салуға үйрету адамның жалпы дамуына әсер етеді.

Сурет сабағында мұғалім оқушы алдында қандай міндет қойсада, оны шешу ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді. Оқулық суретті салу барысында нұсқаны танып білу маңызды. Нұсқаны танып білу жай қарап көру емес ол зат туралы толық емес, жеке дара түсініктерден бастап, зат туралы толық елестетудің болуын көздейді. Оқушы нұсқаға қарап отырып, сурет салу барысында нұсқаны мұқият қарайды, оның ерекше сипатын зат құрылымын айқындауға талпынады. Соның нәтижесінде зат туралы түсініктер, ойлау мен ой қорытындылары анықталып, нақтылана түседі. Сонда ғана салатын нұсқаны көруге, ойлануға, өлшеуге, салыстыруға мүмкіндік туады. [6]

Сурет салу барысында зейін маңызды орын алады. Мысалы, кубтың перспективалық көрінісінде оның ені мен биктігі бірдей болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәніндегі өлшемдері әр түрлі. Сол сияқты балаларға жапырақтың суретін салдыру барысында бала, оның формасының сипатын түсіне алмайды, ал егер олар сол жапырақты басқа қайың, қарағай, терек, шырша жапырақтармен салыстырып көретін болса онда, салатын жапырақтың формасының сипатын анықтауға мүмкіндік туады. Мұнан шығатын қорытынды балаға зат формасын қабылдауға, суретін салуға өлшемдер қатынасын, формасын, құрылымын салыстырудың орны ерекше. Сонымен қатар балалардың зейін тәрбиелеудің маңызы үлкен.

Оқушылардың белсенді зейінін тәрбиелеуде ешбір оқу пәні, нұсқаға қарап сурет салу сияқты мүмкіндікке ие бола алмайды. Нұсқаға қарап сурет салу оқушылардың кеңістік туралы ойлауы мен қиялын дамытады. Перспектива құбылыстарының қарапайым ережелерімен танысу, кеңістікті ойлаудың күрделі екендігін көрсетеді. Үш өлшемді көлемді затты жазықтық бетінде бейнелеу, оқушының кеңістік туралы ойлауының қажет екендігін көрсетеді. Барлық графикалық ой, бейнеленетін затты көру дағдысына негізделеді. Сондықтан сурет салушы заттың конструкциялық құрылымын, бөліктерінің өзара байланыстарын, форма сипатын, заттың кеңістіктегі қалпын елестете білу қажет.

Оқушылардың айқын образдық елестету қабілеттерін дамыту, нұсқаға қарап сурет салу, есте сақтаудың дамуына ықпал етеді. Адам өмірінде есте сақтаудың ролі ұшан теңіз. Нұсқаға қарап сурет салу тек қана образдық есте сақтаумен шектеліп қалмай, сол сияқты қозғалыс, эмоциялық және сөздік-логикалық естердің дамуына ықпал етеді.

Оқушының зат туралы айқын елестетуінің негізінде қиял қабылеті дамиды. Нұсқаға қарап сурет салу кезінде абстракциялық ойы дамиды. Зат формасының құрылымына конструктивтік талдау абстрактылы ойлаусыз мүмкін емес, ол сурет салу барысында үнемі зат құрылымына талдау жасап отырудың қажет етеді.

Зат формасын үйренудің басқа түрлелеріне қарағанда абстрактілі ойлау процесінің барлық уақытында, нұсқаға қарап сурет салудың мүмкіндігіндей жағдай бола бермейді. Мүның бәрі сурет салуды үйрену адамның жалпы дамуына әсер етеді.

Орта мектептегі нұсқаға қарап сурет салу дегеніміз жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы карандашпен сурет салуды ғана қарастырып қоймай, оған қоса кескіндеме өнерінің мүмкіндігі арқылы түрлі түсті бояулармен сурет салуды білдіреді.

Кескіндемені оқытудың міндетіне нұсқасына қарап, жеке затарды, қарапайым натюрморты, ингерьерлер мен пейзаждарды салуды көздейді. Кескіндеме элементтерімен танысу барысында оқушылар түрлі түсті қарандаштармен, акварель және гуашь бояулармен жұмыс істеудің техникалық тәсілдерін меңгеруді көздейді. [7]

Бірінші сыныпта оқушылар акварельмен табиғат заттарын (жапырақ, жәндіктер т. б. ) бояуларды араластырмай-ақ бір түспен бейнелеуге үйретілді. Үшінші сыныптан бастап, олар бояуларды араластыру арқылы заттың (түсіне жақын бояу түстерін табуға ұмтылады. Сонымен қатар олар түрлі-түсті бояуларды бірінің үстіне бірін жағуды үйренеді. Төртінші сыныпта оқушылар акварельмен көлемді формаларды (көкөністі, ыдыстарды) бейнелейді. Алғашқы кезде бұл заттарды ақ фонда бейнелесе, соңынан оларды жарық түсті фонда бейнелеуді үйренеді.

Бесінші, алтыншы сыныптарда нұсқаға қарап сурет салу сабақтарында акварель бояуларымен бір топ заттардың түстерінің қатынастарын бере білуге, зат көлемін беруге бағытталады.

Бұл сыныптарда оқушылар жұмысты ылғалды түрде жазу тәсілдерін қолдануға, түстердің бір-біріне ұласуы, түстерді бірінің бетіне-бірін қалау тәсілдеріне бағытталады.

Кескіндемені оқу барысында мүғалім оқушылардың қоршаған ортаны қуаныш сезімімен қабылдайтындығын ойынан шығармауы тиіс. Балалардың алғашқы әсерлері біртіндеп, ойға айналмауы қажет. Сондықтан оқушыларды түстанудың ережелерімен, өзінің натурадан алған әсерлерін түстер арқылы бейнелеуді қолдана білуге, заттар беттеріндегі жарық пен түстердің үйлесімін, көру арқылы қабылдағанынан алшақтатпай бейнелеуге үйрету қажет.

Нұсқаға қарап сурет салу балаларға эстетикалық тәрбие берудің тамаша мүмкіндігі болып табылады. Нұсқаға қарап пейзажды, ағашты, гүлді салу барысында бала табиғат әсемдігіне, түстер мен формалардың алуан түрлігі мен байлығына қызыға түседі. Ол түтас заттың және оның бөліктерінің пропорциялық қатынастарын көре біліп, табиғат формаларының гармониясы мен ритмін, түстердің түрлі деңгейдегі реңдерін көре білуге үйренеді. Балалардың байқампаздығын елгезектігін дамыта отырып, біз эстетикалық тәрбие беру міндеттерін шешеміз.

Сәндік сурет салу сабақтары. Сурет салу оқушыларға графикалық сауаттылық негіздерін меңгертумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқушылардың шығармашылық қабылетін дамытудың ерекше мүмкіндігі сәндік сурет салу сабағы. Бейнелеу өнері бағдарламасында ою-өрнектер құрастыру, альбомдарды безеңдендіру, бөлме ішін безендіру тапсырмалары қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың мектепте берілуі кәсіптік қызметке дайындау емес, шығармашылыққа тәрбиелеу оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашу және қоғамдық пайдалы еңбекке тарту болып табылады.

Бастауыш сыныптағы сәндік сурет салу сабақтарында оқушыларға сәндік өнердің көркем бұйымдары таныстырылады. Бұл сабақтарда қазақ қолөнерімен оқушыларды таныстыру мынандай бағыттар бойынша жүргізіледі: қолөнердің түрлері; қолөнер шеберлері, қазақ киіз үйі; қазақ халқының ою-өрнектер; тұрмыста жиі қолданылатын сәндік қолөнер бұйымдары; сәндік өнер бұйымдарын жасау технологиясы; қолөнер шеберлерінің құрал саймандары; ұлттық киімдер мен ыдыс-аяқтар; ер тұрман ат абзелдері; қолөнер бұйымдарын жасауға қолданатын материалдар; шаруашылыққа қажетті бұйымдар т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Графика және жобалау пәнінің маңызы
Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнері сабақтарында көрнекілікті қолдану жолдары
Абстракция туралы ұғым
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бейнелеу өнерінің 5-6 сынып оқушылар арасындағы сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz