Электрондық үкіметтің инфрақұрылымына қойылатын талаптар



Әр жылы БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтiк даму департаментi «Электрондық үкiмет туралы» есеп дайындайды. Осы есеп қорытындысы бойынша, жыл сайын Оңтүстiк Корея, АҚШ, Дания, Ұлыбритания сынды көшбасшылар қатары сақталғанымен, келесi бестiк өзгерiп отырады. UN Global E-Government Survey-дiң 2010 жылғы есебiнде бiр жыл бұрынғы көрсеткiш бойынша Қазақстан 35 тармақты артқа тастап, ағымдағы жылы 50 елдiң қатарына енiп, 192 мүмкiндiк негiзiнде 46-орынға шықты. Бұл – рейтингтiк жетiстiк, халықаралық сарапшылардың бағасы.
Ресейдiң өте «амбициозды» жоспары
On-line қызметiнiң дамуы бойынша Қазақстан ағымдағы жы¬лы 24-орынды, «e-participation» көрсеткiшi бойынша (азамат¬тардың мемлекеттiк жобаларға қатысуы) –18-орынды (осыдан екi жыл бұрын – 106-орын) иемденiп отыр. Сөйтiп, елiмiз Белорус¬сияны – 64, Украинаны – 54 және Ресейдi – 59-позиция бойынша артқа тастаған.
Қазақстан әр жыл сайын алға iлгерлеп келедi. Ал, Ресей БҰҰ мамандары ұсынған ақпаратқа орай, 2005 жылы – 56, 2007 жылы – 92, 2008 жылы – 72-орында болған. «Электрондық Ресей» мақсатты бағдарламасы шеңберiндегi ресми мәтiнде электрондық үкiмет туралы айқын көрсетiлмесе де, «виртуалдау» әрекетiн Ресей 2002 жылдан бастап қолға алған. Бiрақ, 2010 жылға дейiнгi кезеңдегi тұжырымдаманы қалыптастыру 2007 жылғы тамыз айында бекiтiлген. Мамандардың айтуынша, онда Ресейдiң федеративтiк құрылымының ерекшелiктерi, үкiмет деңгейiнiң ара қатынасы тиiстi деңгейде ескерiлмеген және бағдарлама шеңберiнде көзделген кейбiр күрделi мақсаттар назардан тыс қалған. РФ президентi Д.Медведев те жүйе құрылымына қатысты сарапшылардың пiкiрмен келiсетiнiн айтты.
– Бұл шараны жүзеге асыру мерзiмi өте амбициозды. Бұған қоса, өзара мүлдем үйлесiмсiз ақпараттық теңсiздiктi дендеу мен кәсiпке сәйкес бiлiктi басқарушы мамандарды дайындау «орындалмайтын арман» жоспары тәрiздi болған,– дедi өз сөзiнде.
Эстонияда 18 минутта компанияны
тiркеуге болады
Эстония – Еуропадағы «электронды үкiметтi» дамыту бойынша алдыңғы қатардағы елдiң бiрi. Ол бұл салада әлемдегi прогрессивтi 20 елдiң қатарына енедi. Эстонияда «электрондық үкiметтiң» дамуына негiз болған – электрон¬дық шенеунiк жүйесi. Оның маңыздылығы, егер дерек басқа мемлекеттiк мекемеде бар болса, азаматтардан оны та¬лап етпей, тек өзара дерек алмасумен шектеледi. Соны¬мен қатар, Парламентте электрондық әр құжат айлап талқыланбайды, яғни бұл үдерiс жеделдетiлген.
2001 жылы Эстония үкiметi «Бүгiн мен шешемiн: ак¬тивтi Gov2.0» жоба порталын iске қосты. Онда респуб¬лика¬ның кез келген азаматы мемлекеттi басқаруға қаты¬насуға мүмкiндiк алды. Сондай-ақ, Интернет арқылы сай¬лауға қатысу мүмкiндiгi қарас¬тырылған, бiрыңғай электрондық Id де алуға болады. Электронды басқару ака¬демиясының өкiлдерiнiң сөзiне құлақ ассақ, эсто¬ниялық жүйе өзiндiк ерекше бағытты ұстанады.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Электрондық үкіметтің инфрақұрылымына қойылатын талаптар

Әр жылы БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтiк даму департаментi
Электрондық үкiмет туралы есеп дайындайды. Осы есеп қорытындысы бойынша,
жыл сайын Оңтүстiк Корея, АҚШ, Дания, Ұлыбритания сынды көшбасшылар қатары
сақталғанымен, келесi бестiк өзгерiп отырады. UN Global E-Government Survey-
дiң 2010 жылғы есебiнде бiр жыл бұрынғы көрсеткiш бойынша Қазақстан 35
тармақты артқа тастап, ағымдағы жылы 50 елдiң қатарына енiп, 192 мүмкiндiк
негiзiнде 46-орынға шықты. Бұл – рейтингтiк жетiстiк, халықаралық
сарапшылардың бағасы.
Ресейдiң өте амбициозды жоспары
On-line қызметiнiң дамуы бойынша Қа зақстан ағымдағы жылы 24-орынды, e-
participation көрсеткiшi бойынша ( азаматтардың мемлекеттiк жобаларға  қатысу
ы) –18-орынды (осыдан екi жыл бұрын – 106-орын) иемденiп отыр. Сөйтiп,
елiмiз Белоруссияны – 64, Украинаны – 54 және Ресейдi – 59-позиция бойынша
артқа тастаған.
Қазақстан әр жыл сайын алға iлгерлеп келедi. Ал, Ресей БҰҰ мамандары
ұсынған ақпаратқа орай, 2005 жылы – 56, 2007 жылы – 92, 2008 жылы – 72-
орында болған. Электрондық  Ресей мақсатты бағдарламасы шеңберiндегi
ресми мәтiнде электрондық үкiмет туралы айқын көрсетiлмесе де,
виртуалдау   әрекетiн  Ресей 2002 жылдан бастап қолға алған. Бiрақ, 2010
жылға дейiнгi кезеңдегi тұжырымдаманы қалыптастыру  2007  жылғы тамыз
айында бекiтiлген. Мамандардың айтуынша, онда Ресейдiң федеративтiк
құрылымының ерекшелiктерi, үкiмет деңгейiнiң ара қатынасы  тиiстi деңгейде
ескерiлмеген және бағдарлама шеңберiнде көзделген кейбiр күрделi мақсаттар
назардан тыс қалған. РФ президентi Д.Медведев те жүйе құрылымына қатысты
сарапшылардың пiкiрмен келiсетiнiн айтты.
– Бұл шараны жүзеге асыру мерзiмi өте амбициозды.  Бұған қоса, өзара мүлдем
үйлесiмсiз ақпараттық теңсiздiктi дендеу мен кәсiпке сәйкес бiлiктi
басқарушы мамандарды дайындау орындалмайтын арман жоспары тәрiздi
болған,– дедi өз сөзiнде.
Эстонияда 18 минутта компанияны
тiркеуге болады
Эстония – Еуропадағы  электронды үкiметтi  дамыту бойынша алдыңғы
қатардағы елдiң бiрi. Ол бұл салада әлемдегi прогрессивтi 20 елдiң қатарына
енедi. Эстонияда электрондық үкiметтiң  дамуына негiз болған –
электрондық шенеунiк жүйесi. Оның маңыздылығы, егер дерек басқа мемлекеттiк
мекемеде бар болса, азаматтардан  оны талап етпей, тек өзара дерек
алмасумен шектеледi.  Сонымен қатар, Парламентте электрондық әр құжат 
айлап талқыланбайды, яғни бұл үдерiс  жеделдетiлген.
2001 жылы Эстония үкiметi Бүгiн мен шешемiн: активтi Gov2.0 жоба
порталын  iске қосты. Онда республиканың кез келген азаматы мемлекеттi
басқаруға қатынасуға мүмкiндiк алды.  Сондай-ақ, Интернет арқылы сайлауға
қатысу мүмкiндiгi қарастырылған, бiрыңғай электрондық Id де алуға болады.
Электронды басқару академиясының өкiлдерiнiң сөзiне құлақ ассақ, эстониялық
жүйе өзiндiк ерекше бағытты ұстанады.
– Электрондық үкiмет Эстонияда мынадай үрдiспен құрылған: алдымен
адамдар, кейiн мемлекеттiк қызмет, сосын технология. Яғни, алдымен
азаматтарды оқытты және желiнi қолдану әдiсiн енгiздi, – дейдi олар.
Сондай-ақ есте қаларлығы, Эстонияда қызметтiң 90 пайызы кәсiпкерлiктi
дамытуға негiзделген.  Оn-line жүйесiнде 18 минуттың iшiнде компанияны
тiркеуге болады. Ал, 20-25 минут лицензия мен сертификатты алуға
жұмсалады.  Яғни, бақылаушы орган өкiлдерiмен тiкелей  қарым-қатынас жасау
уақыты мүмкiндiгiнше қысқартылған. Академияның директоры Ивар Талло
Қазақстанда тақырыптық конференцияда сөйлеген сөзiнде, Эстонияның  бүгiнгi
күнге дейiнгi жеткен жетiстiктерiне қарап, елде орнаған жүйе болашағынан
үмiт күтуге болатынын айтты. Эстония 90-жылдардағы халық төмен деңгейде
ақпараттандырылған кездiң өзiнде өз бағдарламаларын бастап, 15 жылдың
iшiнде үлкен серпiлiс жасады. Дегенмен, олар өз бағдарламасын бастағанда 30
миллион  тұрғыны бар мемлекет азаматтарының жартысы сауатсыз болған екен.
Интернетке қосылу мүмкiндiгi де шамалы болыпты.
Сарапшылардың айтуынша, электрондық үкiмет бойынша нәтижелi
тәжiрибелер Азия елдерiнде, оның iшiнде Малайзия, Тайвань, Сингапур және
Оңтүстiк Кореяда енгiзiлдi.
Оңтүстiк Корея алғаш рет электрондық кедендiк қызмет арқылы 2,5 млрд.
доллар үнемдеген
БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтiк даму департаментi қызметкерлерiнiң
айтуынша, Оңтүстiк Кореяда әлемдегi электрондық  үкiметтiң тамаша жүйесi
қалыптасқан. Олардың пайымдауынша, республиканың үкiметтiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшек тауар айналымы
Бұқаралық ақпарат
Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі
Еуразиялық экономикалық одақ
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Нормативтік еңбек сыйымдылығын есептеу
Елдің мемлекеттік құрылымы мен ұлттық процестердің өзара байланысы туралы ашып көрсету
Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы мен құрылымы
Ақпараттық технологияларды ақпараттандыру
Пәндер