Физика есептерін шығару әдістері


Ф-ОБ-001/035
Жоспар
Кіріспе . . . 2
І тарау. Физикадан есеп шығарудың маңызы
1. 1. Физикадан есеп шығарудың оқу үрдісіндегі орны . . . 5
1. 2. Есептердің классификациясы . . . 6
ІІ тарау. Физика есептерін шығару әдістері
2. 1. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік
жұмыстары . . . 11
2. 2 Физика сабағында сапалық есептер шығарту негізінде білімдерін
дамыту . . . 13
Қорытынды . . . 18
Пайдаланған әдебиеттер . . . 19
Ф-ОБ-001/035
Кіріспе.
Физикадан есеп шығару - оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер қандай да бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан олардың оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көре білуді дарытуда үлкен маңызы бар. Оқушылардың Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы, рөлі бар:
- Оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
- Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді;
- Мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік - жігерін қайрайды;
- Физикалық ұғымдарда, жастардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
- Оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
- Сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
- Физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі; білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады жәнетереңдетеді;
Ф-ОБ-001/035
- Пән аралық байланысты(математика, химия, астрономия, сызу, биалогия, география) күшейтуге ықпал жасайды;
- Оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан да физикадан есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.
Физика есептерін шығаруда анықтамалық кестелер, логарифмдік сызғыш, микрокалькулятор, ЭЕМ, перфокарта, тексеру-оқыту машиналары, арнаулы дидактикалық тапсырмалар мен программаланған сынып жұмыстары жайлы оқу құралдар кең колданылуы керек. Бүгінгі күн талабына сәйкес кез келген сала мамандары ақпараттық технологияларды толық қанды пайдаланушылар бола білуі тиіс. Ал ақпараттық технологияларды жаңа деңгейге көтеруге және оларды дамытуда алгоритмдеудің ролі ерекше. Сондықтан алгоримдеу негіздерін орта мектептен дұрыстап және жаңартуға жаңа заман, қоғам талабына сай мамандар дайындауға мүмкіндік береді деген сөз. Кез келген салада, ғылымда және техникада ақпараттық технологияларды мақсатты және тиімді пайдалану деңгейі, иновациялық жүйелердің дұрыс қалыптасуы, өмірде кездесетін практикалық есептерді ғылыми тұрғыда сауатты қоюға және оны шешудің технологиясын(тәсілдерін ) меңгеруге тікелей байланысты болады.
Компьютер арқылы түрлі суреттер, графиктер сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі . Физика жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Физика сабағында компьютерді пайдалану қазіргі күн талаптарынан туындап отыр.
Компьютерді оқу процесіне пайдаланудың мынандай дидактикалық мүмкіндіктері бар.
1) Компьютер көмегімен физиканы оқыту, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын оятып, күрделі материалды оқушының жеңіл тез
меңгеруіне мүмкіндік береді.
Ф-ОБ-001/035
2) Оқушылардың өз бетінше шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне,
әсіресе құбылысты зерттеуге басқаруға мүмкіндік береді .
3) Материалды тез меңгеруге сонымен бірге уақытын үнемдеуге.
4) Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда
көруге мүмкіндік береді.
Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілін қолдануға болады. Олардың бірі - компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару. Компьютер физика мұғаліміне қандай да бір физикалық шамалардың арасындағы байланысты көрнекі көрсетуге,
физика техникалық мазмұндағы есептерді терең зерделеуге мүмкіндік береді.
Ф-ОБ-001/035
І-тарау. Физикадан есептер шығарудың маңызы
1. 1. Физикадан есеп шығарудың оқу үрдісіндегі орны
Физика пәнінен есеп шығару -оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі
болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушыларды физикалық оқып-үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор. Есептер шығару физикалық заңдарды оқып-үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табандылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі.
Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады:
А) Проблемалық ситуация туғызуда;
Ә) Жаңа мәлімет беруде;
Б) Практикалық іскерлік пен дағдылады қалыптастыруда;
В) Білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексеруге;
Г) Бекітуге, материалды қайталауға;
Д) Техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіруде;
Е) Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде;
Физика есептерінің оқу үрдісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға
есептерді шығартып үйретудің мынадай тәсілдерін беруге болады.
- Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әртүрлі сұрақтар беру арқылы сыныпты
есеп шығаруға жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып
көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін
қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс.
- Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып
талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарып, қалғандары орындарында
шығару. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оған
ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды.
- Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар өзінше
орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес
Ф-ОБ-001/035
беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карточкаларын
жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.
Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға
қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға
болады. [1]
Физикалық есеп шығару үрдісі - 5 кезеңнен тұратын, күрделі ойлау әрекеті.
- Есептің құрылымы мен мазмұнын талдау кезеңі. Ол есептің белгілі бір кескіндік таңбалық нобайын (сурет, кескін, шарт) жасаумен аяқталады.
- Есептің шығару жолдарын іздеу кезеңі. Бұл кезең есепте қарастырылатын физикалық құбылыс немесе үрдіс анықталып, физикалық заң, формула еске түсіріліп, физикалық есептің математикалық нобайын жасаумен аяқталады.
- Таңдап алынған есеп шығару әдісін жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде есеп
шығару тәсілдерімен математикалық аппарат таңдап, алынып,
математикалық амалдар орындалады. Кезең есептің шешімін (жауабын )
алумен аяқталады.
- Алынған нәтиженің дұрыстығын, ақиқатқа сайлығын, өлшемдерінің сәйкестігін т. с. с талдау кезеңі.
- Есеп шығару үрдісінің, оқу-танымдық жасау кезеңі.
Бұл есеп шығару әдісінің, қолданылған тәсілдің маңызы бағаланып, қарастырылған есепке ұқсас есептерді шығарудың жалпы (ортақ) әдісі көрсетіледі. Есеп шығару әдістері есеп шығару үрдісіне деген көзқарасты және есеп шығарудағы ойлау қарекетінің тізбегін анықтайды.
1. 2. Физика есептерінің классификациясы
Физика есептерін: мазмұнына байланысты: Берілу тәсіліне қарай; шешу
тәсіліне қарай классификациялауға болады. (1-кесте)
Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартты түрде, кейде бірдей
есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика,
электрдинамика т. б. болып бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және
Ф-ОБ-001/035
сапалық- сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі
қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Жеңіл есептер немесе жаттығу
есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау
арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін
қолданады.
1-кесте
Физика есептерінің классификациясы
А) механика
Ә) молекулалық физика және термодинамика
Б) электродинамика
В) кванттық физика
2. Берілу тәсіліне
қарай
А) мәтінмен берілген
Ә) суретпен берілген
Б) графикпен берілген
В) сұрақ есептер
3. Қиындығына
қарай
А) жаттығу
Ә) орташа
Б) қиын
В) шығармашылық
4. Шығару
әдістемесіне
байланысты
А) сапалық
Ә) есептеу
Б) эксперименттік
В) графиктік
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы
формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын
есептер белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады.
Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталаған кезде,
оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептерді өзі іздену (яғни неге деген сұраққа жауп іздейтін)
есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып бөлінеді.
Ф-ОБ-001/035
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп
тұрады. Оларды сынптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген
кезде, олимпиадаларға, мектептегі сынып аралық, мектеп аралық жарыстаға
қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай мәтінді, графиктік, сұрақ-есептер, сурет есептер
болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер
суретімен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығару әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу
есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажетті және
маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына
қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.
Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды оқып үйренуде
маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде:
1. Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме?
2. Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай
өзгереді?
3. Егерде дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұрынғыдан кі есе артық
серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? -деген сапалық
есептерді шығару арқылы тербеліс периодын анықтауға берілген формулаларды
оқушылардың естерінде қалдырып, бекітуге болады. Әрі олар оның практикада
күнделікті өмірде қолданылуымен танысады.
Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап, белгілі бір
физикалық құбылыстардың мағынасын ашуға көмектеседі. Оларды логикалық
ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене отырып шығарады.
Мысалы, суға көлемдері бірдей мыс және алюминий кубтар батырылған. Осы
кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме?
Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты тек математикалық
амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндай есептерді көбінесе жоғарғы
сыныптарда қолданады. Шығарылудағы математикалық амалдарды қолдануға
байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді.
Осылардың ішінде көп қолданылатыны- алгебралық.
Есептеу есептері физикада жиі кездеседі. Соның ішінде шамалардың сан-мәнімен
берілген есептер көп. Қазіргі кезде есептегіш құралдардың көптігін ескерсек,
мұндай есептерді шығару көп қиындық уғызбайды. Әйтсе де физика
Ф-ОБ-001/035
пәнінің мұғалімдері таза физикалық есептерді (шамалардың сан-мәнімен
берілмеген есептер) уақыт үнемдеу үшін көптеп шығарылғаны дұрыс.
Мысалы:
- Сыйымдылықтары С1 және С2 жазық конденсаторлар U1 және U2
потенциалдар айырымына дейін зарядталған. Осы конденсаторларды
параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін
көрсетіңіздер.
- Радиусы R және сыну көрсеткіші n мөлдір шарға бір диаметрінің бағыты
бойынша жіңішке параллель жарық шоғы түседі. Жарық шоғы шар центрінен
қандай қашықтықта қиылысады?
- Қатаңдығы k серіппеге ілінген массасы M ыдысқа биіктіктен массасы m
дене құлайды да ыдыста қалады, яғни оның ыдыс түбіне соғылуын абсолют
серпімсіз деп есептеуге болады. Ыдыс пен дене терделе бастайды. Тербеліс
амплитудасын A анықтаңыздар.
- Массасы m, темперарурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі
энергиясын есептеп табыңдар.
Мұндағы төртінші есепті идеал газдың ішкі энергиясы тақырыбын оқып
үйренгенде, жаңа материалды өткен кезде, яғни жаңа сабақты түсіндіруге
қолдануға болады.
Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал- жабдықтардың
көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп
шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың
қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал- жабдықтармен жұмыс
істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар
мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі.
Графиктік есептер деп график бойынша берілген есепке керекті шамаларды
анықтап шығаруға болатын есептерді айтады.
Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті
шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу,
тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық
тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни олардың танымдық және
политехникалық мәні өте зор. Физиканы оқып үйрену мен болып жатқан
физикалық процесстерді жете түсіну барысында физикалық есептерді шешудің
маңызы зор. Өтілген тақырыпты жетік меңгеру үшін, оның физикалық мағынасын
Ф-ОБ-001/035
ашу, есеп шығару сияқты жолдар оқушының алған білісін тереңдете түседі.
Физикалық есептерді шешуді әр оқытушы немесе ізденуші өз тәжірибесінен,
оқыту әдісімен бар шеберлігін қолдана отырып, оқушы санасына жеткізуге
тырысады. Айталық, кейбір авторлардың (1, 2, 3) ұсынып жүрген физикалық
есептерін шешіп үйрену әдістерін бірнеше сатыға бөліп қарастырғанын көреміз.
Оны бірден күрделі жолмен шешей, жеңіл жолдарын қарастыру керек болады.
Себебі физиканың кейбір тарауларын жеке алып қарасақ, ол физиканы жаңа оқып
жүрген оқушы үшін өте ауыр, тіпті кейде оның жетік меңгерген оқушыларға
немесе оқытушыларға арналғанын байқайсын. Сондықтан жекелеген сатыларды
барлық есептерді шешуге ойлануға болмайды.
Қазіргі кезде арнайы әдістер және есеп шығару тәсілдері бар. Енді әрбір оқытушы
физика пәнін оқытуда өз іс-тәжірибесін жете пайдаланып, оқушының осы пәнге
деген ынта-жігерін оята білуге тырысу керек. Осындай жағдайда физикалық
есепті неден бастау керек, қандай физикалық заңдарға, құбылыстарға сүйенген
жөн? - деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақты берілген есепті оқи отырып,
жауап береміз. Есеп шығару барысында физиканың тек бірғана бөлімін оқып
қоймай, басқада бөлімдерін, тіпті кейде басқа да пәндермен (мысалы: химия,
астрономия, математика, т. б. ) байланысын ескерген жөн. Есепті мәтіндік,
графикалық, экспериментальды т. б. түрлерін білеміз. Есеп шығарудың өзі көп
ізденісті талап еткендіктен ен тиімдісі - физикалық есептердің түрлеріне қарай
шешу, алгоритмдерін жасау болып табылады. [1]
Ф-ОБ-001/03
ІІ-тарау. Физиканың есептерін шығару әдістері
2. 1. Физика есептерін шығару кезіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстары
Есеп шығару әдістерін аналитик (талдау), синтетик (жинақтау) және аналитик синтетик деп үшке бөледі. Аналитик тәсілде есеп шығару үрдісін мынадай сұлбамен кескіндеуге болады: белгісіз ізделінді шама→ аралық сипаттамалар → есеп шартының берілгендері. Синтетик тәсілде оқушының әректі кері бағытта болады:есеп шартында берілген сипаттардан, оларды біртіндеп синтездеу арқылы ізделінді шамаға келеді.
Есеп шығару әдісі оқушылардан қандайда бір тәсілдерді қолдануды талап етеді. Есеп шығару тәсілі - бұл есеп шығару үрдісін жүзеге асыру үшін нақты бір аппаратты (тығыз байланысқан амалдар жүйесін) қолдану. Есеп шығарғанда логикалық, математикалық және тәжірибелік тәсілдерді қолданады. Логикалық тәсілмен , көбінесе, сапалық есептерді шығарады. Мұндай есептер нысанның белгілі бір қасиетін дәлелдеуді немесе (қандай да бір) құбылысты түсіндіруді талап етеді. Математикалық тәсіл көбіне сандық есептерді шығарғанда қолданылады. Математикалық қарекеттер сипатына қарай арифметикалық, алгебралық, геометриялық және тәжірибелік түрде көрініс табады. Тәжірибелік тәсіл есептің талабын қанағаттандыру үшін тәжірибелерді жасауды қажет етеді. Ол ізделінді сипаттаманы тікелей анықтауға, есеп шартындағы физикалық
Ф-ОБ-001/035
құбылысты көрнекі түрде түсіндіруге немесе тәжірибе арқылы ізделінді
сипаттаманы табуға мүмкіндік береді.
Физикалық есептерді шығару тәсілдері
Физиканың есептерін шығаруда логикалық ойлауға байланысты талдау
(аналитический) және іріктеу (синтетический) әдісі қолданылады.
Физикадағы әдістемелік оқу құралдарында талдау (аналитический) және іріктеу
(синтетический) екі тәуелсіз әдіс ретінде жиі қарастырылады. Алайда есептер
шығару кезінде ойлау үрдісіндегі индукция мен дедукция сияқты бұлар да
бөлінбейді, яғни екеуі де бірге қолданылады. Сондықтан да практикада талдау-
іріктеу әдістері деп аталады.
Бұл әдісте есептің сұрағынан бастай отырып, талдау жолымен не істеу керектігін
айқындайды, одан ары күрделі есепті жай есептер қатарына жіктейді, яғни
есептің шартында бар шамаларға дейін жетеді. Одан кейін іріктеудің көмегімен
пайымдауды кері қарай жүргізіп, белгілі шамаларды пайдалана отырып, бірқатар
есептеу амалдарын қолданып, нәтижесінде белгісізді табады.
Есеп шығару барысында өзіндік жұмыс элементтерін қиындығының өсуі
бойынша біртіңдеп қосады. Арнайы жүргізілген зерттеулер негізінде бұл
жұмыстың мынадай деңгейлерін келтіруге болады:
- Алдымен оқушыларды есеп мазмұнын жеке талқылауға үйретілуі, оларды
есептің мазмұнын қысқаша жазу және оны шешу әдістерімен таныстыру қажет.
Ол үшін оқушыларды есеп шартын жазуға жиі тақта алдына шығарып, содан
кейін бірігіп талқылау арқылы лны жазудың тиімді тәсілдерін табады.
- Есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстың дағдыларын қалыптастырудың
келесі деңгейі- шешуді жалпы түрде орындау икемдіктерін қалыптастыру және
оның дұрыстығын физикалық шамалардың өлшем бірліктерімен жаттығулар
Ф-ОБ-001/035
орындай отырып тексеру.
- Физика есептерін шығарудағы өзіндік жұмыстарды дайындаудың негізгі
элементі - оқушылардың жуықтап есептей алу дағдыларын қалыптастыру болып
табылады. Мұндай дағдыны оқушылар алдымен математика сабақтарында алады,
бірақ оны физика сабақтарында да бекіту қажет. Осы мақсатта 7 -сыныпта алғаш
физика есептерін шығарғанда, оқушылар бірігіп талқылаған есептің шығару әдісі
мен шығару жоспарын тақтаға жазғаннан кейін, есептеулерін жеке орындауды
ұсынған жөн.
- Оқушылар есеп шартын қысқаша жазу тәсілдерін, сонымен қатар
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін түрлендіру тәсілдерін игергеннен
кейін, өзіндік жұмысқа есепті шығару тәсілдерін табуды қосу керек.
- Есепті шығарудың ең ыңғайлы тәсілін табу оқушылардың көп ізденуін
қалыптастырады. Сондықтан есепті шығарудың жаңа тәсілін таба алуы үшін,
оларға жүйелі түрде бір есептің әр түрлі шешілу жолдарын көрсеткен
пайдалы. Мұны әсіресе, қиын есептер шығарғанда қолданады.
Оқушылар физика есептерін шығаруға байланысты әдіс - тәсілдерін толық
игергеннен кейін, оларға есепті өздеріне толық шығаруды, сонымен қатар алынған
нәтижелерді тексеруді және талдауды тапсыруға болады. Оқушылардың есеп
шығара алу икемдіктері мен дағдылары артқан сайын, оларға өзіндік жұмыс үшін
күрделі есептер берген жөн. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім әр
оқушымен жеке жұмыс істеуі керек.
2. 2. Физика сабағында сапалық есептер шығарту негізінде білімдерін дамыту
Физикалық есептерді шығаруда компьютерді пайдалану өте қолайлы. Қазіргі
электронды техниканың өркендеген заманында барлық мектептерде, оқу
орындарында компьютермен қамтамасыз етілгендіктен, оны барлық сабақтарда
пайдалану керек. Программалау тілдері арқылы әр есепке программалар құруға
болады. Бұл бізге есептегі физикалық шамаларға әр түрлі мәндер бере отырып
бірнеше нәтижелер алуымызға болады. Әсіресе екі шаманың қатынасына
графиктер тұрғызу, сондай-ақ физикалық эксперименттердің зертханалық
әдістерін жүргізудің маңызы зор. Оқушының компьютермен жұмыс істеу арқылы
оның физика пәніне, физикалық есептерді шешуге деген қызығушылығын
арттырады Оқу-танымдық іс-әректтің арқасында ғана оқушы әлемді, табиғатты,
Ф-ОБ-001/035
оның заңдарын танып білуінде жаңалықтар ашады, бірақ мұндағы айырмашылық
осы жаңалықтардың судъективтік сипатта болуы мүмкін. Оқушылардың
есептерді шығаруына қажетті теориялық және практикалық біліктіктерге
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz