Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық құбылыc


Халықтық тәрбие әлеуметтік-педагогикалық
құбылыс ретінде
Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.
Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.
Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзкараста-рын оқьш үйренуге көп көңіл бөлді. Төрбиенің халықгығы, табиғатпен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретіңде пайдалаңцы. Ғалымдар, ақындар, өнер иелері, философтар педагогикалық идеяларын талдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялары олардың адам тәрбиесі жайлы трактаттарында кеңінен қолданылғанын керсетеді. Абу Насыр Әл-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер үсынылса, Әбу Райхан Бируни өз шығармаларында түрлі халықтардың дәстүрлері жайлы арнайы сөз қозғайды: Махмұд Қашгаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат түрік) атты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесінен мысалдар мол, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білім» (Құдатғу біліг) шығармашылығы толығымен халықтық поэтикалық шығармашылығымен үндеседі.
Асан қайғы, Казтуған, Шалкиіз, Жиенбетті халыққа сүйіспенщілік, оның тағдыры мен мәдениетіне жанашырлық қарым-қатынас байланыстырады. Қызмет бағыттары бойынша олар бір-біріне өте ұқсас. Асан Кайғы өзін қазақ қоғамдық емірінің қалың ортасына енгізген көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Оның бүкіл өрекеті өз халқына оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықгалады. Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан: "Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазір де тәрбиелік маңызы үлкен.
Мұнымен өте үқсас ойларды біз Казтуған шығармаларынан да табамыз. Түлғаның рухани байлығындағы бастау ақын пікірінше - ол өз халқының рухани қазынасы. Отанға, жерге нәзік сүйіспеншілігін ол былай деп білдіреді:
"Кіндігімді кескен жүрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ тудырып,
Қорамсамды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт"
Халықтық ақындар мен жыраулар үшін жетекші қағида болып табылады. Олар халық педагогикасын терең біледі жөне оны ардақ тұтады.
Ел бастау қиын емес,
қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
шабатын жерден ел табылады,
Шаршы топта сез бастаудан қиынды көргем жоқ" -
деп Бұқардың төрбиеленушінің санасына ықпалды әсері мол сөз өнеріне ерекше мән беруі осыдан. Оның шығармаларында насихат, өсиет, ақыл айту, тілек секілді халықтық тәрбиенің құралдары жиі кездеседі.
Педагогикалық мәдениет жөйін таддағанда қашанда нәрлі орта жайлы, оны азықтандырған, оның пайда болуы, дамуы және гүлденуіне қолайлы жағдай туғызған - халық жайлы есте ұстаған жөн. Кез келген мәдениет кайраткерінің жеке шығармашылығы оған дейін халық жөне адамзат жеңіп алған жетістіктер негізіңде дамиды. Ол өз халқының мәдениетін жетілдіруді бастаудан бұрын өзінің көп ғасырлық тарихында халық туғызганды меңгеруі, сонымен қатар өзге халықтар мен адамзат жасаған игіліктерді игеруі қажет. Тек халық пен адамзат рухани қазынасы жиынтығы ғана мәдениет қайраткерінің шығармашылығына нақты тұғырнамалық негіз бола алады. Кез келген педагогтың данышпандығы мен ұлылығы халықтық педагогикалық мәдениетке жақындығымен, оның рухани қазынасының тереңіне мейлінше бойлау қабілетімен елшенеді.
Шығармашылық қуатты халықтан оның өмірінен, халықтық шығармашылықтан жөне онда көрініс берген педагогикалық тәжірибеден жинақтаған осындай кернекті тұлғалардың бірі - Ш. Уәлиханов. Ол езінің педагогикалық қызметін халық ауызша шығармашылығы туындыларын жинаудан бастады. Халықтық эпостық поэма "Қозы Көрпеш жөне Баян Сұлу", қырғыз эпосы "Манас", халықтық өдет-ғұрыптар, жастар мен балалар ортасы дәстүрлері, көне аңыз-әпсаналар және т. б. - бәрі Ш. Уәлиханов мүрасыңца керініс тапты.
Халыққа білім беру үшін ең алдымен оның рухын түсіну керек. Өзінің ағартушылық қызметіңце Ы. Алтынсарин осы ережені басшылыққа алды. Оның бірқатар шығармалары халықтық салттардың жағымды және жағымсыз тұстарын зерттеуге, олардың тәрбиелік мәнін айқындауға арналған. Кернекті ғалым, ағартушы демократ отбасы және қоғамдық' тәрбиенің озық дәстүрлерін ардақтап, сақтау жөне қажырлықпен дамытуға қызу үндейді. Халық педагогтары - патриоттар өрекеттерінде ортақгық мол. Халықтың педагогикалық даналығы Абайдың бүкіл қоғамдық қызметі мен идеялары аумағын қамтиды. Оның тәрбие мақсаты мен бағыттары жайлы ойлары халықтық, талаптары халықтық, көптеген шығармаларының мазмұны халықтық. Халық мақал-мәтелдерін ол өзіне тірек, сипаттауды керек етпейтін қағида ретінде пайдаланады, олардан өз ойларына дәлелдемелер табады.
Халықтық педагогиканы тәрбие жайлы ғылыми білімдермен кисындап жинақтауға педагог ғалымдар бірдей келген жоқ: біреулері үшін халықтық педагогика бастапқы ой болса, басқалары үшін алғашқы негіз адамзат педагогикалық жетістіктерін меңгеру болды. Кейбіреулерде педагогика ғылымына жуықтау процесі мерзімінен бұрын үзілсе, өзгелерінде халықтық педагогика түрғысынан келу тоқталған болып шықты. Сонымен кімдер өзіне халықтық пен ғылымилықты үйлестірсе, сол ғана ұлы педагог-демократтар болып қалыптаса алды. Этнопедагогиканың қалыптасу процесінде халықтық педагогиканың алдыңғы қатарлы өкілдері мен педагогика ғылымының аса көрнекті кайраткерлерінің қимылы жолыққан түстар баршылық.
Көрнекті қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамбетұлы халықтық педагогикалық тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Халықтық педагогика тәрбие жайлы ғылымды байытады, белгілі бір жағдайларда оның негізі кызметін атқара алады деп санады. Олардың айырмашылық өзгешеліктері халық өмірін, оның тілегімен қажеттілігін жетік білуі; туған халықтың рухани қазыналарын жоғары бағалауы; туған тілде оқыту мен тәрбиелеудің шешуші ролін мойындауы; тәрбие жөніндегі халықтық дәстүрлер мен тәжірибені шығармашылықпен оқып үйренуі; халықтың ауызша шығармашылығын білім беру мен тәрбие жүмысында кеңінен пайдалануды ұсынуы; халық үлгісімен балалар үшін шығармалар туғызуы.
Осыған орай халық педагогикасының рухани өмірдегі құбылыс ретіндегі орны мен ролін түсінуге; өзінің мазмүны, құрылымы, төрбиелік міндеттері, құралдары жөне т. б. бойынша жағымды мәнін, құндылығын жоймаған тәрбие тәжірибесін біршама дәлдікпен жіктеп көрсетудің жолдарын белгілеуге жәрдемі бар бірқатар рухани мәдениет ескерткіштеріне толығырақ тоқталмай болмайтыны анық.
Отбасылық тәрбиедегі этникалық мәдениет құндылықтарға тәрбиелеу.
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәіресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М. Смайылова, М. Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Р. М. Қоянбаев, Ж. Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де өзгешеліктер болады.
Белгілі ғалым Я. И. Ханбиков: «Халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданылатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, іскерліктері мен дағдылары көрініс табады», - деп бекер айтпаса керек.
Ал, Г. Н. Филоновтың: «Белгілі бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Олар бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесіне ие болған белгілі бір дағды мен білім ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген”, - деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. . Мәселен, «Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығы мен оның да пайдасы көп екендігін: «Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи» деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т. с. с. істерге бірге ертіп жүрген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz