Шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының қалыптасуындағы қоғам қайраткерлерінің рөлі (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)



Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы оның мақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ғылыми айналымға алғаш рет 4 құжат енгізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер саны. Жұмысты жазу барысында 260 атаудан тұратын әдебиет көздері пайдаланылды, оның 55-і мұрағат құжаттары.
Түйінді сөздер тізімі: әкімшілік-аумақтық бөлініс, шекара, ұлттық саясат, өзін-өзі билеу құқығы, экономикалық тартылыс, қаулы, шешім, әкімшілік қарым-қатынастар, Ресей империясы, «Алаш» партиясы, Алаш-Орда үкіметі, Семей губерниясы (облысы), Сібір революциялық комитеті, мемлекеттік аппарат.
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін алып, етек-жеңін жинап, оң мен солын танып, әлемдік қауымдастыққа кеңінен кіріккен қысқа, бірақ әр жылында ғасырға татитын іс атқарылған 20 жылдық тарихында көңілге қаяу түсіретін егіз ойлар мен ақтаңдақтар болмау керек дегеннен шығып отыр. Себебі, тарихта орын алған олқылықтар халықтың ерік-жігерін жаншып, толық дерлік рухани еркін болуына кері әсерін тигізетіндігі белгілі. Тәуелсіздік Қазақстанға тек қана большевиктердің ұлттық саясаттарының арқасында ғана беріліп, солардың талабымен Қазақ автономиялық кеңестік республикасы, одан кейін Кеңес Одағының толық құқықты мүшесі, осынау кең-байтақ жерге ие болып қалды деген пікір қалыптасқан. Ең сорақысы - Қазақстан ХХ ғасырдың 91-жылындағы тәуелсіздік шерулері кезінде тарихтың тосын сыйына ие болып, Алтай мен Атыраудың арасындағы аумақта мемлекеттік құрып отыр деген алып-қашпа әңгімелер елі мен жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен күрескен қас батырларымыздың аянбай тер төгіп, халқына қызмет еткен Алаш арыстарының қазақты қайтсек те тәуелсіз ел қыламыз деген әрекеттерін жоққа шығарып, ұлттық намысты жаншиды.
Ғасырға жуық уақыт өмір сүріп, Еуразия құрлығының жартысынан астам аумағын қамтып, жүзден астам ұлттардың басын қосқан Кеңестік Социалистік республикалар одағы құлағаннан соң, өз соңынан бұрынғы одақтас республикаларға кезінде шешілген сияқты болып көрінген, шындығында тек кейінге ысырылып, жылы жабылып қойылған сұрақтарды қалдырды. Мұндай сұрақтардың ішінде ерекше орында бұрын біртұтас мемлекеттің ішкі мәселесі болып есептелген, ал ХХ ғасырдың 90-жылдарының басындағы тәуелсіздік шеруілерінен кейін әрқайсысы халықаралық құқық субъектілері болып қалыптасқан кешегі Одақтас мемлекеттер арасындағы халықаралық заң талаптарына сай мемлекетаралық шекаралар анықтау мәселесі тұрды. Түйіні мен түйіткілі көп мұндай сұрақты санаулы сағатта шешу мүмкін емес болғандықтан және де кеу-кеулеген дағдарысты жеңу бірінші кезекті іс болғандықтан, көршілес мемлекеттермен арадағы шекараны нақтылау үрдісі біраз кейінге шегерілді.
Экономикасын орнықтырып, халықтың қамын ыңғайлап, етек-жеңін жинағанынан кейін, Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен сыртқы шекараларын бекітуге кірісті. Бұл мәселені Ресей, Қытай сынды әлемдік державалар санатындағы мемлекеттермен айқындаудың өзі ірі шаруа еді. Дегенмен де, Елбасымыз Н. Назарбаевтың саралы саясатының арқасында мемлекетаралық шекараларды анықтау ісі асқынусыз өтіп, көршілес мемлекеттермен қажетті құжаттарға қол қойылды.
1. Қазақстанның шығыс өңіріндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістер тарихы. // «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына жас ғылымдардың қосқан үлесі» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша тезистер жинағы. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 8-9 сәуір 2010. – Б. 40-46.
2. Шығыс Қазақстан аумағының Ресеймен шекара анықтау үрдісі (Қазақ АКСР-і мен Ойрат автономиялық облысының араларындағы шекара мәселесі. 1922-1930жж.) // «Білім, ғылым және инновациялар бірлігі» атты II Республикалық жас ғалымдар мен студенттерге арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 6-8 сәуір 2011. - Б. 309-314.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының қалыптасуындағы
қоғам қайраткерлерінің рөлі (ХХ ғасырдың 20-30 жылдары)

6M020300 (6N0203) – Тарих

Тарих мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Өскемен, 2011 г.
Жұмыс С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Тарих ғылымдарының докторы, академик
С.Қ. Игібаев


Ресми оппонент: Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Қазақстан
тарихы және құқық кафедрасының меңгерушісі,
тарих ғылымдарының докторы Ғ.М. Қарасаев

Диссертация 2011 жылы 27 маусымда С. Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих мамандығы бойынша гуманитарлық
ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі кеңес мәжілісінде
қорғалды.
Мекен жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 № 1
оқу ғимараты, Тарих және Халықаралық қатынастар факультеті.

Диссертациямен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің ғылыми кітапханасының оқу залында (30-шы Гвардиялық дивизия
көшесі, 34) және http:www.vkgu.kz сайтында танысуға болады.

Реферат 2011 жылдың 14 маусымда сайтқа орналастырылды.

Қазақстан тарихы
кафедрасының меңгерушісі,
т. ғ. к., доцент
Л.П. Турова
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы оның мақсаты мен
міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, алты
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми айналымға алғаш рет 4 құжат енгізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер саны. Жұмысты жазу барысында 260 атаудан
тұратын әдебиет көздері пайдаланылды, оның 55-і мұрағат құжаттары.
Түйінді сөздер тізімі: әкімшілік-аумақтық бөлініс, шекара, ұлттық
саясат, өзін-өзі билеу құқығы, экономикалық тартылыс, қаулы, шешім,
әкімшілік қарым-қатынастар, Ресей империясы, Алаш партиясы, Алаш-Орда
үкіметі, Семей губерниясы (облысы), Сібір революциялық комитеті,
мемлекеттік аппарат.
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін алып,
етек-жеңін жинап, оң мен солын танып, әлемдік қауымдастыққа кеңінен
кіріккен қысқа, бірақ әр жылында ғасырға татитын іс атқарылған 20 жылдық
тарихында көңілге қаяу түсіретін егіз ойлар мен ақтаңдақтар болмау керек
дегеннен шығып отыр. Себебі, тарихта орын алған олқылықтар халықтың ерік-
жігерін жаншып, толық дерлік рухани еркін болуына кері әсерін тигізетіндігі
белгілі. Тәуелсіздік Қазақстанға тек қана большевиктердің ұлттық
саясаттарының арқасында ғана беріліп, солардың талабымен Қазақ автономиялық
кеңестік республикасы, одан кейін Кеңес Одағының толық құқықты мүшесі,
осынау кең-байтақ жерге ие болып қалды деген пікір қалыптасқан. Ең сорақысы
- Қазақстан ХХ ғасырдың 91-жылындағы тәуелсіздік
шерулері кезінде тарихтың тосын сыйына ие болып, Алтай мен Атыраудың
арасындағы аумақта мемлекеттік құрып отыр деген алып-қашпа әңгімелер елі
мен жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен күрескен қас
батырларымыздың аянбай тер төгіп, халқына қызмет еткен Алаш арыстарының
қазақты қайтсек те тәуелсіз ел қыламыз деген әрекеттерін жоққа шығарып,
ұлттық намысты жаншиды.
Ғасырға жуық уақыт өмір сүріп, Еуразия құрлығының жартысынан астам
аумағын қамтып, жүзден астам ұлттардың басын қосқан Кеңестік Социалистік
республикалар одағы құлағаннан соң, өз соңынан бұрынғы одақтас
республикаларға кезінде шешілген сияқты болып көрінген, шындығында тек
кейінге ысырылып, жылы жабылып қойылған сұрақтарды қалдырды. Мұндай
сұрақтардың ішінде ерекше орында бұрын біртұтас мемлекеттің ішкі мәселесі
болып есептелген, ал ХХ ғасырдың 90-жылдарының басындағы тәуелсіздік
шеруілерінен кейін әрқайсысы халықаралық құқық субъектілері болып
қалыптасқан кешегі Одақтас мемлекеттер арасындағы халықаралық заң
талаптарына сай мемлекетаралық шекаралар анықтау мәселесі тұрды. Түйіні мен
түйіткілі көп мұндай сұрақты санаулы сағатта шешу мүмкін емес болғандықтан
және де кеу-кеулеген дағдарысты жеңу бірінші кезекті іс болғандықтан,
көршілес мемлекеттермен арадағы шекараны нақтылау үрдісі біраз кейінге
шегерілді.
Экономикасын орнықтырып, халықтың қамын ыңғайлап, етек-жеңін
жинағанынан кейін, Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен сыртқы
шекараларын бекітуге кірісті. Бұл мәселені Ресей, Қытай сынды әлемдік
державалар санатындағы мемлекеттермен айқындаудың өзі ірі шаруа еді.
Дегенмен де, Елбасымыз Н. Назарбаевтың саралы саясатының арқасында
мемлекетаралық шекараларды анықтау ісі асқынусыз өтіп, көршілес
мемлекеттермен қажетті құжаттарға қол қойылды.
Бүгінгі таңда бұл атқарылған жұмыстың мән-мағынасын, тарихи
маңыздылығын, ең қастерлі қасиетіміз – Тәуелсіздігімізді сақтаудағы ерекше
орнын кеңінен халық арасында дәріптеу маңызды міндеттердің бірі болып
табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу
жұмыстың негізгі мақсаты - Қазан төңкерісінен кейінгі, ХХ ғасырдың 20-30
жылдарындағы қазіргі Шығыс Қазақстан аумағының ішкі әкімшілік-аумақтық
бөліністері мен Қазақ АКСР-і КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде Ресейдің
көршілес аудандарымен мемлекетаралық шекара анықтауы туралы мәліметтерді
бір жүйеге келтіріп, Шығыс Қазақстандағы ішкі әкімшілік-аумақтық
бөліністерді зерттеп, жүйелі түрде талдау жасау. Ең бастысы бұл үрдістердің
бас қасында жүрген қазақтың аяулы азаматтары - Алаш арыстарының және басқа
да қоғам қайраткерлерінің сіңірген еңбектерін көрсету көзделген.
Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Патшалық Ресей кезіндегі Шығыс Қазақстан аумағының, шекарасының
айқындалуын көрсету;

- Большевиктердің ұлттық саясат бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі және
одан кейінгі көзқарастарын сараптау;
- Шығыс Қазақстан аумағының Ресеймен шекарасын анықтау үрдісін (1918-
1930 жж.) зерттеу;
- Шығыс Қазақстан өңіріндегі ішкі әкімшілік-аумақтық өзгерістердің
жүзеге асырылу барысын көрсету (1939 жылға дейін).
- Шығыс Қазақстан шекарасының және әкімшілік территориясының
қалыптасуын жүргізудегі қоғам қайраткерлерінің рөлін көрсету, оның ішінде
қазақ зиялылары, Шығыс Қазақстан аумағындағы басқару органдарында қызмет
еткен қызметкерлердің көзқарастары мен қосқан үлестерін анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі Шығыс Қазақстан аумағын қамтыған
бұрынғы Семей облысында (губерниясында) Қазақстанның Ресеймен шекараласатын
облысы ретінде сыртқы, яғни мемлекеттік шекарасын анықтауын және ішкі
әкімшілік-аумақтық бөлінулерінің тарихын, оларды жүргізудегі қоғам
қайраткерлерінің көзқарастары мен қосақан үлестерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні. Мемлекетаралық шекара анықтау үрдісі, белгілі
бір облыстағы ішкі әкімшілік-аумақтық бөліністер. Әкімшілік бөліністерді
жүргізудегі саяси-әкімшілік биліктегі адамдардың көзқарастары мен іс-
әрекеттері.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Бұл мәселені кеңестік дәуірде
коммунистік идеология негізінде қарастыру басым болған. Сондықтан бүгінгі
күн талаптарына сәйкес, 20-30 жылдардағы Шығыс Қазақстандағы әкімшілік-
аумақтық бөлініс мәселесін тарихи объективтілік негізде зерттеу мәселесі
алға қойылды. Зерттеу жұмысын жазу барысында құжаттар жинақтарын және
мұрағат деректерін жинау, жүйелеу, топтастыру және талдау тәсілдері
қолданылды. Сонымен бірге, тарихи танудың негізгі қағидалары мен тарихилық,
контент-талдау, салыстыру әдістері кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Шығыс Қазақстанның аумақтық
тұтастығының қалыптасуы туралы толық, жан-жақты мәлімет беретін ғылыми
еңбектер жоқ немесе бұл мәселені зерттеген авторлар Шығыс Қазақстанның не
сыртқы шекарасының қалыптасуын, не ішкі бөліністердің бірін ғана қарастырып
келді. Сондықтан зерттеу жұмысында мұрағат деректерінің негізінде Шығыс
Қазақстанның аумағының ішкі бөліністері және сыртқы шекарасын анықтай
отыра, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне жүйелі түрде талдау жасауға қадам
жасалды. Бастысы бұл бөліністердің өзінен-өзі жүрмегендігін, оны нақты
адамдар жүргізгендігін ескере отырып, оларды жүзеге асыруда кімдер
атсалысты деген сұрақ жекелей қарастырылды.
Хронологиялық шектері. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың 1918-1939 жылдары
аралығындағы Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін қарастырылуына
бірнеше себептер бар. Қазақ АКСР-інің Кеңес Одағының құрамында құрылуына
байланысты сыртқы шекараны анықтау және ішкі әкімшілік-аумақтық бөліністер
көптеп жүрді. Ішкі бөліністерге көбінде экономикасын қайта құруға
әрекеттенген КСРО-ның саяси бағыттары әсер етіп, көптеген өзгерістерге
ұшырап отырды. Зерттеу жұмысы 1939 жылы Шығыс Қазақстан аумағында екі
бірдей облыстың – Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарының құрылу кезеңімен
аяқталады. Бұл кезде Қазақстанның шығыс өңіріндегі қазіргі аудандардың
негізгі бет-бейнелері қалыптасты.
Жұмыстың географиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңберінде
көрсетілген кезеңге сәйкес қазіргі Шығыс Қазақстан облысының аумағын
түгелдей қамтыған Семей губерниясының аумағы.
Зерттеу жұмысының теориялық және ғылыми маңызы. Зерттеуді жүргізу
барысында сарапталған оқиғалар тізбегі мен тарихи деректер негізінде
фактілер Қазақстанның шығыс өңірінің Ресеймен шекарасының қалыптасуын қалай
жүргендігін, ішкі әкімшілік-аумақтық өзгерістердің тарихына үңілуге мұрсат
береді. Зерттеу тақырыбына тікелей және жанама қатысы бар еңбектер мен
зерттеулерде Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекарасының қалыптасуы және
ішкі аумақтық қайта құруларлары, оларды жүргізудегі қоғам қайраткерлерінің
іс-әрекеттері жеке зерттеу объектісі ретінде қарастырылмаған. Автор
тарапынан Қазақстанның шығыс өңірінің сыртқы шекарасының анықталып,
қалыптасуы және ішкі әкімшілік өзгерістері, олардың жүзеге асырудағы қазақ
зиялылары мен бұл сұрақпен айналысқан басқа да адамдардың көқарастары мен
атқарған қызметтері, қосқан үлестері жалпыланып, бір жүйеге келтірілді.
Ғылыми жұмыстың практикалық маңызын зерттеудің тақырыбын жан-жақты
ашуға бағытталған құрылымына сәйкес бөлінген тараулар мен бөлімдердің
мазмұнынан байқауға болады. Мұнда автор тарапынан қазақ даласының шығысы
деген түсініктің қалыптасу кезеңінен бастап, оның шынайы түрде Қазақстанның
Семей облысы (яғни, Шығыс Қазақстан облысының аумағы) дегенге дейінгі
аралықты толығымен қамтып, оның территориясының бет-бейнесі қалай және
қандай өзгерістерге ұшырап отырды деген сұрақтарға толайым жауап беруге
ұмтылыс жасалды.
Бұл мақсатқа жету жолында бірінші тарау Қазақстанның Шығысында
әкімшілік шекараның қалыптасуын (XVIII ғасырдан 1917 жылға дейін)
зерделеді. Мұнда алдымен Патшалық Ресей кезіндегі Шығыс Қазақстанның
аумағы мен шекарасының айқындалуы деген бөлім дараланып, онда XV ғасырдың
орта кезінде құрылып, Орталық Азияның сайын даласында қуатты хандық құрған,
уақыт өте келе күшейіп, айналасындағыларды қызықтыратындай аймаққа иелік
ете бастаған қазақ халқының мемлекеттігі кезінен бергі саяси оқиғалар
қаралады. Сыртқы саясаттың алдымен мемлекеттің шекрасына әсер ететіндігі
белгілі. Тұрақты мемлекеттік құрылым ретінде танылып, қалыптасып қалған
қазақ хандығының жеріне көздерін аларта қараған тұрақты жаулары да пайда
бола бастады. Олардың қатарында батыстағы ноғайлар, шығыстағы жоңғарлар,
Сібір хандығы бар. Әсіресе, өз иеліктерін қазақтарға қарай белсенді жылжыту
үстінде болған Орыс патшалығымен қатынастар күрделене түсті. От қаруына ие
орыстар қазақ жеріне жүйелі түрде кірігіп, Орал өзенінен Өскемен
бекінісіне дейінгі аралықта Сібірлік бекітілген шебі атты, ұзындығы 3,5 мың
шақырымға жуық бекіністер мен форпосттардың күрделі және үздіксіз жүйесін
қалыптастырды.
Осылайша бекіністер мен аралық форпосттардың салынуының негізінде
Қазақстанның шығыс аумағындағы негізгі орталықтары анықталып, кейін
солардың негізінде аталмыш аумақтың жеке әкімшілік бірлікке бөлініп шығуына
алғышарттар жасалды.
Салынған бекіністердің өн бойында ежелден Орта жүз қазақтары мекен
ететін. Олар дәстүрлі түрде Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанның және
ішінара Сырдарияның орта ағысы бойында Оңтүстік Қазақстанды да мекендеген.
Орта жүздіктердің көшу аймақтары батыстан шығысқа Ырғыз-Торғай-Тобыл су
айрықтарынан Батыс Алтай мен Тарбағатайға дейінгі аралықты, ал оңтүстіктен
солтүстікке – Сырдарияның орта ағысы, Бетпақ Дала мен Балқаш көлінің
солтүстік шетінен бастап, Батыс Сібір жазығына дейін Торғай үстіртін толық
дерлік, Орталыққазақстандық жоталарды және Құлынды, Ішім далаларына дейін
жете отырып, Ішім, Торғай, Тобыл өзендерінің орта ағыстарына дейінгі
жерлерді қамтыды. Ресей билігі қазақ даласының солтүстік-шығыс бөлігіне
таралғанға дейін қазақтардың өздерінің тұрмыстық салттарына байланысты
қалыптасқан, дәстүрлі аумақтық бөлінісінің болғандығын байқауға болады.
Ресей империясының қазақ даласының солтүстік-шығысындағы иеліктерінің
әкімшілік бөліністердегі бет-бейнесі XVIII-XIX ғасырларда көптеген
өзгерістерге ұшырады. Оған 1822 жылы 22 шілдедедегі Сібір қазақтары туралы
Жарғы, 1868 жылғы 21 қазандағы Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын
басқару туралы уақытша Ереже, 1891 жылғыы 25 наурыздағы Ақмола, Семей,
Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Жарғы әсерін тигізді.
Орыс патша үкіметі жарғылар енгізу арқылы қазақ даласын тезірек айналдыра
қоршап, халықты қадағалап, салық жинап, халықты округтарға бөле отырып,
уыста ұстап бағындыру әдісін кеңінен қолдады. Бұл қалыптасқан жүйе 1917
жылғы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде билікке келген большевиктерге
ұнамады, себебі олардың бұл әкімшілік-аумақтық құрылысты жүргізудегі
өзіндік саясаттары бар еді.
Большевиктердің ұлттық саясат бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі және
одан кейінгі көзқарасы деп аталатын келесі бөлімде Ленин бастаған Ресейдің
социал-демократиялық жұмысшылар (большевиктік) партиясының (РСДЖ(б)П) 1896
жылы Лондонда өткен жұмысшылар мен социалистік ұйымдардың төртінші
халықаралық конгресі кезінде қалыптастырған ұлттардың өзін өзі билеу құқығы
туралы ұранды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеттері баяндалады.
ХХ ғасырдың басында Ресей империясының халқының ұлттық-құрылымдық
қарама-қайшылығы көп ұлтты Еуропа мен көрші Азия мемелекеттеріне қарағанда
күрделірек болды. Ұлттық және ұлтаралық қатынастар әртүрлі деңгейдегі
түйіндермен шырмалып жатты. Ұлттық топтар арасындағы қарама-қайшылықтардың
мәні өте тереңде жатты және әлеуметтік-саяси тұрғыдан қауіпті болды.
Халықтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму деңгейлері
әртүрлі болды: біреулері метрополия тұрғындары болса, келесілері отарланушы
аймақтарың тұрғындары болды; бір халықтарда мемлекеттік басқару дәстүрі
болса, екіншілері әлі де рулық-тайпалық қатынастардан шықпаған еді. Негізгі
көп санды ұлттардың ішінде дамығандары да және мәдени, білімділік
деңгейлері төмендері де болды. Осындай күрделі жағдайда РСДЖ(б)П-ға
болашақтағы социалистік Ресейдегі ұлтаралық қатынастар мәселесін шешу керек
болды.
Сонымен қатар бұл кезеңде алып империяны мекендеген әр түрлі ұлттардың
ұлттық сана-сезімдерінің артып, отаршылдық бұғауынан босап шығу жолында
белсенді әрекеттерінің басталғандығын да ескеру керек. Мұндай тенденцияның
күшеюіне Ресейде басқа да саяси партиялардың санының артып, олардың
қоғамдық, мемлекеттік құрылысқа байланысты өзіндік көзқарастары,
бағдарламаларының жасалуы әсер етті.
Эсерлер, кадеттер сынды буржауазиялық партиялар да Ресейдегі ұлттық
мәселені айналып өте алмады. Бірақ олар (нақтырақ 1917 жылдың наурызынан
бергі билеуші партия – кадеттер партиясы) бірыңғай және бөлінбейтін
Ресейді жақтады. Ұлттық мәселеге байланысты жалғыз большевиктер ғана
ұлттардың өзін-өзі билеу құқықтарын жақтады [130].
Билеуші партияның мұндай пиғылы әр саяси жағдайда өзіндік ойлары мен
позициялары бар Ресейді мекендеген ұлттардың зиялыларының қарсылығына
ұшырады. Қазақтар арасында кадеттер партиясында саяси белсенділік танытқан
Әлихан Бөкейхановтың бұл ұранға өзінің қарсылықты көзқарасын келтіруге
болады. Ол Мен кадет партиясынан неге шықтым? деген мақаласында Кадет
партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді
меншікті қылып алса, башқұрдша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып,
жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы Ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш
ұранды жұрт жиылып, Ұлт автономиясын тікпек болдық, - деп көрсетеді.
Кеңестік ұлттық автономияның негізіне В.И. Лениннің идеялары мен
бастамалары алынды. Революцияға дейін жазылған мақалаларының бірінде ол
былай дейді: Демократиялық мемлекет әр түрлі облыстардың, әсіресе әркелкі
ұлт өкілдерінен тұратын облыстар мен округтарға автономиялық беру керек.
Мұндай автономия демократиялық централизмге еш әсер етпейді: керісінше,
автономиялық облыстар ғана арқылы үлкен және ұлттық құрамы бойынша ала-құла
мемлекетте шынайы демократиялық централизмді жүзеге асыруға болады.
Большиктер партиясының ұлт саясатындағы, ұлттық мемлекеттік құрылыс
саласындағы жаңа бағыты РК(б)П-ның Х съезінен басталды деп санауға негіз
бар. Бұл съезде ұлт саясаты бойынша негізгі баяндама жасаған И. Сталин:
Ұлттардың өзін-өзі билеуі бос сөзге айналды... Бұл ұран ендігі жерде
біздің бағдарламамызда жоқ. Біздің бағдарламамызда бұл көмескіленген
ұранның орнына жетіле, нақтылана түскен халықтардың жеке мемлекет болып
бөлінуі туралы айтылады. Бұл екі түрлі нәрсе... Соңғысы біз үшін қазіргі
колониялардағы азаттық күрес кезінде революциялық болып табылады. Кеңестік
мемлекеттер федеративті негізде бірігіп жатқандықтан, жеке мемлекет болып
бөліну Ресей құрамына кіретін халықтардың өз еріктерімен қолданылмай
қалады. Біз Франция, Англия, Америка, Жапония сынды мемлекеттердің
езгісінде отырған Арабия, Месопотамия, Түркия, Үндістан секілді
мемлекеттермен қатынаста болғандықтан халықтардың бөліну құқығы
революциялық болып табылады, ал одан бас тарту Антантаға септігін
тигізеді, - дейді.
Сталиннің бұл сөздерінің мәнін терең түсінген Мұстафа Шоқай кезінде
Ұлттық күрес майданында атты мақаласында сынға алып: Ұлттардың өз
тағдырын өзі белгілеу құқығы, Ленинше болғанда, басқалардан бөлініп шығып
өз алдына тәуелсіз үкімет түзу. Ал Сталинше, ол – бос қиял, мағынасыз
бірдеңеден басқа ештеңе емес. Лениннен өзгеше Сталин ұлттардың бөліну
құқығын ұлттардың өз тағдырын өзі белгілеу құқығынан айырып
қарастырады... Ленин дені сау, он екі мүшесі бүтін кезінде-ақ өзінің
теорияларына шәкірті Сталиннің түсініктемелер беруі үшін оған бата жасап
та қойған, - деп жазады. Яғни, патшалық үкімет кезінде езгіде болған
халықтарды Ресейден алысқа жібермей, топтастырып ұстаудың жаңаша түрде
жүріп жатқандығын өздерінің шынайы ұлттық мемлекеттігін құру жолында
күрескен қазақ зиялылары да әшкерелеп, сол кезеңде большевиектерге қарсы
болған еді. Халықтар белгілі бір мемлекеттік маңына топтасса, бұл
топтасуға қызығушылығы бар ұлт болуы шарт. Бұл әрине – орыс халқы еді. Бұл
мәселе төңірегінде осы съезде большевик Георгий Сафаров Иосиф Сталинмен
өткір айтыста: Қатардағы орыс коммунистерінің көпшілігі таптық күрес
тұрғысынан қарап, бір жағынан жергілікті озбырларға бірдей соққы беру керек
деп есептейді. Ал мұндай тең соққы берудің нәтижесі – іс жүзінде кеңес туы
астында тек орыс отаршылдығын орнықтырып, ұлттық құқықты жоюдан басқа
ештеңе де емес,- екендігін айтады.
Осы съезде ұлт саясатын екі бағытта жүргізу міндеті қойылды.
Біріншісі, бұрын отар болған халықтардың артта қалып қойғандығын нақты
түрде жою, оларды Ресейдің алдыңғы қатарлы ұлттарының дәрежесіне дейін
көтеру.
Екіншісі, ұлттық-мемлекеттік құрылысты, федерациялық қатынастарды одан
әрі жетілдіру. Бұл бағыт 1922 жылы 30 желтоқсанда КСРО-ның құрылуымен
ерекшеленді.
В. И. Лениннің, большевиектер партиясының ұлт мәселесі туралы
бағдарлмасының қағидалары 1896 жылдан 1922 жылға дейін үлкен эволюция
жолынан өтті. Қазан төңкерісіне дейін ұлттардың дербес мемлекет болып
шыққанға дейін өзін-өзі билеу құқығын ту қылып көтерген большевиктер
партиясы, Қазан төңкерісінен кейін бұл ұраннан өлердей қорықты. Себебі, бұл
ұран бұдан былай большевиктер партиясы үшін өзін-өзі мерт етумен пара-пар
еді немесе Ресейді ұлттық белгісіне қарай ондаған мемлекеттерге бөліп
жіберген болар еді. Осындай жағдайда большевиктер өзінің ұлттық саясатын
нақтылады. Кеңес өкіметі қарауындағы ұлттарды уысында сақтап қалу үшін
оларға кеңестік түрдегі ұлттық облыстық автономия, ұлттық одақтық
республика сияқты ұлттық-мемлекеттік құрылымдарды дүниеге әкелді.
Ресей халықтарының орналасқан аумағына, олардың санына қарай
әрқайсысына өзіне лайықты облыстық автономия, автономиялық республика,
одақтық республика құрып берді. Бұл үрдістер Кеңестердің съездері арқылы
заңдастырылып отырылды. Мұның өзі ұлттардың заң жүзіне айналған нағыз еркі
деп дәріптелді. Большевиктер партиясының ұлттық-мемлекеттік құрылыстағы ең
соңғы және жоғары табысы 1922 жылы құрылған КСРО-ны құру болып табылды.
Бұдан былайғы бұл саладағы қадамдар тек КСРО-ның шеңберінде жүрді.
Сондықтан ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында әкімшілік-аумақтық
бөліністердің жүзеге асырылуы деп аталатын тараудың ішіндегі Шығыс
Қазақстан аумағының Ресеймен шекара анықтау үрдісі (1917-1930) атты бөлім
тәуелсіз Қазақстан мен Ресейдің арасындағы шекара бөлісу үрдісінен көрініс
емес, бұл Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеуді жүргізудің бас-қасында
жүрген Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы И.
Варейкис айтқандай КСРО деп аталатын үлкен Кеңестік пәтердің ішкі
бөліністері еді.
Большевиктер қазақ зиялыларымен санасып (үрейленгендігінен деп айтуға
болады) қазақтарға кеңестік негіздегі өзінің жеке мемлекеттілігін құру
мүмкіндігін беруге тура келді. Ол үшін 1918 жылы 11 мамырда Ұлт істері
бойынша комисариаттың жанынан Қазақ бөлімі құрылды.
Бұл бөлім ...қазақ халқының өзін-өзі басқаруын дайындаудың ұйымдық-
практикалық басталуы ретінде ойластырылды. Ұлт істері бойынша халық
комиссары И. Сталин Қазақ бөлімнің меңгерушісі етіп Мұхамедияр Тұнғаншинді
тағайындады. Қазақ бөлімі ұлттың жалпы мәселелерімен айналысты. Ол белгілі
аумақпен шектелмеді, ол қазақ халқын толық қамтуға тырысты. Екіншіден,
бөлімнің алдына қазақ облыстарын біріктіру міндеті қойылмады және оның
қолына қандай да бір билік берілмеді. Бөлімнен болашақ қазақ кеңестік
автономиясының әкімшілік-аумақтық сұлбасын дайындау талап етілді.
Қазақ халқының өзінің мемлекеттілігін құрып, көршілес мемлекеттермен
өзіндік шекараларын анықтайтын субъекті дәрежесіне дейін көтерген алғашқы
қадам 1919 жылы 10 шілдеде Қазақ өлкесін басқару бойынша революциялық
комитеті туралы уақытша ереженің қабылдануы негізінде жасалды. Бұл
ереженің үшінші пунктінде Ревкомның қарамағына Астрахань губерниясының
қазақтар мекендеген аумағы және Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары
кіреді деп көрсетіледі. Бұл актілік құжат қазақ халқының мекендеген жерін
заңды түрде біріктірудегі алғашқы іс-шара еді.
Негізі, зерттеу жұмысының бірінші тарауының бірінші бөлімінде
көрсетілгендей, қазан төңкерісіне дейін де Қазақстанның шығыс өңірін
қамтыған Семей облысының көршілес ресейлік губернияларымен шекараларын
анықтау үрдісі басталған. Бұл үрдіс ешқандай саяси түрткісіз, экономикалық
қажеттілік негізінен жүріп отырған еді.
Халықтың қалауымен, экономикалық қажеттілікпен санасу және бүкіл
Ресейдегідей бірыңғай шаруашылық бөліністер жүргізуге байланысты Сібір
ревкомы 1920 жылғы 4 тамыздағы қаулысына сай Алтай губерниясының
Змеиногорск уезінен Семей губерниясына бірқатар болыстықтарды берді.
Бірақ, Сібірдің бірлігі үшін ең басты күресуші Сібір ревкомының
төрағасы И.Н. Смирновтың ойы бойынша Сібір байырғы қазақ жерінен де қомақты
сыбаға алуға тиіс еді. Айталық, БОАК қаулысына сәйкес, Қазақ республикасы
иелігіне Семей, Ақмола, Торғай облыстарын қайтарып беруге ол қарсы емес,
бірақ Қостанай, Петропавл, Омбы, Көкшетау уездерін біртұтас қалпында, ал
Павлодар уезінен бірнеше болыстар мен Өскемен уезінің күншығыс бөлігі,
кенді Алтай аймағы, яғни, қазіргі Катон-Қарағай, Күршім аудандары түгелдей,
Зырян, Риддер және сол қалалардың төңірегіндегі қазыналы, ну орманды таулы
өңір Сібір өлкесінде қалуы тиіс. Оның осы мәселеге қатысты айтқан уәжі:
аталған уездерде орыстар басым тұрады, ал қазақтар саны жағынан 30, ары
барса 40 пайыздан аспайды, осы жерлер Қазақ республикасына берілсе, басым
қоныстанған орыспен азғантай қазақ өзара сиыспай, қиян-кескі қантөгіс туады-
мыс, оған қоса осы өңірдегі өндіріс ошақтарын, әсіресе, тау-кен жұмыстарын
Сібір ревкомы жедеғабыл жүргізіп, ортақ Отанды нығайтуға қомақты үлес
қосады, ал қазақтар республикасы бұған дәрменісіз, мал бағу болмаса,
өндірісте істеуге оларда тәжірибе де, қабілет те жоқ. Мұндай көзқарасқа
қарсы болған және оны барынша айыптаған Лениннің басшылығымен, Семей және
Ақмола губерниялары 1920 жылғы 26 тамыздағы Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Экономикалық интеграция
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан
Бразилия мемлекеті
Қазақ - өзбек шекара мәселесі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Пәндер