ХХі ғасыр мұғалімі қандай болу керек?


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?

2) Мұғалімдерге қойылатын талаптар мен міндеттер.

ІІІ. Қорытынды

VІ. Пайдаланған әдебиет

Кіріспе

Бүгінгі күні қоғам дамуының маңызды шарттарының бірі болып отырған жаңа ғасыр мұғалімдерін талапқа сай, тәрбиелік-білімділік қасиеттерін арттыру ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеуші мамандардың білімін тереңдету. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойынша игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы. Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бәсекелестікке төтеп бере алатын, білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыратын ұстаздар қауымының қатарын көбейту. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық-адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, студенттердің талапкерлігі мен қабілетін өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын топпен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға білімі бар әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын мамандарға жол ашу.

Мұғалім - киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе - жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның қиыны. Себебі әр адам - қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем. Уақыт озған сайын, қоғамдағы саяси - әлеуметтік қарым - қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай түсетіні анық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін мұғалім қандай болуы керек., - деген заңды сұрақ сөзсіз. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік - саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі дамыту тұжырымдамасының жобасы жариялануы болса, Президентіміздің Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында » атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру - бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан XXI ғасыр да басталып кетті. Бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестктер т. б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады.

Елбасымыз «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қытынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан -жақты мәдинетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым жасады. Қазіргі таңдағы мұғалімнің алдындағы тұрған басты мақсаты - оқушыға тек сапалы білім мен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайындап азамат ретіндеқалыптастыру керек. Қазіргі заман талабы оқу - тәрбие үрдісін түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр.

Еліміздегі болып жатқан түрлі өзгерістер білім саласына жаңа өзгерістерге табыстарды сын көзбен саралауды оқушылардың потенциялдық дамуын, мұғалім іс - әрекетін жаңаша ұйымдщастыруды талап етеді.

ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек!

Үшінші мыңжылдықта педагогтар қандай болмақ, мектеп қандай ағымда жұмыс жасауы керек? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратын да, толғандыратыны да анық. Қазақ халқы әр қашан да арасатттылықты пір тұтып, даналықққа талпыны келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктілікпен ажырата білу. өз өмір - ғұмырын ағартушылық арманға арнаған алаш арыстарының ұлтымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсынұлының ұғымында білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ қана. Ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы.

ХХІ ғасырда Қазақстан халқының алдында тұрған өекті мәселенің бірі - «ХХІ ғасырдағы орта білім» қандай болмақ? Бұл күн тәртәбіндегі бірінші мәселеге айналып отыр. Ұлт болашағын қамтамасыз ету - әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парзы мен борышы. Қоғамымыздағы түбегейлі өзгерістер әр педагогтың белсенділігін арттыру мен қатар ой - өріс деп санадағы өрлеуге жаңа жол ашып отыр. әрине, рухани жаңару өзінен - өзі жүзеге аспайды. Ол үшін жңа толқын жастар бойына ұлттық асыл қасиеттерінсіңіртіп ғылым мен білімге баулу қажет. Яғни ХХІ ғасыр мұғалімдегі болуға тиісті қасиеттер: ұлтжандылық, ізгілік, кәсіпкер, шығармашыл, иманды, мәдинетті, еңбексүцгіш, іскер, отансүйгіш, тәрбиеші, мейірімді т. б. Мына схемадан көруге болады.

Оқыту мен тәрбие ісін жүйеге келтіріп отыратын ол - мұғалім. Мұғалім дегеніміз - адамды адам етіп қалыптастыратын мамандық иесі. Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік - білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.

Орыс ғалымы К. Д. Ушинскийдің пікірінше: « Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады », -дегенді айтқан.

«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті білім алушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ »

Л. Н. Толстой.

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? өзінің оқытатын пәнін терең білу, адал да сезімтел жан дүниесі болуы керек . . .

Д. Дидро.

«Ұстаз - жаратылыстан өзіне айтылғанның жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсе ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарын да, жат адамдарында әділ, жұрттың бәрінеде әділдік пен ізшгілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану даганді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек », - деп жазған ұлы ұстаз Әбу Насыр әл - Фараби.

Осы орайда мұғалім қайталанбас ерекшеліктерді білгенде ғана өзінің ерекше қасиетін танытуына болады. Ол үшін әр мұғалім өзінің кәсіби бағыттылығын бағалау ретінде диагностикалық карта толтыру арқылы өзін-өзі бағалауы шарт. Мұғалім жұмысының моделін осы диагностика нәтижесінде түзілген мақсатқа сәйкес анықтау керек.

Сонымен қатар мұғалім қазіргі жаңа технологияларды жетік меңгеру керек, ал қазіргі кезде білім беру жүйесінде жаңа технологияның 40 - н астам түрі бар, солардың бірнешеуіне тоқталып өтейік: Педагогикалық технологияны қолдану негізіндегі келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан -жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.

1) Ынтымақтастық педагогикасы . Талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

2) Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

3) Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

4) Порблемелық (мәселелік) оқыту технологиясы . Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

5) Тірек белгілері (сызбас, сигналы) арқылы оқыту технологиясы. Үнемі қайталау міндетті кезеңдік бақылау. Жоғары деңгейдегі қиыншылық, блок пен оқыту. әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, табысқа жетуге жағдай жасау.

6) Түсіндіре оза оқыту технологиясы . Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материялының бірізділігі, жүйелелігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі.

7) Деңгейлік саралап оқыту технлогиясы . Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі оқушыларға берілген тапсыырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

8) Бағдарламалап оқыту технологиясы . Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материялдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.

9) Оқытудың компьютерлік технологиясы . Баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептейу техникасның негізгі ұғмдарын білу.

10) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Осы сабақ кезінде үйренуші үйренгенін саралап, салмақтап қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап өзгерістер енгізеді.

11) Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан - жақты дамыту дербестікке тәірбиелу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әркетінің бірігуі. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылыды.

12) Моделдік оқыту технологиясы. АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білімді игеру жүйесі. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау. оқушылар әр сатыға жоғарлаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу - ұлы міндет. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу ұстазға, мұғалімге байланысты. Осыған орай жеке мұғалімге қойылатын біршама талаптар мен міндеттерді атап көрсете аламыз.

Мұғалімге қойылатын талаптар

- азаматтық, әлеуметтік белсенділік;

- адамгершілік мәдениет;

- жоғары деңгейдегі іскерлік;

- шығармашылық жаңашылдық әрекет;

- педагогикалық ұстамдылық;

- психологиялық саулық;

- өзін-өзі дамыту қажеттілігі;

- дамыған интеллект;

- өзіндік позициясы;

- педагогикалық тактісі;

- ғылыми және көркемдік көзқарасы;

- қабілеті мен педагогикалық шеберлігі;

- білім мен біліктілігін жетілдіру;

Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің алдына қойған басты талаптардың бірі - рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Ізденушілердің шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттелініп келеді.

Шығармашылық ұғымы әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, студенттің шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын.

«Шығармашылық» ұғымы - жаңа нәрсе ойлап табу дегенге саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсені ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я. Пономаренко оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интелектуалдық тұрғыдағы студентті жаңа сапаға көтереді. Шығармашылық ұғымын «жалпы интелектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Қабілеттілік репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөлінеді.

Бірінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам білімді әрі жаңа жағдайды, іс-әрекетті тез қабылдайды, оны үлгі бойынша жүзеге асырады.

Екінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам білімді әрі жаңа жағдайды, іс-әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады.

ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.

Сондай-ақ педагогикалық технологиялардың түрлерін жете меңгеріп, комбинаторлық (белгілі әдіс-тәсілдерді жаңаша үйлестіру) әдіспен іске асыру керек. Іске асыру типтері мына жолдармен енгізілуі шарт. Ең алдымен мұғалімге қажетті қасиетті ұсынамыз.

Мұғалімнің жеке басының міндеттері

  1. ҚР-ның оқу министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес оқу-тәрбие жұмысының жүйесін құру;
  2. Оқу-тәрбие саласында озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
  3. Студенттің биоәлеуметтік біртұтас жүйе «Жеке тұлға» ретінде абсолюттік құндылық деп қабылдау;
  4. Сабақтың ғылыми-тұжырымдамалық негіздері-нің және жаңа технологияның үрдісін білу;
  5. Жаңа әдіс-тәсілдің жиынтығын пайдалану, жүйелі құрылымдық әрекетті ұйымдастыру;
  6. Қарым-қатынастық, тұлғалық, бағыттылық, кешендік әдіс-тәсілдер ұйымдастыру;
  7. Студенттердің білім-біліктілік деңгейін айқындау;
  8. Барлық нормативтік нұсқау құжаттарын білу;
  9. Басқару негіздерін білу;
  10. ЖОО-да мұғалім мен студент ұжымдарында ынтымақтастық қалыптастыру;
  11. Шығармашылық топтар құрып, жұмыстарын қадағалау т. с. с.

Мұғалімнің диагностикалық картасы

●Тіл байлығы

●Сөйлеуі

●Сөйлеу әдебінің меңгерілуі

●Сабақтың мақсатын қоя білуі

●Оқу материалын таңдауы

●Оқытудың тиімді әдістері

●Сабақтың типтілігін меңгеру

●Студентпен қарым-қатынасы

●Оқытудың түрлері(жеке, топтық) .

●Студенттің білім дағдысын ескеруі

●Техникалық құрал-жабдықты пайдалануы

●Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы

Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін - мұғалім. Ендеше, біздер, мұғалімдер көп оқуымыз керек. Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтануымыз керек. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі, кейінгі толқыны жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Жас ұрпақты рухани интелектуалды тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Сондықтан ЖОО мұғалімдеріне сатылы бағдарлама жасалуы шарт.

Осы сатылы бағдарлама арқылы мұғалімнің жұмыс нәтижесін саралап білуге болады.

Осы қасиеттерді меңгерген мұғалімнің түпкі мұраты студенттің рухани өсуіне басшылық жасай алуы болып саналады.

Әрбір мұғалім өзіндік ерекше қасиеттермен сапалар жиынтығының иесі болғандықтан, жұмыс барысында өзіне ғана тән ерекше стиль қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі
Қоғам және ұстаз
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Қазіргі заман мұғалімі
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Қазақ тілінің практикумы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Педагогикалық шеберлік- білім сапасының негізі
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz