Еңбекті қорғауды ұйымдастыру негізі



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұйымдастырушы негізгі актілер.
2. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы нормативтiк талаптар
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЕК-не сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
• прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
• қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
1. Денисенко Г.Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985.
2. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. – Алматы: ВШП «Адилет», 2000.
3. Нургалиева Е.Н.Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, - 1996
4. Нурмагамбетов А.М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. - Алматы. ТОО "Баспа".1998.
5. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова. – М.: Высшая школа, 1999.
6. Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда. Караганда, 2002.
7. Уваров В.Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы: КазГЮА, 2002.

Еңбекті қорғауды ұйымдастыру

Жоспар:

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұйымдастырушы негізгі актілер.

2. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы нормативтiк талаптар

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

ЕК-не сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.

Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:

прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;

қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;

еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;

еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;

қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;

қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.

Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Еңбекті қорғау саласында қызметті ұйымдастырушы негізгі актілер.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты – еңбек қызметі үдерісінде яғни, өндірісте қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды сақтау және еңбекті қорғауға жағдайлар жасау болып табылады.

Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек кодексі реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Олардың қатарына мына заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жатқызуымызға болады:

1. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19.12.2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді), (05.05.2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ережесі.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережесі.
Мыналардың күшi жойылды:

1. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат);

2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 41-құжат).

Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Нормативтік құқықтық актілер Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:

1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;

2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;

3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;

4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;

5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;

6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;

7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;

8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;

9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;

10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;

11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;

12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;

13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;

14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;

15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;

16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;

17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы нормативтiк талаптар

1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.

2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.

3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен мен денсаулығының басымдығын белгілеу;

2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;

3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамту;

4) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;

6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;

7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес болу.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Еңбекті қорғауды басқару кәсіпорында тиіс кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болу
Еңбекті қорғау саласына қылмыстық қол сұғушылықтың құқықтық мәселелері
Еңбекті қорғаудың негіздері
ЕҢБЕКТІ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау (әйелдер, кәмелетке толмағандар мен мүгедектер)
Еңбек құқық қатынастар түрлері
Қазақстан Республикасы бойынша еңбекті қорғау мен еңбектік құқықтық қатынастар
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Пәндер