Ашаршылықтың ащы шындығы


Жоспар:
- Қазақстан ұмытпауға тиісті халықтық қасирет . . . 3
- Ж. Талдыбаев. Қазақстандағы ашаршылық салдары . . . 15
Қазақстан ұмытпауға тиісті халықтық қасирет.
20-шы ғасырда зобалаң жылдарды бастан кешірген елдер қатарында Қазақстан мен Украина бар. Украина Ашаршылықты ресми түрде геноцид деп таныса, Қазақстан бұл тұрғыда үндемей отыр. Қазақстанды1930 жылдардың басында жаппай жайлаған аштықтың құрбандары туралы жеке жазбаларын жүргізе бастаған кезде Татьяна Невадовская жасөспірім қыз еді.
Татьяна Невадовская аш қазақ азаматына көмектесіп тұр. Қазақстан, 1933 жыл.
Оның отбасы Қазақстанға профессор әкесінің жұмыс жағдайына байланысты көшіп келген болатын. Сол қасіретте өзі куә болған мына бір жай туралы былайша баяндайды.
“Бұл 1933 жылдың ерте көктемі еді. Мен біреумен келе жатқанмын. Қолымда фотоаппарат бар болатын. Көзіміз жол шетінде аштықтан әлсіреп отырған қазақ ер азаматына түсті. Оның егін даласынан келе жатқаны байқалып тұрды. Ол ашыққанынан аяғын әзер сүйреп келе жатты. Ол қырылдай сөйлеп, ернін әзер жыбырлатып, жейтін, ішетін бірнәрсе сұрады. Мен фотоаппаратымды қасымдағы досыма бердім де өзім су әкелуге кеттім. Ол суды бір-ақ сіміріп салды. Мен үйден нан және қант әкелмекке қайта жүгіріп кеткен едім. Қолымдағы наныммен жүгіріп жеткенімше ол қайтыс боп кеткен екен”, - деп еске алған болатын Невадовская.
Арада 50 жылдай уақыт өткенде Невадовская Алматы қаласындағы мұрағатқа өзінің жеке материалдарын тапсырған екен.
Олар негізінен 1932-33-ші жылдары болған адам айтқысыз ашаршылық шындығын ашқан Невадовскаяның жеке жыр дәптерлері, сурет альбомы мен жазбаларынан құралған.
Татьянаның күнделік жазбаларының бір беті. Қазақстан, 1933 жыл.
Аталған аштық көшпелі қазақтарға, олардың тіршіліктеріне талғажу етіп отырған астығы мен малдарын тартып алу арқылы, советтік жоспарлаушы басшылар тарапынан күштеп таңылған болатын.
Жасөспірім Невадовскаяның сол жазбаларында оның мынандай арманы да жазылған екен: “Ешқандай негізсіз, дәлелсіз ұйымдастырылған аштық құрбанына айналған осынау халықтың рухына арнап, дәл осы жерге мен, белгісіз солдаттың қабіріне қойылған монумент сияқты ескерткіш орнатамын. ”
1992 жылы болашақта осы жерде Ашаршылық құрбандарына ескерткіш қойылады деп орнатылған қара тас әлі сол күйінде тұр. Алматы, 3 желтоқсан, 2008жыл.
İлкі сәтте мамырдың 31-і аштық құрбандарын еске алу күні болып белгіленген еді. Алайда одан кейінгі жылдарда аталған күн “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні” деп жалпы атауға ауыстырылған болатын.
Қазақстандағы аштық жылдарын зерттеуде көп жетістіктерге жеткен тарихшы ғалым Талас Омарбековтың айтуынша:
“Аштық мәселесін ашық күйінде қалдыру өте қауіпті екендігін қазіргі басшылық түсінуі тиіс. Себебі олар оны қаншама ескерусіз қалдырғысы келсе де, келер ұрпақ бұл мәселені бәрібір көтеретін болады. Көтергенде де оңдырмай көтереді. Қолдарында жеткілікті мәліметтер мен құжаттардың болғандығына, көптеген зерттеулердің жүргізілгендігіне және қоғамда бұған орай пікіралысулардың болғандығына қарамастан, сол кездегі басшылық бұл мәселеге неге немқұрайды қарады деп, қазіргі басшылық әрекеттеріне сауал тастайтын болады. Кезінде Ресейден қорқу сезімі сол 30-шы жылдардағы аштыққа алып келген еді. Ресейге қазіргі жалтақтауымыз да жақсылыққа апармайды”.
Ал қазіргі Украинада болса мәселе басқаша қойылған. Өткен айда Украина елі Холодомор атты 1932-33-ші жылдардағы аштық құрбандарын еске алуды халықаралық дәрежеде өткізді.
Аштық тақырыбына арналған қойылымдар театрларда көрсетіліп, кітаптар мен фильмдер шығарылды. Бұл оқиға жөнінде Батыс ақпарат құралдарында да кеңінен жазылды.
Украина президенті В. Ющенко мен АҚШ вице-президенті Р. Чейни, зайыбы Лейнмен бірге Киевтегі Ашаршылық құрбандары ескерткішіне тағзым етіп тұр. 5 қыркүйек, 2008 жыл Папа Бенедикт те Украинадағы бейбітшілікке арнап, дұға оқыды. Президент Виктор Ющенко Киевте жаңадан ашылған Холодомор ескерткіш паркінде арнайы баяндама жасады.
Ющенкомен бірге Польша, Грузия, Латвия, Литва президенттері және басқа да шетелдік мәртебелі қонақтар болды.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл іс Батыс елдерінде жүрген украиналық диаспора тарапынан, 1980-ші жылдардың басында көтеріле басталған екен.
Алайда осы аштық жылдары жайлы украиналықтардың өздері де жете біліп, президент Ющенко ол оқиғаны украин халқына бағытталған геноцид деп бағалауына жету үшін арада талай жылдар қажет болды.
Қазір Холодомор құрбандарының саны деп айтылып жүрген цифр 3 миллионнан 10 миллионға дейін өзгеруде.
Жалпы Иосиф Сталиннің билігі кезінде ойлап табылған түрлі трагедиялардан қаза болғандар саны Совет үкіметі бойынша сандаған миллион адам деп есептелуде.
Кейбір мәліметтерге қарағанда коллективтендірудің кесірінен Совет одағының 14 миллиондай халқы қырылған екен.
Сталин бұйрығымен, Екінші дүние жүзлік соғыс қарсаңында бірнеше жүз мыңдаған Қырым татарлары мен қалмақтар, шешендер, ингуштар, балқарлар, түрік месхеттері жер аударылып, қырғынға ұшыраған болатын.
Кейбір тарихшылардың есебінше, 1950-ші жылдардың ортасына дейін советтік жер аударулар мен коллективтендірудің кесірінен кем дегенде 50 миллиондай совет азаматтары қырылған екен.
Күш қолданудың сан түрлі және ауқымды болғаны сонша тарихи тұрғыда сол құрбандардың нақты саны жөнінде дөп басып айта қою қиын.
Коллективтендірудің қасіретті науқанына қатысты алғашқы мәліметтер совет үкіметі құлағаннан кейін ғана мүмкін боды. Мемлекеттік және жергілікті мұрағаттар журналистер мен тарихшыларға совет дәуірінің қылмысты деректерін жайып салған болатын.
Дей тұрғанмен екі мұражай мәліметтері қазірге дейін жабық күйінде қалуда. Оның бірі- Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі, екіншісі-Кремль.
Бұл қос бұлақсыз Совет дәуіріндегі коллективтендіру, жер аудару және басқа да қасіретті науқандар туралы толыққанды тарихи әңгіме жүргізу мүмкін емес.
Сталин дәуірін терең зерттеумен айналысушы ғалым, Торонто университетінің профессоры Линн Вайоланың айтуынша, көптеген жағдайларда белгілі бір жоспарды жүзеге асырудың егжей-тегжейлері жөнінде зерттеушілердің қолында мол мәліметтер болады. Алайда ол жоспарлардың түп-тамырында жатқан себептер белгісіз күйде қала беруде.
Мұндай кемшін тұстар, Қазақстан мен Украина өз елдерінде болған аштық нәубетін геноцид деп әлем алдында дәлелдеуге ұмтылып жатқан тұста, үлкен кедергіге айналуы кәдік.
Украинаның Верховна радасы Холодоморды геноцид деп таныды. Ендігі жерде осы анықтамаға халықаралық растама алуға ұмтылуда.
Қазақ үкіметі болса мұндай қадамдарға тіпті барғысы жоқ. Алайда жергілікті белсенділер бұл нәубетті “біздің ұлтымызға қарсы жасалған геноцид” деп отыр.
Ғалым Талас Омарбековтың айтуынша, сақталған дерек-мәліметтер де бұл аштықтың көшпелі қазақтарға қарсы бағытталғанын дәлелдеуде. (1948 жылы қабылданған БҰҰ конвенциясында “геноцид” сөзіне “тұтастай немесе бөлшекті түрде белгілі бір ұлтты немесе этникалық, нәсілдік, діни топтарды жоюға бағытталған әрекет” деп анықтама берілген. )
Ғалым Вайола бұл орайда былай дейді: “Аштық тақырыбы тұтастай алғанда саясаттандырылып кеткендей. Ресей тарапының бұған жауабы: “Бізді де ұмытпаңдар, біз де жапа шеккенбіз”, дейді. Иә, рас, орыстар да зардап шекті. Алайда тұтастай мәліметтерге зер салар болсаңыз белгілі бір ұлтты топтар өзгелерге қарағанда көп зардап шекті. Және ол байғұс халықтар аштықтан басқа да талай нәубеттерді бастарынан өткерген болатын. Жан түршігерлік болса да айту керек, бұл әрекеттер геноцидтен де қатерлі, яғни мұның өзі Мәскеудің басқа республикалармен колониялық байланыстары еді”. Бұл ғалым Вайоланың пікірі болатын.
Мәскеу-бұрынғы совет одағының астанасы және Сталин жоспарларының ядросы болған жер. Сондықтан жазықсыз құрбан болған ұлт өкілдерінің бүгінгі құныкер ұрпақтары міндетті түрде құн дауын Мәскеуге бағыштайтын болады.
Мысалы ресми Мәскеу Украинаның геноцид құрбандарының өтемақсын сұраған талаптарына: “Аштық деген ұлт таңдамайды” деп, кері қаға жауап берді.
Ресей президенті Дмитрий Медведев өткен айдағы Холодомор еске алу салтанатына шақыруды кері қақты. Ал үкімет басшысы Владимир Путин болса, елдің өткенін қайта қазбалап, оны саяси мәселеге әдейі айналдыруға тырысып жатыр, деп осы аптада бағасын беріп те үлгерді.
Қазақстандықтар өздерінде болған аштық нәубеті мәселесін көтерер кезде Украина мысалын негізге алса болады.
Қазақстанда орыс ұлт өкілдері көп тұрады. Сондықтан президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеумен байланысты мығым күйінде ұстауға тырысуда.
Егер аштық тақырыбының себеп - салдарлары толық ашылар болса, тарихи шындықтың жалғасы ретінде 1986 жылғы Алматыдағы қазақ студенттері мен басқа да жастарының совет дәуіріндегі алғашқы ұлт-азаттық шерулерінің қалай басып-жаншылғаны туралы мәліметтер де су бетіне қалқып шығуы мүмкін.
Грегори Стантон - Геноцид зерттеушілері халықаралық қауымдастығының президенті және Genocide Watch pressure тобының жетекшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанның аштық нәубетіне немқұрайды қарауы- саяси жүйенің кемшілігі. Совет үкіметінің көптеген бұрынғы мемлекеттері сияқты Қазақстанда да советтік билік, сайлау жүйлері өзгере қойған жоқ дей келіп, Украинада салауатты демократиялық құрылым бар деген пікірін де білдіре кетті зерттеуші.
Стантон сонымен бірге сол нәубет жылдары туралы сарапшылар мен көз көргендер мәліметтерін, әңгімелерін жинақтау арқылы аталған зұлмат жылдар тарихының шындығын ашуға болады дейді.
Аштық құрбандары бірнеше миллиондап есептелгендіктен, тарихи шындық толық ашылмайынша халық: “Неге солай болды?"-деген сауалды қоюмен болады.
Тұтас ғаламда мұндай сұмдықтың орын алуына қалайша жол берілген?-деген сұрақ көкейлерде әлі талай тербелетін болады.
Ашаршылықтың ащы шындығы. Данила Бектұрғанов. Ұлы жұт« Артқа Алға » Кеңес режимі өз қарастындағы халықтарға тек қана ату, асу, қуғындау, зорлықпен жер аудару (депортациялау) сияқты амалдармен ғана зобалаң тудырып қойған жоқ. Сонымен бірге қолдан жасалған аштықпен де зұлматтар жасады. Қолдан жасалған аштық қырғыны Ресейдің Поволжьесінде, Украина мен Қазақстанда болғаны белгілі. Бірақ аштық қырғыны жайлы өз халқына барлық шындықты ашып жайған, Ұлы аштық қырғынын халықаралық деңгейге көтерген, аштық құрбандарына керемет кесене салған, жыл сайын оны Азалы күн ретінде атап өтетін тек Украина болып отыр. Қазақстан басшылығына бұл шындықты өз халқына айтуға Ресей «рұқсат бермей» отырса керек. Осы орайда 2010 жылдың 12 желтоқсанында Украинаның «Наше слово» газетінде (украин тілінде) шыққан қазақстандық саясаттанушы Данила Бектұрғановтың «Ұлы жұт немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Өз елінде өз халқы жайлы шындықты айта алмаған қазақтардың мақаласын басқан украиндықтарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. ҰЛЫ ЖҰТ немесе қазақ даласындағы Ұлы аштық қырғыны жайлы.
Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт - Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ, сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан астам адам аштан өлген. Сондықтан да осы екі қырғынды да әңгіме етпекпіз.
1919-1922 жылдардағы аштық.
Қазақстандағы 1919-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-түлікті тәркілеу» саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізе бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай дәл келген еді.
Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1919-1922 жылдардағы аштық негізінен алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарын шарпыды.
Мал - көшпелі халықтың күн көрісінің жалғыз ғана көзі. Жергілікті қазақтар ежелгі ата дәстүрімен мал өсірумен айналысып, малдың жағдайымен жайылым іздеп көшіп-қонып өмір сүретін. Қазақ жерінде тұратын басқа ұлттар егіншілікпен де айналысатын, бірақ азық-түлік саясатында басты мақсат етіліп - қазақтың малын жинап алу арқылы жүргізілсін деген тапсырма қойылды. Қазақтан «мал жинаудың» түрі мен әдістерін айуандық, тағылық деген сөздермен ғана теңеуге болады. Мысалы, бір ауылға келіп малын түгел сыпырып алып кету жағдайлары жиі орын алды. Әрине, мұндайдан кейін бұл ауылдың халқының тірі қалуы мүмкін емес еді. Әртүрлі деректер бойынша осы аштық жылдарында миллионнан астам халық аштан қырылған.
Сол кездегі аштықты көргендер оны былай суреттейді. Қазақтың қоғам және саяси қайраткері, публицист Мұстапа Шоқай «Кеңестің қол астындағы Түркістан. Пролетариат диктатурасының сипаттамасы» кітабында: «Бұл жолы әлемде бұрын-соңды құлақ естімеген кеңес үкіметінің Түркістанның жергілікті халқына жасаған «аштық саясаты» жайлы әңгіме етпекпін. Туземдіктерге, атап айтқанда қазақ халқына қарсы жасалып отырған аштық жайлы айта келе Тұрар Рысқұлов мынадай деректі алға тартады. Түркістандағы Қазан төңкерісіне еңбегі сіңген жетекшілердің бірі Иван Тоболин Түркістан Орталық комитетінің мәжілісінде «қырғыздар (қазақтар) марксистік көзқараспен айтқанда экономикалық тұрғыдан әлсіз болғандықтан бәрібір өліп бітуге тиіс. Сондықтан да, революция үшін - аштықпен күресіп қаражатты шашудың қажеті жоқ, оның орнына майданды қолдау маңызды . . . » деп ашықтан ашық мәлімдеген. Рысқұловтың айтуынша аштықтан өлгендердің (мұсылмандардың) саны орасан көлемде. Ол цифрларды келтірмейді. Кеңестік көздер бір миллион бір жүз он төрт мың деген (1 114 000) жан түршігетін цифрды келтіреді. Мәскеудің «ұлт-азаттық саясатының» біздің ұлтымызға әкелген пайдасы осындай».
Кеңес үкіметінің Түркістанда жүргізген отаршылдық, ұлтты езгілеу саясатын куәлендіретін тағы бір-екі мысал. «Перовск қаласында (қазір Қызылорда) Гержот деген самодержец (біздіңше диктатор, ауд. ) отыр. (Гержот Иосиф Иванович, Перовск уездік совдептің төрағасы) . Одан түгел бір халық - қырғыздар (қазақтар) қашып көшіп кеткен. Осы көшу кезінде бір миллионға жуық адам өлген». Бұл жайлы «Правда» газетінің 1920 жылғы 20 маусымында шыққан 133 нөмірінде жазылған.
Зиновьев (Зиновьев Григорий Евсеевич, революционер, кеңестік саяси және мемлекеттік қайраткер), 3-ші Интернационалдың басшысы кезінде, Шығыс халықтарының Бакуде өткен съезінде (1920 жыл, қыркүйек) «кеңес үкіметінің Түркістандағы агенттері түземдік шаруаларды ренжітеді, олардың малын, жерін тартып алады, оларға ең төменгі сатыдағы нәсіл ретінде қарайды» деп мойындауға мәжбүр болған еді.
Әрине, кеңес үкіметінің мұндай саясаты қазақтар тарапынан наразылық, қарсылық көрді. Бірақ, мал тартып алуға келгендерге қарсылық көрсеткендерді сол кездегі «Продармия» (сол кездегі мал тартып алуға жіберілген қарулы отрядтар осылай аталған) және Қызыл армияның ерекше мақсаттағы отрядтары (ЧОН - чрезвычайный отряд особого назначения) оларды аяусыз қаталдықпен басып жазалады.
Жалпы алғанда, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақтың санының бұл шамамен 20-22 пайызын құрайды. Дегенмен, қазақтың санын солқылдатып құртқан аштық отызыншы жылдары орын алды.
Отызыншы жылдардағы аштық - Ұлы Ашаршылық.
Қазақ даласының тарихындағы ең жан түршігерлік аштықтың себебі - сол кезде жүргізілген КСРО-ң ішкі саясаты деуге болады. Қазақстанда болған (Украинада, Поволжьеде т. б. жерде) бұл аштықтың себептерін түсіну үшін КСРО-ң өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басындағы саясатына қысқаша сапар жасау қажет.
1927 жылы өткен ВКП (б) ХV съезінде «КСРО-ң халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөніндегі директивалар» қабылданды. Осы директиваларға сәйкес бірінші бесжылдық жоспар жасалынып, онда КСРО-да ұжымдастыру мен индустрияландыруды бастау мақсаты қойылды. Алға қойылған іс-шаралардың бойынша КСРО-а қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру мақсаты қойылды. Қорғаныс өнеркәсібінің мақсаты, біріншіден - елдің қорғаныстық қабілетін қамтамасыз ету болса, екіншіден - болашақ жылдарда Европадағы көрші елдерге коммунистік экспансияны әрі қарай жалғастыру еді. Әрине, мұндай мақсат көп қаражатты қажет етеді. Ірі өндірістік кәсіпорындарды ашуға, ең бастысы, заманауилы жоғары технологиялар сатып алуға кеңес үкіметі ақшаны аяған жоқ. Ақша жинау көздері, оның ауырлығы негізінен алғанда шаруаларға түсті. Тіпті «қаражатты ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке айдау» деген термин ойлап шығарылды. Ауылдың тұрғындарын колхоздарға айдап әкелді, мал (егіншілігі нашар дамыған Қазақстанда негізгі құндылық мал болатын) ортақтандырылды.
20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы Қазақстанда кеңес үкіметі «қаражат айдаумен» ғана тынған жоқ. __ Қазақтардың мал шаруашылығы көшіп-қоу жағдайында жүргізілгендіктен үкіметке малшыларды бақылап қолында ұстап тұру қиын болатын. Сол себептен де қазақтардың көшіп-қону өмірін тоқтатып, жерге байлауға шешім қабылданды. Осы мақсатта қазақтардың малы тартылып алынып, қазақтар Қызыл армияның бөлімшелерінің және милицияның көмегімен «отырықшылдандыру нүктелеріне», колхоз ұйымдастырылып жатқан жерлерге айдап әкелінді. Бір жерге айдап жиналған мал саны көп болғандықтан олар сол жердің шөбін тез жеп қоятын, сол себептен де оларды жаппай сойып тастауға мәжбүр болды. 1933 жылдың басында қазақ даласында бұрын болған 40 миллион бас малдың оннан бірі ғана қалды. Нәтижесінде, осы жүргізілген саясаттан қазақтар жапа шекті, себебі олар үшін күнкөрістің бірден бір көзі мал еді.
Қазақтарды зорлап отырықшылдандыру «Кіші Октябрь» деп аталды. «Кіші Октябрьдің» негізгі дем берушісі, орындаушысы аты көпке мәлім, патшаның отбасын атып тастауды ұйымдастырушылардың бірі Филип Исаевич Голощекин еді. Ол 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Оның Қазақстанда өткізген алғашқы іс-шарасы 1928 жылдың күзінде өткізген малды кәмпескелеу болды. Кәмпескеге 700 шаруа қожалығы ілініп, олардан 150 мың __ мал басы (ірі қара мал басына айналдырғанда) тәркіленді. Бұл жердегі «ірі қара мал басына айналдырғанда» деген нені білдіреді? Бұл сталиндік статистиктердің мал басын азайтуды жасыру үшін ойлап шығарғаны болса керек. Статистиктердің айтуынша, бір ірі қара мал басы, мысалы 1 сиыр - 2-3 шошқаға немесе 10 қойға тең. Егер 150 мың ірі қара бас малын қойға айналдырсақ, онда әңгіме кем дегенде 1, 5 миллион қой туралы айтуға тиіспіз . . . 700 шаруа қожалығының мүшелерінің отбасының тағдырының қаншалықты қайғылы болғаны жайлы айтпаса да болады.
Мал жоқ жерде, тамақ жоқ, тіршілік жоқ. Қазақтар тұратын ауылдар жаппай қырыла бастады. Тарихшы А. Н. Алексеенконың айтуынша « . . . әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1млн 840 мың адам немесе жалпы қазақтың 47, 3 пайызын құрайды. Бәрінен ең көп қырылған республиканың шығысының қазақтары болды. Бұл жақта 379, 4 мың адам немесе 1930 жылғы халықтың 64, 5 пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдерге Ресей мен Қытайға жаппай ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартысының көбінен - 410, 1 мыңнан немесе 52, 3 пайызынан айрылды, Батыс Қазақстан 394, 7 мың немесе 45, 0 пайыз, Оңтүстік - 632, 7 немесе 42, 9 пайыз қазақтан айрылды. Аздау өлім Орталық Қазақстанда - 22, 5 мың немесе осы аймақтың 15, 6 пайызы орын алды. Басқа халықтарда да шығын аз болған жоқ: украиндер - 200 мың (23 пайыз), өзбектер - 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар - 27 мың (43 пайыз) . Тек қана 1931 жылда 1 млн 30 мың адап көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтқан жоқ. Жүздеген мың қазақ Қытай жағына қашты. Олардың көп көшкендігі сонша Қытайда 1954 жылы Іле-Қазақ автономиялық округі құрылып орталығы болып Құлжа қаласы белгіленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz