Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері



Кіріспе
1 Шағын бизнестің құрылымы
1.1. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе
2 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері.
2.1. ОҚО шағын кәсіпкерліктің құрылымы.
2.2 Шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы
заңнамаға талдау
2.2 Шағын бизнесті дамытудағы негізгі басым бағыттар мен шаралар
2.3 ОҚО шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы, десек те болғандай. Адамдар өз еңбегінің нәтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен шұғылданғанда өз тағдырын өз қолында екенін сезінеді, тек бизнесте ғана нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тәжірибеиде осыны дәлелдейді және нарықтың ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін талап ететінін аңғартады. Бүгінгі күнде біздің республикада шағын кәсіпкерлікпен 1 миллионнан астам адам шұғылданады, бұл, жұмыс істейтін барлық қазақстандықтардың төрттен біріндей. Жас тәуелсіз Қазақстанның өмірге қадам басқан алғашқы күндерінен бастап, оның нарықтық экономикасын қалыптастыруда шағын бизнеске бірден-бір басты мән берілуд, е, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттің экономикалық саясаттың басым саласы ретінде заң жүзінде танылған. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Біз қазір нарықтық экономикада өмір сүреміз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері экономикамыз көтеріле бастады. Тарихқа үңілсек, тәуелсіздік таңы атқанға дейін біз мүлде басқа экономикамен өмір сүріп келдік. Қазіргі таңда бизнестің тез өте қарқынмен дамып келе жатқан кезеңі. Бизнес -– пайда әкелетін кез-келген қызмет түрі, соның ішінде әсіресе қазіргі кезде шағын бизнестің кең дамуы ерекшеленеді. Шағын кәсіпорындар өнім өндіру және техника-технологиясына сәйкес және тұтынушыға жақын орналасып, оның қалауына сай өнім өндіріп, оны жедел жеткізіп беріп, қаржы және ресурстарын үнемді пайдалана білетін икемделгіш қызмет көрсетуі мүмкін.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы:

Орындаған студент:

Жетекші:

Қысқартылған сөздер:

ҚР – Қазақстан Республикасы.
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан Облысы
ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнім.
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім.
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ШОБ – Шағын және орта бизнес
РФ – Ресей Федерациясы
АҚШ – Америка Құрама Штаты
БАҚ – Бұқаралық Ақпарат Құралдары
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ӨК – Өндірістік корпарация
АҚ – Акционерлік қоғам
КМЖ – Кәсіпорын мөлшерінің жіктеушісі
АЕК – Айлық есептік көрсеткіш
МЕА – Материалды емес актив
м.с. – Мемлекеттік сатып алу
ш.қ – шаруа қожалықтары
т.б – тағы басқа
м.б – мың бірлік
ж.ж – жылдар
БМ – Братья Махмудовы
млн. – миллион
млрд. – миллиард
ЕҚҚДБ – Еуропалық қайта құру және Даму Банкі
ОңҚазСҒТАО – Оңтүстік Қазақстан салааралық ғылыми техникалық

ақпарат орталығы.
Анықтамалар.
Шағын кәсіпорын – меншіктің әр түрлі негізінде халық
шаруашылық салаларында құрылады және шаруашылық қызметтің барлық түрін
жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерліктің субьектілері бола алмайды – құмар ойын
мен шоу бизнес, банк қызметі саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын
коммерциялық ұйымдар және сақтандыру нарығының қызметтері (сақтандыру
агенттерінің қызметтерінен басқа), сондай-ақ бағалы қағаз нарығында
қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Шағын бизнестің жұмыс істейтін кәсіпорындарына – экономикалық
қызметті жүзеге асыратын немесе әлеуетті жүзеге асыра алатын шағын
бизнестің кәсіпорындары жатады.
Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарына – экономикалық
қызметті жүзеге асыратын шағын бизнестің кәсіпорындары жатады.
Шағын бизнес кәсіпорындарының мөлшері – кәсіпорындарда жұмыс
істейтіндердің жыл ішіндегі орташа санына байланысты түсінік. Кәсіпорын
мөлшерінің ведомствалық жіктеушіне (КМЖ) сәйкес жіктеледі.
Шағын бизнес – өндрісті құрылымдық жағынан қайта құруға және
экономиканы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттауға жол ашатындығы;
жұмыспен етілмеген еңбек ресурстарын санының, әсіресе, жергілікті ауылдық
жерлерде жоғары екендігі; республиканың еуроазиялық географиялық орналасу
ерекшелігі.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы – бұл субъектiлердiң
дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет
көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды
қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы
Бизнес-инкубаторлар – өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда
iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік,
оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн
құрылым.
Нормативтік сілтемелер.
Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттардағы сілтемелер қолданылған:
2003-2006 ж.ж арналған Қ.Р Үкіметінің мемлекеттік бағдарламасы.
1999-2000 ж.ж Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы

Мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Қазақстандағы шағын бизнестің құрылымы және мемлекеттік
қолдау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

1.1) Шағын бизнестің құрылымы,
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2) Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.3) Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ОҚО шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ...

2.1) ОҚО шағын кәсіпкерліктің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шағын )бизнесті дамытудағы негізгі басым бағыттар мен шаралар ...
2.3 ОҚО кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.4 ОҚО бойынша шағын бизнестің даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ...

3 Шағын бизнестің Қазақстандағы даму мәселелері.
Бизнес-
жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
1)
2)
3)

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе.

Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі
– адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы, десек те
болғандай. Адамдар өз еңбегінің нәтижесін көре бастады. Адам тек бизнеспен
шұғылданғанда өз тағдырын өз қолында екенін сезінеді, тек бизнесте ғана
нағыз кәсіп иелері тәрбиеленіп шығады. Әлемдік тәжірибеиде осыны дәлелдейді
және нарықтың ірі кәсіпорындар мен шағын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуін
талап ететінін аңғартады. Бүгінгі күнде біздің республикада шағын
кәсіпкерлікпен 1 миллионнан астам адам шұғылданады, бұл, жұмыс істейтін
барлық қазақстандықтардың төрттен біріндей. Жас тәуелсіз Қазақстанның
өмірге қадам басқан алғашқы күндерінен бастап, оның нарықтық экономикасын
қалыптастыруда шағын бизнеске бірден-бір басты мән берілуд, е, ал шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мемлекеттің экономикалық саясаттың басым
саласы ретінде заң жүзінде танылған. Экономиканың тұрақты болуы және оның
бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті
жетілдіру болып табылады. Біз қазір нарықтық экономикада өмір сүреміз.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері экономикамыз көтеріле бастады. Тарихқа
үңілсек, тәуелсіздік таңы атқанға дейін біз мүлде басқа экономикамен өмір
сүріп келдік. Қазіргі таңда бизнестің тез өте қарқынмен дамып келе жатқан
кезеңі. Бизнес -– пайда әкелетін кез-келген қызмет түрі, соның ішінде
әсіресе қазіргі кезде шағын бизнестің кең дамуы ерекшеленеді. Шағын
кәсіпорындар өнім өндіру және техника-технологиясына сәйкес және тұтынушыға
жақын орналасып, оның қалауына сай өнім өндіріп, оны жедел жеткізіп беріп,
қаржы және ресурстарын үнемді пайдалана білетін икемделгіш қызмет көрсетуі
мүмкін. Нарықтық экономикада шаруашылық ұйымдастырушылық және басқару
қызметіне сәйкес шағын және кіші кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен
салыстырғанда артықшылықтары болады. Шағын фирмалардың ірі фирмалармен
салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы,
тұтынушылардың сұранысына икемдіігі, шағын мөлшерде өндірілуі. Халық
шаруашылығының барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік
практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Шағын кәсіпорындар
әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын
шығару салаларында болады.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы
жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелік орта өркендейді, қосымша жұмыс
орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы
нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын
арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік
жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік
субьектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Кәсіпкерлік сүйекке біткен іс
дейді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік
мүмкіндігі бар: өндірген тауарларын, салық төлемдерінен қалған пайдасын
пайдалана алады. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында
және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұранысы бар тауарлар
шығару мен қызметер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде
жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Шағын кәсіпорын өзінің өндірген
тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша
келісілген бағамен сатады. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан-жақты
қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде
нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек.
Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандырудтағы басқа
шаралар қолданылуы тиіс.
Шағын бизнес дүниеге келген 90-шы жылдардың басынан бастап
оның ұйымдық құқықтық формалары, кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік
нысандарына жатқызу өлшемдері есеп жүргізу мен есеп беру жүйесі, сол
сияқты, нормативтік заңнамалық база үнемі өзгерістерге ұшырап келген.
Аймақтар тұрғысынан алғанда, шағын бизнестің өнеркәсібі неғұрлым дамыған
және халық тығыз қоныстанған аудандарда көбірек шоғырланатыны байқалады.
Шағын кәсіпорындарға шешім қабылдағанда бейімділік тән қасиет. Олар нарыққа
тез араласып, кіріп кетеді, жаңалықтарды тез қабылдайды. Шағын
кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың
өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы
толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік
секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп
кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен
тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайта бағдарлап
жіберді. Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды
шешуде маңызды рөл атқарады. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық
әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын бизнес қиын хал- жағдайда
болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық
жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге
тиіс. Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде. Өзінің құрылуы мен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналысуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағыне кәсіпорындардың
дамуына қажеттілік тудырады. Шағын бизнес Қазақстан үшін көкейкесті болып
табылатын жұмыссыздық пен қоғамның әлеуметтік қорғалуы проблемаларын шешуге
қомақты үлес қосуға қабілетті. Экономикадаға нарықтық қағидаттарды бекітуде
оның рөлі едәуір. Шағын өндірістің дамуы мен қоғам үшін өте қажет нарықтық
ой - пікір мен білімнің таралуы, нарықтық бағыттың орнығып бекуі, халықтың
иек артатын дәстүрлі өмірлік ұстанымы және оның мемлекет тарпынан көмек пен
қодауға деген бағдары жойылуы тиіс. Жаңа негізде шаруашылықты дамыту үшін
бәсекелестікті жандандыруда шағын және орта бизнестің едәуір әлеуетінің
елеулі мәні бар. Әлемдік нарықтарда тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді
бекіту, зерттеулер көрсеткеніндей, ел ішіндегі бәсекелестікті дамыту
дәрежесіне тікелей байланысты. Көптеген нарықтарда монополиялар үстемдік
құрып отырған біздің жағдайда бәсекелестік катализаторы шағын және орта
кәсіпорындар болуы мүмкін және болуы тиіс. Шағын кәсіпорын жұмысшыларына
еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі түрі дербес шешіледі. Шағын кәсіпорын
заң бойынша кепілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын,
қызметкерлердің әлеуметтік қорғау шараларын орындайды. Өзінің
қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнін, тағы басқа
жеңілдіктерді қолдана алады.
Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек
етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне келтірілген зиянды
толықтыруға жауапты. Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік
кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру
қолданылады. Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру
үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.

1.

1 Шағын
бизнестің құрылымы.

Шағын бизнес – шағын кәсіпкерліктің қазақстандық жүйесінің
құраушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы 1997 жылғы 19 маусымдағы заңына сәйкес шағын
бизнес субьектілеріне заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер)
және орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және жылдық активі
60 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (бұл бүгінгі күні 55 миллион
тенгенің үстінде, немесе 400 мың АҚШ долларын құрайды) кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын заңды тұлғалар жатады. Сонымен қатар, заң бойынша
шағын кәсіпкерліктің құрамында микробизнес те бөлініп қарастырылады.
Шағын кәсіпкерліктің субьектілері бола алмайды – құмар ойын
мен шоу бизнес, банк қызметі саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын
коммерциялық ұйымдар және сақтандыру нарығының қызметтері (сақтандыру
агенттерінің қызметтерінен басқа), сондай-ақ бағалы қағаз нарығында
қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Шағын бизнестің жұмыс істейтін кәсіпорындарына – экономикалық
қызметті жүзеге асыратын немесе әлеуетті жүзеге асыра алатын шағын
бизнестің кәсіпорындары жатады.
Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарына - экономикалық
қызметті жүзеге асыратын шағын бизнестің кәсіпорындары жатады.
Шағын бизнес кәсіпорындарының мөлшері – кәсіпорындарда жұмыс
істейтіндердің жыл ішіндегі орташа санына байланысты түсінік. Кәсіпорын
мөлшерінің ведомствалық жіктеушіне (КМЖ) сәйкес жіктеледі.
Шағын кәсіпорын – меншіктің әр түрлі негізінде халық
шаруашылық салаларында құрылады және шаруашылық қызметтің барлық түрін
жүзеге асырады. Шағын кәсіпорындарды:
Шағын бизнес - өндрісті құрылымдық жағынан қайта құруға және
экономиканы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттауға жол ашатындығы;
Жұмыспен етілмеген еңбек ресурстарын санының, әсіресе,
жергілікті ауылдық жерлерде жоғары екендігі;
Республиканың еуроазиялық географиялық орналасу ерекшелігі;
Республиканың көптеген аймақтарының шағын бизнесті дамытуға
табиғи – географиялық бейімділігі. Бұл, әсіресе, оңтүстік аймақта сауда
және қолөнерлік кәсіпкерлікті дамытуға аса қолайлы екендігімен
ерекшеленеді. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап
заңды тұлға статусына ие болады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізуді,
шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған пайдаға
тәуелсіз иелік етеді. Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді
ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми
техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті нарықтағы сұраныс
өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу
мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың
тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын
және өндірістік әртараптандырылуын қамтамасыз етіп монополистік бағытқа
қарсы әрекет етеді. Шағын бизнес нарықта консалгтингтік, брокерлік,
маркерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет
көрсету мен қамтамасыз етіліп белсенді рөл атқарады. Шағын кәсіпорындардың
кейбір салаларындағы қызметтерді экономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда
статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен
операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілген қызметтер, яғни жалпы
ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар шығынды болып
келеді екен. Кәсіпорындардың және оларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санының
тұүрақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының
құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәсіпкерлердің өндірістен және
инвестициядан қашуы сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері
көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Ққазақстан экономикасының
маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы
туралы тұжырым жасауға негіз болады. Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының
жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржылық қаражаттың
шектеулігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық аймақтық және басқадай
артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың
болмауы, өтіп жатқан процестерді бақылау және оларды теңестірудің
жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық жергілікті масштабта, ұлттықұ
экономиканың айрықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді өмір сүріп және
дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген.
Қазақстандағы шағын бизнестің жағдайын бүгінде сандық
көрсеткішінен сипаттаған жақсы болар еді. Ресми статистика мәліметтері
бойынша 2003 жылғы 1 қаңтарда 442,3 мың шағын кәсіпкерлік субьектілері
болса, ондағы жұмыс істейтіндер шамамен 1,2 млн. адамды құраған. Шағын
кәсіпкерліктегі жұмысқа тартылғандар үлесі 17,6% құрады. 2004 жылдың 2
тоқсанында 135 мың шағын бизнес субьектісі тіркелген. Шағын кәсіпорындардың
қызмет ету саласына назар аударсақ, олардың көпшілігі саудада (39%),
автомобильдер мен үйде тұтыну бұйымдарын жөндеуге мамандандырылғанын көруге
болады. Шағын кәсіпорындардың салыстырмалы түрде аз көлемі өнеркәсіп
қызметімен айналысады, бірақ мұнда да олардың санының артуы байқалады: егер
2003 жылдың 2 тоқсанында өнеркәсіптің 7,9 мың шағын кәсіпорындары әрекет
етсе, онда 2004 жылдың 2 тоқсанында 8,1 мыңға дейін ұлғайды. Қаржы
шаруашылық қызмет нәтижесінде 2004 жылғы 2 тоқсанында шағын бизнес
субьектілері өнімді тауармен, қызметті өткізуден 757,6 млрд. теңге
сомасында табыс алған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық. Мұнда
табыстың жартысынан астамын сауда саласы кәсіпорындары қамтамасыз етті.
2006 жылдың 1 қаңтарына Статистикалық тіркелім деректері бойынша
республикада 157,6 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл
2005 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға жоғары. Тіркелген
кәсіпорындардың 73,1% жұмыс істеп тұрған болып табылды, яғни экономикалық
қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға мүмкіндігі барлар. 2005
жылдың желтоқсанында 50,6 мың кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандар санының 44%)
белсенді жұмыс істеген болатын. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары
арасынан 66,2%-ы саны 6 адамнан (КМС 105) кем субьектілерге келеді.
Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және
тәуекелшілік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
- өте беймәлімдігімен, белгісіздігімен және стихиялылығымен
сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын нарықта кәсіп
етеді. Бұл – ондай нарықтарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне
байланысты;
- мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен,
қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен обьективті түрде
әлжуаз позицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік
ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
- өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы
ортаның әсеріне сезімтал келеді.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мыңдаған детальдар керек болады. Олардың өндірісіне концерндер мен келісім
шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орта фирмалар маманданады.
Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі
монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап
көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың көпшілігі ірі компанияларымен
келісім қатынаста жұмыс істейді. Шағын бизнес кәсіпорынын ашу ісін аз
мөлшерде капитал қажет техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алды.
Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығын қалған немесе жұмыс таба
алмағандар ашады. Шағын және орта бизнестің
рөлі мына көрсетілген алты функциялардан көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық коньюнктурасының өзгерісін икемді
сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептеуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастастыруда
айтарлықтай үлес қосады, бұл кез-келген мемлекеттің жоғары деңгейде
монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін
шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне барлық
жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80%
келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, Палороид
типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартуда орнын
таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездері халық осыннан жұмыс тауып және
өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.

Шағын бизнес кәсіпорындарының саны

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
Жұмыс істеп тұрғандары
Тіркелгені, бірлік Барлы
ғы, бірлік
%-бен

мың
адам
Жұмыс істеп Олардан тіркелгені
тұрғандары белсенділері
Мың адам Қорытындысына
%-бен
Екінші деңгейдегі банктер (*10 ай қорытындысы 16437,6 17030,1*
бойынша)
Микрокредиттік ұйымдар (*9 ай қорытындысы 342,3 615,3*
бойынша)
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық 240,8 387,0
филиалы
Ауыл несие серіктестіктері, кредиттік 1576,0 2006,6*
серіктестіктер (*9 ай қорытындысы бойынша)
Қазақстандық кредиттеу қоры Шымкент филиалы 1138,7 1721,3
Оңтүстік Қазақстан облысының фермерлер мен 25,6 57,0
кәсіпкерлерді қолдау қоры ҚҚ
Облыстық бюджет 35,0 30,0

Тендерлік негізде тауарларды, жұмыс пен қызметті
мемлекеттік сатып алу шеңберінде де шағын бизнес субьектілері бірқатар
басымдықтарға ие. Мәселен, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыс пен қызмет
нарығында кем дегенде 1 жылдан кем емес тәжірибесі болуы керек деген жалпы
талаптар шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты емес. Әлеуетті жеткізіп
берушілер – шағын бизнес субьектілері конкурстық өтінімді қамтамасыз
етпейді. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің көптеген түрлерінің
лицензияланатынына байланысты бұл сала шағын кәсіпкерлікті де назардан тыс
қалдырылмаған. Мемлекеттік тіркеудегі субьектілеріне лицензияларды қысқа
мерзімде рәсімдеуге құқық берілген лицензиат қажетті барлық құжаттарды
толық тапсырғаннан соң тіркеу 10 күннен кешіктірмей, ал жалпыға бірдей
мерзім 1 ай. Сондай-ақ көрсетілген мерзімде шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне лицензия берілсе, немесе лицензияны беруден бас тарту туралы
жауап болмаса, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің алған табысы лицензиясыз
қызметтен алынған табыс болып табылмайды. Мұндай табыс тәркіленбейді. Айта
кету керек, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің құқығын қорғау мақсатында
лицензия әрекетін тоқтату мен оны қайта алудың ерекше тәртібі бекітілген.
Егер барлық лицензиат үшін өкілетті орган шешімінің негізінде лицензия
әрекеті тоқтатылса, онда шағын бизнес субьектілеріне қатысты мұндай тоқтату
тек сот тәртібінде ғана мүмкін болады.
Шағын бизнесті дамыту мен қолдауға ықпал ететін шаралар
ішінде, заң шығару республикалық мемлекеттік меншіктегі қолданылмай отырған
ғимараттарды, тұрмыс нысандары мен жабдықтарды шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (арендаға) берудің арнайы
жеңілдетілген тәртібі заңмен қарастырылған. Мұнда аренда немесе сенімді
басқару келісім шартындағы көрсетілген шарттар, келісім тіркелгеннен
кейінгі жыл өткен соң орындалған жағдайда шағын кәсіпкерлік субьектілері
өзіне жалға немесе сенімді басқаруға берілген ғимаратты, нысандар мен
жабдықтарды қайтарымсыз негізде иелене алады. Бұл шарт тек қана сауда
(делдалдық) қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ықпал
етпейді. Шағын бизнес субьектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете
отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту
мәселесіншешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін
табады:
- қоғамдық қажетттіліктерді толық қанағаттандыратынбәсекелестік және
нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның
сапасының жоғарылауы;
- экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;
- өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
- жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің
төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекеттен тиімділігі және табысты аз кәсіпорындарды сатып алуы
немесе қолға алуы.
Шағын бизнестің осындай, басқа да экономикалық және әлеуметтік
функциялары шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға негіз береді. Шағын кәсіпорынды дамыту нарықты тауарлармен
толтыру мен қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға,
бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге,
сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Олар адам еңбегін
қажетсінетін салалардың аясын кеңейте түсіп, жұмыссыз халықты және жұмыстан
босаған қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
кәсіпкерлерінің соңғы 11-форумында Кәсіпкерліктің даму жолдары мен әдіс-
тәсіліне үлкен көңіл бөлінеді. Кәсіпкерлік форумы кезінде еліміздің шағын
кәсіпкерлігінің дамуы жөнінде атап өтті. Шағын кәсіпкерлік саясында
миллиондаған адамдар жұмыс атқарады. Бұл форумда Елбасының кәсіпкерлікті
дамытуда мына мәселелерге ерекше тоқталып, аталып өтілді:
- жеке меншіктің қорғалуын күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмысын
жүргізу;
- ауылда шағын несие беру көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қолдану;
- халықаралық нарықта қазақстандық бизнесті қолдау мен қорғаудың
тиімді тетігін әзірлеу, қазақстандық сертификаттардың шетелге танылуы
жөнінде жұмыс жүргізу;
- бизнес-инкубаторлар жүйесі мен кәсіпкерлер даярлау орталықтарын
құру жөніндегі жұмысты жандандыру;
- жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялардың ағылып келуі
мен енгізілуін ынталандыру.
Міне, осы жоғарыда аталып өткен мәселелер мен олардың шешіміосы
форумда арнайы аталып өтті. Қазақстан Республикасында көрсетілген
мәліметтер бойынша өнеркәсіптер саны 143329 жетті. Соның ішінде шағын
өнеркәсіптер 124445, орта 13904 және ірі өнеркәсіптер саны 4080 болған.

 
2.3 ОҚО шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау.
Бүгінгі күні кәсіпкерлік секторының құрамына талдау
жасайтын болсақ: 10 пайызы – заңды тұлғалар, 42 пайызы – жеке кәсіпкерлер,
48 пайызы – шаруа қожалықтары. Облыста заңды тұлға ретінде 2005 жылы 1693
кәсіпорын құрылып, 3212 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыста шағын бизнестегі
құрылымдық бірліктер санының едәуір өсуі ауыл шаруашылық, сауда және
құрылыс салаларында жаңа кәсіпорындардың ашылуына байланысты, болып отыр.
Сала бойынша аграрлық секторға – 53,6 пайызы, сауда саласы, автокөліктер
және үй тұтынатын бұйымдарды жөндеуге – 44,9 пайызы, өнеркәсіп өндірісіне –
1,5 пайызы келеді. Кредит берудің осы кезеңінде облыстық бюджетке сыйақы
ретінде 9,9 млн. теңге кіріс болған. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының
(ассоциациялар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, несие серіктестіктер,
кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар, техносаябақтар)
мониторингін жүргізу және грант алу бойынша байқауларды өткізу материалдары
бойынша информациялық көмек көрсету:
2005 жыл ішінде кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде –
екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлармен, микрокредиттік ұйымдар және
облыстық бюджет арқылы жүргізілді.
Бүгінгі таңға облыс экономикасында жұмыс істейтін халықтың 33 пайызы
шағын бизнесте жұмыс атқаруда. Бұл арасалмақ шағын бизнестің әлеуметтік
бағытын, жаңа кәсіпорындарын және жұмыс орындарын ашуға мүмкіншілігін,
жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарды өндіріске тартуды көрсетеді.
Облыста шағын бизнестегі құрылымдық бірліктер санының едәуір өсуі ауыл
шаруашылық, сауда және құрылыс салаларында жаңа кәсіпорындардың ашылуына
байланысты болып отыр.
Қазіргі таңда облыста шағын шаруа қожалықтарының жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктерге белсенді бірігуі байқалуда. Жыл басынан бері
экономиканың аграрлық секторында 339 жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері құрылды.
Ал , сала бойынша аграрлық секторға 49,8 пайызы, сауда саласы,
автокөліктер және үй тұтынатын бұйымдарды жөндеуге 37,3 пайызы, өнеркәсіп
өндірісіне 1,5 пайызы келеді.
Көрсетілген мәліметтер шағын бизнестің өндіріс саласына тартылуын
ұлғайту және жеке кәсіпкерліктен шағын кәсіпорын нысанына өтуін ынталандыру
бойынша комплекстік шаралар қолдануын талап етеді.
ОҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлік Департаментімен бірлесе СодБи Бизнес-
инкубаторы кәсіпкерлік жайлы shymkent.com атты сайт әзірленді. Онда
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері туралы, олардың өндіретін өнімдері
жайлы толық мәліметтер суреттерімен бірге орналастырылды.
Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына екінші дәрежелі банктерден
– 17030,1 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы
–387,0 млн. теңге , “Несие беру” Қазақстандық қоры – 1721,3 млн. теңге және
“Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 57,0 млн.
теңге кредит қаражаттары бөлінді.
Орта және шағын кәсіпкерліктің нарықтың кейбір сегментеріндегі
жағдайымен шағын бизнес құрылымы жөніндегі жалпы көрінісін талдау жасау
мақсатында ағымдағы жылы департамент тарапынан облысымыздың кәсіпкерлері
арасында тоқсан сайын сауалнама жүргізіліп отырды, оның бірі – Оңтүстік
Қазақстан салааралық ғылыми – техникалық ақпарат орталығымен бірлесіп
(ОңҚазСҒТАО) Оңтүстік Қазақстан облысының 2004 – 2015 жылдарға арналған
индустриалдық – инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аумақтағы
өндірістік кәсіпорындардағы инновациялық қызметтің конъюнктурасын зерттеу,
екіншісі – кәсіпкерлік құрылымдарындағы проблемаларын зерттеу, әрі осы
саланың қазіргі жағдайын сараптау мәселесі болатын.
Сонымен бірге, кәсіпкерлерге банктік кредитті алуда кепілдікке қоятын
мүліктерінің жоқтығы, пайыздық ставкаларының жоғарылығы, банктік
құрылымдардың сыбайластығы, несиені қайтару мерзімінің тиімсіздігі сияқты
бірқатар кедергілер туындап отырғандығы анықталған. Жалпы алғанда, барлық
респонденттердің әлі де болса жергілікті жерлерде қолдауды – 19%, құқықтық
консультациялық жұмысты – 17%, консалтингалық қызметтерді - 10,5%,
құқықтық қолдауды – 36% және тағы да басқа көмектердің көрсетілуін
сұрануда.
2003 жылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан
облысының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы әзірленіп, қабылданды. Бағдарламада көрсетілген іс-
шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік–экономикалық дамуына өзінің оң
әсерін тигізеді. Қойылған мақсаттарға жету үшін басқарма тарапынан шағын
кәсіпорындардың несие қаражаттарына қол жеткізуін жеңілдету, ақпараттық
және әдістемелік қолдау көрсету, мемлекеттік органдардың қадағалау және
бақылау функцияларын жүйелеу және қысқарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу,
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын кеңейтуді белсенді жұмыстар
жүргізілуде.
Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде, 2004 жылы шағын
бизнестің кәсіпкерлік құрылымдарының санын 100,0 мың бірлікке дейін,
өндіріс көлемін 80,0 млрд. теңгеге дейін, салықтық түсімдерді 5,0 млрд.
теңгеге дейін, кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар санын 300,0 мың адамға
дейін жеткізу, қосымша 2900 жаңа жұмыс орындарын құру (заңды тұлғаларда)
және 1900 жаңа кәсіпорындарды ашу жоспарланған.
2004 жылдың өзінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік
құрылымдардың саны 114,8 мың бірлікке жетіп, 2003 жылмен салыстырғанда 8
пайызға, ал Бағдарламадағы межеден 14,8 мың бірлікке артты.
Кәсіпкерлік құрылымдарындағы жұмысшылар саны 312,2 мың адамға жетті,
бұл Бағдарламада жоспарланған межеден 12,2 мың адамға артық және тіркелген
шағын кәсіпкерлік құрылымдар санынан 2,7 есе көп.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы жұмыссыздықтың деңгейін 0,99 дейін, ал
2003 жылы 1,02 дейін төмендетуге мүмкіншілік тудырды.
Жыл басынан облыста заңды тұлға ретінде 1908 кәсіпорын құрылып, 3697
жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 3226–сы жаңа жұмыс орындары, ал 471-і
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда ашылған қосымша жаңа жұмыс орындары.
Шағын бизнестегі заңды тұлғалардың саны 12 мың 851 бірлікті құраса,
оның ішінде 9,1 мың бірлігі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 2003 жылмен
салыстырғанда 14 пайызға өскен.
Кәсіпкерлік секторындағы облыстың үлесі Республика бойынша кәсіпкерлік
құрылымдары санының 18,3 пайызын құрады. Республиканың оңтүстік өңірімен
салыстырғанда Алматы қаласының және Алматы облысының үлесі 13 және 12,4
пайызды құраса, Жамбыл және Қызылорда 4,4 % - 2,3 % құрайды.
Көрсетілген мәліметтер шағын бизнестің өндіріс саласына тартылуын
ұлғайту және жеке кәсіпкерліктен шағын кәсіпорын нысанына өтуін ынталандыру
бойынша комплекстік шаралар қолдануын талап етеді.
Жыл басынан шағын бизнес субъектілері тауарлар мен қызмет көрсетулерді
мемлекеттік сатып алуға өткізілген 305 тендердің 254-інде жеңімпаз болып
табылып, 18,5 млрд. теңгеге мемлекеттік тапсырыстар алған, яғни барлық
тапсырыстың 77,3 пайызы. Соның нәтижесінде облыс экономикасында шағын
кәсіпкерліктің үлесі өсуде. Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінен
бастап өнім өндіру және қызмет көрсету көлемі 71,4 пайызға өсіп, 2004 жылы
117,5 млрд.теңгені құрады, бұл Бағдарламада жоспарланған межеден 46,8
пайызға артық.
2005 жылдың 1 қаңтарға облыстық бюджетке шағын кәсіпкерлік
субъектілерінен салықтық түсімдер ретінде 7,3 млрд. теңге кіріс болды (2003
жылы бюджетке 5,6 млрд.теңге түскен), оның ішінде заңды тұлғалардан 6,3
млрд.теңге түскен, немесе әрбір жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаға шаққанда
698,2 мың теңгені құрайды (2003 жылы 613,8 мың теңге 13% өскен). Аймақтық
бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде, облыстың барлық салықтық түсімдер
көлемінде шағын бизнестің үлесі 35 пайызға өсіп, 13 пайызды құрады. 2004
жылы салық түсімдер 7,3 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жыл ішінде кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау бірнеше
бағыттар бойынша – екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар,
микрокредиттік ұйымдар және облыстық, жергілікті бюджеттер арқылы
жүргізіледі.
Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру 2003-2004 жылдар кезеңінде шағын
бизнесті қолдауға 38,9 млрд. тенге бағытталды, оның ішінде 40,7 пайызы –
ауыл шаруашылығына, 18,0 пайызы - өндіріске, 33,9 пайызы – сауда және көлік
саласына, 7,3 пайызы – қызмет көрсету салаларының дамуына бағытталған.
Несиелік қаржы көлемінің басым бөлігі, немесе 16,4 млрд. теңгеден
астамы екінші дәрежелі банктердің үлесінде. Кәсіпорындар және жеке
кәсіпкерлер үшін бөлінген қаржы экономиканың барлық кәсіпкерлік секторының
интенсивті дамуына оң тайлы әсер етуде. 2003 жылдан бастап облыста 3-
деңгейлі несиелеу жүйесі жұмыс атқаруда. Жыл басында Евразия Қорымен және
Алматылық банк оқу орталығымен бірлескен “Микрокредиттік ұйымдарының
клиенттерін бағалау” атты семинар өткізілді. Семинарға микрокредиттік
ұйымдарының, аудандық және қалалық әкімияттардың өкілдері шақырылып,
оқытылды. Нәтижесінде облыстағы микрокредиттік ұйымдардың саны 2003 жылмен
салыстырғанда 48 пайызға өсіп, бүгінгі күнге 50 микрокредиттік ұйымды
құрады, оның ішінде 45 белсенді жұмыс атқаруда. Яғни республикадағы 157
микрокредиттік ұйымдардың үштен бір бөлігінен астам біздің облысымызда
ашылған. Жыл басынан олармен 342,3 млн.теңгеге 1027 кәсіпкер
қаржыландырылды. Дегенмен микрокредиттік ұйымдардың қаржылары азқамтамасыз
етілгендерге және ауыл шаруашылығы саласы үшін тиімсіз. Өйткені, кредиттер
айына 3-5 пайыз сыйақы ставкасымен беріледі.
Бүгінгі таңда облыс қаржы нарығында екінші деңгейдегі банктермен,
микрокредиттік ұйымдармен бірге кредиттеу бағдарламасында – “Несие беру
Қазақстан қоры”, “Фермер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры”, “Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы және несиелік
серіктестіктері жұмыс жүргізуде.
Жыл басынын қоғамдық қорлармен 13 мың 597 жобаға 1,4 млрд. тенге
көлемінде несие берілді, бұл 2003 жылдың жылдық көрсеткішімен салыстырғанда
52 пайызға көп. Оның ішінде “Қауымдарға несие беру Қазақстан қоры”
корпоративтік қорының Шымкент филиалымен – 1138,7 млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару
Шағын бизнестiң дамуындағы әлемдiк тәжiрибе
Пәндер