Шаруашылық ұйым әлеуметтануы


Шаруашылық ұйым әлеуметтануы
М. Вебердің пікірі бойынша, ұйым - жабық немесе ерекше адамдар тобы (әдетте, өкілдік билікке ие басшы, әкімшілік аппарат) реттеп отыратын, сырттан келушілерге шек қойылған әлеуметтік қатынастар жиынтығы. Қазіргі заманғы ұйым әлеуметтануының теоретигі А. Стичкомбтың анықтамасына сәйкес, ұйым «бірқатар өзіндік ерекшелігі бар мақсаттар мен міндеттерге жетуде айқын көрінетін және үздіксіз ұмтылушылығымен саналы түрде қалыптасушы әлеуметтік қатынастардың тұрақты жүйесі». Ал ресейлік зерттеуші А. И. Пригожин ұйымның төмендегідей белгілерін көрсетеді: ұйым әкімшілік және мәдени факторлармен анықталған адамзаттың ерекше қауымдастығын, әлеуметтік ортасын, жекелік емес байланыстар мен нормалардың жүйесін білдіреді. Әлеуметанушы А. В. Дорин: ұйым- ол мақсаттарының ортақтығына, еңбек жағдайы мен мазмұнына негізделген адамдар қауымдастығы, - деп санайды. Адамдар мұндай қауымдастықтарға еңбек іс-әрекеттерін бірге іске асыру үшін бірігеді, өйткені оның жеке-дара әрекетпен салыстырғанда көптеген ұтымды жақтары бар және айтарлықтай пайдалы, тиімді, бәсекеге бейім, тартымды т. б. болып табылады. «Ұйым» деген ұғымның өзі реттелген, тәртіпті дегенді білдіреді.
Сонымен, ұйым дегеніміз- еңбек қызметін бірге іске асыруда ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік қатынастардың жүйесі.
Шаруашылық ұйымның мынадай негізгі белгілері болады:
Монополизмге ұмтылу. Барлық шаруашылық ұйымдар ресурстарды монополияландыруға немесе қандай да бір экономикалық орынды басып алуға ұмтылады және оларға басқа шаруашылық субьектілерді жақындатпауға тырысады.
Тұйықтыққа ұмтылу. Еңбек нарығының бөгде агенттер және капитал үшін шартты түрде жабықтығы, оған мүше болып кіру шаруашылық ұйымның ресурстарын қорғаудың ең сенімді құралы болып қызмет етеді. Оған кірудің қиындығы ұйымға мүше болу, тек ниетіне қарай, ондағы орынды жаулап алуда арнайы күш-жігерсіз мүмкін еместігін білдіреді. Ұйымнан шығудың қиыншылығы, қандай да бір айтарлықтай экономикалық немесе мәртебелік шығындарсыз оны еркін түрде тастап кету мүмкін еместігінен көрінеді.
Иерархия құру. Иерархиялық құрылым сипаты бойынша біркелкі емес орындарды тарату және көлденең түрдегі икемділік 3 негізді іске асырылады: мұрагерлік бойынша, жоғарыдан тағайындау, төменнен ұсыну.
Жеке адамды ұжымдық мүдделерге бағындыруға тырысу. Шаруашылық ұйымдар мүшелері өздерінің ортақ мақсаттарын толықтай бағындыруға тырысып бағады. Онымен қоса, адам мен топтың арасындағы ара қатынасы ол ұйым қатарына қосылмай тұрып-ақ басталып кетеді. Мүше болуға лайық екендігін қолдау жолымен, шәкірттік жарты ақыға жұмыс істеу, берілгендігін паш ету, тәртіптілігі, кәсіби жарамдығы арқылы дәлелдеуге мәжбүр болады. Тек содан кейін ғана ұйым қатарына жібереді.
Марапатты пұрсатқа айналдыру. Ұйымдар өз мүшелерін бағындыра отырып, оның орнына пұрсаттық белгілері бар қандай да бір марапаттауларға қол жеткізулеріне жол ашады.
Жеке адамдар мен топтардың стратификацмясы. Шаруашылық ұйымда өз мүшелерін саптау деген бар. Олардың ішінен келесідей әлеуметтік топтарды көруге болады:
- билігі бар және ұйымда барлық пұрсатқа ие басқарушылар;
- формальды биліктен тыс, бірақ қандай да бір шектеулі пұрсаттраға ие толыққанды атқарушылар;
- қолында не билігі, не пұрсаты жоқ атқарушылар (алдын ала дайындықтан өтетін-шәкірттер, тәжірибеден өтушілер; штаттан тыс жұмысшылар-қосымша жұмыс істейтіндер; маргиналдар-қажетті құжаттарсыз немесе тіркеусіз жұмысқа алынғандар, түрмеде отырып келгендер, мамандығын жоғалтқандар) .
Толыққанды атқарушылар болу үшін 3 негізгі талапқа сай болу керек:
А) ұйымға тұрақты мүше болу (кейде белгілі бір жұмыс тәжірибесі талап етіледі) ;
Ә) тікелей басқарушыға қатысты жеке бағынушылық және айтқанын істеу;
Б) ұжымдық мақсаттар мен құндылықтарға бағыныштылығын көрсету.
Шаруашылық ұйымдардың келесі түрлерін қарастырайық.
Қауым- ішкі тығыз байланыстар арқылы және аумақтық, қандық, туыстық белгілері бойынша біріккен қауымдастық. Оған мыналар тән: формальды түрдегі теңдік (әрбір мүшесі бір шешуші дауысқа ие болуға құқылы) : ортақ меншік, оны әрбір мүшесі пайдалана алады, бірақ ол оның меншігі бола алмайды; шаруашылық ішіндегі көптеген қызметтердің бөлінбестігі; еңбек ету мен өмір сүрудің көптеген жақтарына қатысы бар формальды емес дәстүрлі тәртіпке жалпылама бағыну. Оған дәстүрлі шаруалар қауымы тарихи мысал бола алады.
Корпорация- ол тығыз байланыстан гөрі кәсіби байланысқа көбірек көңіл бөліп құрылған шартты түрдегі жабық ұйым. Ол қауымға қарағанда, көп сатылы және ішкі міндеттердің дәлме-дәл бөлінуі ме қызметтік мақсаттылыққа ие, сонымен қатар ол формальды әкімшілік тәртіпке сүйенеді. Корпоративтік белгілерді ортағасырлывқ кәсіби цехта да, қазіргі заманның соңғы үлгісіндегі баенктен де жеңіл аңғаруға болады.
Қауымдастық- ол өз құқықтары мен жеке меншігін сақтап қала отырып, топтар мен жеке адамдардың шартты түрдегі еркін бейнеде бірігуі. Қауымдастық арнайы міндеттер үшін құрылады және оның әрекеті белгіленген шеңберден шықпайды, жеке адамның жеке өмірі мен еркіндігін аяқ асты қылмайды. Оған мысал ретінде қазіргі кездегі тұтынушылар қоғамын, акционерлік қоғамды алуға болады.
Ұйымдарды олардың өз мүшелерін бағындыру және ішкі бақылауды белгілеу тәсілдеріне қарай бөліп көрсетейік; мәжбүрлеуші, пайдакүнемдік, символикалық.
Мәжбүрлеуші ұйымдар адамға тікелей зорлық-зомбылық көрсетуге немесе зорлық көрсетіп, қорқытуға сүйенеді, оның жоқ болуы бұл жерде марапаттау іне айналады. Пайдакүнемдік ұйымдар өз мүшелерін материалдық мүдде негізінде біріктіреді. Символикалық ұйымдар жалпы моральдан немесе идеологиялық тамырдан өсіп шығатын ынтымақтастыққа қарсы бейнеде болады.
М. Вебер шаруашылық ұйымдардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді. Олар:
- материалдық мүдделермн реттелген «экономикалық» ұйымның өзі;
- «экономикалық белсенді»- экономикалық қызметтерді орындаушы экономикалық емес ұйымдар (мемлекет, шіркеу) ;
- «экономикалық реттеуші»-экономикалық емес әдістермен реттелінетін экономикалық ұйымдар (қауымдар, кәсіби цехтар, гильдиялар) ;
- «ресми тәртіпті бекітуші», экономикалық әрекеттің жағдайларына экономикалық емес бақылауды іске асырушы ұйымдар (құқық қорғау органдары) .
Беделді белгілеу тәсілдері бойынша ұйымдарды бөліп көрсетейік:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz