Секьюритилендіру туралы Қазақстан Республикасының заңы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Секьюритилендіру туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, секьюритилендіру кезінде талап ету құқығын басқаға беруді жүзеге асыру жəәне арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарудың ерекшеліктерін айқындайды, оригинаторға қойылатын, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясын құруға жəәне оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мəәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін осы Заңға сəәйкес құрылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясындағы бөлектеп есепке алу - арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, облигацияларын (оның ішінде олар
бойынша есептелген купонды) заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік балансына енгізбеу;
3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;
4) арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты - заңды тұлға ретіндегі
арнайы қаржы компаниясының активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы
жəәне секьюритилендіру мəәмілесі аяқталғаннан кейін алынған (шеккен) кірісі
(залалы) . Арнайы қаржы компаниясының өз қаражатына арнайы қаржы
компаниясы бөлген активтер, облигациялар (оның ішінде олар бойынша
есептелген купон) кірмейді;
5) аффилиирленген тұлғалар - шешімді тікелей жəәне (немесе) жанама
айқындауға жəәне (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын
шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мəәмілеге байланысты ықпал етуге
мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер
шеңберінде бақылау жəәне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын
мемлекеттік органдарды қоспағанда) ;
6) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген
лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы
компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін
көрсететін бағалы қағаздар нарығының кəәсіби қатысушысы;
7) болашақтағы талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын басқаға беру
шартын жасасқаннан кейін туындайтын талап ету құқықтары;
8) бөлінген активтер - арнайы қаржы компаниясы алатын талап ету
құқықтары, олар бойынша түсімдер, қосымша қамтамасыз ету, бөлінген
активтер бойынша түсімдерді инвестициялау нəәтижесінде, сондай-ақ осы
құқықтар мен қаржы активтерін іске асыру нəәтижесінде туындайтын
құқықтар мен қаржы активтері;
9) дебитор - оригинатор алдында қазіргі немесе болашақ ақшалай
міндеттемесі бар тұлға;
10) қазіргі талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын басқаға беру
шартын жасасқан кезде болатын талап ету құқықтары;
11) қосымша қамтамасыз ету - талап ету құқықтарынан басқа, арнайы
қаржы компаниясы шығаратын облигацияларды қосымша қамтамасыз ету,
оның құрамына облигациялар шығарылғанға дейін арнайы қаржы
компаниясының мəәмілелер жасасуы нəәтижесінде туындайтын құқықтар мен
қаржы активтері кіреді;
12) оригинатор - секьюритилендіру мəәмілесін жасасу кезінде талап ету
құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) секьюритилендіру - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген
облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты басқаға беру негізінде
қаржыландыру;
14) секьюритилендіру мəәмілесі - арнайы қаржы компаниясының талап ету
құқығын алуы жəәне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген
облигацияларды шығару;
15) талап ету құқықтары - оригинатордың негізгі қызмет түрін жүзеге
асыру процесінде туындайтын ақшалай талаптар;
16) талап ету құқықтарының біркелкілігі - талап ету құқықтарының
облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті
өлшемге сəәйкестігі;
17) талап ету құқықтары бойынша түсімдер - дебиторлардың
міндеттемелері бойынша ақшалай нысандағы түсімдер;
18 ) уəәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді жəәне
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəәне Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан жəәне Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
туралы жəәне акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, егер осы Заңда өзгеше
белгіленбесе, секьюритилендіру мəәмілелеріне жəәне арнайы қаржы
компаниясының қызметіне байланысты қатынастарға қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
2-тарау. Оригинатор жəәне арнайы қаржы компаниясы
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар
1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) жарғылық
капиталдың мөлшерін толығымен төлеген не өздері сатып алған
оригинатордың акцияларын құрылтай шартына сəәйкес толығымен төлеген
заңды тұлға болып табылады.
2. Оригинатор бір мезгілде секьюритилендірудің бірнеше мəәмілелерін
жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
3. Оригинаторда секьюритилендіру мəәмілелерін жасасқанға дейінгі соңғы
бір жылдағы аудиторлық есеп болуға тиіс.
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру жəәне оның қызметі
1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға акционерлік
қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық
нысанында құра алады.
Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен
қалыптастырылады.
2. Арнайы қаржы компаниясының атауында "арнайы қаржы компаниясы"
деген сөздер болуға тиіс. Атауында»АҚК аббревиатурасын пайдалану
арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі.
Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы
қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты
сөздерді пайдалануға жол берілмейді.
3. Облигациялар өтелгенге дейінгі кезеңде арнайы қаржы компаниясы
дербес немесе басқарушы агентті тарту арқылы бөлінген активтер бойынша
уақытша бос түсімдерді облигациялар шығару шарттарында белгіленген
тəәртіппен, тізбесін уəәкілетті орган белгілейтін қаржылық құралдарға
инвестициялауы мүмкін.
4. Егер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша уақытша
бос түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асырса, оның штатында
бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға жіберу
құқығы берілген біліктілік куəәлігі бар қызметкер болуға тиіс.
5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті
Арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит
жүргізуге міндетті.
6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру
немесе тарату
1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе
тарату арнайы қаржы компаниясы облигацияларының бүкіл шығарылымын
өтеу қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уəәкілетті органның
рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Уəәкілетті орган арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру туралы арнайы қаржы
компаниясының өтініші негізінде шешім шығарады жəәне өтініш келіп түскен
күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұл туралы арнайы қаржы
компаниясына жазбаша түрде хабарлайды. Уəәкілетті орган ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім
қабылдаған жағдайда, уəәкілетті орган бас тартудың негізін көрсете отырып,
бұл туралы арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етеді.
3-тарау. Секьюритилендіру мəәмілелерінің ерекшеліктері
7-бап . Секьюритилендіру объектілері
1. Секьюритилендіру объектілері болып табылатын талап ету құқықтары
біркелкі болуға тиіс.
2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі
шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауға жəәне бір
секьюритилендіру мəәмілесі шеңберінде көрсетілген қызметтердің ақысын
төлеуге, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы құралдарына
инвестициялауға пайдаланады.
Секьюритилендіру мəәмілесі процесінде көрсетілетін қызметтердің
ақысын төлеу шығарылған облигациялар бойынша орындалмаған
міндеттемелер болмаған кезде ғана жүргізіледі.
8-бап. Бөлінген активтер
1. ƏӘрбір секьюритилендіру мəәмілесі бойынша бөлінген активтер арнайы
қаржы компаниясының өз қаражатынан жəәне өзге де кез келген
секьюритилендіру мəәмілесіне қатысты не кез келген өзге тұлғаның
меншігіндегі кез келген өзге активтерден бөлектелген.
Бір мəәміле шеңберінде облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар
шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясының бір секьюритилендіру
мəәмілесі шеңберінде келесі облигациялар шығарылымдарын шығаруға
құқығы жоқ.
2. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару проспектісі
мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы Заңға сəәйкес арнайы қаржы
компаниясы облигацияларының осы шығарылымының қамтамасыз етілуі
болып табылатын бөлінген активтерді өндіріп алу арнайы қаржы
компаниясының міндеттемелерін орындауға жəәне осы секьюритилендіру
мəәмілесіне байланысты көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге ғана
аударылуы мүмкін.
Арнайы қаржы компаниясы облигацияларының осы шығарылымының
қамтамасыз етілуі болып табылатын бөлінген активтерді өндіріп алу
мынадай кезектілікпен жүзеге асырылуға тиіс:
1) бірінші кезекте арнайы қаржы компаниясының өзі шығарған
облигациялары бойынша міндеттемелері орындалады;
2) екінші кезекте осы секьюритилендіру мəәмілесіне байланысты
көрсетілген қызметтердің ақысын төлеу жүргізіледі.
3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар ұстаушылардың
алдындағы міндеттемелері осы облигациялардың шығарылымы бойынша
қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер есебінен өтеледі.
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
шарты
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын
дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын
береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы
талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды
орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды
сатып алуды жүзеге асырады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға
берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады.
3. Секьюритилендіру мəәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып
табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы
арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал
болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік
беретіндей болып айқындалуға тиіс.
4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты
Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып,
жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының
жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына əәкеп соқтырады.
5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
нəәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау
үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу
құқығына ие болады.
Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы
компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан
кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта
болмайды.
10-бап. Бөлінген активтерді басқару
1. Басқарушы агент инвестициялық портфельді басқару шартының
негізінде инвестициялауды жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельді басқару шартына мүлікті сенімгерлік басқару
шартының ережелері қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
талаптардан басқа, инвестициялық портфельді басқару шарты:
1) бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша
ақшаның түсу шарттары, тəәртібі мен мерзімдерін жəәне олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру тəәртібін;
2) басқарушы агенттің секьюритилендіру мəәмілелеріне қатысушылармен,
оның ішінде қосымша қамтамасыз ету мəәмілелерін жасасу бойынша өзара
əәрекет ету тəәртібін;
3) кастодиан-банкпен бірге бөлінген активтердің құнына, қозғалысына
жəәне құрамына салыстыру жүргізу тəәртібін;
4) облигацияларды ұстаушыларға, олардың өкіліне жəәне уəәкілетті органға
ақпаратты жария ету тəәртібін қамтуға тиіс.
3. Инвестициялық портфельді басқару шарты, шарт бойынша
міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, мынадай
жағдайлардың бірінде:
1) шарт тараптарының бірінің бастамасы бойынша;
2) уəәкілетті орган басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында кəәсіби
қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берген лицензиясының қолданылуы
тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Инвестициялық портфельді басқару шартын бұзудың бастамашысы оны
бұзудан күнтізбелік отыз күн бұрын шарт тарапына жазбаша хабарлауға
міндетті.
Басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында кəәсіби қызметтің тиісті
түрін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол
лицензиясынан айырылған жағдайда, басқарушы агент бұл туралы
күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға
міндетті.
Инвестициялық портфельді басқару шарты жаңа басқарушы агентке
арнайы қаржы компаниясының уəәкілетті орган белгілеген тəәртіппен берілетін
активтерін салыстыру рəәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып
есептеледі.
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру
1. Қазіргі талап ету құқығы, облигациялар шығарылымын мемлекеттік
тіркеу кезінен бастап жасасқан шарт бар болған жағдайда, арнайы қаржы
компаниясына ауысқан болып есептеледі.
2. Болашақ талап ету құқығын басқаға берген кезде осы баптың 1-
тармағында көзделген талап болған жағдайда, шартта көзделген басқаға беру
талабының мəәні болып табылатын ақша алу құқығының өзі туындағаннан
кейін арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. Осы құқық
туындаған кезде болашақ талап ету құқығын кейіннен басқаға беруді
қосымша ресімдеу қажет етілмейді. Егер ақшалай талап етуді басқаға беру
белгілі бір оқиғамен байланысты болса, онда ол осы оқиға басталғаннан
кейін күшіне енеді.
12-бап. Бөлінген активтерді есепке алу жəәне сақтау
1. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері кастодиандық
шартқа сəәйкес кастодиан-банктің шоттарында сақталады жəәне есепке
алынады.
2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк, арнайы қаржы компаниясы,
басқарушы агент арасында жасалады.
3. Кастодиандық үлгі шарттың нысанын уəәкілетті орган əәзірлейді жəәне
бекітеді.
4. Кастодиан-банк басқарушы агенттің тапсырмалары Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы
уəәкілетті орган мен арнайы қаржы компаниясына дереу хабарлай отырып,
оларды оқшаулауға (орындамауға) міндетті.
Егер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша бос
түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асырса, бұл жағдайда кастодиан-
банк арнайы қаржы компаниясының тапсырмалары Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы
уəәкілетті органға дереу хабарлай отырып, оларды оқшаулауға (орындамауға)
міндетті.
5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы
орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тəәртібін уəәкілетті орган
айқындайды.
6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-
күйі туралы ай сайын хабарлап отырады.
7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға
тиіс.
8. Кастодиандық шарт, шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының
жалпы негіздерімен қатар, мына жағдайлардың бірінде:
1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің
негізінде;
2) басқарушы агенттің талабы бойынша;
3) кастодиан-банктің шешімі бойынша;
4) уəәкілетті орган кастодиан-банктің бағалы қағаздар нарығында кəәсіби
қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берген лицензиясының қолданылуы
тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
Кастодиан-банктің бағалы қағаздар нарығында кəәсіби қызметтің тиісті
түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатыла
тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы
күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға
міндетті.
Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz