ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары


Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары . . . 5-17
1. 1. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі қазақ-орыс қатынастары
1. 2. ХVІІІ ғасырдың 30-50 жылдардағы қазақ-орыс қатынастары
ІІ Тарау. Патша үкіметінің ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандығы отарлық шаралары . . . 18-27
2. 1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары
2. 2. ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлар бойы созылып келе жатқан тарихи байланыстарды зерттеу, олардың экономикалық және саси себептерін ашу - тарих ғылымының қазіргі таңдағы маңызды міндеті. Қазақ-орыс қарым-қатынастары туралы революцияға дейінгі дәуірде архив материалдарының жинағы шыға бастады. Мұнда Қазақстан мен Ресей арасындағы саси-экономикалық және шаруашылық қатынастарының қалыптасу тарихы, олардың өсу кезеңдерін баяндайтын көптеген құнды мәліметтер топталған. Алайда осы аталған зерттеулер мен архив материалдарының жинағы қазақ-орыс қатынастарының зертелуіне белгілі әсерін тигізді демесек, бұл мәселені жан-жақты шешуге ғылыми негіз бола алмады.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары Ресейдік Шығыс елдеріндегі саясатымен тығыз байланысты болатын. Сондықтан бұл мәселе жөнінде Ұлы Октябрь революциясынан бұрынғы А. И. Левшиннің, П. И. Рычковтың, В. В. Вельминов-Зерновтың, А. И. Добросмысловтың, В. И. Витевскийдің және басқалардың еңбектерінде біраз сөз болған. Бұл аталған еңбектерде Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қатынастарды зерттеуге қажетті фактілі материалдар жиналған. Алайда, бұл құнды тарихи деректерді түсіндіру, оларға баға беру, қазақ-орыс қатынастарын мазмұндау жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде сыңаржақтық позиция тұрғысынан баяндалған және патша өкіметінің саясаты мен оның мүддесіне ыңғайлас зерттелінген.
Шын мәнісінде, қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихын ғылыми негізде зерттеу тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана жүзеге асырыла бастады. Қазақ халқы тарихының басқа көптеген мәселелері сияқты қазақ-орыс қарым-қатынастары проблемасы қазақ тарихышыларының назарынан тыс қалмады. Осы тұста Ұлы Отан соғысынан кейін жарыққа шыққан бірнеше еңбектерге тоқтала кетейік.
Қазақстан мен Ресейдің саяси байланыстарының кейбір күрделі мәселелерін шешуде профессор М. П. Вяткиннің «Сырым батыр» атты монографиясы елеулі орын алды. Автор еңбегінде патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саясатын, бұл саясатқа қазақ қоғамының түрлі таптарының қатынасын және ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Кіші жүзде Сырым Датов қолбасшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысын жан-жақты, әрі терең көрсеткен.
Сондай-ақ ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастарын зертеуге айтарлықтай үлес қосқан Н. Г. Аполлованың монографиялық туындыларын айтпай кетуге болмайды. Бұл еңбектерінде автор Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының ішкі және сыртқы себептерін, бұл процестің Қазақстанның экономикалық, қоғамдық құрылысына тигізген әсерін және нәтижелерін осы күнге дейін пайдаланылмай келген тың архив материалдарының негізінде тиянақты етіп көрсеткен. Сонымен қатар, Н. Г. Аполлова Қазақстан мен Ресей арасындағы эконмикалық-саяси байланыстардың өсуі патша өкіметінің Кіші жүз бен Орта жүзде жүргізілген саясатының жандануына және оның ықпалының артуына тікелей әсерін тигізгенін дәлелді фактілермен келтірген.
С. З. Зимановтың монографиясы да ХVІІІ ғасырдың аяғы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мен Ресейдің саяси қарым-қатынастарына арналған. Автор хандық өкімет институтының құру себептерін аша келіп, бұл ретте патша өкіметі саясатының елеулі әсер тигізгенін баса айтты. С. З. Зимановтың бұл еңбегінде сансыз құнды пікірлер мен тұжырымды ойлар, тиянақты қорытындылар бар.
Неше ғасырлардан бері келе жатқан тарихи байланыстарды ашпай, олардың даму жолдарын көрсетпей, ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қатынастарды түсіну де қиын. Шынында да Қазақстан мен Ресейдің ХVІІІ ғасырдағы экономикалық және саяси қарым-қатынастары ертеден келе жатқан тарихи байланыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ-орыс қатынастарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының көлемі кіріспеден, екі тараудан, 4 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
1. 1. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарына дейінгі қазақ-орыс қатынастары
I Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамында Ресейдің халықаралық аренадағы тарихи рөлін қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен тұстас келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалистік теориялар арсеналынан алынған идеялар (Г. Гроций, Т. Гоббс, Б. Спиноза, С. Пуффендорф және т. б. ) және Мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеологиясының эклектикалық құрастырмасы болды.
Империялық санаға Византия мен Рим империясының «мұрагері» Ресейдің басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құқықпен» де билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйсек алғанда, мемлекеттің күш-қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандарының санымен анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің не дипломатиялық күрестің күрделі айла-шарғылардың табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікі негізге I Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, «бағы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ ордаларын» Ресей бодандылығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта тілмаш міндетін атқарған А. И. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан . . . жан-тәнін салуды, түптен келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған еді.
Сонымен бірге орыс-қазақ қатынастарының даму серпінділігінің жеделдеуі мен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезеңде Ресейдің стратегиялық мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ, сонымен қатар бүкіл халқаралық қатынастар жүйеснің даму серпінділігімен, аймақаралық географиялық шекаралардың айқындығымен және тұтастығымен (жер бетінің жазықтық береді және Еуразияның орталық бөлігінде оны бөліп жататын биік тау жоталарының болмауы), Ресей державасының халқаралық беделі мен еуразиялық дүниедегі халқаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның әскери-саяси құдіреттілігімен, демек, Қазақстанның топтарындағы солтүстік көршісімен сауда-экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси байланыстардың маңызын түсінумен, қазақ қоғамы саяси көшбасшыларының Ресеймен жақындасуының артуымен анықталды.
Қазақстанның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланыстарының дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда-саттық маңызды орын алды. Қазан және Астрахан хандықтарына Ресейдің билігі орнатылып, Сібір жаулап алынғаннан кейін Азияға баратын бірден-ақ маңызды екі сауда жолы: орта Еділ бойынан Сібірге және одан әрі Орта Азияға апаратын Кама және төмендегі Еділді бойлай, Жайық пен Каспий бағытында. Маңғыстау түбегі мен Орта Азия хандықтарына бағытталған оңтүстік-шығыс жолдары орнатылды. Сібірдің кейбір сауда-әкімшілік орталықтарының кеден ведомстволарының деректеріне қарағанда, 1655-1670 жылдарда Тобылға қазақ даласы арқылы Орта Азия қалаларынан жыл сайын 4 керуен., 1670-72 жылдарда - екі, ал одан кейінгі жылдарда бір-бірден керуен келіп тұрған. Тараға XVII ғасырда жылына орта есеппен алғанда көп дегенде - бір, кейбір жылдарда екі керуен, ал 1645-46 жылдарда үш керуен келген. Алайда тұтас алғанда, қазақ даласы арқылы өтетін орыс-ортаазиялық транзиттік саудаXVI- XVIII ғасырдың басында әсте де біркелкі дамыған жоқ, мұның өзі көптеген ішкі және сыртқы саяси жағдайларға байланысты еді.
XVII ғасырдың соңғы ширегі - XVIII ғасырдың алғашқа үштен бірінде қазақтардың жайық қазақтармен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз аумағына әскери басып кіруінің күрт жиілеп кетуі тікелей орыс-қазақ және қазақ даласы арқылы көктеп өтетін Ресей - Орта Азия саудасының дамуына елеулі кедергіге айналды. Қазақстанның солтүстік және оңтүстік шекералық аймақтарының қазақтардың көшпелі көршілерімен үздіксіз дерлік қақтығыстары аренасына айналуы салдарынан қазақ рулары мен бөлімшелерінің Ресеймен сауда байланыстары сол кезенде іс жүзінде мүлде тоқтап қалды, ал сауда керуендерді үш жүз қазақтарының қоныстарына соқпай. Еділ бойы мен Сібір Орталық Азияның түрлі елдеріне (Жоңғария, Орта Азия хандықтарына) және олардан кері қайтқанда Ертіс бойындағы жоңғар иеліктері мен Таулы Алтай аудандары арқылы өтіп жүрді. Қазақтардың еуропалық халықтарымен және Ресей аймақтарымен сыртқы сауда ішінара қарым-қатынасының дамуын XVIII ғасырдың алғашқы үштен бірінде өткен ғасырларда ашылған географиялық ұлы жаңалықтардың маңызды мәдени-тарихи салдары да қиындата түсті, ол жаңалықтар құрлықаралық сауда коммуникацияларының дүниежүзілік тауар айналымда құрлық ішіндегі саудадан құрлықаралық теңіз саудасына басымдық берілуін туғызған еді. Осы ғаламдық геоэкономикалық өзгерістердің салдарынан Еуразияның еуропалық бөлігінен Орта Шығыс елдеріне тауар ағындарының Ұлы Жібек жолының құрғақтағы дәстүрлі маршруты мен басқа да онша ірі емес сауда жолдары арқылы жүру қарқыны күрт нашарлады, ал құрлықтың орталық көшпелі аймақтарына жаңа өнеркәсіп-қолөнер бұйымдары мен технологияларлың келуі мүлде қысқарып кетті.
Қазақстан аумағындағы дәстүрлі сауда жолдары мен маршруттардың құрлықаралық маңызының мүлде төмендеуі және Сыр өңірі аймағына жоңғарлардың талай рет басып кіруінің зардаптары, атап айтқанда, XVIII ғасырдың 30-жылдарында Қазақстан даласының оңтүстігінде халқаралық сауданың іс жүзінде тоқтап қалуына алқынын тигізді, өлкенің бір кезде гүлдеген оңтүстік қалалары (Түркістан, Сайрам, Сауран және басқалар) шағын ғана сауда-экономикалық маңызы бар, халқы аз қалалық орталықтарға айналды; олардың көпшілігі уақыт өте келе көбінесе аграрлық сипат алды. Сонымен бірге Азияның көршілес елдерінен Сыр өңірі мен ортаазиялық рыноктарға түскен ауыл шаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдары біршама аз және олардың түр-түрінің аз болуы себепті көшпелі халықтың өскелен тұтыну тілектерін қамтамасыз ете алмады, ал қазақтардың Орал өңірінің, Төменгі Еділ бойы мен Батыс Сбірдің неғұрлым ірі және таулары көп рыноктарына баруы, олар үшін орыстардың нығайтылған бекіністерінің болуы, сондай-ақ Еділ - Орал аймағындағы және Сібірдің оңтүстігіндегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі қиындата түсті.
Көшпелілерінің сауда-экономикалық саладағы аталған өзгерістердің өздері үшін келеңсіз зардаптарын көршілес отырықшы-егінші халықтан қажетті өнімдер мен бұйымдардың бір бөлігін күш қолданып тартып алу жолымен жоюға ұмтылуы объективті түрде шекералық жанжалдардың өршуіне әкеп соқты. Тегінде, Қазақстанның геосаяси кеңістігінің әс түрлі шекаралық учаскелерінде қазақтардың башқұрттармен, қалмақтармен, орал мен сібір қазақтарымен қарулы қақтығыстарының жиілей түскені туралы көз көргендердің көптеген хабарларын осы жағдаймен байланыстыра қараған жөн.
XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында Ресей мен қазақ жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандандырыла түсті. Екі тараптың өкілетті өкілдері дүркін-дүркін келіссөздерінің аясындағы талқылау мәселелері: тұтқындар алмасу рәсімі, қазақтар мен Ресей бодандары - қалмақтар, орал және сібір қазақтары және башқұрттар арасындағы әскери жанжалдарды реттеу, сондай-ақ орыс көпестерінің Кіші жүз бен Орта жүздің қазақ халқамен сауда байланыстарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар болды.
Әбілқайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жеріне жасаған әскери жорығы кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясы мен Батыс Сібірдегі орыс шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарының жаңғыртылуына тікелей себеп болды. Осыған байланысты 1715 жылдың күзінде «башқұрт және қырғыз-қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасуы туралы» мәселені шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың жеке елшісі, Тайқоныр Құлтабаев батыр Қазанға барып, онда жергілікті губернатор П. С. Салтыковпен келіссөз жүргізді. Келіссөз аяқталмай қалып, үш жыл өткенсоң қазақ ханның өз бастамасымен қайта жалғастырылды.
Келесі жылдың қыркүйегінде Тобылға құрамында Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев батырлар бар Қайып ханның елшілігі келді, оларға қазақтардың солтүстіктегі көшпелі көршілерімен шекаралық жанжалдарын реттеп, Сібір губернаторы М. П. Гагаринмен «мәңгілік бітім» жасау, Ресеймен Жоңғарияға қарсы әскери одақ туралы келісімге қол жеткізу және «оларға сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкіндік беру үшін» Ресейдің жақын жердегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу тапсырылған болатын.
Сібір астанасына жаңа қазақ елшігінің жіберілу фактісінің өзі мен Тәуке мирасқорының Ресей губернаторына жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанға қарсы бірлескен соғыс қимылдары туралы ұсыныс жасауы көп жағынан И. Д. Бухгольцтің әскери отрядтың Ертіс бойымен ілгерілеуінің нақты мән-жайларымен және оның Ямышев көлі ауданында ойрат әскерлерімен қақтығысуына байланысты болатын. Қайып ханның айтуына қарағанда, «қонтайшының Ұ. М. И. -ға қарсыласатынын» орыс офицері Маркел Трубниковтан біліпті, ал оны подполковник И. Д. Бухгольц 1716 жылғы 1 қаңтарда Ертіс өңірінен жоңғар ханының ордасына жіберген екен, бірақ Ямышев бекінісінен шыға бергенде ойраттар тұтқынға алған да, олардан шекаралық жоңғар қарауылдарынан жақын жердегі Іле өзенінің жағасында қазақ жігіттерінің тобы тартып алыпты. Орта Ертіс алабындағы Ресей-Жоңғар әскери жанжалдары туралы өздерінің білетінін көзге көрсете растау үшін Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев М. Трубниковты қазақ ханның ордасынан Тобылға апарған. М. Трубников та өз кезегінде, губернатор М. П. Гагаринге «өзін бүкіл қазақ ордасының келісімімен жіберілгендігін, ал оған Ұ. М. И. адамдарымен тату болып, қалмақтармен бірлесіп соғысу керек екенін айтқандығын» мәлімдеген.
Қазақ елшігінің Тобылға келуі және оның жоңғарларға қарсы Ресеймен әскери одақ жасасу туралы ұсынысы Сібір губернаторын 1716 жылғы 16 қазанда Қайып ханға Никита Белоусов бастаған арнаулы жауап елшілігін жіберіп, оған орыс шекералық өкімет орындарының Орта және Кіші жүз қазақтарымен «тату тұруға» әзір екендігіне сендіруге және «бір кезде өзінің ұлы мәртебелі патшасы қонтайшыға әскер жіберуге құзыры түссе, ол осы келісімді ескеретінін және сонда оларға ведомость жіберетінін» хабарлауды тапсырды. Ресей елшілері Түркістанға аман-есен жетіп, бір жылдай уақыт бойы Қайып ханның жанында болды. Тобылға қайтып барғаннан кейін 1717 жылғы 26 қыркүйекте Н. Белоусов губернатор М. П. Гагаринге қазақ билеушісінің хатын береді, онда хан өзінің «қонтайшымен соғысу» жөніндегі бұрынғы ниетін қуаттап, сол жылдың жазғы айларында башқұрттар айдап әкеткен көптеген жылқы табындарын қазақтарға жауабында М. П. Гагарин ханға айдап әкетілген жылқыны табуға және Тобыл қаласында орыс-қазақ айырбас саудасын дамытуға қамқорлық жасауға тырысатынын хабарлады.
Алайда 1717 жылдың күзінде Әбілқайыр Қазан губерниясының ішкі уездеріне тағы да бір ірі жорық жасады, содан кейін башқұрттар мен сібір қазақтары шекаралас қазақтар ауылдарына жауап реттінде басып кірді. Осы негізде тұтқындар алмасу мен мал жағдайы, сондай-ақ Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы әскери-саяси ахуалды ретке келтіру мәселесі қайтадан маңыз алды.
Аталған мәселелерді шешу үшін 1717 жылдың аяғында Қайып және Әбілқайыр хандарға Қазаннан уфа дворяны Федор Жилин жіберілді, ал 1718 жылдың қаңтарында Тобылдан Түркістанға Борис Брянцев пен Яков Тарыштин және тілмәш Қалбай Мамеевтен құралған ресей елшілері аттанып, олар қырда 1718 жылдың жазына дейін болды. Ресей елшілерімен кездесулер барысында Әбілқайыр (4-7 мамыр) және Қайып (25 маусым - 12 шілде) хандар «ұлы патша ағзаммен», Ресейдің Қазан және Сібір губернияларындағы оның өкілетті өкілдерімен «мәңгі татулықта және одақтасып» тұруға, орыс көпестерімен сауда байланысын дамытуға және өз бодандарының көршілерінен малды «ұрлап әкеутіне» бірлесіп жол бермеуге мүдделі екендіктерін білдірді.
Патшалық шекералық әкімшілікпен бейбіт келіссөздердің жаңғыртылуын Қайып және Әбілқайыр хандар I Петрмен жоңғарларға қарсы әскери-саяси одақ жасасу үшін пайдалануға тағы да әрекет жасады және сол мақсатты көздеп, еліне қайтқан ресей елшілерімен бірге Қазан мен Тобылға аталған мәселелерді талқылау үшін өздерінің жеке өкіледерін қосып, оларға губернаторлар П. С. Салтыков пен М. П. Гагариннің атына өздері хат жазып жіберді. Атап айтқанда, Сібір губернаторымен 1718 жылы келіссөз жүргізген батырлар: Елмет Баулыков (мамыр) ; Шаба, Баһадүр, Сапа, Итмәмбет және Бақұрман (7 қазан) ; сондай-ақ Бәйбек пен Төлебай (28 қазан) . Нақ сол жылдың 10 желтоқсанында қырдан орыс елшісі Федор Жилинді Қазанға жеткізген Тантай Арыстанов және Тоғынұр Құлтабаев батырлардың қазақ елшілігі Қазан губернаторымен жоңғар ханына қарсы ұрыс қимылдарын келісе отырып жасау проблемасын талқылады.
Алайда Қайып пен Әбілқайырдың хаттарында айтылған бірлесіп жоңғарларға қарсы соғыс жорығын жасау туралы ұсынысты Ресейдің орталық үкіметі мақұлдамады, ол Жоғарғы Ертіс өңірі ауданындағы орыс-ойрат шекаралық қайшылықтарын тез арада шешуге және күмәнді «Еркеті» қаласының орналасқан жерін табудың сәтті болуына мүдделі болатын. І Петрдің ресми өкімін негізге ала отырып, Қазан губернаторы П. С. Салтыков өзінің Қайыпқа 1719 жылғы 8 қаңтарында жіберген жауап хатында оның жоңғар ханымен соғысу ниетін жалпылама мақұлдаған емеурінмен шектелді және әскери көмек туралы қандай да болсын нақты уәде беруден тартынып, оған оның, Қайып ханның, оған қонтайшыға, өз дегеніне істей беруіне» мәлімдеді. Кейінгі жылдардағы сияқты, бұл жағдайда да Жоңғар хандығы жөніндегі Петербургтің ресми көзқарасы оның Цин империясының тез өсіп келе жатқан әскери күш-қуаты мен экспансиялық дәмелеріне іс жүзіндегі қарама-қарсы маңызды стратегиялық рөл атқаратынымен анықталды, осыны ескере отырып, патша өкіметі Жоңғарияның едәуір әлсіреуін қаламады, барлық дауыл мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жөн көрді және бұл орайда ойраттардың ресей бодандығын қабылдауынан үміт үзбеді.
Жоңғар әскерлерінің Орта жүз бен Ұлы жүз жеріне ендей басып кіруі жағдайында қазақтар өздеріне тиесілі көшіп-қонып жүрген орындарын аймақтың солтүстігіне - Жайық, Елек және Тобыл ауданына ығысуға мәжбүр болды, онда оларға басқа да көшпелі халықтармен - Сібірдің оңтүстігінде және Еділ-Жайық аумағында мекендеген Ресей бодандарымен жайылым үшін күресуге тура келді. Соның нәтижесінде қазақ руларының алдында Жайықтың төменгі және орта ағысы бойындағы шөбі шүйгін қоныстарды өздеріне қаратып алу проблемасы тұрды, онда «оның оң жағалауындағы көз қызықтыратын жайылымдарға жол ашылатын еді және орыс рыноктарымен байланыстарды кеңейтуге мол мүмкіндіктер болатын».
Аймақтың солтүстігі мен солтүстік-батысындағы жайылымдық жерлерді күш қолданып кеңейту әдістерімен қатар қазақ билеушілері өздерінің көшпелі көршілерімен қарым-қатынастарында қатты шиеленіскен жер мәселесін Астрахан мен Қазандағы патшалық шекаралық өкімет орындарымен бейбіт дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуге тырысты. Кіш жүз ақсақалдары Арал өңірі даласынан 1725 жылдың жазында жіберген қазақ елшісі Қойбағар Көбековтың Петербургке барған дипломатиялық миссиясы сол бағыттағы алғашқы практикалық қадамдардың бірі болды.
Бұл елшіліктің ұйымдастырылуына Ресейдің Бұхарадағы елшісі Флорио Беневенидің пошта тасушысы, қазақтар және олармен одақтас қарақалпақтар 1724 жылы Аралдың солтүстік-шығыс өңірінде тұтқынға түсірген, «Әміремзей» деген лақап аты бар башқұр саудагері Мақсұт Юнусовтың Кіші жүз қазақтарының руларының қоныстарында амалсыз жүруі нақты себеп болды. Қазақ ақсақалдары бұл тұтқынды жарты жылдай аманат жағдайында ұстап, М. Юнусовқа өздері орыс императорынан «өздерінің бітім туралы өтінішіне мақұлдаған және жақсы жауап алған» кезге дейін оны ауылдарынан жібермейтінін мәлім еткен еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz