Абай мұрасының зерттелуіне шолу


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе
: 3
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ ШОЛУ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Абай шығармаларының қазақ мектептерінде оқытылу тарихы және оның теориялық негізі
: 5
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі
: 7
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Абай Құнанбаевтың поэзиясындағы педагогикалық ойлар
: 10
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі педагогикалық ойлар
: 14
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Абай Құнанбаевтың педагогикалық ойларын жүйелеу және оны оқу үрдісіне ендіру
: 21
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3
МАЗМҰНЫ: Балаларға қара сөздерді педагогикалық жеткізу
: 23
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды
: 25
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер
: 27
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ:
:

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Қоғамның тарихи даму кезеңінде өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мұралардың өсіп келе жатқан жас буынды оқыту мен тәрбиелеуге септігін тигізетін мүмкіндіктерін сарқа зерттеп, тәлім-тәрбие ісінде қолдану бүгінгі күн талабы. Өйткені, жан-жақтан қаулап арам шөптей басып келе жатқан құнсыз дүниелердің жастар өміріне дендеп еніп бара жатқанын көріп отырмыз.

Бұдан былайғы кезде осы мүмкіндікті кеңінен зерделеп, педагогиканың тарихы мен теориясы, тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері, мазмұны мен ереже қағидаларын байыту арнайы ғылыми зерттеулердің үлесінде. Осындай мүмкіндігі мол, бай мұраның бірі Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармалары екені белгілі. Бұл ретте кейінгі кездерде орындалған теориялық, тарихи-педагогикалық зерттеулерді айтуға болады.

Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, соның ішінде оқыту әдістеріне байланысты "жаңа технология", "белсенді әдістер" деген секілді бір қарағанда жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Ал, олардың көпшілігі, компьютерлік технология, аудио-видео технологияларынан басқалары, кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте, акын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы "жаңа технология мен белсенді әдістерді" байыта түспек.

Сонымен бірге әдеби мұралардағы тәлімдік ойлар мен оқу, білім, ғылымға қатысты пікірлер отандық педагогиканы дамытып қалыптастырудың қайнар көзі. Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Х. Арғынбаев, Қ. Б. Жарықбаев, Қ. Қ. Құнантаева, А. К. Көбесов, С. Қалиев, Т. М. Әлсатов, С. ¥зақбаева, К. Ж. Қожахметова, І. Р. Халитова, А. Н. Ильясова т. б . еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы Абай шығармаларының философиялық тегі, психологаялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, М. Әуезов, СМұқанов, СҚирабаев, Қ. Мұхаметханов, Х. Сүйіншәлиев, М. Орынбеков, Ғ. Есім, З. Ахметов, М. Мырзахметов, Г. Барлыбаева, Х-Досмұхамедұлы зерттеулерін айтуға болады. Акын шығармаларындағы педагогикалық ойлардың психологиялық тегі мен мүмкіндіктерін зерделеуде Б. СБлюм, Ж. Пиаже, С. Эриксон, Дж. Ганье, кеңестік психолог ғалымдар И. П. Павлов, Н. А. Бернштейн, П. К. Анохин, А. РЛурия, А. Н. Леонтьев, В. П. Зинченко, В. НЛушкин, В. В. Давыдов, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер, А. В. Запорожец т. б. еңбектеріне сүйендік.

Абайдың педагогикалық пікірлеріне ең алдымен 1934 жылы жазылған Ш. Әлжанұлы мақаласын, одан кейінгі кездерде Қ. Ж. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Қ. Құнантаева, І. Р. Халитованың, А. Е. Дайрабаеваның, К. Шаймерденованың т. б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген мақалаларын айтуға болады.

Қазақстанда дидактиканың мәселелерін зерттеушілер Р. Г. Лемберг, Г. А. Уманов, К. Қ. Құнантаева, АА. Бейсенбаева Г. Меңлібекова Г. К. Нұрғалиева, С. А. ¥зақбаева, Б. И. Мұканов, А. Б. Нұрлыбекова, Д. М. Жүсіпәлиева т. б айтуға болады.

Абай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А. Н. Ильясова, А. Е. Дайрабаева, ІР. Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен Н. Берікұлы, А. Бейсенбаева, Ә. Қоңыратбаев т. б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. Бірақ, оларда оқыту теориясы тұрғысынан толық талданып, практикалық мәні жеткілікті ашылмаған.

Ғұлама ақын шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлерді іздестіруде Я. А. Коменский, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. белгілі педагог ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, олардағы басты ұғымдар, тұжырымдар, ереже, қағидалар мен қазақ жерінде педагогикалық ойлардың дамуына ерен үлес қосқан және алғашқылардың бірі ретінде Ы. Алтынсарин десек, оның пікірлерін жалғастырған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, МЖұмабаев т. б. еңбектерін зерделей келе, Абай мұрасындағы осыған орай пікірлердің сәйкестігін, оларды түсіндірмелеуде, ұғынуда тигізетін септігін басшылыққа алдық.

1 АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ ШОЛУ

1. 1 Абай шығармаларының қазақ мектептерінде оқытылу тарихы және
оның теориялық негізі

Дидактика дегенде педагог ғалымдар қауымы оқыту теориясын және соған қатысты мәселелер туралы ойланады да, ол ғылым болғандыктан ақын шығармаларында қалай орын алмақ деген пікірге келуі мүмкін. Ал, осы ғылымның даму тарихына ой жүгіртсек, Ян Амос Коменскийге дейін-ақ оның алдымен философтардың ой-толғаулары мен әдеби мұраларынан орын алғанын көреміз. Теориялық ілім ретінде қалыптасу жолында одан кейінгі жетілу кезеңінде де дидактикаға байланысты сан алуан пікірлер пайда болды. Бұл ретте И. Г. Песталоцци, И. Ф. Гербарт, Д. Дьюи, К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерең, М. А. Данилов, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин, Л. В. Занков т. б айтуға болады. Дидактиканың кейбір мәселелеріне байланысты пікірлерді Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов еңбектерінен де кездестіреміз.

Дидактиканың мәңгілік мәселелері қалай оқыту, не нәрсеге оқыту, не үшін оқыту, кімді оқыту, қашан оқыту, нәтижесі қандай болуы керек, қалай бағалау керек деген секілді т. б. тұрады.

Абай шығармаларын педагогика, философия, психология, әдебиеттану, тарих тұрғысынан зерттеуші ғалымдар А. Байтұрсынов, МЖұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, С. Қирабаев, Қ. Мүхаметқанов, Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Есімов, З. Ахметов, М. Мырзахметов, С. Қалиев т. б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін көрсетсе Ш. Әлжанұлы және одан кейінгі Қ. Жарықбаев, А. Көбесов, К. Қунантаева, А. Бейсенбаева, А. Дайрабаева, І. Халитова ақын мұрасында педагогикалық ой-пікірлердің бар екендігін өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Тарихи деректерге сүйенсек, дидактика сөзінің гректің «дидактикус» -үйретуші, дидаско - үйренуші сөздерінен келіп шыққан және ғылыми айналымға 1613 жылдары Германияда алғаш рет ендіріле бастаған.

Өйткені, Кристоф Хелвиг және Йохим Юнг ана тілінде білім беруді дәріптеуші, тілтанушы ғалым Вольфганг Ратке (1571-1635) туралы "Дидактикадан қысқаша есеп немесе Ратихияның оқыту өнері" тақырыбында еңбек жариялады. Еңбектің атауынан көрініп тұрғандай олар оқыту мен үйретуді өнер ретінде қарастырған. Ян Амос Коменский де "Бәрін, барлығына үйретудің әмбебап өнері - ұлы дидактика" деген еңбегінде оқыту мен үйретуді "өнер" деп таныған. Демек, оқыту мен үйрету өнер болғандыктан ол поэзияға жақын немесе поэзия арқылы оқытып, үйретуге болады деп түйіндедік. Сол себепті ақын-жазушылар шығармаларында оқыту мен білім беру, үйрету туралы кесек ойлар мен жекелеген пікірлердің болуы заңды құбылыс. Ал, оны іздеп тауып іске жарату, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің күрделі жолдарын жеңілдете түсетініне және оның тиімділігін де арттыратынына сенеміз.

Өлең, поэзия арқылы тәрбиелеу мен білім беру халқымыздың дәстүрге айналған жолы десек жаңылмаймыз.

Ақын, жыраулардың ел аралап көпшілік алдында жыр-дастандар орындауының өзі білім мен тәрбиені уағыздаудың ұрымтал түрлерінін бірі болғаны белгілі. Бұл үрдіс ертеден келе жатқан, әсіресе, көшпенділер арасында кең тараған тәсіл.

Десек те, Орхон-Енисей жазбаларындағы әйгілі "Күлтегін" дастанынан бастап, одан кейінгі Қорқыт жырлары, Оғызнама, әл-Фараби шығармалары, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани т. б. хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындар мұралары педагогикалық ойларға толы екенін зертгеуші ғапымдар айтып келеді.

Абай шығармаларында оның өмір тәжірибелерінен туындаған, кейінгілерге өнеге болатындай осындай дидактикалық мәндегі туындылар, пікірлер, түлсырымдар, ереже, қағидалар мол. Олар өлең түрінде берілгендіктен сөздердің ұйқасы, мазмұндылығы, меңгеруге қолайлы, шынайы өмірден алынғандықтан нанымды, кейбір өлең ырғақтары тіпті иландырып еліктетіп әкетеді.

1. 2 Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі

Абай ақын - ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының ерекше болуы тегін емес.

Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қанша-лықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт.

Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз - Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды енбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.

"Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан,

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман - деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай

"Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ,

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.

Абай даналығы еңбек ет - мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді - деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.

Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі - басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.

Енбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі - деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін-бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін - парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері - өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эсгетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілкке, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.

Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы - ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындаағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінің ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол - заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.

Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчествосының сол дәуірдегі қоғамдық өмірмен тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз.

2 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

2. 1 Абай Құнанбаевтың поэзиясындағы педагогикалық ойлар

Абай Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық ойлардың өзегін «біл», "оқы", "үйрен", "ізден", "ұқ" тұжырымдары құрайды және ол өлеңдерінен бастау алып, қара сөздерінде айқындала түседі. Ақынның "біл" тұжырымның басты идеясы "білген, білген-ақ сан қылса, " - дегенге саяды. Осыдан барып "білген деген не?" сұрағы туындайды.

Осыған орай "Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл. . біреу білмес сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл . . . шын сөз қайсы біле алмай, әр нәрседен құр қалма . . . ", "Орыс тілі, жазуы-білсем деген таласы . . . аз білгенін көпсінсе . . . талап қыл артық білуге" - мұндағы "біл" дидактиканың білім беру мақсатына меңзейді.

Ғүлама ақынның "біл" тұжырымы адамның өнері мен білімінің уәзіні, өлшеуіші, себебі ақын адамньщ бірінен бірінің артықшылығын өнері, білімінен байқауға болады . . . дейді. Ақынның "біл" тұжырымы жекелеген адамның дара қабілеті мен қасиетіне байланысты тағы бір қырынан "Сегіз аяқ" өлеңінде танылады, "сөйлеймін десең өзің біл . . . білгенге маржан, білмеске арзан" сөздің бағасы тындаушылардың білімі, ұғынып, түсінуіне байланысты, естіген сөздің байыбына бара алмаса "білмейді" деп бағаланады. Себебі, не істесе де, қалай істесе де білімді адам жолын табады деген сенімімен ақын "білгенге жол бос" деп түйіндейді.

Ақын шығармаларындағы дидактикалық тұжырымның бірі "үйрен". Оқу, оқытудың бір қыры білім беру болса, тағы бір жағы үйрету, "білімдіден аяман, сөздің майын" - дегені ұстаздар қауымына үлгі боларлық. Оның "үйрен" тұжырымы ақыл табу, мал табу болса, кімнен үйренуді де жаңсайды, олар ақсақалдан, әкеден, білімдіден, ұстаздан үйрен, оқу, білім алуға қатысты, оқыту үйрету ата-ана, ұстаздың міндеті болса, үйренуге ынталы болу баланың міндеті. Олай болмаған күнде "ел танымай, үй танып құр шаруасын да ұқпайтын" адам пайда болады дегенге саяды. Осы "үйрен" тұжырымының бар мәні "тез үйреніп, тез жойма". Бұл дидактиканың басты ұстанымдарынын бірі - білімнің беріктігі, іргелі, түбегейлі, керек десеңіз мәңгілігі.

Оқу іс-әрекеті педагогикада зейін қойып тындау, естігенін терең ойлау арқылы пайымдау, бұрынғы алған білімімен ұштастыра отырып, жаңаны меңгеруге ұмтылу; алған білімін іс жүзінде пайдалану жолдарын меңгеру, басқаша айтқанда өмірмен ұштастыру деген секілді қағидалар арқылы іске асады. Бұған ақынның "оқы" тұжырымындағы "оқыған білген, білген-білген-ақ, оқыған білер әр сөзді, жасынан оқу оқып, білім алған" ұғымында оқыған "ой табады", оқыған "біледі", оқыған "білімді" ең соңында оқыған адам парасатты.

Бұл жердегі ақын айтқан «әр сөз» біздіңше ой өрісі кең, ауқымды, білімдар, оқыған дегенді ұғындырады.

¥ғу немесе ұғынып түсіну - оқу, үйрену, білім алудың ойлау іс-әрекетімен тығыз байланысты жолдарының бірі. ¥ғу туралы ақын өлеңдеріндегі жан-жақты пайымдаулар сөзді түсініп қана қоймай, ұғыну немесе терең ойлау арқылы парқын пайымдау ретінде айтылады, "мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық", "өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың, қарыны тоқ қас надан ұқпас сөзді", "сөзді ұғар көкірегінде болса көзді" ол үшін айтылмақ сөз-ұнасымды, орайлы, жарасымды, сөзі тәтті, мағынасы түзу болсын деген талап та қояды.

Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің дидактикалық мәнін көре білгендіктен болса керек, бірқатар зерттеушілер оны бала тәлім-тәрбиесінің бағдарламасы деген ұйғарымға келген. Мұндағы ойлар педагогиканың негізгі қағидаларының бірі "оқытуды тәрбиемен ұштастыру" басқаша айтқанда оқыту мен тәрбиенің бірлігі немесе бір үрдістің (процестің) екі жағы деген түсінікті нақтылай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығының зерттелуі
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Абайдың өмірбаяны
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері
Көкбай Жанатайұлы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz