Зияткерлік меншік құқығы қорғалады, ал, кәсіпкер қайтпек?



1 Тараптардың кездесуінде автор¬лық және сабақтас құқықтар жөніндегі заң тармақтары,
2 Авторлық және сабақтас құқықтар
Көпшілік баратын көңіл көтеру орындарында түрлі авторлардың шығармаларын пайдаланғаны үшін келісімшарт жасап, ақы төлеу жөнінде талап қойылғалы бері бұл мәселе төңірегіндегі дау-дамай толас¬тамауға айналды. Өркениетті қоғамда әлдеқашан орнаған заңның бізде де ерте ме, кеш пе, толықтай қолданысқа енері анық. Бірақ, оның жүзеге асу жолдары мен жай-жапсарына көпшілік әлі қанық емес. Мұны облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында Әділет департаменті, интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымдары мен кәсіпкерлер арасында өткен дөңгелек үстел барысында аңғардық.
Тараптардың кездесуінде автор¬лық және сабақтас құқықтар жөн¬ін¬дегі заң тармақтары, олардың сақ¬¬¬талуы, қорғалуы жөніндегі сауал¬дар¬ға облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасары Игілік Әубәкіров, осы департаменттің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің бас маманы Жамбыл Мұқашев, сонымен бірге, «Қазақстандық авторлар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Сәуле Камешова, «Қазақ әндерін орындаушылар» РҚБ-нан Алмас Әбілтаев, «Абырой» АҚ-нан Сәкен Мұқатановтар жауап берді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Зияткерлік меншік құқығы қорғалады, ал, кәсіпкер қайтпек?

Көпшілік баратын көңіл көтеру орындарында түрлі авторлардың шығармаларын пайдаланғаны үшін келісімшарт жасап, ақы төлеу жөнінде талап қойылғалы бері бұл мәселе төңірегіндегі дау-дамай толастамауға айналды. Өркениетті қоғамда әлдеқашан орнаған заңның бізде де ерте ме, кеш пе, толықтай қолданысқа енері анық. Бірақ, оның жүзеге асу жолдары мен жай-жапсарына көпшілік әлі қанық емес. Мұны облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында Әділет департаменті, интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымдары мен кәсіпкерлер арасында өткен дөңгелек үстел барысында аңғардық.
Тараптардың кездесуінде авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі заң тармақтары, олардың сақталуы, қорғалуы жөніндегі сауалдарға облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасары Игілік Әубәкіров, осы департаменттің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің бас маманы Жамбыл Мұқашев, сонымен бірге, Қазақстандық авторлар қоғамы республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Сәуле Камешова, Қазақ әндерін орындаушылар РҚБ-нан Алмас Әбілтаев, Абырой АҚ-нан Сәкен Мұқатановтар жауап берді.  
Соңғы аталған ұйымдардың барлығы да облыста осы салада бір-бірімен бәсекелес жұмыс істейді. Егер авторлық құқықтың  қандай да бір еңбекті жасаушы адамдардың, ал, сабақтас құқықтың  орындаушылардың мүддесін көздейтінін ескерсек, Қазақ әндерін орындаушылар екі тараппен де жұмыс істейді. Бұрын авторлардың құқығын қорғап келген Абырой енді қосымша Аманат деген ұйым құрып, сабақтас құқық мәселелерімен де айналыса бастаған. Оған себеп те жоқ емес. Бұған дейінгі тәжірибе авторлар мен орындаушыларды бір-бірінен бөліп-жармай, құқықтарын бірге қорғау керектігін көрсеткен. Атыраулық кәсіпкерлердің ішінде авторларға деп бір, орындаушыларға деп екі төлеп, шашылғандары да бар. Сондықтан, екі жақтың да сөзін сөйлейтін бір ұйыммен келісімшартқа отыру дұрыс шешім болып табылады.
Әзірге аттары аталған ұйымдармен келісімшарт жасасқан кәсіпкерлер жоқтың қасы, болса да некен-саяқ. Сәуле Камешова қаладағы және Жылыой ауданындағы бірқатар кафе-мейрамхана, қонақүйлерді аралап, жаңа заңды түсіндіріп, біреудің әнін ойнатып қойғаны үшін ақы төлеу керектігін айтып көрген. Бір жерде оны алаяқ деп айыптаса, тағы бір орында олардың жинаған қаражатты дұрыс мақсатқа жұмсайтынына күмән келтіріпті. Анығында, авторлар мен орындаушылардың құқығын қорғайтын ұйымдар кәсіпкерлердің ай сайын келісімшарт бойынша төлейтін қаражатынан өз шығармашылығын Қазақстанда таратып, пайдалануға рұқсат берген отандық және шетелдік авторларға тиесілі үлесін беріп отырады. Заңға сәйкес, туынды авторының өмірден өткеніне 70 жыл толғаннан кейін ол жалпының ортақ меншігі саналады. Түсініктірек айтсақ, Моцарттың, Бах пен Бетховеннің музыкасын сызылтып қойған кафе қожайыны ол үшін ештеңе төлемейді. Абайдың әндерін бергеніңіз үшін де біреуге бірдеңе беруге міндетті емессіз. Сол сияқты, туған күн, мерейтой сияқты отбасылық отырыстарда қойылған әндер үшін де мейрамхана қожайыны жауап бермейді. Бірақ, клиенттер зерікпесін деп теледидар орнатқан, ән жіберіп қойған кішігірім дүкеннен бастап, шаштараз, әсемдік салоны, супермаркеттерге дейін арнайы ұйымдармен келісімшарт жасасуы керек. Мен спорт тауарларын сатамын. Салонда теледидардан футбол матчтары, басқа да жарыстар көрсетіліп тұрады. Әнде ешқандай шаруам жоқ. Не үшін төлеуім керек? деп түсінбей дал болады іскер жандардың бірі. Оған: Сіз телеарналардан көрсетілетін хабарларды пайдаланып отырғаннан соң бізбен келісімшарт жасауыңыз керек, – деген жауап берілді. Сондай-ақ, асабалар мен музыканттар да авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ұйымдарының клиенттері болып табылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні
Тауар белгісін тіркеу тәртібі
Қатаң құпия ақпарат
Интеллектуалды меншік объектілері
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Пәндер