Италиядағы 1848 - 14849 жылғы революция


Италиядағы 1848 - 14849 жылғы революция
Италияда 1848 жылғы революциялық қозғалыс Сицилия аралығындағы халық көтерілісінен басталды. 1848 жылдың 12 қаңтар айында халық қозғалысы Сицилияның басты қаласы Палермода басталды. Қала баррикадалармен жабылды. Көтерілісші азаматтарға көмекке қарапайым азаматтар келді. Неаполитандық әскер талқандалып, 26 қаңтар айында Палермодан кетуге мәжбүр болды.
Келесі күні конституцияны талап етуші бұқаралық көтеріліс Неапольде болды. Патша реакциялық министрлерді отставкаға жіберіп, билікті қызмет етуші буржуазиялық либералдардың қолына берді. Көп ұзамай, Неапольде конституция жария етілді.
Сицилияда, Уақытша үкімет орнады. Оның құрамына либералды буржуазия мен либералды дворяндардың өкілдері кірді. Неаполитандық әскер тұрақтанған Мессины қамалынан басқа барлық аралдар Уақытша үкіметті қабылдады.
Сицилия мен Неапольдағы жағдайлар Италияның басқа да жерлерінің саяси қақтығыстарына өзінің үлкен әсерін тигізді. Сардина патшалығы мен Тоскана халқына қысым көрсету арқылы 1848 жылдың наурыз айындаконституция жөніндегі декрет жарық көрді. Папа Пию IX да конституцияның енуін қабылдауына тура келді. Ол бұл шешімді басқа италияндық мемлекеттерге қарағанда кеш қабылдады, яғни, 15 наурыз айында. Папалық мемлекеттердің тарихында бірінші рет құрамында шіркеу адамдары жоқ, министрлер кеңесі қүрылды. 17 наурыз айында Венада революция басталды деген хабар жеткеннен кейін, Венецияда австриялықтарға қарсы қақтығыс басталды. 22 наурыз айында венециялық арсеналының жұмысшылары мен матростарының бой көтеруі басталды. Сол күні Венеция республикасының тәуелсіздігі қайта орнады. Венецияның президенті итальяндық буржуазиялық революционер, адвокат және публицист Даниэль Мании болды. 18 наурыз айында Ломбардияның басты қаласы Миланда қарулы көтеріліс басталды. Көтерілісте жұмысшылар, ұсақ кәсіпкерлер, ұсақ сатушылар және маңайдағы ауылдардың қарапайым шаруалары басты рөлді ойнады. Көтерілісшілер мен австриялық әскер арасындағы қақтығыс 5 күнге созылды. 22 наурыз айында австриялық әскер қолбасшысыРадецкиймен Миланнан кетуге мәжбүр болады. Миландағы билік Уақытша үкіметтің қолына көшті. Оның қүрамына буржуазиялық либералдар кірген болатын.
1848 жылғы Италиядағы революция феодалдық - абсолюттік тәртіпке ғана емес, сонымен қатар австриялықтарға қарсы да болды. Халықтың бұқаралық қысымы мен прогрессивті буржуазиялық жік жәнедворяндықтың қысымынан Сардиния патшалығының королі Пьемонта Карл - Альберт 1848 жылдың 23 наурыз айында Австрияға қарсы соғыс жариялады. Австрияға қарсы басқа да итальяндық мемлекеттерінің үкіметтері дайын екенін жариялады. Италия халқын патриоттық жалын жаулады. ¥лттық гвардиялық батальондар мен өз еркімен қатысушы жасақтар Ломбардияға қарай бет алды. Осы жасақтардың ішінде батырлығымен көзге түскен жэне ерекше орын алған өз еркімен қатысушы қолбасшысы Гарибальдидің жасағы болды.
Италияда наурыз айының аяғына таман құрылған антиавстриялық одақ берік болмады; оны итальяндық мемлекеттердің арасында болған қарама - кайшылықтар мен қақтығыстар үзіп отырды.
Ломбардияда австриялық езгіден босатылу мақсатымен жүрген халық қозғалысы өрши түсті. Сардина королІнен көмек аламын деген үмітпен Ломбардия өзінің Пьемонтқа қосылуы жайлы хабарлады. Ломбардияданкейін Сардина королінің билігі Парма мен Моденді, сонымен қатар басқа да венециялық провинцияларды мойындады. Қосымша көмекке ие болғаннан кейін австриялық әскер шабуылын бастады. Әскери қозғалыстар өзгермелі сәттілікке әкеле бастады. 28 мамыр айында Мантунға жақын жерде австриялықтар пьемонттік әскерді талқандады. 30 мамыр айында пьемонттік әскердің 20 - мың корпусы австриялықтарға қысым көрсетті. Пескьера қамалы пьемондіктерге берілді. Бірақ, көп ұзамай, итальяндықтар жаңа сәтсіздіктерге ұшырады. 11 маусым айында австриялықтар ешбір қарсылықтарға кезікпей, Виченціні алады, ал 3 - 4 күннен кейін Падуяныалады. 23 - 25 маусым аралығындағы Кустоццедегі шешуші шайқаста пьемонттік әскер талқандалып, кері шегінуге мәжбүр болды.
Италиядағы ұлт - азаттық соғыстың бірінші кезеңі итальяндықтардың жеңілуімен аяқталды. Австрия мен Сардина арасында бейбіт қарым -қатынас орнады. Реакция бұл жеңілісті прогрессивті күштерге қарсықақтығыста қолданды. 1848 жылдың тамыз айында үлкен неаполитандық әскер Сицилияға қарсы бағытталды. Мессиныдағы шайқас бес күнге созылды.
1848 жылдың күзінде Италияның кейбір жерлерінде жаңа революциялық бой - көтерулер басталды. 15 қараша айнда Римде халықтық көтеріліс басталды. Ішкі істер министрі граф Росси өлтірілді. Осыдан бірнеше күннен кейін, папа неаполитандық Гаэту бекінісіне қашуға мәжбүр болды. 1849 жылдың қаңтар айында римдік Кеңселік жиналыста сайлау өтті. Онда либералдарға бірталай орын және радикалды демократтарға бірталай маңызды орындар берілді.
1849 жылдың 5 ақпан күні ашылған Кеңсе жиналысы папаның зайырлы билігін алып тастауды және 9 ақпан күні Римде республикандық қатарды жариялауды белгіледі. Наурыз айында Римдік басшылығымен триумвират орнады. Оған Мадзини, Армеллини жэне Саффи кірді.
1849 жылдың 12 наурыз күні Сардиния патшалығының үкіметі халықтың қысымымен Австриямен бейбітшілік орнатып, соғысты қайта бастады. Бірак, Карл - Альберттің үкіметі соғысқа жалпыұлттық көрінісбергісі келмеді. Ол Тоскананың, Венеция мен Римнің республикандықтарынан көмек сұрамады және Ломбардияда австриялықтарға қарсы шабуылды бастауға тырыспады.
20 наурыз күні құрамында 75 мың әскері бар австриялықтар шабуылды бастады. Пьемонттік генералдардың біреуінің өзгермелі қимылдарына байланысты, австриялық әскерге еш қарсылықсыз Тичино өзені арқылы өтуге жол ашылды. 23 наурыз күні Новарда австриялықтар Карл - Альберттің әскерін талқандап, жеңіліс әкелді. Осындай үлкен жеңілістен қорыққан патша, сол сәтте таққа орнына үлын отырғызып, өзі Португалияға қарай қашуға мәжбүр болды. 26 наурыз күні жаңа патша Виктор - Эммануил австриялықтармен келісімге отырды.
Кейбір жерлерде халық бұқарасы қарсыласына әлі де қарсылық көрсетіп жатты. 1 сәуір күні австриялықтар Брешияны жаулап алады. Қаланы алған уақытта жабайы қаталдықтар көрсетілді: әскерлер дарға асылды, бейбіт, қарапайым түрғындар, сонымен қатар эйелдер мен балалар тірі күйлерінде отқа жағылды.
1849 жылдың 6 тамыз күні Сардиния патшалығы Австриямен бейбіт келісімге қол қойды, оған контрибуция төлеуге мәжбүр болды.
Австрияға қарсы ұлт - азаттық соғыс. Итальяндық жұмыстар жөніндегі Еуропа дипломатиялық конгресінің себептері.
¥лы державалардың араласуы тек қана Германияның ісіне ғана байланысты болған жоқ. Ол австро - итальяндык соғыс кезіндегі Италияның бірігуі жолындағы қақтығысқа да өзінің үлкен эсерін тигізді.
Италиядағы революциялық және ұлт - азаттық қозғалыс сардиния королі Карл - Альбертті Австрияға қарсы соғыс ашуына итермеледі. Карл -Альберт Австрияға қарсы соғыс арқылы Ломбардия мен Венецияны қосуменөзінің иеліктерін кеңейтіп, үлкейтуді көздеді. Басқа итальяндық монархияларды бұқаралық халық қысымымен Сардинияға қосты. Австриялықтар сардина әскерін талқандап, Пьемонтке кірумен қорқытты.
Патша Австрияға өнегелі тірек жасаап отырды; ол Сардиниямен дипломатиялық қарым - қатынастарын үзіп, австриялық елшіге итальяндықтарды талқандау туралы кеңес береді. Карл - Альберт Франция мен Англиядан делдалдылық жөнінде сұрады.
Франциямен жақсы қатынаста болса да Пальмерстон Италияда француздық ықпалдың өсуінен сескенді. Нәтижесінде, австриялықтар Миланды иемденді, ал 9 тамыз күні Франция мен Англия арасында Австриядан Венеция мен Ломбардияның қалуын сақтау жөніндегі келісімге кол қойылды.
Француздық үкімет итальяндық жүмыстарды талқылау жөнінде бүкіл еуропалық дипломатиялық конгресті немесе конференцияны шақыруды үсынды. Англия мен Австрияның үкіметі бүл жобаға қарсы болмады, бірақ, патша өз қарсылығын білдірді. Нессельроде батыс державалар шығыс мәселесін қайта көтеруі мүмкін деген қорқынышта болды. Конгресстің жобасы жүзеге асырылмады.
Итальян мемлекеттерінің жеңілу себептері.
Ломбардиядағы австриялық әскердің жеңісі Италияның басқа да жерлеріндегі жағдайларға өз әсерін тигізді. Әсіресе, Тосканаға. 11 сәуір күні Флоренцияда қалаға басып кірген қарулы шаруалардың төңкеріс болды. Бірнеше күннен кейін австриялық әскер Тосканаға басып кірді.
Италиядағы ұлт - азаттық соғыстың екінші кезеңінің сәтсіздігі Сицилиядағы жағдайға да өз әсерін тигізді. 1849 жылдың 29 наурыз кұні аралда әскери қимылдар қайта өрши бастады. Неаполитандық әскер құрамыСицилия әскер құрамынан екі есеге көп болды. Сәуірдің басында Сицилия әскері бірқатар салмақты сәтсіздіктерге тап болды. Парламент пен Үкіметте басшылық еткен орташа - либералдық буржуазия мен дворяндықтың либералды жіктері қақтығысты тоқтатуды шешті. Билік Палермодан кетеді. 1849 жылдың 11 мамыр күні патшалық әскер Палермоны басып алады.
Римдегі революцияны басуда жэне папаның зайырлы билігін қалпына келтіруде төрт католиктік мемлекетердің араласуы шешуші рольді ойнады. Яғни, Франция, Австрия, Испания және Неаполь мемлекеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz