Ботулизм туралы ақпарат


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Ботулизм»

Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысы аумағында үй жағдайында даярланған тамақ өнiмдерiн (саңырауқұлақ және көкөнiс консервiлерi, тұздалған және ысталған балық және т. б. ) пайдаланумен байланысты ботулизмнiң жағдайлары тiркеледi. 2008 ж. сәуір айында ботулизмнiң үйде консервiленген баялдыны пайдаланумен байланысты бiр жағдайы тiркелген. 2009 ж. қаңтар айында Қазақстан республикасында ботулизмның екі жағдайы тіркелген, 20 адам зардап шеккен, соның iшiнде бір адам өлiмге душар болған. Ұланудың себебі дайындау технологиясы бұзылған ұй жағдайында консервіленген өнімді (Оңтүстік Қазақстанда - саңырауқұлақ, Алматы облысы - баялдыдан жасалған салат) пайдалану болып табылған.

Ботулизм аурушандығы негізінде жылдың күз-қыс мезгiлiнде, яғни консервiленген тамақ өнiмдерiн жаппай пайдалану кезiнде тіркеледі. Ботулизм өлімге ұшырау мүмкiндiгi зор тамақтан уланудың ауыр түрiне жатады.

Ботулизм қоздырғышы улы зат - токсиндi бөлiп шығарады, бұл улардың iшiндегi ең күштi әсер ететiнi болып табылады. Осы микроорганизнiң өзiне тән ерекшелiгi оттегi (ауа) жоқ жерде көбейiп, токсин өндiредi. Мұндай жағдайлар тұмшаланып жабылған банкiлерде (консервiлерде), қатты тамақ өнiмдерiнде (шикiлей ысталған сан ет, шұжық, тұздалған, қақталған және ысталған балық) болады.

Ботулизм микробтарының көбеюi үй жағдайында тамақ өнiмдерiн даярлау технологиясының бұзылуынан туындайды: еттi, балықты дұрыс өңдемегенде, саңырауқұлақтарды, көкөнiстердi, жемiстердi топырақтан дұрыс тазартпағанда, өнiмдердi жоғары қызуда жеткiлiксiз мөлшерде өңдемегенде.

Сапалы тамаққа қарағанда мұндай өнiмдерде ашы майдың иiсi, кейбiр жағдайларда күйдiретiн дәмi болады, түсi солғын тартып, борпылдақ күйде болады. Уланған консервi банкiлерiнiң қақпақтары томпайып, көтерiледi. Алайда, осы белгiлердiң барлығы тұрақты емес, кей жағдайларда құрамында көп мөлшерде ботулиндiк токсин бар тамақ өнiмдерiн сапалы өнiмнен ажырату мүмкiн емес.

Есте сақтаңыздар! Уланудың алғашқы белгiлерi өнiмдi пайдаланғаннан соң бiрнеше сағаттан кейiн немесе бiрнеше күннен кейiн пайда болады. Науқастардың жүрегi айниды, асқазан маңы ауырлап, ауырады; ауыз құрғайды, басы айналып, ауырады; тез шаршап қалғыштық пайда болады. Ауыр жағдайларда бiрнеше сағаттан соң көздiң көргiштiгi бұзылады (көз көргiштiгiнiң нашарлауы, заттардың қосарланып көрiнуi, көз алдарындағы «тұманға», «торға» шағымдану) . Ауру белгiлерiнiң келесi тобы - жұтыну мен сөйлеуге байланысты (тамақтың ауыруы, шайнау мен жұтудың нашарлауы, дауыстың қарлығуы, ұғынықсыз, баяу сөйлеу) . Асқазан-iшек трактiсi қызметтерi айтарлықтай зардап шегедi (ауыздың құрғауы, шөлдiң қанбауы, iштiң кенеттен бүрiп ауыруы, құсу, iштiң кебуi, қатуы) . Бұлшық еттердiң әлсiреуi күшейедi. Осы белгiлердiң барлығы қалыпты дене температурасы кезiнде дамиды. Әдетте ботулизмнiң ағымы ауыр.

Назар аударыңыз! Халықтың денсаулығын сақтау үшін келісіні білу қажет:

Ұй жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатуына тийім салынады.

Түсi, дәмi өзгерген өнiмдердi тамаққа қолданбау.

Рұқсат етiлмеген көше сауда орындарындағы жеке тұлғалардан үй жағдайында консервiленген өнiмдердi сатып алмау (балық, ет өнiмдерiн, консервiленген көкөнiстер мен саңырауқұлақтарды) .

Тамақ өнiмдерiн сақтаудың температуралық режимiн сақтау (үй консервiлерiн 0+3 С температурада сақтау керек және қақпағы көтерiлген банкiлердi жарамсыз деп танып, жою қажет) .

Үй жағдайында тамақ өнiмдерiн даярлау технологиясын қатаң сақтау (шикiзаттарды, банкiлердi өңдеу, азық-түлiктердi жоғарғы қызуда өңдеу) .

Егер де сапасыз өнiмдердi тамаққа қолдану қажеттiлiгi туса, оларды жоғары қызуда өңдегеннен кейiн ғана пайдалануға болады. Дайын үй консервiлерiн пайдаланар алдында қайталама жоғары қызулы өңдеуден өткiзу - ботулиндiк токсиндi залалсыздандыру әдiстерiнiң бiрi болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ботулизм ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ботулизм жайлы
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Ботулизм ауруы
Ботулизмнің жасырын кезеңі
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz