Қазақстанда халал өндірісінің дамуы


Алдымен «халал» сөзінің ұғымы жайында түсінік берсеніз?
-«Халал» - рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды береді, оған қарама- қарсы «харам» сөзі - тыйым салынған деген мағынада қолданылады. Бұл негізінен Ислам әлеміне тән сөз. Аллаһ Тағаланың : «Сендерге Аллаһ өлексені ( арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» деген Құранда айтқан үкіміне орай мұсылмандар астың халал не халал еместігіне қатты мән береді. Сондай-ақ «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылды» деп баяндалатын Құрандағы нұсқаулардың, қазіргі ғылым өркендеген заманда, «жаман, харам» деп аталғандардың шын мәнінде адам баласы үшін зияны ұшан-теңіз екендігі дәлелденген. Сондықтан халал ас жеудің пайдасы, оның қоғамға тигізер әсері, түрлі аты жаман аурулардың алдын алу үшін харам етілген нәрселерді пайдаланбаудың маңызы зор.
Халалдың қоғам үшін қандай пайдасы бар?
- Халалдың қоғам үшін атқаратын қызметтері көп. Экономикалық салада да, денсаулық сақтау саласында да, әр адамның жеке гигиенасының сақталуы мен рухани тазалықтың себепшісі ретінде халал өнім көп рөл атқарады. Қазақ «тәні саудың жаны сау» немесе ас- адамның арқауы» деп бекер айтты дейсіз бе? Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50 пайызы тамақтану, 20 пайызы қоршаған ортаның әсерлері, 20 пайызы тұқым қуалайтын қасиеттер, тек 10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ, соның 35 пайызы тамақтанудың үлесіне тиеді екен. Сондықтан әр адамның денсаулығы оның тамақтануына тікелей байланысты.
Құранда халал туралы не дейді?
Алла-тағала Құран Кәрімде: «Алланың сендерге берген халал таза несібесінен жеңдер. Сондай-ақ өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар» («Майда», 88-аят), - десе, «Шынайы түрде сендерге өлексені (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды . . . » («Бақара» сүресінің 173-аяты), - деп баян етеді. Сонымен бірге Алла-тағала «Әнғам» сүресінің 118-аятында малды бауыздау тәртібі жайлы: «Ендеше, Алланың аяттарына сенуші болсаңдар, (Алланың атымен бауыздалған адал мал еттерінен) Алланың аты айтылғаннан жеңдер», - деп бұйырады. Алланың атымен, яғни «Бисмилләһи», «Аллаһу Әкбар» деп айтылмай сойылған малдар туралы Алла-тағала: «Алланың аты айтылмай (бауыздалған малды) жемеңдер, күдіксіз ол арам нәрсе» («Әнғам» сүресі, 118-аят), - деп ескертеді. Пайғамбарымыз харамнан келетін залалға қатысты: «Жеген тағамың халал болсын, сонда дұғаң (тілегің) қабыл болады. Мұхаммедтің жаны қолында болғанмен ант етейін, егер Алланың құлы бір түйір харам (арам) жұтса, Алла оның амалдарын 40 күн бойы қабыл етпейді. Бір пенденің харамнан нәр алған тәніне тозақ оты лайықтырақ болады» деген
Халал - қазіргі дамыған елдердің экономикасындағы өнім сапасының жаңа анықтамасы болып бекітілгеніне де біраз уақыт болды.
«Халал» маркасын қазір әлемнің 6 млрд. -тан астам адамдары тұтынады. Халықаралық қаржы агенттігінің мәлімдеуінше, әлемдік нарықта халал өнімнің көлемі 500 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр. Ал халал өнім шығарудан алда келе жатқан елдер - Австралия, Бразилия, Франция, Жаңа Зеландия, Индия, Таиланд, Малайзия болып отыр. Олар халал стандартын қолданып қана қоймай, экспортқа шығарып, елінің экономикасына қомақты қаржы құйып отыр.
Қазақстанда халал өндірісінің дамуы қандай деңгейде?
- 2007 жылы 5- ші наурызда өткен ауылшаруашылық өндірісі жайындағы республикалық отырыста Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан әлі мұсылмандарға арналған халал ет шығарудың технологиясын меңгерген жоқ және халал сертификатымен өнім шығарып жатқан бірде бір кәсіпорын жоқ» деп мәлімдеген болатын.
Бүгiнгi күнi түрлi салалардың мамандарымен бiрлесе отырып, елiмiзде «халал» индустриясының нормативтiк қорын құру үшін көптеген жұмыстар қолға алынды. Алғашында Қазақстанның діни басқармасы ұйымдастыруымен ел мұсылмандарының сұрауы бойынша «Қазақстан қажылар қауымдастығы» республикалық дiни қоғамына «Халал» стандарттау жөнiндегi комитет құруды және мүдделi министрлiктермен және салалармен бiрлесе халал стандарттары ережесін әзiрлеудi тапсырған еді. Соның нәтижесінде, 2005 жылдың 11-сәуiрiнде «Халал» тамаққа қолдануға рұқсат етiлген өнiмдердiң өндiрiсiне және саудасына бақылауды жүзеге асыру, өндiрiстi және сауданы ұйымдастыру тәртiбi туралы ереже» әзiрленiп бекiтiлдi.
ҚР Индустрия және сауда министрлiгiнiң техникалық реттеу және метрология комитетiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы №386 бұйрығымен Қазақстан Республикасында СТ 1353-2005 «Халал» пiсiрiлген шұжықтардың жалпы техникалық шарттарының мемлекеттiк стандарты бекiтiлдi.
2005 жылы сауда және индустрия министрлігі жанынан Халал стандарттау комитеті құрылды.
Техникалық комитеттiң негiзгi қызметi - ұлттық экономиканы, өндiрiстi дамыта отырып, адамдар мен қоғамның денсаулығына және қауiпсiздiгiне жағымды әсер ету, тұтынушыларды қорғау құралы ретiнде, iшкi және сыртқы саудаға, сондай-ақ шариғаттың негiзгi ережелерiне сәйкес «Халал» индустриясының дамуына көмектесу және нығайту. Бұл комитет қазірде Қазақстандағы әрбір халал өнім өндіретін кәсіпорындардың өнімдерін тексеріп, тексеру қанағаттанарлық жағдайда өткен соң оларға Халал стандартының серификатын береді. Қазір Қазақстанда осы сертификатты иеленген 350 ден астам халал өнім өндірушілер бар.
Экспортпен келетін халал өнімдер қаншалықты сенімді?
- Иә, елімізге халал тауар түрлері шет елдерден көп келеді. Тек қана төрт түлік мал еті мен құс еті ғана емес, басқа да азық түлік түрлерін «халал» деген жазумен жиі кездестіреміз. Отандық «халал» логотипінде көк түсті Қазақстан деген жазу мен халал сөзі бар. Бұл логотип - шариғат ережелерiне сәйкес дайындалған өнiм екендігін айқындайды. Ал шет елдік халал өнiмдерде мемлекеттiк стандарттау мен тиiстi бақылаудан өткен логотипі болғанмен, алыс-жақыннан жеткiзiлiп жатқан өнiмдердiң шариғат ережелерiне және нормативтiк-техникалық құжаттама талаптарына қаншалық сәйкестiгi жайлы нақты деректер жоқ.
Аймақтағы халал өндірісі жайлы не айтасыз?
- Қазір Маңғыстау облысында 10-ға жуық халал өнім өндіретін орын бар. Оларды арнайы бақылауға алып, тексеруден өткіздік. Нәтижесін көріп, халал сапасына сай келгендіктен сертификат табыстадық. Олар: кондитерлік өнім шығаратын «Ақтау тәттісі» ЖШС, «Ақжелкен» ет дүкені, «Стамбул» және «Адал» кафесі, т. б. азық-түлік орындары. Олардың дайындайтын тағамдарының халал екендігіне анық көз жеткізу үшін тұтынушының «Халал» сертификатын сұрауы жеткілікті. Өйткені біздер халал өнімнің өндіру барысына қатаң тексеру жүргізіп, тіпті мал бауыздайтын адамның мұсылман болуын да қадағаладық және дәмханалардың ет алатын орындарының да халал сертификаты болуын талап еттік.
Жалған «Халал» деген жазумен өнім сатқандар кездесті ме?
-Иә. Ақтау қаласының 3-ші шағын ауданындағы шұжық өндіретін өндіріс орны «Мусульманская» деген жазумен шұжықтар шығарып жатқандығынан хабардар болып, арнайы іздеп бардық. Мекеме басшысының айтуы бойынша, түске дейін зауыттарында шошқа етінен дайындалған шұжықтар шығарылады екен, түстен кейін сиыр етінен шұжықтар дайындайды екен. Мұнда біріншіден, шошқа еті тартылатын ет тартқыштан сиыр еті өтіп отыр, бұл халалға жатпайды, екіншіден сиыр етін сатып отырған кәсіпорынның халал сертификаты жоқ. Сондықтан мекеме басшылығыне өз өнімдерінің халал еместігін біле тұра, әлгіндей жазу жабыстырып өнім сатуы адамгершілікке де жатпайтын, әкімшілік құқықтық жауапкершілікке тартуды талап ететін әрекет екенін айтып түсіндірдік. Қазір олар «Мұсылман шұжығы» деп жазу жабыстырып сатуды тоқтатты. Мұндай оқиғалардың бірнешеуі кездесті. Оларға алдымен барып, халал туралы кеңінен түсіндіріп, оның негізгі ережелерін айтамыз. Егер олар түсініп, келіскен жағдайда жалған халал өнім өндірулерін тоқтатады. Егер келіспесе, біз оны әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартамыз, яғни, халал стандартына сай емес сапасыз өнім шығарғандығы үшін және тұтынушыны алдағаны үшін ҚР Заңында көрсетілген арнайы қаулыға жүгінеміз.
Халал индустриясының дамуына не кедергі?
- Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 10 млн-ға жуық мұсылмандар бар екен. Алайда олардың халал тауарларды пайдалану жөніндегі сұранысын Қазақстан әлі толық қанағаттандыра алмай отыр. Кедергі болып, аяққа оралып тұрған ешнәрсе жоқ. Бар болғаны аянбай жұмыс істеу керек. Елiмiзде тағамға қатысты Құранның негiзгi ережелерiн (өлiктi, қанды, доңыз етiн, ислам дәстүрi бойынша сойылмаған малдардың етiн қолданбау) сақтайтын мұсылмандардың саны жылдан-жылға көбею үстінде.
Астанада №57 Халал техникалық комитеті мен оның сертификатын алған халал өндіруші мекемелер басшыларының ұйытқы болуымен «Қазақстан халал индустриясы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылғаны белгілі. Бұл жаңа ұйымның алдына қойған мақсаты - елімізде халал индустрияның дамуына атсалысу. Алдағы уақытта тек ел аумағында ғана емес, сонымен бірге алыс-жақын мұсылман мемлекеттеріндегі халал өндірісі бағытында қызмет жасап жатқан мекемелермен қоян-қолтық жұмыс істеуді мақсат еткен жаңа бірлестік Қазақстандағы халал индустриясы дамуын жолға қойып отыр.
Қазiргi уақытта Малайзия стандарттарын бізде де қолданысқа енгiзу көзделуде.
Қазақстанның халал индустриясына көршi мемлекеттер қызығып отыр. Мысалы, Бiшкек қаласындағы мал соятын цехтары бар ет өндiрушiлердiң мамандарын бiздiң сарапшылар үйреттi. Өйткені бізде шариғат ережелерi бойынша жұмыс жасайтын барлық ет базарларында және мал соятын цехтарда қасапшыларды оқыту курстары тұрақты жүргiзiледі. Оның қорытындысы бойынша «халал» куәлiгi берiледi.
Қазақстанның техникалық стандарттау комитетiнің өкілі Қырғызстан Республикасының астанасы Бiшкек қаласында «халал» стандарттары бойынша халықаралық басқосуға қатысып, Қазақстандағы «халал» индустриясы бойынша тәжiрибе алмасты. Қазақстандағы «халал» жүйесi iскер топтар мен тағам өнiмдерi кәсiпорындарының басшыларын қызықтырды. Нәтижесiнде оншақты өнеркәсiп орындары «Халал» жүйесiне кiрiп, куәлiк алды.
Енді келесі жылы Астанада тұңғыш Халықаралық халал көрме ұйымдастыру мәселесі көзделіп отыр. Мұндай көрмелер бұған дейін кейбір мұсылман мемлекеттерінде, соның ішінде Малайзияда жыл сайын өткізіліп келе жатқаны белгілі. Елордада өтетін көрмеге еліміздегі халал мекемелер шығарған өнімдер мен өзге де шетелдік мұсылман кәсіпкерлерінің тауарлары халық назарына ұсынылады деп күтілуде. Бұл бір жағынан, халал өндірісін халыққа насихаттау болса, екінші жағынан, сол мекемелердің өздері үшін де жақсы бір жарнама болары даусыз.
Қолға алынған шаралардың тағы бірі - тағам құрамында исламда тыйым салынған қоспалардың бар-жоғын анықтайтын арнайы аспап шығару мәселесі. Мәселен, қазіргі күні тағамның тазалығын анықтайтын зертхана ашылып, қызмет етіп жатқаны баршаға аян. Осы зертхананың қызметкері М. Құнанбаеваның айтуынша, мұнда етті тексеру арқылы малдың бауыздалып сойылғанын немесе өлгеннен кейін "пайдаға асырылғанын" (яғни өлексе екенін) анықтап бере алады. Бұл адамдардың Құранда қатаң тыйым салынған өлексені жеуінің алдын алады.
Ал енді жарты жылдан кейін, тағам құрамында шошқа етінің бар-жоғын анықтайтын құрылғы сатуға шығарылмақ. Бұл жөнінде Ұлттық биотехникалық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұловтың айтқанына сүйенсек, ол құрылғы әйелдің аяғы ауыр екенін анықтайтын таяқша (тест) сияқты болады. Егер дүкеннен сатып алған шұжығыңызға не басқа да тағамға күмәніңіз болса, кесеге бір түйір етті салып, оған су құясыз. Сосын таяқшаны суға батырып қойсаңыз болғаны. Біраздан соң таяқшада бір қызыл жолақ шықса, шошқаның еті қосылмаған, ал екі қызыл жолақ пайда болса, онда сіздің халал деп алған шұжығыңыздың харам болып шыққаны.
Халал тағам мен халал емес тағамның адам денсаулығына әсері ғылыми тұрғыда дәлелденді ме?
-Әрине. Біз күнделікті өмірде өзіміздің биологиялық қажеттілігіміз - тамақтануға өте тәуелдіміз. Тамақтану арқылы тіршілігімізді жалғастыру үшін қажетті энергия аламыз, ағзамызға қажетті минералдар мен дәрумендер құйылады. «Ас адамның арқауы» деген сөз қазаққа әбден таныс. Адам тіршілігінің көзі, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі де осы ас.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейінгі өлім- жітімнің ½-і дұрыс тамақтанбаудан туындаған аурулармен байланысты Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ақ жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық түлікті зиянды контаминанттардан қорғаудың маңызы ерекше.
Еліміздіің 70 пайызын құрайтын мұсылмандар өздерінің жейтін асының халал болғанын қалайды. Неліктен? Себебі малды зорлықпен немесе бір нәрсемен ұру арқылы не токпен өлтіретін болса, оның бойында адреналин мен стресс гармоны ұйып қалады да, оның етін жеген адамға сол микробтар таралып, адам қатігездікке, мейірімсіздіке, күнәні елемеуге бейім тұрады.
Қазір көпшілік халал дегеннің не екенін ұғып келеді. Бұл тек мұсылмандардың сұранысын қанағаттандырмайды, ол индустриялық дамуға үлесін қосып, әрбір адамның денсаулығы мен қоғамдық белсенділігіне тікелей әсерін тигізеді.
Менің қолымдағы медицина ғалымдарының жазбаларына сүйенсек,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz