Жетіген, Адырна және Үскірік: көне қазақ музыкалық аспаптарының тарихы мен ғылыми жаңғыртылуы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Шертпелі аспаптар

ЖЕТІГЕН

Жетіген - ең көне ішекті аспаптардың бірі. Қалай пайда болғандығы жөнінде ғылыми тұжырым жасалған жоқ. Бір кездерде аты тұрмақ да көзден таса, көңілден ада болған бұл аспаптың қайта жаңғырып, өмірге келуіне үлкен күш салып, зор еңбек еткен ғылым Болат Сарыбаев еді. Ол жетігеннің атын да, затын да тауып, оның қазақ музыка аспабы екендігін ғылыми негізде длелдеп берді. Көптеген аңыз-әңгімелерді жинақтап, сан алуан ғылыми деректерді жарыққа шығарды.

Ел аузында манадай аңыз бар.

«Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы тарап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұң-зарын күйге қосады.

Үлкен ұлының дәм-тұзы таусымғанда «Қарағым», екінші ұлы өмірден қайтқанда «Қанат сынар», үшінші ұлы қайтыс болғанда «Құмарым», төртінші ұлы қаза тапқанда «От сөнер», бесіншісінің жүрегі тоқтағанда «Бақыт көшті», алтыншысының жамбасы жерге тигенде «Күн тұтылды», жетіншісі жер жастағанда «Жеті ұлымнан айрылдым», деп азалы күй шерткен екен».

АДЫРНА

Соңғы кезде табылып, қайта өмірге келген ең көне музыкалық аспап. Әлі толық жетілдіріп, профессионалдық аспаптық музыкамызға еніп кете алған жоқ. Сондықтан біз қазіргі шеберлердің ізденістерінен туған бірнеше түрін ғана оқушы назарына ұсынбақпыз.

Арқар тұрпатты адырна. Әуелі тұрпатты шанақ жасалады. Шанақтың асты мен үсті ашық болады. астына тері керіледі. Содан соң мүйіз орнатылып, үш жағына тіреу қойылады. Мүйізге жағалай құлақ отырғызылады. Астыңғы терілерден белгілі мөлшерде тесіп, жоғары қарай ішек тартылып, құлаққа байланады. Ішектер бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта, оң қол саусақтарымен де, сол қол саусақтарымен де, іліп-тартып ойнауға ыңғайлы керіледі.

Бұл аспапта ойнаушылар ел ішінде жоқ. Сол себепті де бүгінгі өнерпаздардың алдында бұл аспапта ойнау біраз қиындықтар туғызуда. Екі тізенің ортасына қысып ұстап ойнағанда аспап дыбысының біраз бөлігі адам денесіне кетеді және тізеде ұзақ қысып отыру ыңғайсыз.
Осындай қиындықтардан арылу үшін адырнаның бітімі бөлек, басқа түрін жасау қолға алынады. Бұл садақ пішінді болды.

Садақшаның бір ұшы жерге тіреледі де, бір ұшы өнерпаздың иығына ілінеді. Жебе келетін тұсқа орнатылады. Шанақтың ортасына тері керіледі. Шанақты ұстап тұратын кергі - тіреу бекітіледі. Ішектердің бұрынғы орналасуы сақталады. Дегенмен мұның да басты кемшілігі - дыбыс қуаты, үн ауқымы әлі де болса аздық етеді.

ҮРЛЕМЕЛІ АСПАПТАР

Қарапайым, ойнауға жеіл, кішігірім үрлемелі аспап өте ерте заманда-ақ пайда болған. Оны ойлап табуға тегінде екі жағдай ықпал етсе керек. Бірінші - табиғат құбылыстары. Боран соғып, дауыл тұрғанда айналадан құйқылжыған дыбыстың естілуі: жел үрлеген құбылыстардың сырын ашуға ұмтылуы. Бұл ұмтылыс өмірге ысқыру құралын әкеледі. Екінші, осы ысқыру құралын күнделікті тұрмыста жан-жақта пайдалану, іске қосу. Яғни, белгілі бір дыбыс беріп, сақтандыру немесе шақыру, жай хабарлау мүмкіндіктерінің тууы.

Адамзат ақыл-ойы өсе келе осы ысқыру құралына әуен, ырғақ шығаруға болатынын түсінді. Бірақ, бұл процесс қашан, қай жерде басталғанын дөп басып айту қиын. Әйтсе де бүгінгі ғылым ашқан жаңалық-деректерд келтіре кеткен артық болмас.

Египеттегі Нахт қабірінің қабырғаларына салынған музыканттар бейнесіне назар аударсаңыз, біреуінің үрлемелі аспапты ойнап тұрғанын байқайсыз. Бұл суреттің салынғанына үш мың бес жүз жылдай болған екен.

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Хакасиядағы Кіші Сыя елді мекенінің маңында қазба жұмыстарын жүргізген. Көптеген қызықты заттармын бірге сыбызғы тәрізді үрлемелі аспап та табылған екен. Музыка аспаптары археологиясының тарихындағы ең көне есептелетін бұл сыбызғы әлбетте тұңғыш емес. Өйткені бұның да дәл осылай музыкалық аспап ретінде қалыптасуының бұған дейінгі өзіндік даму, жетілу баспалдақтары бар Бұл баспалдақтарда ол сөз жоқ үнемі дамып отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ дәстүрлі музыкалық аспаптарының тарихы, түрлері және орындау дәстүрлері
Музыка сабағында қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының тәрбиелік-эстетикалық мәні және оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру
Қазақ музыкалық аспаптарының генезисі мен типологиясы: үш дауыстылық және тарихи-методологиялық мәселелер
Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнері мен аспаптарының тарихи-этнографиялық шолуы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: тарихы мен сипаттамасы
Қазақтың музыкалық аспаптарының фольклоры мен этнографиясы: тарихи-этнографиялық шолу
Қазақ саз өнері: дәстүрлі музыкалық аспаптардың тарихы мен қазіргі жай-күйі
Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары: түрлері мен балаларға эстетикалық тәрбие беру рөлі
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: тарихы, түрлері мен құрылысы
Саз пәнінде қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын насихаттаудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz