Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы


Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
Тәуелсіздік жылдары азамат-тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдары-ның күшеюімен бірге қазіргі Қазақ-стан үшін беймәлім, жаңа “дәс-түрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан шіркеуі”, “Саен-тология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлес-тіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шір-кеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестант-тық бірлестік жұмыс істейді. Қа-зіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер ене-ді: 5 буддистік қауым, 24 ин-дуис-тік, 12 кришнаиттік, 23 ба-хаи, 2 трансценденталдық меди-та-ция қауымы, ұлы ақ бауыр-лас-тықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т. б.
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиан-дықтың православиелік бағыт-тары. Елімізде 1700-ге жуық мұ-сыл-ман бірлестіктері бар. Оның басым көпшілігі суниттік бағыт-тағы бірлестіктер. Орыс право-сла-вие шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. Еліміздің бірнеше қаласында православие-лік ғибатханалардың құрылысы жүріп жатыр.
Кейінгі уақытта католик, про-тестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. “Иегова куәлары” бірлестігінің миссио-нерлік қызметі ерекше қарқын алу-да. “Иегово куәлары” Қазақ-стан-дағы саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік қала-сында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет орган-дарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын адамдар 20 мыңға жуық.
1999 жылы діни бірлестіктер-дің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді бірік-тіреді.
Сонымен қатар елімізде про-тес-тантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі, елушілер (пятидесят-ничество), методизм, меннонизм, пресветерианство сынды ағым-дары таралуда. Пятидесятничество ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Апостолдар рухындағы евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық қауымдар бар. Пресвете-риандық ағымы елімізде амери-калық, корейлік уағыздаушы-лардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Бұл уағызшыларға шет елдегі діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестіктері бар. “Грэйс-Бла-годать”, “Бірінші пресветериан шіркеуі, ” “Алматы аймақтық прес-ветериан шіркеуі” бірлес-тіктері белгілі болып отыр.
Жетінші күн адвентистері қа-уы-мының республикалық орта-лығы Жетінші күн христиан-адвентистерінің Солтүстік Қазақ-стан конференциясы Астана қаласында. Ұйымдық жағынан бұл бірлестік Алматы қаласында орналасқан Жетінші күн адвен-тистерінің Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт елімізде негізінен неміс этносының ара-сында таралған. Елімізде лютеран-дық 70-тен аса діни қауым бар.
Евангелшіл христиан-баптис-тердің қауымдары 10 мыңнан аса сенушілерді біріктіреді. Еван-гелшіл-христиан баптистер Қазақ-стан евангелшіл христиан-бап-тистері шіркеулерінің одағын құрды. Бірлестіктің орталығы Қа-ра-ғанды облысының Саран қала-сында. Евангелшіл-христиан бап-тистердің 250-ден аса қауымдары мен топтары бар. Евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін евангелшіл-ден--діру жоспарын басшылыққа алуда.
Шет елдік миссионердің бел-сен-ді қызметі арқасында протес-танттық ағымдардың харизма-тикалық қауымдары “Агапе”, “Жаңа өмір”, “Жаңа аспан”, “Бла-гая весть” және т. б. жұмыс істеуде. Елімізде дәстүрлі емес культтер қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986) . Ол өз ілімін “Динае-тика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде қорытындылаған. Саен-тология шіркеуі діни бірлестігі Ал-маты, Қарағанды, Семей қалала-рында ресми тіркелген. Саенто-логия шіркеуі Ресей, АҚШ, Ан-глия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан.
“Кришна санасы” қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни ағымдардың бірі. Индуизмнен тармақталатын “Кришна санасы халықаралық қоғамының” негізін салушы - Свами Прабхупада (1896-1977) . Бұл діни ағым жастар арасында таралып жатыр. Дүние-жүзілік христиандықты біріктіру жолындағы Қасиетті рух ассоциа-циясы (Бірігу шіркеуі) 1954 жылы құрылған. Негізін салушы - Сан Мен Мун. Бірігу шіркеуінің миссио-нерлері әлемнің 100-ден аса елінде қызмет етеді. Бұл шіркеудің түрлі бағыттағы ұйымдары бар. Бірігу шіркеуі елімізде 1992 жылдан жұмыс істейді.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990 жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі уақытта жаңа культтардың саны 160-тан асады. “Кришна санасы қоғамы”, “Соңғы өсиет шіркеуі”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шір-кеуі” сынды ХХ ғасырдың наным-сенімдері үгіт-насихат жұмыстарын түрлі мерекелік және қайырым-дылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүргізуде.
Елімізде экстремистік бағыт-тағы “Хизб-ут-тахрир” (“Азат ету партиясы”) ұйымының заңға қай-шы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты - Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мем-лекеттік құрылысын мойында-май-ды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеология-лық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзім-сіздігі ислам дініне жат.
Елімізде “әл-Каида”, “Мұсыл-ман бауырлар”, “Талибан”, “Лаш-кар”, “Таиба”, “Боз-құрт”, “Өз-бекстан ислам қозғалысы” және т. б. лаңкестік ұйымдардың қызме-тіне тыйым салынған.
Миссионерлік - діни ұйымдар-дың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссио-нерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халық-тары арасында қарқындап, мақсат-ты түрде жүргізіліп отыр. Миссио-нерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайы-рым-дылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар мате-риалдық және моральдық тұрғы-дан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.
Көптеген миссионерлер жергі-лікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеу-лердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.
Жұмыссыздар, өмірден өз ор-нын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиын-дықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.
“Жаңа” культтардың бірі - Бахаи сенімінің бастауында “Баб” (“қақпа”) деген лақап атымен белгілі болған Сейд Әли Мұхаммед тұр. Ол өзін пайғамбар деп жариялаған. Бабтың ілімін жүйелеп дамытқан, бахаи сенімін орнық-тырып, діни ілімін негіздеген Мырза Хусейн Әли (Баха-Улла) болды. Бахаи сенімі құдайдың бір-лігін, діни төзімділікті, туыстықты, барлық діндердің мақсат бірлігін уағыздайды.
Бахаи сенімінің ең жоғары ұйымы - дүниежүзілік әділдік үйі Израиль мемлекетінің Хайфа қала-сында орналасқан. Бахаи сенімінің ұлттық рухани мәжілісі елімізде 1994 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта бахаи сенімінің 80-нен аса қауымы бар. Кейбір деректер бойынша, пайда болғанына бір ғасыр шамасы болған Бахаи сенімінің бес миллионға жуық ұстанушылары бар.
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнық-тырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті ны-ғайтуға қызмет етеді. Қазақ хал-қының мәдениеті мен руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.
Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты. Ортағасырлық мұсылмандық фило-софиялық ойының қалып-тасуы мен дамуына қуатты сер-піліс берген қазақ даласының ойшыл-дары Әбу Насыр әл-Фара-би, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұни және басқаларының мұралары ислам өркениетінің асыл қазынасы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан бостан-дығы мен діни бостандықтың қа-ғидаттары, әртүрлі конфес-сия-ларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құру-дағы теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай белгі-сіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге бай-ланысты анық та айқын аңғары-луда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен дог-маларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсі-решіл нышандар діни фунда-ментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы мүмкін.
Қазақстанның зайырлы мем-лекет болуына байланысты, ресми идеология дінге мейлінше бейта-рап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірінен өзгеше.
Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшы-лары анағұрлым маңызды зама-науи діни мәселелерді шешу үшін жиналады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының бірінші съезінде еліміздегі конфессияаралық келі-сім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, конфессияара-лық келісім мен диалогтың негізгі қағидаттары айқындалды. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрай-ды. Бұл туралы Елбасының Қа-зақ-стан халқына Жолдауында бы-лай делінген: “Біз барлық діндер-дің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда кон-фессияаралық келісімді қамта-масыз етеміз”.
Дін біріктірудің, интеграция-лық үдерістердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құнды-лықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.
Айта кету керек, Қазақстан діни толеранттылық пен конфес-сияаралық келісім ісінде игі дәс-түр--лер-ге ие. Қазақстан көне за-ман-нан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороастризм, мани-хейлік, буддизм, христиандық (оның әсіресе нестериондық және яковиттік тармақтары) және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни толеранттылық пен конфес-сияаралық келісімнің үлгісі бол-ған. Сондықтан Елбасы Нұрсұл-тан Назарбаев атап айтқанындай: “ . . . бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық. Бұл - Қазақстандағы конфессия-аралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзі-міздің толеранттығымызбен, ұлт-аралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өске-лең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс”.
ОЙ. Қазір біз: “Қазақстанда 40-тан астам діни конфессия жұмыс істейді” деп мақта-намыз. Бұл мақтанарлық іс пе, әлде жылар-лық жағдай ма? Түптің түбінде 40 діни конфессияның басы бір қазанға сия қояр ма екен? Қырық конфессия қырық пышақ бо-лып қырылыспай ма? Екеуі де “Мұхам-медтің үмбетіміз” дейтін шииттер мен сүнит-тер бір-бірімен сыйыса алмай жүр ғой. Алысқа бармай-ақ, ХХ ғасырдың аяғында шиит бағытын ұстайтын ирандықтар мен сүнит бағытын ұстайтын ирактықтар соғыс-қан жоқ па? Дәл қазір Иракта, шииттер мен сүниттер бірінің мешітін бірі жарып қырқы-сып жатыр ғой. Сол сияқты дәстүрлі хрис-тиан-дар да тату-тәтті өмір сүруде дей алмай-мыз. Тарихтан білетініміздей, Христос-тың “балалары” католиктер мен правосла-виелік-тер болып, 1054 жылы бөлінген. Осы-дан кейін шығыс христиандығының, демек право-славиенің орталығы Византия болып тұрды. Ал батыс христиандығының, демек католиктердің орталығы Рим болды. Бөлін-ген соң католиктер Византияға айқыш жо-рығын жасап, православиеліктерді әлсіретті. Бұдан кейін екеуінің өштесіп кеткендігі сондай, бір-бірінің “үйіне” он ғасыр өткен соң ғана “кіріп-шықты”. Оның өзі Иоанн Павел ІІ-нің сындарлы саясатының арқа-сында іске асты. Иоанн Павел ІІ Рим Папа-сы болып тұрғанда, 2001 жылы бірінші рет православие дініндегі Грекияға барды. Ал орыс православиесі әлі күнге дейін като-ликтерден теріс айналуда. Иоанн Павел ІІ-ні орыс православиесі жолатпай кетті. Папа-ның Ресейге келуіне орыс православие бас-шы-ларын В. Путиннің өзі де көндіре алмады. Рим Папасы 2001 жылы Украинаға аяқ бас-қанда орыс православие дінбасылары оны “православиенің канондық территориясына қол сұқты” деп шу көтерді. Ал Иоанн Павел ІІ 2001 жылы Астанаға келгенде Қазақстан-дағы барлық дінбасылары қасында қоғадай жапырылып жүргенде, біздегі архиепископ ештеме естімегендей болып Алматыдан шықпай қойды.
Міне бір діндегі бауырлас екі саланың бір-біріне қарым-қатынасы осындай. Бір баламыз Иеһоваға кірдім деп оның кітабын жаттап бір бұрышта, екінші баламыз криш-наға кірдім деп тақырбастанып екінші бұрыш-та барабанын қағып отырса, өзіміз ислам дініндеміз деп Құран оқып отырсақ, ертеңгі күні отбасымызда қандай береке-бірлік болмақ? Әрқайсысы өз кірген дінін мадақтап қырқыспай ма? Қазір бұлар аз, әлсіз. Соның өзінде әлден өкіметке де азула-рын көрсете бастады. Алматы облысы, Қара-с-ай ауданында заңсыз жер иеленіп, діндерін таратып жүрген кришна ұйымының жерін алуға сот үкім шығарса да оны іске асыруға сот орындаушыларының жүректері дауаламай отыр. Әрі осы ұйымның бір өкілі: “Бізді шет елдіктер қолдап отыр”, деп Америка бастат-қан бірнеше мемлекетті атап теледидардан сес көрсетіп жатыр. Секталар көбейіп, күшейсе олар қазақтың басына қандай әңгіртаяқ ойнатарын бір құдайдың өзі біледі.
Иеһованың қолдаушысы да, демеушісі де Америкада екені белгілі. Нью-Йорктен ойып тұрып орын алып отыр. Өркендеуіне жағдай жасап жатыр. Қаржылай көмегін де аямай төгуде. Әйтпесе соншама кітап, аудиотаспа шығарып, құрылыс салуға, елге жалақы төлеуге садақадан түскен қаржылары жетпес еді. Өздерінен: “Қаржыны қайдан аласың-дар?” - деп сұрасаң, “садақадан түскен қаржы” деп жауап береді. Оған сене қою қиын. Себебі, Гиглер Вернер мырза баянда-ма-сында дүние жүзіндегі иеһовалардың саны 6, 5 миллион деп айтып кетті. Осыншалық жұмыс жүргізуге бұлардың садақасы жетпей-ді. Сондықтан оларға АҚШ-тан келетін көмекке иеһовалар өздері жүрген елдің халқын құлдық психологияға дайындауда. “Сырттан жау шапса да қолыңа қару алма” деп дәрменсіздікті уағыздайды. Әлемге үстемдік орнатуға тырысып жүрген алпауыт елдерге керегі де осы емес пе?
Орта Азия бойынша иеҺоваларға Қазақ-стан жайлы орын болып тұрған сияқты. Сондықтан Қазақстанды негізгі база етіп Орта Азияға жайылу ойларында бар. Мұны олар конгрестерінде айтып та өтті. Ай сайын шығып тұратын “Күзет мұнарасы” деген жур-налдарында қай елде филиалдары бар екені, оның мекенжайы жарияланып оты-рады. Сол тізімде Орта Азия бойынша Қазақ-стан мен Қырғызстан ғана бар. Оның өзінде Қырғызстанда біздегі сияқты белгілі мекен-жайы жоқ. Тек хат-хабар алып тұратын “Биш-кек, а/я-80” деп жазылған пошта жәші-гінің нөмірі ғана көрсетілген. Ал Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан тізімде мүлде жоқ. Демек олар Иеһованы өздеріне мүлде жолат-пай отыр. Сондықтан Қазақстанды негізгі база етіп алып, оларға біртіндеп таралмақшы. Ал біздің ел бұларды тайраңдатып, конгрес-терін өткізуге жағдай жасап, бетелдерін (құл-шылық үйлері - Н. Қ. ) салуға қазақтар шо-ғырланған аймақтан жер сатып беріп отыр.
Иеһовалардың қармағына көбінесе өмірде жолдары болмай, өздерінің “Қамытым ың-ғайлы” деген әндерінде айтатын “шаршаған-дар, езілгендер, ауырлық сезінгендер” түсіп қа-лады. Үгіттеушілер мұндайларға жылы сөз-де-рі-мен, жылмаңдаған істерімен Иеһованың ноқтасын кигізіп жібереді. Олар қамытты бір киген соң шешуі қиын болады. Кейбіреуі, тіп-ті, өмір бойы одан құтыла алмай өтетін шығар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz