Рационалды таным



1 Ұғым
2 Пікір
3 Ой қорыту
Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір затты екінші затпен ойша катар қою, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды олардың жалпы белгілерінің негізінде ойша біріктіру), абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел" ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін, оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін, аяқтарының санын, осы үстел жасалған ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да, екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар — қатты және жұмсақ, үлкен және кіші, суық және ыстық сияқты заттың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары зат пен адамдар арасындағы және басқа да заттар арасындағы немесе табиғаттағы үдерістер арасындағы өзара қатынастарды білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне және дамуына байланысты күшті және кезге көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында — масса, энергия, заряд; химияның түсінік аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін — өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында — машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы мен ықпалы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді алуға болады. Адамның дүниені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным және ғылым философиясы
Таным мәселелері
Таным теориясы немесе гносеология
Сана мен таным
Адамның дүниеге танымдық көзқарасы
Таным мен сананың өзара байланысы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы
Рационализм және иррационализм арасындағы философиялық айтыстың мәні мен мағынасы
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Пәндер