Ресей мемлекетінің тарихы жайлы


Кіріспе
Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б. з. б. І м. ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б. з. б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қалыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы - Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.
Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін екі билікті жүйе буржуазия диктатурасы мен революциялық - демократиялық диктатура орнатты. Жоғарғы билік органы екі сызықтық жүйемен жүрді. Бірінші - буржуазия сызығы заңшығару және атқару билігінің уақытша буржуазиялық үкіметтің қолында болды. Екінші сызығы - еңбекші топтардың Құрылтай жиналысы жолымен демократиялық революцияны бекітеді. Уақытша Үкімет ешкімнің алдында жауапты болмады, бірақ 1917 жылдың мамыр айына дейін Уақытша комитеттің бақылауында болды.
Оған қойылатын талаптар: саяси аграрлық, діни іс бойынша толық амнистия жүргізу, соз бостандығы, жиналыс, әскерге міндеттілік, өзін-өзі басқару органдарын демократиялық сайлау, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағыну. Министрлер, социалистерә эсерлер, меньшевиктер, халық социалистері Кеңес съезді жұмысшыларының алдында жауапты болады. Уақытша үкімет заң шығару және атқарушы орган өкілеттігіне ие болады. Үкімет халықаралық, жер, мемлекеттік құрылым, саяси бостандықтарды қамтамасыз ету мәселелерін шешті. Мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орынды Уақытша үкімет алады.
Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)
1237-1240 жылдары орыс князъдықтары Батый бастаған монғол-татар шапқыншылығының астында қалды. Осы шапқыншылық әсерінен орыс князъдықтары жартысына жуық халқынан айырылды. Киев, Владимир, Суздаль, Рязань және басқа да Ертеорыс мемлекетінің орталықтары талқандалып, оңтүстік өңірлер түгелімен дерлік отырықшы халқынан айырылған болатын. 1243-1280 жылдары князъдықтың солтүстік-шығыс өңірлері Алтын Ордаға салық төлеп тұруға міндетті болды. Ресей тарихына бұл кезең монғол-татар апаты деген атпен енді.
1240 жылы Новогород жерлері православтар жерлерін басып алуды ойлаған крест жорықшылырының шабуылдарына тап болды. Александр Невский бұл кезеңде Нева түбінде швед әскерін талқандайды, ал 1242 жылы Мұзды қырғын, Ғажайып көл шайқастарында Тевтон ордені рыцарьларын жеңеді. Галицкая жерлері ХІҮ ғасырдан бастап Польша құрамына өтеді, осы кезде оңтүстік-батыс князъдықтар Ұлы Литва Князъдығына қарайды.
Ресейдің феодалдық мемлекетке айналуы
Аграрлық заң дайындау үшін басты, губерниялық, уездік, болыстық жер комитеті құрылды. Заңдық жиналыс жоғарғы және жергілікті басқару және өзін-өзі басқару, автономия, әлеуметтік заңдылық мәселелерін шешті.
1861 ж. Александр ІІ патшаның қол қоюымен Ресейде крепостнойлық жүйе жойылып шаруаларға бас бостандығы берілді. Сөйтіп Ресей жартылай құл иеленуші мемлекеттен жаңа сипаттағы феодалдық мемлекетке айналуға аяқ басты. Бұл реформаны жасаудың алғы шарттары болған: а/ Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жаппай бұқаралық сипатқа ие болды. б/ Ресейде революциялық идеологияның пайда болуына байланысты реформаны дайындау барысында дворяндардың және олардың ұйымдастыру пікірін есепке алынды. Дворяндар, помещиктер бұл реформаны өткізбеуге тырысты, бірақ үкімет реформалауды бастады. Реформаның І кезеңі Ресейдің территориясы құнарлығына байланысты 3 категорияға бөлінді: 1) қара топты емес жерлер олар 9 бөлікке берілді. 2) құнарлы жерлер 8 бөлікке берілді. 3) далалық жерлер шөлейт жерлер 12 бөлікке берілді.
Ақпан революциясына дейін жер және қала думасы жоғарғы мүліктік ценз негізінде тағайындалды.
Қос билік кезеңі өндірістік және территориялық органдардың Кеңесті құру, ұйымдастыру процесімен жүзеге асырылды.
Кеңестік органдар жүйесі: облыстық, губерниялық, уездік, аудандық деп бөлінеді. Губерниялық және облыстық Кеңестер жоғарғы және төменгі кеңес органдарымен қалыптасады ҮІ съезде большевиктер партиясы қарулы көтеріліспен сипатталып, большевизация көтерілісі одан әрі жалғасты. 1917 жылғы Ақпан біржуазиялық-демократиялық революция әлеуметтік және ұлттық топтарды, қоғамдағы қайшылықтардан жоюға бет алды. Революцияның жағына армия мен милиция бөлігі ауыса бастады. Үкіметтік комиссар революцияға қарсы уездерде милициямен араластыру құқығына ие болды. Уақытша үкімет бұрынғы заңының әрекет етуін сақтап қалды. Милиция ісін Бас басқарма жүзеге асырды 1917 ж. үкімет өзінің комиссарларына милицияда офицерлік құрамды таңдап алуды көрсетті. Қос билік аяқталғаннан кейін әскери-революциялық соттар құрылды, олар офицерлерден және заңның әрекет етуіне байланыссыз өлім жазасын қолдану құқығы барлар. Әскери соттар құрылды, оған офицер солдат, әскерде тәртіптік соттар құру мәселесі қарастырылды, солдаттар мұндай сотты сайлаудан баст тартты.
Мемлекеттік биліктің құрамы
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары:
1) Кеңестің бүкілресейлік съезі.
2) бүкілресейлік орталық атқару комитеттері.
3) халық комиссарлар кеңесі.
Съездер барлық мемлекеттік билікті қолдарына алуға құқығы болды. ІІ съезден бастап қарастырды. Бүкіл республикалық кеңестің ІІІ съезі 1918 жылдың 10 қаңтарында ашылды. Онда, 1) еңбекші және қаналушы халықтың құқықтары туралы декларация қабылдады. 2) Ресей федеративті мекемелері туралы резолюция /заң/ қабылдады. 3) жерді социализм туралы заң қабылдады және бұрынғы құрылтайшы жиынды таратады.
Ресей советтік республиканың шаруа және жұмысшы үкіметі құрылды. 1918 жылдың 14-16 наурызда Төтенше 4 съезі онда Брест бейбіт келісімі қарастырады. 1918 ж. 4 июльде алғашқы совет конституциясы қабылдады. Мемлекеттік билік орталық атқару комитетінің қолында болды. Орталық атқару комитетінің атқаратын органы болады. Жергілікті басқару органдары - кеңестің қолында сонымен қатар олардың атқару комитеті құрылады, бұл жүйе 90 жылға дейін келді. Жергілікті өкілдер: салық салу, буржуазиялық өкілдік контребуция алу құқығына ие. Әскери революциялық комитеттер құрылды. Үкімет жанынан әртүрлі сипаттағы көмекші және салалық органдар әрекет етті.
Сенат жоғарғы сот органы, сонымен бірге министрліктер /сыртқы істер, ішкі істер, әскери, теңіз, сауда, өнеркәсіп, қаржы, әділет, жер иелену, мемлекеттік бақылау/ және ерекше жаңа министрліктер: еңбек, өндірістік, почта және телеграф, қоғамдық тану т. б. құрылды. Экономикалық қатынастарды реттеу үшін Бас экономикалық комитет және Экономикалық кеңес құрылды. Ол қаржы және өнеркәсіп, қорғаныс және отын мәселелерімен айналысты. 1917 ж. заң жобасын, заңды түрде шарт жасау үшін Үкімет жағынан "Заңдық жиналыс" органы пайда болды. Заңдық жиналыста әйелдердің мемлекеттік лауазым құқығына ие болу туралы, шаруалар қозғалысын, жер мәселесі бойынша қақтығыстар, аграрлық мәселелерді шешті.
ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)
Александр ІІ тұсында Ресейде крепостниктік прво жойылады. 1860-1870 жылдары елді модернизациялау мақсатында реформалар жүргізілді.
Осы кезеңде түрік езгісінен оңтүстік слваяндарды құтқару, жаңа жерлерді иемдену сияқты мақсаттармен 1877-1878 жылдары Түрктермен соғыс жүргізді. Нәтижесінде түрік езгісінен Болгария, Сербия, Черногория мемлекеттері босатылды.
Билік басына келген Алесандр ІІІ самодержавиелік билікті одан әрі тереңдетті. Радикалдар репрессияға ұшырап, революцияға қатыстылар өлім жазасына кесілді.
Халықаралық қатынастарда Александар ІІІ даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ұмтылды. Мәселен Гаагтағы келісім, Ұлыбританиямен жақындасу(1887), Франциямен жақындасу(1893) . Осы арқылы оны Еуропада “бітімгер” деген атпен танитын болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)
Ресей тарихының бұл кезеңі жылдам қарқынмен экономиканың дамуымен ерекшеленді. Донец бассейні ауыр өндірістің орталығына айналды. Реформаторлық (кадеттер т. б. ) және революциялық ( эсерлер, большевиктер) бағыттағы партиялар пайда болды.
1904-1905 жылдары Ресей империясы Орыс-жапон соғысы мен Қиыр Шығыста ауыр, ұятты жеңіліс тапты.
1905-1907 жылдары экономикалық және саяси өмірге наразы халық революцилар ұйымдастырды.
1914 жылы Ресей І Дүниежүзілі соғысқа кірді. Соғыс нәтижесі 1917 жылғы монархияны құлатқан ақпан төңкерісі болды.
Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкімет елде тәртіпті орната алмады. Осыдан кейін мемлекеттегі билікті В. И. Ленин басшылығымен Большевиктер партиясы алды.
Биліктің жоғарғы органы болып Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттар Кеңесі жарияланды. Атқарушы билікті Халық коммиссарларына тапсырды.
Большевиктер мен меньшевиктер, яңни қызылдар мен ақтар арасындағы Азамат соғысы 1918 жылдан 1922 жылға дейін созылды. Соғыс барысында Ресейден Польша мен Финляндия бөлініп кетті. Азамат соғысы ақтардың жеңілісімен аяқталды.
Ресей - феодалдық-басыбайлылық мемлекет
Бұрынғы Араб халифатын түгелге жуық бағындырып, мұсылман елдерінде халиф саналатын Түрік сұлтанының Ресеймен соғыс ашуы да тек Қырым, Кавказ, Таяу Шығыстағы саяси мүдделерімен ғана тәмамдалмайтын. Үнді мұхитына флотилиясы келген Ұлы Британия, Үндістан түбегін өз ықпалына қаратумен шектеле қоймайтынын анық байқатқан-ды. Ал, Ресейдің Шығыстағы да, түскейдегі де мүдделерінің ең шешуші аймағына Орта Азия айналған-ды. Қалған дүниенің де бұл аймаққа ынты-шынтының құлауы осы Ресейге байланысты еді. Ал, Ресейдің бұл істе алға басуына бірден-бір көпір Қазақстан еді де, бірден бір кедергі Хиуа еді. Сондықтан да, ол қездегі қазақ-хиуа қарым-қатынасы тек екі еларалық немесе бірде тату, бірде бату бола беретін көршіаралық қатынастар ауқымынан әлдеқашан асып кетіп еді.
Ол кездегі Ресей әлі феодалдық-басыбайлылық (крепостнойлық) мемлекет еді. Алайда, ол кезде индустриялық даму жолына түсіп үлгерген Батыс Европа оны ол күйде қалдырмайтын еді. Капиталистік даму жолына түспесе, Ресей араны ашылған Батыстың ауызына алдымен түсетін отар елге айналар еді. Сондықтан да, онда ұлы державалық шовинизм меңдеп, отаршылдық күшейе бастады. Ондай саяси тәбеттің алғашқы жемтігі - Кавказ елдері мен Қазақстан болды. Оларды басып алуды Ресей де ағылшын әріптестерінің "бөліп ал да, билей бер" деген сүйікті қағидасына жүгінді. Ал, оның бәсекелестері қазақтар мен кавказ мұсылмандарын бодандыққа түсірген Ресей отаршылдығына қалған мұсылман әлемін, әсіресе, Орта Азия хандықтарын қарсы қоюға өте-мөте мүдделі болды.
Өйткені, ол кездегі Ресей, қай жағынан қарасаң да, ортаң қол мемлекет еді. 1800 жылы оның 35, 5 миллион халқы бар еді, оның 1, 5 миллионы ғана қалада тұратын еді. Аграрлы шаруашылық үстем еді. Екі жүздей тау-кен зауыттары, 2100 өңдеуші кәсіпорындары бар еді. Онда 200 мыңдай жұмысшы істейтін. Ал 1860 жылы кәсіпорындар 15 мыңға, жұмысшылар 800 мыңға, сыртқы сауда көлемі 3, 5 есе өсті. Қаз тұра бастаған орыс капитализмінің қаздаңдай баса алатын кеңістігі тек шығыс жағында еді. Оның бұйымдары да, негізінде, тек сол тараптың базарларында өте алатын. Өйткені, Орта Азия елдерінің эқономиқалық дамуы одан да мешеу еді. Ресей саяси, экономиқалық, мәдени дамудың тізгінін бір қолында ұстаған абсолюттік монархия елі болса, Орта Азия хандықтары түгел дерлік шығыстың деспотия мемлекеттері еді. Қай жағынан қарасаңыз да, нағыз "апама жездем сай" еді. Бұқардың 3, Қоқанның 1, Хиуаның 0, 5, Тәшкеннің 0, 5 миллион халқы болды. Кавказ, Еділ, Орал бойларындағы халықтар мен қазақтарды қосқанда 10-15 миллиондай мұсылман шығар еді. Мұндай ара салмаққа сыртқы ислам факторын қосқанда шығысқа беттеген орыс отаршылдығын түгел тойтарып тастамағанмен, аймақта жаңа геосаяси арасалмақ қалыптасқанша тежей тұруға болар еді. Ағылшын, түрік, парсы саясатшылары, басқа да батыс саясатшылары осындай есеппен ислам факторына баса мән бере бастаған-ды.
Ресейдің Қазақстанның жерлерін отарлау саясаты
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С. Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың «Қазақстан және қазақтар» деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі. XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен, егін шаруашалығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрыңғы егіннің 7 пайыздайы ғана . Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап кеткен. Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 пайызы қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5, 4 миллион пұт астық жинап, оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz