Ең маңызды жаратылыс заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті « жасанды дене », құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және « барлығының барлығына қарсы соғысы » жағдайында болған « табиғи » күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат туралы ілімнің философиялық бастауы", "Левиафан, әлде материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттік билік, оның түрлері".

Гоббс Томас өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз. Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың жаратылысы немесе табиғи жағдайы" деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар, өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.

Ең маңызды жаратылыс заңы:

  1. бейбітшілікке үмтылу;
  2. бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
  3. адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
  4. Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
  5. Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
  6. Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты. [2]
  7. Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.

Гроций Гуго (1583-1645) - 90-нан астам мемлекет пен қүқық тарихы теориясына арнаған еңбектері бар. Заң мәні, Гуго Гроцийдің пікірінше, қүқық пен әділеттілік мәселелері; ал саяси ғылым мәні пайда мен дұрыстылық.

  • Мемлекет - ерікті адамдардың жетілген одағы, қүқықтарды және ортақ пайданы іске асыру үшін жасалған. Мемлекетке дейінгі кезең табиғи жағдай деп сипатталады. Яғни, бүл кезеңде жеке меншік болмағанда, адамдар "үлы қарапайымдылықта" өмір сүрген, "мүлік ортақ" болған.
  • Әлеуметтік түрғыдан мемлекет - көпшіліктің азшылыққа қарсы келісімі, әлсіздер мен қаналушылардың әлділер мен күштілерге қарсы одағы.
  • Жоғарғы билік мәні - бүл биліктің қызметі басқа билікке бағынбайды және басқа биліктің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін емес. Сонымен, жоғары билік деп егеменді билік түсіндірілген.
  • Жоғарғы биліктің жалпы әкілі - бүтіндей мемлекет, ал іс жүзінде іске асырушы бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Бүл эр халықтың қалыптасқан заңына байланысты болады.
  • Егемендік - мемлекеттің ерекше белгісі. Мемлекетті басқару түрлерін патшалық билік, белгілі ақсүйектердің билігі, ерікті азаматтардың қауымы, демократиялық республика деп жіктеген.

Жалпы Гуго Гроций басқару түрлеріне аса мән бермеген. Ол қандай басқару болса да адамдардың еркі қалай іске асады соған қарап бағалануы керектігін кәрсеткен. Бірақ соған қарамастан тирандық билікті қолдамаған, ал жеке адамның билігі мен аристократиялық билікті оң, дүрыс деп таныған.

Платон (Platon) Афиналық (б. з. б. 427 - 347) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі - Аристокл.

  • 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті.
  • 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі - Платон академиясының негізін қалайды.
  • 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары:“Апология” (Сократты қорғау), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т. б.

Платонның пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріқтігінің шарты деп жариялады. Төменгі теқтен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу - әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т. б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

  1. себептілік;
  2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;
  3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
  4. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя - көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз - от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
  5. Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі - өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі - өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі - сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі) . Космосқа рух беретін - демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі - жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім - ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім - шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
  6. Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған - философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар - әскербасылар, т. б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар - қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т. б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі - Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т. б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т. с. с айналысады.
  7. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық - адамды биол
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
Химия пәнінен материалдар
Қоғамдық келісім теориясы қоғамның мәні және пайда болуы туралы (XVII-XVIII ғасырлар)
Физика жайлы алғашқы деректер
Тілдің дамуының заңдылықтары
Гоббс Томас
Дүниежүзілік ядролық физиканың жетістіктері
Менделеевтің периодты заңының ашылу тарихы
Физиканың зерттелуі
Физика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz