Аборт: медициналық әдістері, құқықтық мәртебесі және Қазақстандағы тәжірибе


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Аборт

Аборт (лат. abortus - түсік) м е д и ц и н а д а - құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді. Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады. Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды. Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т. б. ) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін. ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т. б. ), кездейсоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аборт: әлеуметтік, құқықтық, медициналық және психологиялық аспектілер мен жасөспірімдер арасындағы алдын алу
Заңсыз аборт мәселесінің тарихи-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері: Қазақстан тәжірибесі
Қазақстандағы адвокатура қызметінің құқықтық мәртебесі
Жасанды түсік: Қазақстандағы медициналық, құқықтық, әлеуметтік және діни аспектілер
Қазақстандағы адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі: тарихи-құқықтық және ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелер
Жүктіліктің екінші жартысындағы медикаментозды аборт: көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері
Мигранттармен әлеуметтік жұмыс: босқындардың құқықтық мәртебесі, мәселелері және әдістері
Президент институтының теориялық негіздері және Қазақстандағы конституциялық-құқықтық мәртебесі
Шаруашылық серіктестіктердің корпоративтік құқық субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі және Қазақстандағы құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстандағы шетел азаматтарының халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz