Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
- Шоқан Уалиханов: ғалымның өткен өмірінен
- Шоқан Уалиханов: ғалым, саяхатшы, демократ
3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеу қызметі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты
шаһардың, яғни Қытайдың Нанлу провинциясының шығыстағы алты
қаласының жайы» атты еңбеп дүниеге келеді. Шоқаннан қалған мұраның бірі-бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.
Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады.
Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшкентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
Шоқанның маңдайына «жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» қысқағана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
1. Шоқан Уалиханов: ғалымның өткен өмірінен.
Уалиханов Шоқан Шыңғысүлы - қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этноргаф, геграф, ағартушы, демократ. Шын аты -Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Қүсмүрын көлінің жағасы. Арғы атасы-қазақтың үлы ханы -Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәлиде хан болған. Ал экесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сүлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.
«Жеті жүрттың тілін білуге тиісті» хан түқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгерген. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мүнда «екі-үш жылдан кейін -ақ өз кластарынан ғана емес. өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин)
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерел-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз эдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алды. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г. Х. Гасфорт оны наградаға ұсынады, эскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери -ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыс елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының картасын жасасады.
Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы
еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хаңдығының экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді
Шоқаннан қалған мұраның бірі-бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.
Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сүлтаны болуға талпынады.
Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшкентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
Шоқанның маңдайына «жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
2. Шоқан Уалиханұлы ғалым, саяхатшы, демократ.
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ықпал етті.
Шоқан (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылдың ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уалихановтың әулетті семьясында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігін сақтауға едәуір еңбек еткен ақылды қолбасшы, іскер, дипломат, амал-айласы мол, Орта жүз ханы болған. Оның үлкен ұлы Уәли (Шоқанның туған атасы) қайтыс болғаннан кейін хан шаңырағы, хандық билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалған. « . . . Айғаным мен оның балалары Россияға адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр I аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге өмір етті. Сол үйде Тян-Шанский. Жасында Шоқан әжесі Айғанымның ықпалында болған.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқы орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндер оқытылуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берді.
Омбының көзі ашық оқыған адамдарының семьяларымен араласуы, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болған.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» - деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Проф. Н. И. Березинге хат», «Профессор Н. И. Березиннің «Хан жырлықтары» кітабына рецензия», «Рашид-еддин» т. б жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктері де айтылған.
3. Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеу қызметі
1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.
Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш. Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»- алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.
Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бұхараны») : Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Котанды, Ақсу мен Турфанды ашты.
Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары», - деп жазды Шоқан.
«Қашқарияда» бір орыс офицері жасырынып жүр-міс» деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. Сезік тудырып алған Шоқан елге оралуға асығады. 1859 жылы 11 мартта Мұсабай керуеніндегі әріптестерімен қоштасып, елге қайтады.
Шоқанның бұл сапарынан алып қайтқан өте құнды этнографиялық, экономикалық, географиялық, геологиялық тағы басқа материалдарының маңызы айрықша. Бұл жинаған ұшан-теңіз материалдардын, ішінде, бұрын ешбір европа ғылымына белгісіз сұлтан Сутек Богде ханның «Тазкиран» деп аталатын шежіресі, Тоғақ Темірханның шежіресі, «Хажылар тарихнамасы», «Абумуслим мауризи» аттас қымбатты ескі шежірелер, тағы басқа сирек кездесетін шығыстың мұралары, кітаптары, қисса-хикаялары көп еді. Сондай-ақ тау жыныстарының минералды заттардың, коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың, этнографиясын танытатын әртүрлі бұйымдар, бағалы заттар да көп болды.
Сейтіп, Шоқан 1859 жылы 12 апрельде Верный қаласына қайтып келді. Науқас меңдеткен ол қалада біраз тынығады. Кейін Петарбургке шақырылды. Ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді, астана қауымын қазақ жерімем таныстырды. Петербургте қызу қызмет атқарып, астана өміріне араласты, талантты жас ғалымның, ғылыммен шүғылданып, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады. Ол көп уақыт орыс интеллигенттерінің арасында болды.
Шоқан Петербургте Генералдық штабтың, әскери ғылым комитетінде, Азия департаментінің география қоғамында қызмет істеді. Ал қызметтен бос кезінде университетке барып, көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдады. Генералдық штабта Шоқан Орта Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Алатауы аралығының, Ыстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жасады. География қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің, еңбегін баспаға әзірледі. Орта Азия мен қазақ жерінің географиясын, этнографиясын жазды, бұл жайында қоғам мүшелеріне лекция оқыды.
П. П. Семенов Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин, Ф. М. Достоевскийлер Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен, жазушылармен таныстырды. Олар талантты жас қазақ жігітінің ғылыммен шұғылданғанын көрді. Шоқан география қоғамында А. Н. Бекетовпен, Т. П. Ковалевскиймен, Ф. Р. Остен-Сакенмен, И. И. Захаровпен, тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен бірге қызмет атқарды. Шоқанның Петербургке әкелген әр жақты материалдарын көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Романовский, П. П. Семенов - Тянь-Шанский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П. Ковалевский, А. А. Татаринов, П. И. Лерх, тағы басқалар пайдаланды.
Шоқанның жаңашыл, демократиялық көзқараста екенін білген патша Александр II оның еңбегін бағалау былай тұрсын, оны астыртын қуғын-сүргінге ұшыратты. Оның үстіне ауру меңдеген ғалымның, қызу жүріп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сүйікті достарын қалдыруына тура келді. Сөйтіп, Шоқан астанада не бары бір жарым жыл тұрып, 1861 жылы қазақ даласына оралды. Туған жердің таза ауасы дертке дауа болар деп ойлаған еді.
Шоқан елге келген соң науқастығына қарамастан біржола ғылыммен шұғылданды, Омбыдағы, Петербургтегі достарына қазақ даласынан материалдар жіберіп, үнемі хат жазысып тұрды. Әрине, мұның бәрі оның науқасын меңдете түсті, қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы-ғалым 1865 жылы 25 майға Тезек төре аулында қайтыс болды. Осы күнгі Талдықорған облысының Панфилов ауданының Алтынемел тауының баурайына жерленді. 1958 жылы ағартушы ғалымның зиратының басына сәулетті ескерткіш орнатылды. Кейін осында Ш. Уәлихановтың мемориалдық музей ашылды.
Өткен ғасырдың алдыңғы қатарлы демократиялық идеядағы орыс интелигенттері Шоқанның мезгілсіз қайтыс болуының қатты қайғырды. «Шоқан шығыс тану әлемінің үстінен құйрықты жарық жұлдыздай ағып өтті . . . » деп жазды академик Веселовский. Шоқанның өмірі қысқа болды, бірақ ол халқына, ғылымға бағалы мол мұра қалдырды. Сондықтснда ғалым еңбегі 120 жылдан астам уақыт зерттеліп келеді. Шоқан мұрасын зерттеу жұмысы әсіресе совет дәуірінде мыңдап қолға алынды. Ең алдымен 1958 жылы белгілі ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан Шоқанның таңдамалы шығармаларын жариялады. Оның басшылығымен (1961 -197 ) жылдары Ш. Ш. Уәлихановтың 5 томдық жинағы жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz