Геронтологияда когнитивті бұзылыстарды емдеу



Қарттар мен егде жастағы когнитивті бұзылыстарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың түрлері, қолданылуы, тиімділігі әдеби шолуда өз көрінісін тапқан. Түйінді сөздер: геронтология, вазоактивті, метаболикалық, дофаминергиялық, ацетилхолинергиялық және глютаматеригиялық дәрілік заттар, Альцгеймер ауруы, қан тамырлы деменция

Тақырыпытың өзектілігі: Қазақстан қазір жиырма жастың үстіне енді қадам басқан жас жігіттей. Ал көрші жатқан Қытай елі алпысты қариямен тең. Егер айдаһарлы ел Қытай мен барыс бейнелі біздің елдегі қарт адамдарды салыстыратын болсақ, Қытайда жасы 60-тан асқан тұрғындары 2008 жылдың аяғында 169 миллионға жетіп, жалпы халықтың 12.79%-ын құраса да, Барыс бейнелі еліміздегі қарттардың қазіргі таңдағы 2,4 миллиондық санымен салыстырғанда алып елдің артында тұрмыз. Ал БҰҰ-ның Демографиялық комиссиясының мәліметтері бойынша біз елдегі ата-әжелеріміздің 7.7%-дық көрсеткішімен «демографиялық қартайған» елдер санатына Қытаймен бірге кіреді екенбіз. Бұл, БҰҰ-ның «2050 жылға қарай адамзат тарихында алғаш рет жасы 16-ға жетпеген жас балалардан гөрі 60-тан асқан қарттардын саны едәуір көп болады» деген болжамының бір дәлеліндей. Қазіргі таңда тек невропотологтар ғана емес, сонымен қатар психиатр мен жалпы тәжірибелік дәрігердің де геронтологиядағы когнитивті бұзылыстарды емдеуге деген қызығушылығы артуда. Интелектуалды-мнестикалық бұзылыстың дамуын баяулататын дәрілік заттарды енгізіп, кең қолданумен байланысты, тамырлы когнитивті бұзылысты емдеу мүмкіндіктері айқын кеңеюде. Бірақ, фармацевтикалық базарда ұсынылған әртүрлі дәрілік заттардың патогенезі анықталмаған, көбісінің дәлелді мәліметтері жоқ, ал олардың тиімділігі көп орталықты зерттеулермен дәлелденбеген. Зерттеу мақсаты: қарттар мен егде жастағы тамырлы когнитивті бұзылыстар емінде қолданылатын дәрілік заттарды талдап, тиімдісін анықтау Зерттеу әдістері:Когнитивті бұзылыстар кезінде емдік тактика бұзылыстың себебі мен ауырлығына қарай таңдалады. Патогенетикалық мақсатта:вазоактивті, метаболикалық, дофаминергиялық, ацетилхолинергиялық және глютаматеригиялық дәрілік заттар қолданылады. Геронтологияда когнитивті бұзылыстарды емдеу Тамырлы когнитивті бұзылыстардың емінде кең көлемде вазоактивті немесе қан тамырлы дәрілік заттар қолданылады, тағайындалуының бірқатар патогенетикалық дәлелі бар, бірақ қолдануға көрсетілген көптеген жұмыстарда ұсыныс ретінде қаралған. Вазоактивті дәрілік заттарға- церебральды микроциркуляцияға оң әсер көрсететін дәрілік заттар жатады. Олар: Фосфодиэстераза ингибиторлары: эуфиллин, пентоксифиллин, винпоцетин және т.б. дәрілік заттың вазоактивті әсері цАМФ деңгейі артуынан, қан тамыр қабырғасының тегіс салалы бұлшық ет жасушаларының босаңсытып, қан тамыр тесігін кеңейтуімен байланысты. Винпоцетин тәрізді басқа да дәрілік заттар қан тамырлы когнитивті бұзылыстың емінде жақсы әсер көрсеткенімен, алынған мәліметтер оны кеңінен қолдануға ұсынуға жеткіліксіз.[22] Пентоксифиллиннің (трентал) қантты диабет кезіндегі әсерлілігі екі жақты жасырын рандомизирленген плацебо-бақылаушы зерттеуде, дәрілік заттарды 400 мг/тәулігіне мөлшерде 36 апта бойы қабылдағанда анықталған. [7] Басқа да зерттеу мәліметтері бойынша тренталды 1200мг/тәулігіне мөлшермен 12 аптадан 2 курс 4 апта үзіліспен қабылдағанда науқастың жағдайы айқын жоғарылаған.
1 Гаврилова С.И. и др. Акатинол–мемантин – модулятор глютаматергической системы в лечении деменций альцгеймеровского типа // Журн. Клиническая и социальная психиатрия, 1995. – N 2. – C. 78–89.
2 Дамулин И.В. Новая нейропротективная и терапевтическая стратегия при деменциях: антагонист NMDA–рецепторов АкатинолМемантин // Рус.мед. журн. – 2001. – Т.9, №25.– С. 1178–1182.
3 Одинак М.М., Емелин А.Ю., Лобзин В.Ю. Применение глиатилина в лечении сосудистых когнитивных расстройств // Матер.конф. «Ежегодные Давиденковские чтения. Актуальные проблемы клинической неврологии». – СПб., 2009. – С.151. 4

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Геронтологияда  когнитивті бұзылыстарды емдеу

Қарттар мен егде жастағы когнитивті бұзылыстарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттардың түрлері, қолданылуы, тиімділігі әдеби шолуда өз көрінісін тапқан.  Түйінді сөздер: геронтология, вазоактивті, метаболикалық, дофаминергиялық, ацетилхолинергиялық және глютаматеригиялық дәрілік заттар, Альцгеймер ауруы, қан тамырлы деменция  
 
Тақырыпытың өзектілігі: Қазақстан қазір жиырма жастың үстіне енді қадам басқан жас жігіттей. Ал көрші жатқан Қытай елі алпысты қариямен тең. Егер айдаһарлы ел Қытай мен барыс бейнелі біздің елдегі қарт адамдарды салыстыратын болсақ,  Қытайда жасы 60-тан асқан тұрғындары 2008 жылдың аяғында 169 миллионға жетіп, жалпы халықтың 12.79%-ын құраса да, Барыс бейнелі еліміздегі қарттардың қазіргі таңдағы 2,4 миллиондық санымен салыстырғанда алып елдің артында тұрмыз. Ал БҰҰ-ның Демографиялық комиссиясының  мәліметтері бойынша біз елдегі ата-әжелеріміздің 7.7%-дық көрсеткішімен демографиялық қартайған елдер санатына Қытаймен бірге кіреді екенбіз. Бұл, БҰҰ-ның 2050 жылға қарай адамзат тарихында алғаш рет жасы 16-ға жетпеген жас балалардан гөрі 60-тан асқан қарттардын саны едәуір көп болады деген болжамының бір дәлеліндей. Қазіргі таңда  тек невропотологтар ғана емес, сонымен қатар психиатр мен жалпы тәжірибелік дәрігердің   де геронтологиядағы когнитивті бұзылыстарды емдеуге деген қызығушылығы артуда. Интелектуалды-мнестикалық  бұзылыстың дамуын баяулататын дәрілік заттарды енгізіп, кең қолданумен байланысты, тамырлы когнитивті бұзылысты емдеу мүмкіндіктері айқын кеңеюде. Бірақ, фармацевтикалық базарда ұсынылған әртүрлі дәрілік заттардың патогенезі анықталмаған, көбісінің дәлелді мәліметтері жоқ, ал олардың тиімділігі көп орталықты зерттеулермен дәлелденбеген. Зерттеу мақсаты: қарттар мен егде жастағы тамырлы когнитивті бұзылыстар емінде қолданылатын дәрілік заттарды талдап, тиімдісін анықтау Зерттеу әдістері:Когнитивті бұзылыстар кезінде емдік тактика бұзылыстың себебі мен ауырлығына қарай таңдалады. Патогенетикалық мақсатта:вазоактивті, метаболикалық, дофаминергиялық, ацетилхолинергиялық және глютаматеригиялық дәрілік заттар қолданылады. Геронтологияда  когнитивті бұзылыстарды емдеу Тамырлы когнитивті бұзылыстардың емінде кең көлемде вазоактивті немесе қан тамырлы дәрілік заттар қолданылады, тағайындалуының бірқатар патогенетикалық дәлелі бар, бірақ қолдануға көрсетілген көптеген жұмыстарда ұсыныс ретінде қаралған. Вазоактивті дәрілік заттарға- церебральды микроциркуляцияға оң әсер көрсететін дәрілік заттар жатады. Олар: Фосфодиэстераза ингибиторлары: эуфиллин, пентоксифиллин, винпоцетин және т.б. дәрілік заттың вазоактивті әсері цАМФ деңгейі артуынан, қан тамыр қабырғасының тегіс салалы  бұлшық ет жасушаларының босаңсытып, қан тамыр тесігін кеңейтуімен байланысты. Винпоцетин тәрізді басқа да дәрілік заттар қан тамырлы когнитивті бұзылыстың емінде жақсы әсер көрсеткенімен, алынған мәліметтер оны кеңінен қолдануға ұсынуға жеткіліксіз.[22] Пентоксифиллиннің (трентал) қантты диабет кезіндегі әсерлілігі екі жақты жасырын рандомизирленген плацебо-бақылаушы зерттеуде,  дәрілік заттарды 400 мгтәулігіне мөлшерде 36 апта бойы қабылдағанда анықталған. [7] Басқа да зерттеу мәліметтері бойынша  тренталды 1200мгтәулігіне мөлшермен 12 аптадан 2 курс 4 апта үзіліспен қабылдағанда науқастың жағдайы айқын жоғарылаған. Сонымен қатар дәрілік зат когнитивті бұзылыстың өрістеуіне тосқауыл болып қана қоймай, қанның реологиялық құрамын жақсартқан. [16.18] Пентоксифиллинді  қан тамырлы когнитивті бұзылыста қолдану жайлы  клиникалық тәжірибелерді  жинақтап  сараптағанда,   Sha.M мен басқа да авторлардың (2003ж) 20 шақты зертеулерінде  дәрілік заттың плацебомен салыстырғанда тиімділігі дәлелденгендігі анықталды.  [21] Са каналының блокаторы: циннаризин, флюнаризин, нимодипин.  Қан тамыр қабырғасының бұлшық ет жасушаларында жасушаішілік Са деңгейінің азайту арқылы вазодилятациялық әсер көрсетеді. Науқастарға жүргізілген зерттеулерде Нимодипинді қан тамырлы когнитивті бұзылыста қолданғанда оң әсер көрсеткен. Дәрілік заттың  әсері 230 науқасқа жүргізілген жылдық плацебо-бақылаушы зерттеуде дәлелденді. [21] Альфа-2-адренорецептор блокаторлары: ницерголин. Бұл дәрілік затсимпатикалық нерв жүйесінің медиаторлары: адреналин мен норадреналиннің тамыр тарылтушы әсерін бәсеңдетеді.  Көптеген зерттеулерде әр түрлі этиологиялы деменциясы бар науқастарда ницерголиннің күшті әсер көрсетіп, науқастардың 89%-да когнитивті және іс-әрекеттік қызметі жақсарғандығы жайлы мәлімет бар.[25] Вазоактивті дәрілік заттарды когнитивті бұзылыстарда қолдану патогенетикалық тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар, көптеген  вазоактивті дәрілік заттардың қосымша метаболикалық және нейропротекторлы әсері бар. Метаболикалық дәрілік заттар. Нейронның метаболизмін жақсартатын дәрілік заттарға пирацетам мен оның туындылары, сонымен қатар церебролизин мен актовегин сияқты пептидергиялық және амин қышқылды дәрілік заттар жатады. Күнделікті клиникалық және амбулаторлы тәжірибеде бірінші қатар дәрілік зат болып саналатын ноотропты дәрілік заттың тағайындау мақсатын талқылау өте маңызды. Ноотроптардың цереброваскулярлы зақымдануда когнитивті қызметтің жағдайына әсері бір жағынан микроциркуляцияның жақсартуымен, екіншіден бірқатар медиаторлы жүйеге нейротрансмиссияға оң әсерімен байланысты. Пирацетамды қолданғанда гипокамп аймағында ацетилхолин деңгейі, ал маңдай қыртыста холинорецепторлар саны артады. Көптеген клиникалық зерттеулерден алынған сараптамаларда- пирацетам  егде жастағы когнитивті бұзылыстар мен ишемиялық инсульттің қалпына келу кезеңінде   ми қан айналымын жақсартып, ноотропты әсер көрсеткенімен, ауыр когнитивті бұзылыстарда әсерінің мардымсыздығы дәлелденген. [25] Пирацетамның  жақсы әсер көрсетуі  қолданылып отырған мөлшеріне байланысты. Қазіргі таңда егде жастағы жеңіл дәрежелі когнитивті бұзылыстары бар науқастарға 200-2800мгтәулігіне пероральды және ишемиялық инсульттің қалпына келу кезеңінде 12гтәулігіне көк тамырға қабылдау ұсынылады. Бірақ пирацетамды жоғары мөлшерде қолдану- қартаң адамдарда психомоторлы қозу мен сананың қараюына әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда нейропротективті және нейротрофикалық қасиеті бар дәрілік заттар көп қызығушылық тудыруда, бірақ оларды қолдану жайлы  дәлелді мағлұматтар әлі жеткіліксіз. Олардың ішінде ең көп зерттелгені ми метаболизміне мультимодальды реттеуші әсер көрсететін, нейропротективті қасиеті және нейроспецификалық белсенділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егде және қарт науқастарға күтім
Когнитивтік психологиясы теориясы
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психопатологиялық симптомдар бойынша жағдайлық есептер
Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ - ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР
Герантология мәселелері
Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Атопиялық дерматит –терінің генетикалық, созылмалы, рецедивті ауруы
Пәндер