Германиядағы Феодалдық мемлекеттің құрылу тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Германиядағы Феодалдық мемлекеттің құрылуы

Жоспары:
І‭ ‬Феодалдық Германия мемлекетінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады:
ІІ Қоғамдық құрылыс
ІІІ Мемлекеттің құрылысы
ІV‭ ‬Германиядағы феодалдық құқығы


Феодалдық Германия мемлекетінің тарихын үш кезеңге бөлуге болады:
Ерте-феодалдық монархияның пайда,болуы‭ ‬(Х-ХІІІ ғ.ғ.‭)
Әлеуметтік‭ ‬-‭ ‬өкілетті монархия‭ (‬ХІV-XVI ғ.ғ.‭)
Князьдік абсолютизм‭ (‬ХVІІ-ХІХ ғ.ғ.‭)‬
843‭ ‬жылы Карл Мартеллдің немерелері ауқымды империялық үкіметті бөлісе алмай,‭ ‬оның орнына империяның өзін бөлуді ойлады.‭ ‬Верден келісімі бойынша‭ ‬Ұлы Карл империясы үш бөлікке,‭ ‬болашақта Франция,‭ ‬Германия және Италия болатын мемлекеттерге бөлінді.‭ ‬Орта кезендердегі Германияның тарихи дамуы‭ ‬ әр түрлі жағдайлармен байланысты‭ ‬болды.‭
Қоғамдық құрылыс.‭ ‬ХІ ғасырға дейін Германияның негізгі тобын шаруалар құрайтын,‭ ‬ал XI ғасырларда қалалар пайда болғаннан кейін,‭ ‬қоғамдық құрылыс өзгерді.
Үстемдік ететін топ өзінің құқығы мен байлығы жағынан бірдей болмайтын.‭ ‬Ақсүйектер екіге бөлінетін:‭ ‬мемлекеттік және шіркеу қызметкерлері.‭ ‬Рулық ақсүйектердің саны франк мемлекетінде аз болатын,‭ ‬еңді олардың қатарларына герцогтер және графтар кіретін болды.‭ ‬Шіркеу қызметкерлері епископтардан,‭ ‬монастырлердің‭ ‬басшыларынан және аббаттар басшыларынан тұратын.‭ ‬Шіркеу қызметкерлерінің арасында жоғарғы орынды Трир,‭ ‬Кельн,‭ ‬Вормс қалаларының архиепископтері алатын.‭ ‬Олар князь деп аталады.‭ ‬Бұрыннан келе жатқан қалқан‭ ‬ұстаушылардың иерархиясының үш дәрежесі болатын:‭ ‬король,‭ ‬князьдар,‭ ‬ерікті мырзалар.‭ ‬Х-ХІ ғ.ғ.‭ ‬оның жаңа бөлімдері пайда болды:‭ ‬бұрынғы ақсүйектердің ұрпақтары,‭ ‬төменгі феодалдардың байыған немесе жоғарылағандары,‭ ‬феодалдың қызметінде жүрген минестериалдар,‭ ‬төменгі феодалдар рыцарлар.‭ ‬Минестериалдар‭ ‬-‭ ‬ірі феодалдарда шаруашылық,‭ ‬сот және қаржы функцияларын атқаратын адамдар.‭ ‬Біраздан кейін олар бенефиций және лен алатын болады.‭
Бір ауылда ерікті және тәуелді шаруалар қатар тұратын.‭ ‬Ерікті‭ ‬шаруаларға аллод‭ ‬ұстаушылар жататын,‭ ‬олардан кейін жеке бостандығы бар прекарий ұстаушылар,‭ ‬олар жер иелеріне салық төледі,‭ ‬ал тәуелді шаруаларға‭ "‬манципилер‭" ‬және‭ "‬сервтер‭" ‬жатады.‭ ‬Олардың бір жартысы жермен байланысты жұмыстарды істейді,‭ ‬ал екінші жартысы үй қызметіне жұмсалады.
Қала тұрғындары бюргерлер деп аталады.‭ ‬Қалалар екіге бөлінеді:‭ ‬бурынғы франк мемлекетінен қалған қалалар,‭ ‬олардың құқықтары шектелген болатын және жаңа Германияның қалалары XI ғасырда Германияда‭ ‬200-300‭ ‬базар ашылған болатын.‭ ‬Құқық жағдайына қарай Германияның қалалары екіге бөлінді:‭ ‬имперлық қалалар,‭ ‬олар императордың фиск жерлерінде орналасқан болатын және ерікті қалалар,‭ ‬олар сеньориалдық қалаларға жататын,‭ ‬өздерінің құқықтарын өздері қорғай алатын болған.
X ғасырдың бірінші жартысында герман королі Бірінші Оттон Италияның орталығын және солтүстігін басып алғаннан кейін,‭ ‬өзін Рим императоры деп мәлімдеді.‭ ‬Бірінші Оттон Рим папасының итальян феодалдарына қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін‭ ‬962‭ ‬жылы Римде императорға сайланып,‭ ‬папаның қолынан императорлық тәжді алды.
Мұнан кейін Германияның аты бірнеше рет өзгерді:‭ ‬1034‭ ‬жылы‭ "‬Рим империясы‭"‬.‭ ‬1254‭ ‬жылы‭ "‬Қасиетті Рим империясы‭"‬,‭ ‬ал ХV-ғасырда‭ "‬Қасиетті рим империясының герман ұлты‭" ‬деп аталды.
Ерте-феодалдық Германияның дамуына оның қоғамдық бөлінуі де әсер еткен болатын.‭ ‬Феодалдану үрдісі Франция мен Италиямен салыстырғанда өте баяу жүрді де,‭ ‬дамыған феодализмге Германия бәрінен кеш көшті.‭ ‬Германия жерлері дамуының бір-бірінен айырмашылығы көп болатын,‭ ‬орта және төмен дәрежедегі феодалдардың саясаты түсініксіз болғаннан кейін,‭ ‬олар бір кезенде императорды жақтаса да,‭ ‬келесі бір кезеңде жергілікті ірі феодалдарға сенім көрсететін.‭

Мемлекеттік құрылысы
Корольдің‭ ‬(император‭) ‬билігі формальды түрде кең көлемде еді.‭ ‬Германияда ол соғыс ашуға және бейбітшілік жариялауға ерікті болатын.‭ ‬Сонымен бірге әскерді және сот билігін атқарды.‭ ‬X ғасырдың екінші жартысында вотчиналық-арай басқару жүйесі құрылды.‭ ‬Германияның королі билікті мұрагерлік ретінде алатын болса да,‭ ‬сайлануға тиісті болды.‭ ‬Корольді герцогтердің арасынан сайлайтын,‭ ‬сайлауға ақсуйектер және жоғарғы рухани қызметкерлер‭ ‬қатысатын еді.‭ ‬Король билігін күшейту үшін өзінің жағына жоғарғы шіркеу қызметкерлері мен герцогтерді тартуға тиіс болатын.‭ ‬Сайланғаннан кейін король мемлекетті аралап шығатын,‭ ‬сол кезде ол жергілікті феодалдармен қарым-қатынас жасайтын және‭ ‬корольдің‭ ‬жерлерінен салық алып,‭ ‬сот қызметін жүзеғе асыратын.‭ ‬Корольдердің тұрақты резиденциясы,‭ ‬астанасы,‭ ‬күшті орталық аппараты ол кезде болған жоқ,‭ ‬король нөкерімен сарайларының бірінде немесе епископтердің резиденциясында тұрды.‭ ‬Корольдің өмірі көшпелі,‭ ‬аттың үстінде өтетін,‭ ‬ал король билігінің экономикалық негізін өзінің жерлері мен фисктерден алған табыс немесе өнім құрайтын.
Көроль билігін күшейту үшін шіркеуден көмек іздеді,‭ ‬сол үшін ол бұрыннан бай шіркеу мекемелеріне жаңа құқықтарды және жеңілдікті сыйлап,‭ ‬жерлерді,‭ ‬шаруаларды қосып берді.‭ ‬Архиепископтер,‭ ‬епископтер,‭ ‬монастырлар мен аббаттар қатты байып кетті.‭ ‬Король шіркеу қызметкерлермен одақ құрып,‭ ‬басқа ірі феодалдарға қарсы шықты.‭ ‬Шіркеу феодалдары өте бай болса да,‭ ‬әскери жорықтарға қатынасқан жағдайлар болса да,‭ ‬олар шіркеу қызмет орындарын мұрагерлікпен бере алмайтын еді.‭ ‬Шіркеудегі жоғарғы қызмет орындары канондық сайлаумен өтетін,‭ ‬бірак,‭ ‬жоғарғы шіркеу қызметкерлері мемлекеттік инвеститураны берген жерлерді басқаруды корольдің қолынан алатын және оған ант беретін.‭ ‬Сондықтан,‭ ‬император немесе король епископтерді өзі канондық сайлаусыз тағайындайтын де жағдай болды.
Әскери қарулы күштер рыцарлардан құрылды.‭ ‬Императордың вассалдары әскери қызметті‭ ‬алты‭ ‬апта‭ ‬бойы‭ ‬атқаруға‭ ‬міндетті‭ ‬болды.‭ ‬Олар‭ ‬әскерге қанша адам беретінін императордың өзі белгіледі,‭ ‬мысалы,‭ ‬Италияға қарсы ұйымдастырылған жорыққа вассалдардың бәрі шығуға тиісті болатын.‭ ‬Әскердің жоғарғы басшысы императордың өзі,‭ ‬ал контингенттерді‭ ‬князьдар басқарды,‭ ‬оларға графтар мен жүздік бастықтары көмектесті.‭ ‬Мемлекетке‭ ‬жаулар шабуыл жасаған жағдайда әскерге‭ ‬шаруалар да алынатын болды.

Германиядағы феодалдық құқық

Германия мемлекетінің құқығы өте шиеленіскен,‭ ‬күрделі жағдайда ыдырады.‭ ‬Германияның әрбір феодалдық‭ ‬ұсақ мемлекеті өзінің құқығын‭ ‬құратын.‭ ‬Жалпы жүйелеу жұмыстары XIII ғасырда ғана басталды.‭ ‬Германияның феодалдық құқығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1848-1849 жж. Германиядағы, Италиядағы революциялар
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Германия, Англия және Сотүстік Европа елдеріндегі феодалдизмнің дамуын, ішкі –сыртқы саясаттың барысын зерттеу
11-15ғғ. франция, англия, германия, италия
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Германияның банк жүйесі туралы
Германияның банк жүйесі
Банктердің мәні және оның қызметтері. АҚШ және Германия банктері
Қолданыста бар деректер мен зерттеулер негізінде әлеуметтік-саяси және діни процестерге жан-жақты талдау жасап, сонымен қатар осы кезеңде кең өріс алған шаруалар соғысына жаңа баға беру
Пәндер