Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
1 КІРІСПЕ
2 Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
3 Кәсіби білім беруде электронды оқулықтар құрастырудың қызметтік.модульдік технологиясы.
4 Қашықтықтан оқытуды іске асырудың педагогикалық технологиясы
5 Электронды әдістемелік жүйесін құру технологиясы
6 Электронды кәсіби бағдар беру жүйесін
құру технологиясы
7 Білім беруді мемлекетті дамытудың
8 Ұлттық стратегиялық курсы ретінде
Ақпараттандыру
9 Әлемдік және отандық іс.тәжірибеде білім беруді ақпараттандыруды дамыту үрдісі

Болашақ мамандардың заманауй ақпараттық мәдениетін қалыптастыру маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндет болып табылады, оны іске асыру деңгейі оның жаңа технологиялар құруға және мемлекетіміздің экономикасын, ғылымы мен мәдениетін жамытудың жаңаша жолдарын анықтауға дайын екендігіне байланысты болады.
Ашық ақпараттық қоғамды, басқа елдермен саяси және экономикалық интеграция қалыптастырудың заңдылықтары барысында білім беруді ақпараттандыру негізінен оқушылардың ақыл-ой деңгейімен, олардың жаңа білімді меңгеріп, оны өнімге айналдырып және қолдануымен анықталады.
Қазақтан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты ғылым мен білімнің, өндірістің сұранысы деңгейіне толық жауап беруге қабілетті жетік ақпаратты индустрияға бағытталған айрықша тарихи таңдаумен сипатталады. Заманауй өндірістік күштер жүйесінде ақпарат пен ақпараттық технология дамудың ең қарқынды ықпалы ретінде дербес мағынаға ие. Кең көлемде ақпарат жинақтау барысы мен компьютерлік техниканы дамытудың, оны даярлау, сақтау және берудің қарқынды екпініне байланысты қоғамды ақпараттандыру процесі материалдық, энергетикалық және басқа ресурстарға қарағанда дамудың маңызды факторы болып қалыптасады. Ғылми әдебиеттерде ақпараттандыруды дамудың ұлттық стратегиялық ресурсы ретінде анықталады, ол мемлекеттің әлеуметтік және мәдени дамуымен қатар оның әлемдік даму процесіндегі алатын орнын сипаттайды.
1997 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың № 3645 Ұйғарымымен Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 10 мамырда № 616 Қаулысымен Бастауыш және орташа кәсіби білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы бекітілді. 2001 жылы «Интернет-мектептерінің» ведомствоаралық бағдарламасы бекітілді. Осы жылы кәсіби мектептер мен колледждерге арналған Бастауыш және орташа кәсіби білім беретін оқу орындарын ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік деңгейде білім берудің барлық жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, оны ендіру іс-шараларының бағдарламасы мен жоспары бекітілді. Сонымен тиімді мөлшерлеуші-реттеуші орта құрылды және ол білім беруді ақпараттандыру процесін кеңінен дамытуға көмектесті.
Жоғарыда келтірілген құжаттарда білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары анықталған:
• білім беру ұйымдарын компьютерлендіру, мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;
• білім беру мекемелерін Ғаламтор (Интернет) желісіне қосу және республикалық ақпараттық және ғылми білім беру порталын құру;
• ақпараттық оқыту ресурстарын құру, заманауй ақпараттық байланыс және нысандық-бағдарлау технологиялары негізінде отандық бағдарламалық құралдарды әзірлеу;
• білім беру ақпаратын барлық білім беру процесі субьектілерінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту;
• ұлттық оқу теледидарын құру және мектептің теледидарлық техникалық орталықтары желісін дамыту;
• білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қашықтықтан оқыту түрін ендіру;
• оқу-тәрбие жұмысында жаңа ақпараттық-байланыс технологиясын пайдалану бойынша мамандарды дайындау және қайта даярлау;
• білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін дайындау және ендіру (ББАЖ);

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Болашақ мамандардың заманауй ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндет болып табылады, оны іске асыру
деңгейі оның жаңа технологиялар құруға және мемлекетіміздің экономикасын,
ғылымы мен мәдениетін жамытудың жаңаша жолдарын анықтауға дайын екендігіне
байланысты болады.
Ашық ақпараттық қоғамды, басқа елдермен саяси және экономикалық
интеграция қалыптастырудың заңдылықтары барысында білім беруді
ақпараттандыру негізінен оқушылардың ақыл-ой деңгейімен, олардың жаңа
білімді меңгеріп, оны өнімге айналдырып және қолдануымен анықталады.
Қазақтан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты
ғылым мен білімнің, өндірістің сұранысы деңгейіне толық жауап беруге
қабілетті жетік ақпаратты индустрияға бағытталған айрықша тарихи таңдаумен
сипатталады. Заманауй өндірістік күштер жүйесінде ақпарат пен ақпараттық
технология дамудың ең қарқынды ықпалы ретінде дербес мағынаға ие. Кең
көлемде ақпарат жинақтау барысы мен компьютерлік техниканы дамытудың, оны
даярлау, сақтау және берудің қарқынды екпініне байланысты қоғамды
ақпараттандыру процесі материалдық, энергетикалық және басқа ресурстарға
қарағанда дамудың маңызды факторы болып қалыптасады. Ғылми әдебиеттерде
ақпараттандыруды дамудың ұлттық стратегиялық ресурсы ретінде анықталады,
ол мемлекеттің әлеуметтік және мәдени дамуымен қатар оның әлемдік даму
процесіндегі алатын орнын сипаттайды.
1997 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың № 3645 Ұйғарымымен Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 2001 жылы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 10 мамырда № 616 Қаулысымен Бастауыш
және орташа кәсіби білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы
бекітілді. 2001 жылы Интернет-мектептерінің ведомствоаралық
бағдарламасы бекітілді. Осы жылы кәсіби мектептер мен колледждерге
арналған Бастауыш және орташа кәсіби білім беретін оқу орындарын
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мемлекеттік деңгейде
білім берудің барлық жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, оны ендіру іс-
шараларының бағдарламасы мен жоспары бекітілді. Сонымен тиімді мөлшерлеуші-
реттеуші орта құрылды және ол білім беруді ақпараттандыру процесін кеңінен
дамытуға көмектесті.
Жоғарыда келтірілген құжаттарда білім беруді ақпараттандырудың
негізгі бағыттары анықталған:
• білім беру ұйымдарын компьютерлендіру, мектептерді компьютерлік
техникамен қамтамасыз ету;
• білім беру мекемелерін Ғаламтор (Интернет) желісіне қосу және
республикалық ақпараттық және ғылми білім беру порталын құру;
• ақпараттық оқыту ресурстарын құру, заманауй ақпараттық байланыс және
нысандық-бағдарлау технологиялары негізінде отандық бағдарламалық
құралдарды әзірлеу;
• білім беру ақпаратын барлық білім беру процесі субьектілерінің қол
жеткізуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту;
• ұлттық оқу теледидарын құру және мектептің теледидарлық техникалық
орталықтары желісін дамыту;
• білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қашықтықтан оқыту түрін
ендіру;
• оқу-тәрбие жұмысында жаңа ақпараттық-байланыс технологиясын
пайдалану бойынша мамандарды дайындау және қайта даярлау;
• білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін дайындау және ендіру
(ББАЖ);
Сонымен, білім беруді ақпараттандыру, оны ендірудің сапасы мен
тиімділігі шешуші деңгейде мемлекеттің саясатына, философиялық ойлау
тұрғысынан білім берудің ашық ақпараттық қоғам жағдайындағы маңызына және
педагогикалық теория мен білім беру іс-тәжірибесінің даму деңгейіне
байланысты.
Заманауй қоғамның тарихи-әлеуметтік және ғылми-техникалық даму үлгісін
философиялық тұрғыдан сараптау компьютерлік-ақпараттық революцияның кең
қамтыған көлеміндегі жүргізілген жан-жақты өзгерістердің мәнін ашуға, оның
ауқымы мен тереңдігіне, ашық ақпараттық қоғамның мүмкін болатын шабуылына
байланысты. Компьютерлік-ақпараттық революция кезеңінде ақыл-ой әрекеті
компьютермен және заманауй байланыс құралдарымен тығыз байланысты. Қоғамдық
өндірістің шешуші күші ғылым болып табылады, ол ақпараттық технология
арқылы өндірістік күштердің сапалы қайта қалыптасуына және өндірістік қарым-
қатынасқа ықпал етеді. Заманауй технологияны белгілі бір елде пайдалану мен
дамыту деңгейі тек материалдық қормен ғана емес, сонымен бірге негізінен
қоғамның ақыл-ой дамуының деңгейімен, оның өндіру, жаңа білімді меңгеріп,
қолдану қабілетімен анықталады. Осының барлығы еліміздегі білім берудің
даму деңгейімен және білім беруді ақпараттандыру мәселесімен тығыз
байланысты.
Ақпараттандыру білім беруді реформалаудың негізгі механизмі болды.
Ақпараттандыру жағдайында барлығы түбегейлі өзгеріске ұшырайды:
педагогтардың қызметі мен әрекеті, білім беру ісіндегі тұлғалардың өзара
қарым-қатынас сипаты, оқушылардың таным әрекетінің әдістері және олардың
өзіндік жұмыстарының, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, басқару әдістері мен
түрлерінің сипаты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагогика ғылымы өз дамуындағы
жаңа өзгерістерді бастан өткереді. Педагог ғалымдардың бар күші білім
беруді ақпараттандыру ісінің мәнін түсінуге, заманауй ақпараттық-байланыс
технологияларын меңгерудегі білім беру ісі тұлғаларының әрекетін белсендіру
жолдарын іздеуге, білім берудің барлық деңгейінде Информатика пәнінің
мазмұнын негіздеуге, студенттер мен оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға, өзіндік білім беруде Интернет мүмкіндіктерін пайдалануға
бағытталған.
Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасын іске асыруда ақпараттық
курстарды қалыптастыру шешуші роль атқарады. Бұл белгілі әдістемелік
амалдар мен ғылми негізделген технологиялар арқылы сұранысқа ие
педагогикалық өнімді даярлаудың мақсатты процесі.
Бұл монографияда біз ақпараттық ресурстар құрудың негізгі ғылми-
педагогикалық технологиялары келтірілген.
Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
жүргізілген теориялық зерттеулер нәтижесі болып табылады. Технология оқыту
ісінің заңдылықтары есебінен оқулықтың теориясы негізінде әзірленді.
Электронды оқулық дегеніміз процестік, модульдік, интерактивтік және
мультимедиялығымен сипатталатын ақпараттық оқытушы орта екені дәлелденді
және ол сарындық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық, бағалау-нәтижелілік
тәрізді төрт құрамдас бөліктен құралады.
Сарындық-мақсаттық құрамдас бөлігі оқыту ісін ұйымдастырудың өзіндік
қызметтік түйіні болып табылатын пән саласындағы локальдық, жүйелік және
қызметтік білімдердің жиыны ретінде модульді құрастыру арқылы атқарылады.
Мазмұндық құрамдас бөлігі педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған білім
қоры мен білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес міндетті деңгейге
бағытталған көлемді мәтінді білдіреді. Алайда көлемді мәтін сонымен бірге
ақпараттық-анықтамалық сипатта да болады, ол тұтынушыға зерттеу пәнін
авторлық тұрғыдан көруге сәйкес мемстандартта белгіленгендегіден едәуір көп
ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мәтіндердің қазақ, орыс
және ағылшын тілдерінде сөйлеуін ұсынады.
Электронды оқулықтардың операциялық құрамдас бөлігі интерактивті
тәртіппен түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құрылған. Бұл құрамдас
бөлікті іске асыру оқыту әдістері мен қашықтықтан оқыту әдісінің
педагогикалық мәселелерін әзірлеуге байланысты.
Электронды оқулықтардың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігі компьтерлік
тестілеу жағдайында іске асырылады. Аталған құрамдас бөліктің педагогикалық
маңызы оқушылардың тек оң өзіндік бағасын қалыптастыруға құрылады.
Технология қалыптасқан деп есептеледі, себебі ол технологияның негізгі
өлшемдеріне сәйкес келеді: өзгермелі жағдайда тапсырылған нәтижені көрсете
білу қабілеті.
Аталған технологияға сәйкес барлық білім беру деңгейлері үшін 93
электронды оқулық әзірленді.
Жалпы орта білім беру пәндері бойынша 31 электронды оқулық бар, оның
ішінде 18 – гуманитарлық пәндер айналымы бойынша, 3 – жаратылыстану
пәндері айналымы бойынша, 10 – физика-математикалық пәндер айналымы
бойынша.
Мектептегі элетронды оқулықтарды іске асыру көлемі.
5 электронды оқулық бойынша (қазақ тілі, химия, география, Қазақстан
тарихы, биология) Қазақстан Республикасындағы барлық 8000 мектепте
оқытылады. Келесі 17 электронды оқулық бойынша республикадағы 8 облыстың
1500-ден аса мектебінің оқушылары оқиды, оның ішінде, Алматы қ., Батыс
Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Оңтүстік
Қазақстан облыстары бар.
Электронды оқулықтарды пайдалану нәтижесі.
Электронды оқулықтардың әлеуметтік-педагогикалық маңызы өзіндік жеке
жұмысты күшейту негізінде үлгерім сапасын жақсартуға жақсы ықпал ететінімен
көрінеді.
Аталған сөзіміз дәлелді болуы үшін Шығыс Қазақстан облысы Боран
ауылындағы Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың экспериментальдық ауыл мектеп-
гимназиясының жұмыс нәтижесін айтуға болады. Бұл мектепте электронды
оқулықтар 1998 жылдан бастап оқу-тәрбие жұмысына ендірілген. Осының
нәтижесінде қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша 2001 жылы 25
талапкердің 19-ы гранттар мен кредиттер бойынша жоо-на қабылданды. 2002
жылы 38 талапкердің 25-і оқуға қабылданды. Алматыдағы № 73 экспериментальды
гимназияда оқушылар 2000 жылдан бастап электронды оқулықтармен оқиды,
гранттар мен кредиттерге түскендердің саны 26,7%-ды құрайды.
Кәсіби білім беруде электронды оқулықтар құрастырудың қызметтік-
модульдік технологиясы.
Кәсіби білім берудің электронды оқулықтарының төрт бөлікті құрылымы
бар: модуль, көлемді мәтін, интерактивті тапсырмалар мен тестілеуші.
Кәсіби білім берудің арнайы пәндері бойынша электронды оқулықтарды
құрастырудың ерекшеліктері кәсіби қызметін қызметтік талдау мен өнімді
дайындаудың технологиялық процесіне бағытталуымен сипатталады.
Кәсіби білім беру бойынша электронды оқулықтар кәсіби айналымның екі
пәнінен колледждің оқу барысына ендірілген: 2002002 Мұнай және газ
орындарын пайдалану мамандығы: Геология, Мұнай-газ және мұнай өндіру
геологиясы; 450000 Ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы
мамандығы: Көлік пайдаланау.
Жоо-да студенттер 59 электронды оқулық бойынша дайындалады.
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Мұнай және
газ орындарын зерттеу және пайдалану мамандығы бойынша мемстандартқа
сәйкес барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар әзірленген.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері
университетінде барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарының негізін құрайтын
ағылшын тілінде оқытатын барлық теориялық курстарда электронды оқулықтар
дайындалды.
Электронды оқулықтарды оқу барысына ендірумен қатар жүргізілген
зерттеулер нәтижесі студенттердің басым бөлігінде оқуға деген
қызығушылығының артқанын, сол арқылы үлгерімнің жақсарғанын көрсетті. Яғни
студенттердің қабылдауы қиын және сол себепті .лгерімі төмен деп есептейтін
ағылшын тілінің теориялық граматикасы оқытушылары электронды оқулық пен
модульдік технологияны пайдаланып, жаңа әдістеме бойынша курс сабақтарын
өткеннен кейін студенттердің электрондық оқулықсыз дайындалған кездегісімен
салыстырғанда 80 %-ға үлгерім деңгейінің артқанын ескертті. Жоғары оқу
орындарында электронды оқу залын ашу қажеттігі оған келушілер санын
талдаудан туындады. Егер 2000-2001 оқу жылының басында Абылай хан атындағы
ҚХҚменӘТУ-де ақпараттық технологияға деген қызығушылық 200 студенттен
аспаса, ал осы жылдың қаңтар айында электронды оұу залында 1500-ден аса
студент дайындалатын болды.
Кәсіби білім берудегі электронды оқулықтарды іске асыру көлемі.
Электронды оқулықтар Қостанай, Орал, Қызылорда, Шығыс гуманитарлық,
Жаңаөзен колледждерінің оқу-тәрбие жұмыстарында белсенді пайдаланылады. Осы
аталған колледждердің барлығында электронды оқу залдары ашылған.
Электронды оқулықтарды студенттердің пайдалану географиясы да кең
көлемді қамтыған: ағылшын тілді электронды оқулықтар республиканың барлық
университеттерінде пайдаланылады. Техникалық айналым бойынша электронды
оқулықтар республиканың 80 % жоғары оқу орындарында қолданылады. Абылай хан
атындағы ҚазХҚмен ӘТУ-нің базасында құрылған барлық электронды оқулықтармен
республиканың 50-ге жуық жоо-ры мен колледждері танысты және қазіргі таңда
10-нан аса жоо-да студенттер 47 электронды оқулық бойынша дайындалады.
Қашықтықтан оқытуды іске асырудың педагогикалық технологиясы
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңына қашықтықтан
оқытуды ұйымдастыру түрі ендірілген. Бұл арақашықтығына қарамастан білімдік
пән саласындағы ғалымдармен және жетекші мамандармен ақиқат уақыт
тәртібімен білім беруді атқаруда тұлғалардың өзара қарым-қатынасын
қамтамасыз ететін замамануй ақпараттық-байланыс технологиясын пайдалануға
негізделген жаңа түр.
2002 жылдың 19 тамызында жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан
Республикасы білім беру жүйесінде маңызды жағдай орын алды, яғни
Қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы тұңғыш рет эфирге шықты. Алыстағы
ауыл мектептерінің оқушылары теледидар бойынша күніне эфир уақытының 2
сағатында, аптасына 10 сағат, айына 40 сағат қосымша қашықтықтан оқытуға
мүмкіндік алды.
Педагогикалық технологияға сәйкес қашықтықтан оқытуды іске асырудың
негізгі құралдары оқу фильмдері, электронды оқулықтар мен Интернет-срез
түріндегі құрылған ақпараттар болып табылады. Көрнекті ғалымдар мен іс-
тәжірибешілердің жұмыстары, мұражай, кітапхана, мұрағат қорлары қашықтықтан
оқытуға қатысушылар үшін қолайлы болды. Техникалық алыс оқу орындарында
болашақта сандық қолданбалы теледидар құрылғылары базасында құрылған
біріккен ақпараттық жүйеге біріктіру жоспарланды. Құрылғы құрамында
спутниктік антенна, сандық қабылдағыш және Интернет-карта бар. Кері
байланыс Интернет арқылы қамтамасыз етіледі. Әрбір оқушы арнайы
компьютерлік Прометей бағдарламасы арқылы тіркелген жеке код ала алады.
Бұл оқушыға оқу фильмдері мен электронды оқулықтар авторларынан қосымша
ақпарат пен арнайы тапсырмалар алуға, сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
Оқушыда сұрақ туындаған кезде ол қоғырау шалу жолымен модем арқылы
КАТЕЛКО провайдерімен байланысып, оған сұрақ жіберуі тиіс. Сосын сұрақ
КАТЕЛКО провайдеріне жеткеннен кейін спутниктік арна жұмысын бастайды, ол
сұрақты спутник арқылы HUB КАТЕЛКО-ға жеткізеді. Жауап РЦИО-жауапта
қалыптасып, спутник арқылы спутник арна бойынша модемді басып өтіп, сандық
теледидар қабылдағышы арқылы оқушының компьютеріне келіп түседі. Сонымен
педагогикалық процесс Қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы мен Интернет
ресурстарына асиметриялы қосылу арқылы іске асырылады. Қашықтықтан
оқытудың спутниктік арнасы көрерменге оқу ақпаратын кәдімгі теледидар
арнасының жұмыс тәртібі арқылы жеткізеді, ал оны оқыту мақсатында талқылау
берілген сызба бойынша Интернет ресурстары мен мүмкіндіктеріне асимметриялы
қосылу көмегімен жүргізіледі.
Технологияны ендіру 2001 жылы Батыс Қазақстан,ның үш ауыл мектебі мен
Шығыс Қазақстан облысының үш мектебінде басталды.
Батыста - Тасқала ауданы Каменка елді мекеніндегі Қ.Сәтбаев атындағы
орта мектепте, Теректі ауданы Подстепное елді мекені Үміт ауыл
гимназиясында, Ақжайық ауданы Чапаево елді мекені М.Әуезов атындағы №3 орта
мектебінде.
Шығыста – Боран ауылы Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың мектеп-
гимназиясында, Бесқарағай ауданы Большой Владимирский ауыл мектебі, Күршім
ауылында № 3 қазақ орта мектебі.
Қазіргі кезде бұл жобаға Батыс Қазақстан облысының 68 мектебі, Шығыс
Қазақстанның 55 мектебі, Павлодар облысының 208 мектебі ендірілген.
Батыс Қазақстан облысында 2002 жылы тұңғыш рет қашықтықтан оқыту
орталығы ашылды (ҚОО).
Нәтижелілік технологиясы. Қашықтықтан оқытудың дайындалған технологиясы
мұғалімдер мен оқушыларды қашықтықтан оқыту идеясына жұмылдырады. Ол ауыл
мектебі оқушыларының ақпараттық-байланыс технологиясы мен веб-технологиясы
мүмкіндіктерін меңгеруіне құрылады. Бұл ертең олар жоо студенттері және
маман болған кезде қашықтықтан оқыту барысында базалық немесе қосымша
кәсіби білім алуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар қазіргі таңда күндізгі
оқу қымбат және уақыт өте келе барлығына бірдей қонымды бола бермейді.
Жоғары дамыған елдерде қашықтықтан оқыту түрі ең қолайлы түрлердің бірі
саналады. Қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеру үздіксіз және тұрақты
сипатта білім алатын мамандар үшін де өте маңызды. Бұл педагогтарға да
қатысты. Педагогикалық кадрларды қашықтықтан дайындау мен қайта даярлау
түрін дамыту білімнің пәндік саласы бойынша курстық дайындық сабақтарының
мазмұнын электронды тасымалдаушыларға өткізуді талап етеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясын ендіру нәтижесінде қала мектептерінің
үздік мұғалімдері мен белгілі ғалымдарының алыс ауыл мектептеріне шығуын
қамтамасыз ету мүмкін болды, бұл үлкен маңызға ие болды.
2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты теледидарлық оқу бағдарламаларының
редакторы болды. 10 ғылми профессорлық атағы бар ғылым докторы, 14 ғылым
кандидаттары мен доценттері, 8 Алматы қаласының мұғалімі электронды
оқулықтардың авторы болды.
Электронды әдістемелік жүйесін құру технологиясы
Электронды әдістемелік жүйе – бұл ашық, мобильді, дамушы,
ұйымдастырылған және құрылымдық пәнаралық ақпараттардың технологиялық
базасы, білімнің пән саласында оқытуды ұйымдастырудың жинақталған (ұжымдық)
педагогикалық тәжірибесі, бүтін, мазмұнды, операциялық және дара нәтижелі
құрамдас бөліктерінің бірлігінде интерактивті оқыту процесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz