Әркім өзінің ар-намысын қорғауға құқылы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әркім өзінің ар-намысын қорғауға құқылы

Еліміздегі сот жүйесін реформалау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстардың түпкі мақсаты - халықтың сотқа деген сенімін арттыру болса, сол үміт ақталғандай.
Оған дәлел, күнбе күн сот өндірісіне түсіп жатқан әр түрлі талап-арыздар болып келеді. Соның ішінде ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөніндегі талап-арыздардың бұрын бірең - сараң түсуін еске алатын болсақ, кейінгі жылдары пайызының күннен-күнге өсіп келе жатқандығы, ешкімге жаңалық емес.
Адам құқығы мен бостандығы, оның ар намысы және қадір қасиеті мемлекет пен қоғамның ең жоғарғы құндылығы болып саналады.
Сондықтанда, ар-намыс пен қадір қасиет құқығын қорғау және жүзеге асыру механизимдері Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Заңдарымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік актілерімен бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабының 1-тармағына сәйкес адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды. Конституцияның 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абырой-атағын қорғауына құқығы бар.
Ар - намыс деген - азаматтық рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы; аброй деген - өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы; жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік /өндірістік, мамандылық беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға болып келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 8 бабы талабына сай, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады.
Осы орайда, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар намысына, абройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар болып саналатындығын ескеру қажет.
Осы көрсетілген мүліктік емес құқықтарды қорғау, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 3 тарауында көрсетілген баптармен қамтылған. Аталған Кодекстің 141-бабының 2-тармағы мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын, азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша соттың жүзеге асыруын көздесе, осы аталған Кодекстің 144, 145 және 146-баптары жеке бастың құпиясын сақтау құқығына, өз бейнесіне құқығына, тұрғын үйге қол сұғылмау құқығына арналған.
Сондықтан Конституциямен көзделген әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғау құқығының сот тәртібімен қорғалуы, сөз бен бұқаралық ақпарат еркіндігінен, осы құқықтарды асыра пайдалануды шектейді.
Осы норманың мәні 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңында тиянақты түсіндірілсе, осы Заңның 19-бабында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған, нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығарудың тәртібі айқындалып көрсетілген.
Азаматтық Кодекстің 143 бабына сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Талапкер өзінің ар-намысын қорғау жөнінде сотқа түсірген талап - арызында Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 150 бабына сәйкес, қандай деректердің жалған екендігін, нақты атап көрсетуі тиіс болса, жоғарыда аталған Азаматтық Кодекстің 141 бабы 3 тармағының талабы бойынша, сотта өзінің ар-намысына, қадір қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіргендігін, яғни, өзінің мүліктік емес өзіндік құқығының бұзылғандығын нақты дәлелдеуге тиіс.
Егер талапкердің дауласып отырған мәлімдемесі агенттік аппаратынан немесе ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарынан, жиналыстарда сөйленген әлде автордың сөзінен алынып эфирге шықса, сот Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 50 және 51 баптары талаптарына сай, жауапкер ретінде іске бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы қажет. Мұндай жағдайда, таратылған мәлімдеме шындыққа жататындығын аталған мекеме және жеке адам дәлелдеуі тиіс.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі талап-арыздары сотқа түсіп, қаралуда, сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы “Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы” нормативтік қаулысының талаптарын, кейінгі енгізілген өзгерістермен қоса басшылыққа ала отырып: талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, мәліметтер шындыққа жата ма анықтауы қажет.
Баспасөздерде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, қызметтік, партиялық және басқа да мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату болып саналады. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.
Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
Талапкер, сотқа түсірген ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге одан өзіне келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюғада құқылы. Сот ар -намысты және абройды қорғау туралы талапты қарағанда, онымен қатар азаматтардың немесе заңды құқы бар мекемелердің ар-намысқа және абройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға мүмкіндігі бар.
Бұл жерде соттар ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді бұзудан туындаған мүліктік және мүліктік емес зиян, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер нормасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Қоғам, құқық және жеке адам
Жеке адамның құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы
Жеке адамның (азаматтың) құқықтары мен бостаңдықтары
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қылмыстар
Құқық жүйесі және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz