Шымкенттің білім ордалары



І. Кіріспе.

1.Шымкенттің білім ордалары.
2.Білім мен ғылымның оңтүстегі қара шаңырағы.

ІІ. Негізгі бөлімі.

а) Сапалы білім мекені.
б) Даналық ауылына жол тартқан оқу орны.
в) Биікке беттеген білім ордасы.
г) Мемлекеттік университет мерейлі жаста.

ІІІ. Қорытынды.
Біздің оқу орнымызда 65 жыл ішінде көпке әйгілі ғылыми мектептер бой көтерді: туркітаным қолданбалы тіл білімі, археология, химия катализы, қатты дене физикасы, педагогика.
Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, елімізге белгілі тюрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Оразовтың зерттеу саласы —қазақ тіліндегі етістік, оның магынасы мен қызметі. Ол 10-нан астам мононография, 40-қа жуық ғылыми мақала басып шығарды. Өткен 200І жылы профессор М.Оразов Кембридж университеті белгілеген «Ең зерделі адам» атағына ие болды.
Түркі тілдерінің ономастикасы - адам және жер-су аттарын терең зерттеген профессорлар Есенгелді Керімбаев және Валентина Попованың еңбектері республикамызда кеңінен танымал.
В.Н. Попованың өмір бойы жинақтаған географиялық атаулары 12 мыңға жетіп, картотекаға түсірілген, әр сөз түркі диалекттері мен қазақ, моңғол тілдерінен аударылып, түсініктеме арқылы талданған. Қазіргі замаңда бізғе жеткен жер-мекен, жер-су аттарының қанша сыры мен сулулығы ашылып, мәдениетіміз бен тілімізді байытқаны айкын.
Ал, ғылым жолына шын беріліп, екі ұрпақ бойы тынбай-талмай зерттеу устінде болған тарихшы-археолог Подушкиндерді аса құрметртеп атаған жөн. Оқу орнында көп жыл үстаздык еткен Николай Павлович және оның үлы, университеттің профессоры Александр Николаевич Подушкиндердің «Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи және мадени ескерткіштер жинағы» атты шын мәнінде энциклопедиялық еңбегін 1994 жылы жазып шығарып, онда біздің заманымызға дейінгі ІҮ-ші ғасыр мен осы заманның ҮІ-шы ғасыр арасындағы арыс-концзюй мәдениетін бірінші болып ашып зерттеген. Сол табылған қүнды археологиялык, олжалары негізінде Қазақстан республикалық мұражайында Подушкиндердің атымен жеке қор ашылган.
1. Қазақ совет энциклопедиясы – 8 том -А., 1976ж
2. Емельянов Б.В. «Основы экскурсоведения» -М., 1990ж.
3. Насыров «Оңтүстік Қазақстан» -А., Қайнар, 1990ж.
4. Пасечный П.С. «Туризм и экскурсия»-М., 1989-1993ж.
5. «Производственная экскурсия»-М., 1984ж.
6. Емельянов Б.В. «Методика подготовки и проведения экскурсий» -М., 1996г.
7. Емельянов Б.В. «Организация экскурсионной работы».
8. Квартальнов В.А. «Туризм, экскурсия, обмены современной практики» -М.,1993ж.
9. Энциклопедия ІІ том 437-439 бет.
10. Проблемы развития туризма и возрождения исторической значимости Шелкового пути –Ш., 1998г.
11. Оңтүстік Қазақстан облысының туристік өлкетану мәселелері – Ш., 2001ж.
12. Емельянов Б.В. «Организиция экскурсии»
13. Сенин В.С. «Туристические формальности»-М.,1995ж.
14. Емельянов Б.В. «Помощь экскурсоводу»
15. «Табиғи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы ҚР-ң заңы» Халық кеңесі 1992ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе.

1.Шымкенттің білім ордалары.
2.Білім мен ғылымның оңтүстегі қара шаңырағы.

ІІ. Негізгі бөлімі.

а) Сапалы білім мекені.

б) Даналық ауылына жол тартқан оқу орны.

в) Биікке беттеген білім ордасы.
г) Мемлекеттік университет мерейлі жаста.

ІІІ. Қорытынды.

ШЫМКЕНТ БІЛІМ ОРДАЛАРЫ
Білім мен ғылымның
оңтүстіктегі қара шаңырағы

Біздің оқу орнымызда 65 жыл ішінде көпке әйгілі ғылыми мектептер бой
көтерді: туркітаным қолданбалы тіл білімі, археология, химия катализы,
қатты дене физикасы, педагогика.
Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі,
елімізге белгілі тюрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор
Мейірбек Оразовтың зерттеу саласы —қазақ тіліндегі етістік, оның магынасы
мен қызметі. Ол 10-нан астам мононография, 40-қа жуық ғылыми мақала басып
шығарды. Өткен 200І жылы профессор М.Оразов Кембридж университеті
белгілеген Ең зерделі адам атағына ие болды.
Түркі тілдерінің ономастикасы - адам және жер-су аттарын терең
зерттеген профессорлар Есенгелді Керімбаев және Валентина Попованың
еңбектері республикамызда кеңінен танымал.
В.Н. Попованың өмір бойы жинақтаған географиялық атаулары 12 мыңға
жетіп, картотекаға түсірілген, әр сөз түркі диалекттері мен қазақ, моңғол
тілдерінен аударылып, түсініктеме арқылы талданған. Қазіргі замаңда бізғе
жеткен жер-мекен, жер-су аттарының қанша сыры мен сулулығы ашылып,
мәдениетіміз бен тілімізді байытқаны айкын.
Ал, ғылым жолына шын беріліп, екі ұрпақ бойы тынбай-талмай зерттеу
устінде болған тарихшы-археолог Подушкиндерді аса құрметртеп атаған жөн.
Оқу орнында көп жыл үстаздык еткен Николай Павлович және оның үлы,
университеттің профессоры Александр Николаевич Подушкиндердің Оңтүстік
Қазақстан облысындағы тарихи және мадени ескерткіштер жинағы атты шын
мәнінде энциклопедиялық еңбегін 1994 жылы жазып шығарып, онда біздің
заманымызға дейінгі ІҮ-ші ғасыр мен осы заманның ҮІ-шы ғасыр арасындағы
арыс-концзюй мәдениетін бірінші болып ашып зерттеген. Сол табылған қүнды
археологиялык, олжалары негізінде Қазақстан республикалық мұражайында
Подушкиндердің атымен жеке қор ашылган.
Аймағымыздың орта ғасырлар мен ХІХ-шы ғасыр аралығындағы дәуірінің
тарихын табысты зерттеген тағы бір ғалымымыз - тарих ғылымының докторы,
профессор Сәбит Жолдасов.
Тарих ғылымына Түркия Республикасынан келген бауырлас халықтық
ғалымдары да өз үлесін қосуда. Профессор Сабри Хизметли дін тарихы мен орта
ғасырлар тарихын зерттеп, 25 ғылыми еңбек жазды.
Химия саласында катализ мәселелерін зерттеп, ғылыми мектеп жасауға қол
жеткізген бірнеше мамандар университетіміздің атын елге жайды. Олар —
Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академиктері,
химия ғылымдарының докторлары, профессорлар Бәкен Жаңабаев пен Әбдімәлік
Әшіров. Б.Жаңабаев іштен жанатын сутегі қозғаушылар двигатель жасаү
бағдарламасы бойынша сутегі айырып алу процесінде тиімді катализаторларды
тауып шығару жолында зерттеу жүргізуде. Ал, профессор Ә.Әшіров әр жылы
мыңдаған тонна болып жиналып қалатын мақта қауашағы мен жүгері өзегін
кешенді түрде қайта өңдеу жолымен тағам және дәрі-дәрмек заттарын шығару
үшін зерттеу жүргізіп, нақтылы табысқа жетті. Ал, қазір ғалым үш жыл бойы
мақта, күріш және басқа дақылдардың үрығын егу алдында тәменгі жиілік
электр өрісімен баптау жолымен ауыл шаруашылық дәнді егістер өнімін 20-30%-
ке дейін арттыру үшін көп күш салып зерттеу жүргізуде және оны іс жүзінде
қолдану үстінде.
ХҚТУ Шымкент бөлімшесінде елімізге есімі танымал техника ғылымдарының
докторлары, профессорлар Қайрат Мүхан-бетқүлүлы Исламқүлов және Әбілхайыр
Бақтыбаев қатты метал-дардың қасиеттерін тиімді пайдалану жағын көздеп,
зерттеу мектебінің негізін қалады. Осы ғалымдар ашқан машина бөлшектерін
ионды плазманы шаңдатып жөндеу жолдары мен ғылыми әдістері Қазақстан
бойынша қара және түсті металдардың мыңдаған тоннасын үнемдеуге қол
жеткізді. Қ.М.Исламқүлов ғылыми-зерттеу жүмысындағы жетістіктері үшін 1997
ж. әл-Фараби медалімен марапатталды, ал 1999 жылы ҚР ғылымы мен техникасына
еңбегі сіңген қайраткері атағына ие болды.
Қ.Б.Бектаев, О.Аяшев, Ә.Байтанаев, Қ.Ералин, І.Есенов,
Қ.Қаракұлов, Ә.Омаров сияқты ғылым докторлары, профессорлар университетте
көп жыл жұмыс істеп, ғылым саласына зор үлес қосты. Ал, қазіргі таңда зор
ынта-жігерімен көптеген ғылым докторлары, профессорлар университетімізде
ғылыми-зерттеу жұмысын тұбегейлі де табысты жүргізуде, Олар – Н.Ә.
Әуезбаев, Ж.Т. Әйменов, М.Ә. Әлиев, Б.Ш. Әбілқасымов, А.Қ. Баймағанбетов,
Н.В. Дмитрюк, Г.А. Дущанова, Қ.С. Ергебек, Ш.Н. Зарпуллаев, М.Е. Зельцер,
А.К. Қарабеков, Д.А. Кемелов, Н.А. Красноярова, С.Ә. Оспанова, Т.П.
Райымбердиев, В.А. Редькин, Б.М. Сапарбаев, Д.С. Сексенбаев, Л.С. Сманов,
Л.Т. Тәшімов, А.Қ. Отаров, Т.Ө. Өмірзақов, А.Н. Халила, К.А. Шойбеков.
Осыдан 3-4 жыл бұрын-ақ, жас зерттеуші, химия ғылымдарының кандидаты
Ернар Оңғарбаевтың есімі ғылым әлемінде жүлдыздай жарқырап көпке әйгілі
болды. Ол екі ғасырдан астам бойы шешілмей келген Л.Эйлер теоремасын, бұл
көп сырлы математикалык, жұмбақты жеңіп шығуға бел байлаған еді. Ернар
Оңғарбаев есепті шығарып, 1998 жылы өз дәлелдемесін жариялады. Көптеген
Қазақстан және Ресейдегі ірі ғылымдар жас зерттеушінің нәтижесінен ешқандай
мүкіс таба алмай, бүл еңбекті зор бағалап отыр.
Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Аюбай Құраловтың да ғылымдағы
еселі еңбегі айтарлықтай. Ол педагогика мен этнография сияқты ғылымдарының
жете зерттелмеген тарауларында көп жыл бойы ізденіп, қазақ
этнопедагогикасына зор үлес қосты. А.Құралов қазақ халқының әдет-ғүрпы,
киімі мен басқа да ұлттық заттарының тарихы мен көрініс-пішімін жете
зерттеп, мыңдаған парақты картотека жасады, ондаған ғылыми еңбек басып
шыгарды. Ол орта мектептің 1-8 кластары үшін оқулық, сөздіктер мен
әдістемелік құралдар үсынып, докторлық диссертациясын қорғауға дайындалуда.
Университетімізде осындай сирек кездесетін ғылым, білім салаларында
бірегей мамандар аз емес. Мысал келтіретін болсақ, физика-математика
ғылымдарының кандидаты, доцент Сара Рамазанова – көптеген оқытушылардың
тісі батпаған ортағасырлық астрономия саласындағы құралдар мен есептеу
әдістерін жете игерген маман. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Татьяна
Руяткина - ағылшын мәдениетіндегі қайта өрлеу дәуірін көп . жылдар бойы
зерттеп, бұл саланы елімізде ең жетік білетін ғылымдардың бірі. Ал,
филология ғылымының кандидаты, доцент Фатих Фаткуллин қазақ орыс
әдебиеттерін, солардың өзара байланысын тереңзерттеп, 80-нен астам ғылыми
еңбек жазган. Аударма теориясы мен практикасын меңгеріп, бірнеше тілдерден
орыс және қазақ тілдеріне аударма жасап, 5 ғылыми, көркем кітап шығарды.
Оқу орнының зерттеу жүмысын үйлестіруде ғылыми-зерттеу секторының мәні
зор. Мұны соңғы жылдарда Д.Б.Балабекова, У.Алтаев, З.А.Лагутиналар жақсы
басқарып келеді. 1993 жылдан бері аспирантура бөлімі жүмыс істеуде.
Әр жылы университетімізде профессор - оқытушылар құрамының ғылыми -
теориялық, оқу әдістемелік конференциялары өткізіліп тұрады. Халықаралық
деңгейдегі симпозиумдар да ұйымдастырылады. Оның үстіне кафедралар
басқаруымен атақты жазушы, ғылымдар мен саяси қайраткерлер және белгілі
оқиғаларға арнап әртүрлі жиындар да өткізіліп тұрады. Соңғы бес жыл
көлемінде университет ғалымдары 2 мыңнан астам мақала мен баяндамалар
тезистерін, 30 монография, 13 ғылыми еңбектер жинағын басып шығарды.
Олардың біразы Қазақстаннан тыс Өзбекстан, Ресей, Украииа, Түркия, Қытай,
Венгрия, Чехия, Алмания, Голландия, Финляндия, АҚШ сияқты елдердің
басылымдарында жарық көрді. Осы мерзімде 120-дан астам оқу кұралы жазылып,
оның көбісі қазақ тілінде басылды.
Студенттердің арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыс негізінен кафедралык,
кафедрааралық үйірме мен секцияларда, фольклорлық экспедиция мен
археологиялық қазбалар топтары арқылы жүргізіледі. Талантты және талапты
жастарды біз студенттердің оқу - зерттеу жұмысы арқылы ғылыми іске
тартамыз. Қазіргі кезеңде белсенді ғылыми жұмыспен шұғылданған 500-ден
астам студент зерттеу ісін курстық және дипломдық жұмыстарын жазу үстінде,
Қазір оқу орнында 18 ғылыми, 9 шығармашылық үйірме жұмыс істеп, мыңнан
астам адамды қамтиды. Кейбір үйірмелердің ашылғанына 40-50 жыл болып,
оларды бұрын ғылымға енді қадам баскан, ал қазір әйгілі ғылым, доктор,
кандидат болған тұлғалар басқарады.
Екі апта бойы жүргізілген коңференцияда 1993 студент шығып сөйлеп,
олардың 1857 баяндамасы тыңдалды. Оның үстіне мектептерден 63 оқушы
қатысты. Баяндамашылардың ішінде 2 ауылдық мектептен келген 10 оқушы бар
екенін айрықша атауға болады. Конференцияға Түркиядан келген жастар да
белсенді қатысты. Көптеген ғылыми жүмыс интернет ақпаратын пайдаланып
жазылған. Жылдағыдай баспадан шығатын студенттік ғылыми жинаққа ен үздік
100 жүмыс іріктеліп алынды, 400-ден астам жұмыс республикалық сайысқа
жіберілді.
Жуырда өткен студенттік олимпиадада экология, биология, жалпы химия,
орыс тілі мен әлем әдебиеті, неміс тілі, информатика, жоғары математика,
физика пәндері бойынша 1-2 курстардын 373 студентті сайысқа түсіп,
көбісінің жақсы нәтижелерге қол жетті. Ең үздік студенттер биыл 30 жылдық
мерейтойын өткізетін Е.Букетов атындағы Қарағанды университетіне
республикалық олимпиадаға жіберілді. Біздің стүденттер ішінен математика,
тарих, қазақ филологиясы, философия, ағылшын тілі пәндерінен сайысқа
түскендердің жетеуі 2-3 орындарға ие болып оралды.
2000 жылы университетте Шығыстың аты Шығыс атты халықаралык,
студенттер симпозиумы ұйымдастырылып, Түркия, Кипр, Әзірбайжан, Қырғызстан,
Өзбекстаннан келген жас киім сәншілері қатысты. Ал, қазіргі таңда біз
Түркістан әлемі атты халықаралык, дистанциялық студенттер плакаттары
сайысына дайындалу үстіндеміз. Бұл конкурстың қорытындылары 2003 жылы
шығарылады.
2001 жылы келісім-шарт бойынша 1 млн. 885 мың теңгеге ғылыми жүмыстар
орындалды.

ОҢТУСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 мамыр айындағы N573
қаулысына сәйкес М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық
университеті құрылды. Ол Шымкент педагогикалық дене шынықтыру институты,
Шымкент педагогикалық мәдениет институты және Қ.А. Яассауи атындағы
хапықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент педагогикалық бөлімі
базасының таралып, қайта құрылуының нәтижесінде пайда болды.
Бүгінде мұнда білім, мәдениет, экономика және құқық жүйесі бойынша
мамандар даярлануда. Университетте 700-ге жуық адамнан тұратын жоғары
білімді профессорлық оқытушылар құрамы жүмыс істеуде. Олардың ішіндө ғылыми
Академиясының 8 академигі, 18 профессор, 11 ғылым докторы, 80 доцент, 114
ғылым кандидаты, 5 ҚР-ның еңбегі сіңген әртісі, 3 жоғары мектеп
қызметкерлері бар.
Университеттің материалды-техникалық базасы айтарлықтай бай: компьютер
кластары, мамандандырылған лабораториялар, жеке білім беруге арналған агро-
биостанция аудиториялары, лингофондық кабинеттер толық жабдықталған
спорттық алаңдар мен комплекстер, 7 оқу залынан тұратын библиотека жұмыс
істейді.
Сонымен бірге мұндағы жасалған тұрмыстық жағдай да жақсы. 1870 орыннан
тұратын 5 студенттер жатақханасы, 2 комплекстен тұратын 4 спорттық шипалы
лагерь, 1720 орынға негізделген 5 мәжіліс және 1 концерт залы, 650 орны
бар, 3 асханамен 550 орны бар 7 буфет көпшілікке қызмет көрсетуде.
Оқу ордасында халықаралық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты,
дипломанты атанған "Қазына" фольклорлық ансамблі, "Аққу" қобызшылар
ансамблі, "Қаракөз" хореграфиялық ансамблі; эстрадалық үрмелі оркестрі тек
университеттің ғана емес, бүкіл оңтүстік өлкесінің мақтанышына айналған.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті (1995 жылға дейін Қазақ
химия-технологиялық институты) Қазақстандағы ең ірі және көп салалы жоғарғы
оқу орны болып, өзінің 50 жылдан астам тарихында 30 мыңдай химик-
технологтар, биотехнологтар, механиктер, экологтар, өндірісті
автоматтандыру және кибернетика жүйесінің инженерлердін, қала салушылар,
экономистер және химия, мұнай, газ, түсті және қара металлургия, тамақ,
қайта өңдеу, құрылыс материалдары өнер кәсібі ұйымдастырушылар, оған қоса
полимер, резинатехникалық бұйымдар, дәрі-дәрмектер, арнаулы техникалық
материалдар жасаушылар тағы да басқа көптеген маман иелерін даярлады.
Университет тарихы Кеңес Одағының 1943ж. 19.06. N679 Халық
комиссарлары кеңесінің "Шымкент қаласында құрылыс материалдарының
технологиялық инстигутын үйымдастыру туралы" қаулысынан басталды.
Жоғарғы оқу орны комитетінің және құрылыс материалдары өндірісінің
Халық Комиссариатының біріккен 1943 ж. 29.06 N133 бұйрығымен құрамында
технологиялық және тау-кен факультеттері бар институт ашылды.
Жоғарғы оқу орны 1957 жылы Қазақ технология институты болып аталды.
Институт одан әрі кеңейе түсті және жаңа мамандықтар ашылды. Алпысыншы-
жетпісінші жылдары институттың интенсивті өсу кезеңі болды. 1964 жылы
институт Қазақ химия-технология институты болып қайта аталды. Онда 30
кафедра, 7 факультет, бас оқу әкімшілік ғимараты, екі лабораториялық
корпус, 1780 орындық төрт жатақхана, 250 орындық асхана, сауықтандыру
спортлагері бар еді.
Жоғарғы оқу орнының маңызды тарихи деректерінің бірі - оның Республика
Білім Министрлігінің мемлекеттік аттесациясынан 1993 жылы табысты өтуі және
1996 жылдың мамыр айынан бастап оның Оңтүстік Қазақстан техниқалық
университеті болып қайта құрылуы,

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академия республикамыздагы
медициналық оқу орындарының ішіндегі ең жасы болып есептеледі.
1979 жылы Шымкент қаласында С.Д. Аспандияров атындағы Еңбек Қызыл Ту
орденді Алматы мемлекеттік медициналық институтының филиалы ашылды. Оның
құрамында сол кезде бір ғана фармацевтикалық факультет болды.
1990 жылы Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институты болып қайта
құрылды. 1992 жылдан бастап мұнда тағы бір жалпы медициналық факультет
құрылды.
1994 жылы шілде айындагы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің
қаулысымен фармацевтикалық институт Шымкент Мемлекеттік медициналық
институты болып аталды.
1997 жылы ақпан айында медициналық институты Оңтүстік Қазақстан
(мемлекеттік медициналық академия деп өзгертілді. Бүгінгі күні академияда
1741 студент білім алуда.

САПАЛЫ БІЛІМ МЕКЕНІ

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ОҚМУ
бір институтты Педагогикалық мәдениет және өнер институты және 12
факультетті қамтиди, ОҚМУ мамандықтары бойынша білім беру мен мамандар
даярлау қызметінің жаңа лицензиясы БМ №0000185 сериямен жүзеге асырылуда,
Лицензия 2001 жылғы 2 шілдеде берілді. Жарғы 2000 жылгы 14 наурыздағы ҚР-ң
Білім беру және ғылым министрлігінің №218 бұйрығымен бекітілген.

Әскери кафедраны қосып есептегенде университеттегі 62 кафедрада жоғары
білікті 1221 оқытушы, соның ішінде 106 ғылым докторлары мен профессорлары
және 413 ғылым кандидаттары мен доценттер, жалпы саны 19312 студентті 91
мамандық бойынша педагогикалық, техникалық, гуманитарлық, өнер, спорт және
т.б. бағыттағы мамандықтар дайындауға қызмет етуде.
Жоғарғы оқу орнының профильдері бойынша мамандар даярлаудың сапасын
арттыру және ғылыми зерттеулерге жағдай жасау мақсатында үнемі
лабораториялар оқу кабинеттерін және оқу-өндірістік шеберханаларды заман
талабына сай оқу - лабораториялық қондырғылармен жабдықтау бойынша жұмыстар
тыңғылықты жүргізіліп отырады.
Университет қарамағындағы 6 жатақхана күрделі жөндеуден өткізіліп,
заман талабына сай жиһаздармен қамтамасыз етілген әрбір жатақханада оқу
залдары, демалу бөлмелері бар.
Оқытудың жаңа формалары мен технологияларын ендіруде университетте
көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Физика пәні бойынша жеке
компьютерлерді қолдана отырып виртуальды - лабораториялық жұмыстар қолға
алынған. Шет тілдерін меңгеруде компьютерлермен жабдықталған лингофондық
кабинеттер пайдаланылады. Оқу процесіне ИНТЕРНЕТ желісі қосылып,
электрондық оқу кластары ашылған. Сырттай оқитын студенттер үшін оқытудың
дистанциялы формасы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік құралдармен
қамтамасыз етілген.
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрлігінің 2002 жылғы 21
наурызда шыққан №201 бұйрығына сәйкес 2002 жылдың 8-18 сәуір аралығында
мемлекеттік аттестациялаудан өтті. Онда университет барлық көрсеткіштері
жағынан өзін жоғары деңгейде екендігін дәлелдеді. Университеттің жоғары
курс студенттері қалдық білімдері бойынша 78% үлгерімді көрсетсе, бітіруші
курстағы студенттер 79,45% үлгерімді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік білім беру гранты мен несиесіне техникалық мамандықтар
бойынша ең көп студенттер қабылдау біздің университетте жүзеге асырылады.
Университетте студенттердің жан-жақты білім алуына барлық шығармашылық
мүмкіндіктер жасалған. Университеттің мәдени-ағартушылық өмірінде әдеби
көркемөнерпаздар ұжымының орны ерекше: қазақтың ұлттық аспаптар оркестрі,
Қаракөз және Фараби сазы би ансамблі, эстрадалық-джаз оркестрі, хор
копелласы, Шымшыма сатиралық және юмор театры, студенттердің халық
аспаптары фольклорлық ансамблі. Студент жастарын қазақ патриотизмі рухында
тәрбиелеу үшін, жалпы адамдық құндылықтарды құрметтеуге қалыптастыру және
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда Тәрбиелік
бөлім, Оқу-тәрбиелік комиссия құрылған. Оған студенттік декан
әкімшілігі, кәсіподақтық комитет пен жастар комитеті кіреді.
Университеттегі студенттердің құқы мен мүддесін қорғау үшін Құқық
қорғау, Студенттік қауіпсіздік қызметі, Студенттік кәсіподақ және
Жастар ісі жөніндегі комитет бөлімдері жұмыс істеуде. Темір бутерброд
және Оңтүстік серілері командалары арасында үнемі қазақ және орыс
тілдерінде КВН конкурстары өткізіліп, республикалық фестивальдарда жүлделі
орындарды иеленіп жүр.
Әдеби кеш, Сырлы саз, Балауса, Жас айтыскер, Дебаттар, XXI
ғасыр лидері өз жүмысын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы мен Болашақ мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыруда 2002 жылы университетте жоғары оқу орнындағы
мемлекеттік және басқа да ұлттық тілдердің дамуына мүмкіндік жасайтын,
мектеп пен мемлекеттік қызметке практикалық және әдістемелік көмек
көрсететін Қазақстан халықтары тілдерін дамытуды үйлестіру орталығы
құрылған. Профессор оқытушылар құрамының 90%-тен астамы мемлекеттік тілді
меңгеру мен қатар барлық мамандықтарда мемлекеттік тілде сабақ жүргізеді.
Университетте студенттердің тілдік дайындығын жетілдіру бойынша
жұмыстар жүргізілуде. Оның түпкі мақсаты үш тілді меңгеру: мемлекеттік,
ұлтаралық қатынас орыс тілі тілі және шет тілін қызмет бабында еркін
сөйлеу деңгейінде меңгеру. Міндетті аудиторлық сабақтардан басқа көптеген
мамандықтарда тілдер бойынша факультатив сабақтар енгізілген. 1999-2000 оқу
жылынан бастап барлық мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарына. Іс қағаздарды
мемлекеттік тілде жүргізу курсы енді. 2001-2002 оқу жылынан бастап
ағылшын тілін меңгеруге талап білдіруші студенттерді дайындауға жоғары оқу
орны үлкен күш салып отыр. ІСС плюс халықаралық үйлестіру орталығының
өкілдігі ашылды және аптасына 12-14 сағаттан ағылшын тілін оқыту бойынша
қосымша сабақтар, француз және парсы тілдері курстарын ашу бойынша дайындық
жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, әрдайым студенттердің түрлі ғылыми конференциялары,
соның ішінде аймақтық конференцияларда өткізіледі. Соңғы 3 жылда студенттік
конференцияларда 4241 баяндама тыңдалды, оның 400 басылымға ұсынылды, 200-
ден астам жұмыс республикалық конкурсқа қатысуға ұйғарылды, олардың 21-
диплом, 31-грамота және 35-алғыс алды, 77 баяндама, І-ші 1999 ж. және ІІ-
ші 2001 ж. Шымкент пен Қызылордада өткізілген аймақтық студенттік
конференцияларға үсынылды. 2000-2001 оқу жылында университет студенттері
Тұрсынқүлов А., Тажибаев Т. және Садуақас Г. Мәскеуде Ресей ғылым
Академиясы РFА ұйымдастырған студенттік ғылыми жұмыстар конкурсына
қатысып, нәтижесінде олар РFА медалдары мен премияларымен наградталды.
Соңғы жылдары университетте студенттік конференциялардың тезистері 1998
ж. және ғылыми еңбектері 1999 ж., 2000 ж., 2001 ж. басылып шықты. Оларда
497 студенттің 437 ғылыми еңбектері жарық көрді. Соңғы 3 жылда 7-10 пән
бойынша университетте өткізілетін пәндік олимпиадаға 1279 студент қатысты.
Халықаралық қатынас Қазақстанның дүниежүзілік достастыққа тең
қүқықтыққа кіруі үшін басты бағыттарының бірі және қажетті шарты,
ОҚМУ Испания, Ресей, Қыргызстан, Өзбекстан және Франция, АҚШ, Түркия
елшіліктері сынды 13 мемлекетпен халықаралық ынтымақтастықта еңбек етуге
келісім-шарт жасасқан.
Университет Жібек жолындағы туристік-рекреациялық ресурстарды зерттеу
бойынша Темпус-Тасис консорциумына, экономикалық және бизнес - білім
берудің Ресурс жемісіне мүше ИSАID, КАРАNА болып табылады.
Вессек технологиялық институтымен Англия Гази университетімен
Анкара, Турция Удине университетімен Италия, ұлттық құрылыс және сәулет
университетімен келісім түзілді.
Осы келісімдермен сәйкес ОҚМУ конкурстық сараптаудан кейін студенттер
әртүрлі мамандықтар бойынша Ресей мемлекеттік университеті мен Ресей химия-
технология университетіне оқуын жалғастыру үшін Д.Менделеев атындағы Ресей
хнмия-технология аспирантурасында оқуын жалғастыруға жіберді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ Түркия, Сирия, Пәкістан, Үнді, Греция,
Германия, Венгрия, Ирак, Швейцария елшіліктерімен және Қазақстан
Республикасының Сыртқы істер министрлігнің консулдық қызметі
департаментімен тығыз байланыста жұмыс жургізеді.
2002 жылы Үнді елшілігінің ықпал етуімен университетте Үнді мәдени
орталығы ашылды, Орталық оқытушылар мен студенттердің алмастырылуын
жүргізуге, Үнді Республикасының мәдениеті мен дәстүрін үйренуге мүмкіндік
береді.
Бүгінде студенттердің шет елдерде Германия, Түркия, Ресей, Өзбекстан
- практикадан өтуі ұйымдастырылған, Түркия Республикасында аспирантура және
магистратурада оқу, сонымен қатар іздену жұмыстары үшін шет елдерге
іссапарларға да шығады.
Жыл сайын Түркия, Сирия, Греция, Пәкістан, Корея, Моңголия, Қытай,
Египет, ҮндІ және басқа ТМД елдерінен 300-ге жуық студенттер келіп оқиды.
ҚР Президентінің 31.12.96 ж„ №3308 Шет елде тұратын қандастарымызды
қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі бұйрығына сәйкес
университетте Моңғолия, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген
қазак, диаспорасының өкілдері оқиды,
Соңгы 1999-2001 ж. оқу жылында университетімізді 42 шет ел
азаматтары және 300-ден астам Моңғолия, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, тағы
басқа елдерден келген қазақ диасгюрасының өкілдері бітірді.
Университет жанында шет ел азаматтары үшін дайындық курстары жұмыс
істейді. Дайындық курстарының басты міндеті - шет ел азаматтарына қазақ
және орыс тілдерін және жалпы білім беретін пәндерді оқыту, үйрету болып
табылады. Бұл дайындық курсы тыңдаушыларға Қазақстанның оқу системасын
меңгеруіне зор септігін тигізеді.
Университетте демалу, сауықтыру жұмыстары да жақсы жолға қойылған.
Жазғы мезгілде Тау самалы сауықтыру лагерінде жұмыс істейтін төрт құрылыс
отрядтары мен екі бригада Студенттік отрядтар құрылған. Оқытушылар мен
қызметкерлер және студенттерді сауықтыру үшін спорттық павильон
Буревестник және Денсаулық спорт кешені жұмыс істейді. Онда оқытушылар
мен студенттер арасында спортық-сауықтыру іс-шаралары өткізіліп тұрады,
сондай-ақ университеттің Технолог, Біркөлік спорттық-сауықтыру, демалу
базалары бар. Онда жыл сайын студенттер жазғы іс-тәжірибелерін: пленер,
археологиялық қазба жұмыстарын, өлкетану жұмыстарын және т.б. жүргізеді.
Сапалы білім — қуатты мемлекеттің және сіздің болашағыңыздың кепілі.
Сондықтан сапалы білім алғыңыз келсе М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетіне оқуға келіңіздер!

ДАНАЛЫҚ АУЫЛЫНА ЖОЛ ТАРТҚАН ОҚУ ОРНЫ

Қазақстан өркениетті елдердің қатарына тартылып жатқан шақта
мемлекеттің жоғары оку орындарының көш жүгінің орта жолда ауып қалмауына
қосатын орны ерекше екендігі белгілі. Сонда ол қандай болмаққа керек?
Жасыратыны жоқ, еліміздің халыққа білім беру саласы түрлі дағдарысты
бастан көшіріп жатқан шақта жеке меншік оқу орындарына лицензияны беруге
тәуекел қылған. Кейін жаңбырдан кейін қыр төсіне тізіле қалатын саңырау
құлақтардай қаптап кеткен мұндай білім ұяларына лицензия дегеніміз молынан
үлестіріліп кетті.
Бірде ата-аналардың біразынан түскен арыздарды негізге алып Сарыағаш
ауданындағы осындай оқу орындарының біріне бара қалдық. Болашақ
университеттің күйі орта мектептен төмен, компьютеріміз бар деп
қопаңдағанымен онысы өнер тапқыштардың алғаш рет осылай болса қайтеді деп
құрастырып көрген нұсқасы болу керек, ескіліктен жүдеп тұр. Кітапханадағы
кітап қоры өздері айтқан межеден үш есе төмен,
Қырық құрау дүниелердің ішінде марксизм-ленинизм ілімдерінің жұқанасы
мен қайдан тауып алғаны белгісіз Плехановтың том-том кітаптары сөреде
самсап тұр. Жетпіс пайызға, жуығын көркем әдебиет құрайтын
университетсымақтың қалған дүниесін айтып, басты ауыртып қайтейік, мұндағы
студенттер оку құралы жоқ болғаннан кейін оларды осындағы — М.О.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филиалынан жалға
алып оқиды екен.
Басқа халықтарды қайдам, қазекең бірер күндік асы болса балам жесінші
деп алдына ысырады. Қалай оку жылы аяқталады жоғары, орта арнаулы оқу
орындарына бала түсіруден жарыс басталады да кетеді. Балам қатарынан
қалмасыншы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жібек жолындағы қалалар
Абай саябағы
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
Көркем шығарманың дәстүрлі және жаңа формаларына өзара байланысы
Шымкент қаласы туралы
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерінің тарихы мен сақталу мәселелері
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ
Қазіргі әлемдегі экологиялық проблемалар
Ауаны салқындатуға арналған қосымша қондырғылар
Таза су нормасы. Ауа тазалыгына сараптама
Пәндер