Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1 ШИ ТОҚУДА ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІ ОРЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұлттық ши тоқу өнері және түстік үйлесімділікті табу мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Ши тоқуда түстік үйлесімділікті орындаудың шығармашылық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 ШИ ТОҚУДА «ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ» КОМПОЗИЦИЯСЫН ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ ОРЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
2.1 Ши тоқу барысында түстер үйлесімділіктерін табудың технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2. «Гүлдер әлемі» тақырыбында ши тоқу композициясын түстік үйлесімділікте орындаудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62


ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы 30-қарашада жасаған Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдарының бірі ретінде білім беру жүйесін дамытуды материалдық-техникалық базаны күшейту арқылы одан әрі жүзеге асыру жолдарын нақты көрсетіп берді[1].
«Қазақстан-2050» Қазақстан Республикасын дамыту стратегиясында елімізде тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін одан әрі қолдау және мүмкіндіктер беру жолдары[2], Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында[3] және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында[4] білім беру жүйесінің басты міндеттері белгіленген.
Елімізде «Мәңгілік ел» доктринасы қоғамымыздағы мәдени даму жолдарын да дамытудың межелерін анықтап берді. Халықтың сан ғасырлық жетістіктерін көрсететін мәдениет құндылықтарын жас ұрпақтың бойында қалыптастыру мәселесі қазіргі кезеңдегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Соған сәйкес, қазақ ұлттық мәдениетіндегі ерекше орынымен сипатталатын сәндік-қолданбалы өнерді дамытудың да алдына қоятын міндеттері көп. Жас ұрпаққа көркемдік білім берудегі ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің берері ұшан теңіз.
Еліміздегі көркемдік білім берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері, әдістемелері туралы Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Амирғазин, Б.А.Алмұхамбетов, Ж.Балкенов, С.А.Аманжолов, Е.С.Асылханов, А.О.Қамақ, Д.Садығалиев, Ұ.Ибрагимов, Б.Е.Оспанов, Р.Мизанбаев, Ж.С.Кенесарина, Т.М.Қожамғұлов т.б. еңбектерінде қарастырылған. Этнопедагогикалық тұрғыдан қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері туралы А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева еңбектерінде қарастырылса, Қ.Ж.Әмірғазин, О.С.Сатқанов, Е.Т.Кісімісов еңбектерінде қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу мәселелері қарастырылған. Сол сияқты С.А.Жолдасбекова, Т.Левченко сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың эстетикалық қызығушылығын арттыру, ал оқушылардың көркемдік талғамын, көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф.Ы.Жұмабекова, Қ.О.Жеделов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Қ.Жарықбаев еңбектерінде қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары кеңінен қарастырылған. Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағыты жас ұрпақтың өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін арттыруға әсер етуімен сипатталады.
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жаңа жаһандық нақты аухуалда: Өсім, реформалар, даму». Астана. Егемен Қазақстан, 30-қараша, 2015.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» -Астана: Казақстан, 2008.
3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2015.
4. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасы президентінің халыққа Жолдауы. 2012.
5. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014 жыл 12 қараша Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения в 2-х т. - М.: Просвещение, 1981.-334с.
6. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық негіздері. Автореф. Дисс. ... ғыл. Докт., Алматы: 1996.- 78 б.
7. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы //Білім, 1994.- 98 б.
8. Гербарт И.Ф. Общая педагогика, выведенная из целей воспитания. - М.: Просвещение, 1954. — 132 с.
9.Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. М.:Уч. пед. изд., 1956. - 370 с.
10. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения.в 2-х т. М.: Гос. уч. пед. изд., 1954. - 480 с.
11. Алтынсарин Ы. Педагогикалық идеялары мен ағартушылық
қызметі. - Алматы: Мектеп, 1969. - 154 б.
12. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. - М.:Педагогика, Т.З. 1983. - 368 с.
13. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Рауан, 1993. - 180 б.
14. Ералин Қ., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. -Алматы. М-талант. -1997. -100 б.
15. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М.: Изд. Полит. литер., 1977. - 304 с.
16. Балкенов Ж. Традиции народного творчества в системе навыков изобразительной деятельности младших школьников: автореф... канд. дисс. пед. наук. -1987. -30 с.
17. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. — М.:Педагогика, 1986. - 240 с.
18. Құдабаева К. Ою-өрнектерді оқу тәрбие үрдісінде пайдалану /Бастауыш мектеп. -2004.- №6. -28 б.
19. Гальперин П.Я. Психология мышления и учение о поэтапном формировании умственных действий. - М.: Просвещение, 1996. — 130 с.
20. Болатбаев Қ.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. -Алматы, Абай атындағы АлМУ, 1996.- 150 б.
21. Ералин Қ. Қазақстан бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -Алматы. -1988
22. Балкенов Ж. Өрнек өнері арқылы болашақ мұғалімдерді көркем шығармашылыққа даярлау (Монография). -Алматы. Ғылым. -2001. -372 б.
23 Герасимов С.А. Система эстетического воспитания школьников. -М., Педагогика. 1983. c264.
24. Ұзақбаева С.А. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. Лекция. Алматы. 1991.
25. Ералин К.Е. Изобразительное искусство Казахстана в системе художественно-профессионалыной подготовки будущих учителей изобразительного искусства и художественного труда: дис. ..докт.пед.наук -М,1992.
26. Болатбаев Қ.К., Әлмухамбетов Б., Айдарова З., Ибрагимов Ұ. Бейнелеу өнері. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. -Алматы. Атамұра. -2000.
27. Кузнецова Л.В. Гармоничное развитие личности младшего школьника. -М., Просвещение. -1988. -224 с.
28. Акышев К.А. Искусство и марфология саков,Алматы, Жалын,1984.
29. Игнатьев Е.И. Психология изобразительной деятельности детей. -М., -1981.
30. Ауелбеков Е.Б. Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру. Түркістан. Тұран. 2008.
31. Хворстов А.С. Декоративно-прикладное искуство в школе. -М: Просвещение, 1981.
32. Ералин Қ. Сәндік өнер және көркемдік танымның негіздері. //Бастауыш мектеп, N5, 1991.
33. Тәжімұратов А. «Шебердің қолы ортақ». Алматы. Қазақстан, 1987.
34. Ғабитов М.Г. «Пейзаж в творчестве художников».В сб. Очерки истории искусства Казахстана- Алматы., Наука, 1987.
35. Құдабаева Қ. Ою-өрнектерді оқу тәрбие үрдісінде пайдалану /Бастауыш мектеп. -2004.- №6. -28 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Турсунова Дилобар Рахматуллаевна

ШИ ТОҚУДА ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ ОРЫНДАУ
ТӘСІЛДЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Түркістан-2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.к., доцент ма
_________________ Е.Ауелбеков
_____ ______________ 2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ШИ ТОҚУДА ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ ОРЫНДАУ
ТӘСІЛДЕРІ

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Орындаған:

ӨКМ-211 тобы студенті
Турсунова Д.Р.

Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., профессор
Ералин Қ.Е.

Түркістан-2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ШИ ТОҚУДА ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІ ОРЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұлттық ши тоқу өнері және түстік үйлесімділікті табу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2 Ши тоқуда түстік үйлесімділікті орындаудың шығармашылық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2 ШИ ТОҚУДА ГҮЛДЕР ӘЛЕМІ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТЕ ОРЫНДАУДЫҢ
ӘДІСТЕРІ

2.1 Ши тоқу барысында түстер үйлесімділіктерін табудың
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .32

2.2. Гүлдер әлемі тақырыбында ши тоқу композициясын түстік үйлесімділікте
орындаудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .60

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..62

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .64

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылы
30-қарашада жасаған Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды
құралдарының бірі ретінде білім беру жүйесін дамытуды материалдық-
техникалық базаны күшейту арқылы одан әрі жүзеге асыру жолдарын нақты
көрсетіп берді[1].
Қазақстан-2050 Қазақстан Республикасын дамыту стратегиясында
елімізде тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін одан әрі
қолдау және мүмкіндіктер беру жолдары[2], Қазақстан Республикасындағы білім
беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында[3]
және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында[4] білім беру
жүйесінің басты міндеттері белгіленген.
Елімізде Мәңгілік ел доктринасы қоғамымыздағы мәдени даму жолдарын
да дамытудың межелерін анықтап берді. Халықтың сан ғасырлық жетістіктерін
көрсететін мәдениет құндылықтарын жас ұрпақтың бойында қалыптастыру
мәселесі қазіргі кезеңдегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Соған
сәйкес, қазақ ұлттық мәдениетіндегі ерекше орынымен сипатталатын сәндік-
қолданбалы өнерді дамытудың да алдына қоятын міндеттері көп. Жас ұрпаққа
көркемдік білім берудегі ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің берері ұшан
теңіз.
Еліміздегі көркемдік білім берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері,
әдістемелері туралы Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Амирғазин, Б.А.Алмұхамбетов,
Ж.Балкенов, С.А.Аманжолов, Е.С.Асылханов, А.О.Қамақ, Д.Садығалиев,
Ұ.Ибрагимов, Б.Е.Оспанов, Р.Мизанбаев, Ж.С.Кенесарина, Т.М.Қожамғұлов т.б.
еңбектерінде қарастырылған. Этнопедагогикалық тұрғыдан қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері туралы
А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева еңбектерінде қарастырылса, Қ.Ж.Әмірғазин,
О.С.Сатқанов, Е.Т.Кісімісов еңбектерінде қазақ сәндік-қолданбалы өнері
негізінде оқушыларды еңбекке баулу мәселелері қарастырылған. Сол сияқты
С.А.Жолдасбекова, Т.Левченко сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың
эстетикалық қызығушылығын арттыру, ал оқушылардың көркемдік талғамын,
көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф.Ы.Жұмабекова, Қ.О.Жеделов және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Қалиев, Ә.Нысанбаев,
Қ.Жарықбаев еңбектерінде қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған
эстетикалық көзқарастары мен талғамдары кеңінен қарастырылған. Көркемдік
білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы
оқытудың басты бағыты жас ұрпақтың өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына,
қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін арттыруға әсер етуімен
сипатталады.

Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Әмірғазин, С.А.Ұзақбаева, А.А.Қалыбекова,
Ұ.Ибрагимов, С.А.Жолдасбекова, Б.А.Әлмұхамбетов, Ұ.М.Әбдіғапбарова,
Ж.Балкенов, А.О.Қамақ, Е.С.Асылханов, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев,
И.С.Сманов, Т.Қ.Мұсалимов, Б.И.Ижанов, Д.А.Кемешов, Қ.О.Жеделов,
М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, Ж.Бейсенбеков, Е.П.Митрофанова,
З.Ш.Айдарова, С.Р.Матаева, Б.А.Айдарбек, Ж.С.Көшенов, Ғ.Қ.Ералина,
Б.Ө.Құрбаналиев еңбектерінде көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді дамыту,
оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру мәселелеріне назар
аударылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мен көркемдік білім берудің
маңыздылығы ашылған.
Г.Сарықұлова, И.Рыбакова, М.Ғабитова, Р.Көпбосынова,
Н.Нұрмұхаммедов, К.Ли, Ш.Тоқтабаева, С.Мұқтарұлы, А.Ниязов, Қ.Е.Ералин,
Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев, Қ.Жеделов, Е.Б.Ауелбеков т.б. еңбектері
ұлттық бейнелеу өнерін зерттеуде көркемдік білім берудің мазмұндық
ерекшеліктерін аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және
иллюстрациялық материалдармен толықтырған.
Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері зерттеу
мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі байқалды. Яғни,
болашақ суретшілерді ши тоқу өнерін үйретуге даярлау әдістемесінің
қажеттілігі мен заманауи ши тоқу өнері әдістемесінің аздығы, ши тоқу
өнердің түрлерін тоқымашы суретшілердің шығармашылық тәжірибесінде кеңінен
қолдану қажеттігі мен ши тоқу өнерін үйрету технологиясының толық болмауы
арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу тақырыбымызды Ши тоқуда Гүлдер
әлемі композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері деп
таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: ұлттық ши тоқу өнерін үйретудің теориялық
негіздерін қарастыру, түстік үйлесімділікте ши дайындаудың технологиясын,
әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеу нысаны: болашақ тоқымашы-суретшілерді ши тоқуға үйрету
барысы.
Зерттеу пәні: болашақ тоқымашы-суретшілерді түстік үйлесімділікте
ши тоқу өнеріне үйрету әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
- Ұлттық ши тоқу өнері және түстік үйлесімділікті табу мәселелерін
қарастыру;
- Ши тоқуда түстік үйлесімділікті орындаудың шығармашылық
ерекшеліктерін анықтау;
- Гүлдер әлемі тақырыбында ши тоқу композициясын түстік
үйлесімділікте орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім
заңы, білім беруді дамыту бағдарламалары мен тұжырымдамалары,
философтардың, психологтардың, педагогтардың, өнертанушылардың еңбектері,
өнертанымдық зерттеулер, суретшілер шығармалары мен сәндік қолөнер
шеберлерінің бұйымдары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің
шығармашылық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбына сәйкес өнер мұражайларындағы
қазақ қолөнер мұраларына, отандық бейнелеу өнері мен сәндік қолданбалы
өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, өнертану бағытындағы
шығармашылық-әдістемелік құралдар мен әдебиеттерге теориялық сараптау
жасау, шығармашылық жұмыстарды бағалау, талдау.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы сәндік өнер
мамандығында оқитын студенттерге білім беру барысында, бейнелеу өнері
мұғалімдерінің, суретші қолөнершілердің біліктілігін жетілдіру
мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, мектептерде
сәндік қолөнерге үйрету бағытындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда
пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Қосымшада зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік және шығармашылық
материалдар ұсынылған.

1 ШИ ТОҚУДА ТҮСТІК ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІ ОРЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұлттық ши тоқу өнері және түстік үйлесімділікті табу мәселелері
Қазақ халқының қол өнерін еліміздің ғалымдары өнер зерттеушілері,
педагогтары Ә.Марғұлан, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ.Әмірғазин,
М.Өмірбекова, У.М.Әбдіғаппарова т.б. зерттеп, оның ерекшеліктерін
көрсеткен. Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау проблемасы
бейнелеу өнерін мектепте оқытумен тығыз байланысты. Бейнелеу өнері және
сызу мамандығының мұғалімдерін дайындаудың жалпы теориялық және
методологиялық негіздері Н.Н.Ростовцев, Д.Н.Кардовский, А.А.Унковский,
В.С.Кузин, Б.Г.Лихачев, Е.Е.Рожкова, Н.Н.Неменский, Б.П.Юсов, Г.В.Беда,
А.С.Хворостов, А.Д.Алехин, Т.Я.Шпикалова, Н.П.Сакулина, Е.В.Шорохов,
А.Е.Терентьев, Б.С.Суздалев, Е.И.Игнатьев т.б. еңбектерінде өзекті
мәселенің негізі болған. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі
қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты
шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Осы қолөнеріміздің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқының тарихына қарасақ, басқа да
халықтардікі сияқты өнері, әдет-ғұрпы, салт-санасы дамыған халық.
Халқымыз мыңдаған жылдар бойы, үздіксіз, тынымсыз еңбектің арқасында
өздеріне мекен-жай, азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақ т.с.с. қажетті
заттарды өте шеберлікпен жасай білді.
Қоғамымыздағы өзгерістер оқу орындары жүйесіне де елеулі жаңалықтар
әкелді. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің,
педагогтардың және әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде
еркіндік берді.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан – 2050 елімізді дамыту стратегиясында және
Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа Жолдауында білімді арттыру
арқылы еліміздің экономикасы мен мәдениетін дамытуға үлес қосуымыз
қажеттілігі айқындала түсті.
Халқымыз мал шаруашылығымен айналысып, оның етін, сүтін азық
қылса, терісі мен жүнінен, мүйізі мен сүйегінен тұрмысына қажетті
жасау-жабдықтар дайындаған баршамызға мәлім. Осы кезге дейін бізге
жетіп келген өрнектер, бұйымдар соның айғағы іспетті.
Қазақ халқының қол өнері туралы тарихшылар, этнографтар,өнертанушылар
бағалы пікірлер айтқан. Қазақ халқының қол өнерінің ерекше бір түрі ши тоқу
өнерінің ерекшеліктері тоқу технологиясы, эргономикасы, тұрмытағы орны
қазңргі жағдайы туралы мәліметтер Ә.Марғұланның Казахское прикладное
искусство, Ш.А.Абдуалиеваның Қазіргі заман талабының тұрмыс мәдениеті,
М.Мұқановтың Жүннен жасалатын бұйымдар, С.Қасимановтың Халық қолөнері,
А.Тәжімұратовтың Шебердің қолы ортақ, Х.Арғынбаевтың Қазақ халқының
қолөнері, Қ.Ж.Амигазиннің Қазақ қолөнері, М.Ш.Өмірбекованың Ою-өрнектің
қолданылуы атты еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен қолданған әдістер
архитектурада кеңінен қолданылып келді. Оны біз осы уақытқа дейінгі
сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың
қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап,
тастан қашаған діңгектер, тастағы тарихи таңбалар-халық өнерінің тамаша
туындылары сазбалшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, мазарлар
салуды қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу
тәсілдері ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам процесінен қалған
айла-тәсілдер. Қолөнер - адамзат игілігі үшін жасалынып, халықтың әл-
ауқатының, мәдениетінің, тұрмыс салтының өсуіне бірден-бір септігін
тигізетіні анық. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтары ме қатар,
аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да
кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем,
алаша, бау-басқұрлар тоқып, арқан –жіп есіп, көннен, илеулі теріден
қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әртүрлі ыдыс аяқ, адалбақан,
бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өздері жасап, түрлі
нақыштармен әшекейлей білген. Қолөнер тігін машинасыз-ақ тек қол еңбегі
мен ғана жасалған. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары
мен жабдықтры талапқа сай әдемілене, әшекейлене түсуде. Жаңа мәнер, ойшыл
ойлар, бейнелі оюлар талғамы өрби түсуде, күннен күнге түрленіп өсуде.
Оны күнделікті өмірде қазіргі қолөнер туындыларынан көріп жүрміз.
Қолөнер ерлерге және әйелдерге тән болып екіге бөлінген. Мысалы,
балшықтан, тастан, сүйек пен мүйізден, темір мен ағаштан бұйымдар жасау
ерлерге тән болған. Кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ тігу, киіз
басу, шілтер тоқу, тері киім тігу т.с.с.жұмыстарды әйелдер игерген. Ал,
тері илеу, ыстау, жүн сабау, киіз басу, ши тарту т.б. жұмыстарды
бірлесіп атқарған. Қазір техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен
кәсіпшілік ательдерінде кілем тоқылып, тігу ісімен кестелеу өнері де
машинамен орындалу тастан қашап, сүйектен оюлап жасалатын бұйымдар да
енді заводтар да, арнайы станоктар да жасалып, көптеп шығарылуда.
Бұдан қолөнеріміз ежелгі маңызын жояды, ендігі жерде онымен
шұғылданудың қажеті жоқ деген ой туындамауы керек. Қайта халық
қолөнерінің бай мұрасын жинап сұрыптай отырып, заманымызға лайықты
сапа, түр беріп, оларды ілгері дамыта беру керек.
Қазақ қолөнерінде тоқыма бұйымдарының алатын орны ерекше. Тоқу
өнерінің түрлері өте көп және ол жан-жақты дамыған өнер. Қазір бұл
өнермен республикамызда 300-ден астам оқушылар мен оқытушылар, ғылым
және өнер саласындағы қызметкерлер айналысып жүр.
Тоқу өнерінің басты түрлері мынадай болып бөлінеді:
1. Түйе, қой жүнінен, ешкінің түбітінен иірілген жіптерден киімнің
түр-түрін тоқып, оны орынды пайдалана білген. Мұндай киімдер өте жылы,
жұмсақ, әрі төзімді және де өрнек салып тоқылған киімдер өте сәнді
көрінеді. Тоқыма киімдерді, бұйымдарды шеберлер ағаштан және сүйектен
ұзындығын он екі, он бес сантиметр, сымнан он бес, жиырма сантиметр
қармақты біз жасап, сонымен тоқыған.Қазақтың халықтық өнерінде қармақ
біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып алған жіліншіктің қыр
сүйегінен егеліп те, тобылғының, аршаның шыбықтарынан жонып
жасалған. Ал, қазір қолмен тоқумен қатар фабрикаларда да жіптер иіріліп,
бұйымдар да арнайы станоктарда тоқылуда.

2. Шілтер, перде, төсек жапқыш, стол жапқыш және т.с.с. бұйымдарды
да қыз-келіншектер шебер тоқи білген. Мұндай жұмыстар ілмекті бізбен
және сыммен тоқылған. Тоқудың негізгі әдісі ілу, орап ілу, төрлеп ілу
өткермелеп ілу, яғни бұл жерде жіптің шалымын, ілмегін санай отырып, әр
алуан өрнек жасап тоқу арқылы орындалды. Мұндай бұйымдар өте көрнекті
көрінген. Қыздар өздерінің жасауларына осылай тоқылған бұйымдардың
бірнеше түрін өздері даярлап қосқан.
3. Дала шөптерін де халқымыз өте шебер қолдана білген. Мысалы,
шиден әр алуан заттар дайындай білген және де орын-орынымен қолданып
отырған. Одан басқа да жөкеден, шыбықтан, қамыстан, шіліктен, қораптар,
шарбақтар, ыдыстар, ықтырмалар, төсеніш бұйымдар тоқыған. Тоқудың
негізгі әдісі өткермелеу, орай-бұрап өткермелеу, кенереге, аралық
шыбықтарға, қадаларға бекіте отырып тоқу, кейде өру әдісін де пайдалана
отырып тоқыған.
4.Әр түрлі жіптерден, талшықтардан түкті және түксіз кілем, алаша,
басқұрлар т.с.с. бұйымдарды арнайы тоқу станогында орындаған. Тоқу
станогын халқымыз өрмек деп атаған. Күрделі техникасыз, кез-келген
жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай тоқылатын өрмектің екі түрі
бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек деп атайды. Бұл өрмекте
кілем сияқты енді заттар тоқылады. Екіншісін жай өрмек деп атайды. Жай
өрмекте шекпен, алаша, қап, қоржын, белбау, басқұр сияқты енсіз
нәрселерді тоқыған. Осы жерде тоқу өнерінің бір-екі түріне тоқталып
өтейік.
Ши тоқу немесе ши орау – бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен
Орта Азия халықтары арасында кең тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен
шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге шейін кеңінен қолданылып
келеді. Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі тоқу өнері тек қана қазақ
халқының өнері деген дұрыс емес, ол қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ,
орыс, украин халықтарының арасындағы қолмен тоқу өнерінің көптеген
түрлері бір-біріне ұқсас болып келеді. Осы елдер арасындағы көршілік
қарымқатынстық ертеден-ақ қалыптаса бастаған. Халықтар арасындағы мұндай
жақындық бір ғана қолөнерінде ғана емес, тіпті ағаш өнерінде, тастан
ойып, қашау, былғары илеу істерінде байқалатындығы белгілі.
Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің
шығу тарихы мен жасалу жолдары халқымыздың мақтанышы болған белгілі
адамдарымыз Ә,Марғұлан, С.Мұқанов, О.Жәнібеков, А.Арғынбаев, С.Қасиманов,
Ұ.Әбдіғаппарованың педагогика ғылымы саласындағы зерттеу еңбектерінде
де көп орын алған.
Сәндік бұйымдарының ішінде ши бұйымдары киіз үйдің құрамдас бір
бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-
аяқ, ошақ басын қоршап қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі
үй шаруашылық мүддесіне, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың
асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін астына төсеуге, соны мен қатар құрт
жаю, тары сүзуге т.б. кеңінен пайдаланылады. Алаша бүктеуге, жинауға, алып-
салуға өте қолайлы мүлік. Алаша ұсталатын орнына қарай енді және
енсіз болып тоқылады. өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40-45
сантиметрден аспайды, сондықтан оның бірнеше кесіндісін біріктіре
құрайды. Алашаның өрнектері шебердің шеберлігіне байланысты. Шебер
мүйіз, өсімдік. Геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектерді
пайдаланады. Алашаны тоқығанда термелеп тоқу әдісі қолданылады, бұл әдіс
өрмек өнерінің ең көп тарағаны және көркем дүниелерді тоқуға ең
қолайлысы болған. Термелеп тоқудың түрлі тәсілімен байланысты әр түрлі
атаулары бар. Олар қайыра теру, кежім теру, орама теру, бір түсті теру,
түктеп теру. Терменің осы аталған түрлері Қазақстанның оңтүстігінде жақсы
дамыған. Сол сияқты бұл өнер Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркімен
республикаларында да айтарлықтай орын алады.Алаша жіптердің бояуына қарай,
тоқылу тәсілінеи қарай бояулы алаша, бояусыз алаша, жіп алаша, өрнекті
алаша, жалаң алаша , екі қабат алаша, жолақ алаша, жүн алаша, мақта
алаша, тақыр алаша, шашақты алаша, қақпа алаша, терме алаша, жол
алашаболып бөлінеді. Кілем тоқылу ерекшелігіне байланысты түкті және тықыр
болып екіге бөлінеді.Олар тоқу әдіс-тәсілдерімен, құрамымен, ою-өрнек
әуендерімен, мазмұнымен және сипатымен танымалы. Түкті бірнеше қабат
жіптерден тұрады. Түкті атауы көне түркі тілінде қалың деген мағынаны
білдіреді. Түкті кілем туралы жинап жүрген деректерге қарасаң ғалы, қалы
деп парсы тілінде аталады. Зерттеуші ғалым О.Жәнібеков қазақ тілінде осы
атаулар кілем бұйымдарымен бірге келген кірме сөз деп дәлелдейді.
Кілем жалпы шығыс жұртының, оның ішінде қазақ халқының көнеден келе
жатқан дәстүрлі қолөнерінің бірі кілем тоқу. Ұлтымыздың қолданбалы
қолөнерінде қазақ елінің дүние танымы, дүниеге көзқарасы, қажырлы
еңбегі айқын көрінеді. Дәстүрлі кілем тоқу өнерінің қазіргі кезеңде
қоғамды бұқарашыландыруда, жастардың ой-өрісінің кеңеюіне, көркемдік
қастерлеуге және өнерге құштарлығын арттыруда өз үлесін қосары
сөзсіз. Кілем – сәнді тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік, бөлме жылылығын
сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында қолданылады. Тықыр кілем бұл қабатты
ою-өрнек әуендері сыртынан да, бетінен де бірдей болып көрінеді.Оны
тіке тұрған өрмек ағашта тоқиды. Тықыр кілем тоқу Қызылорда облысында
кеңінен тараған. Оған түк орамай, өрнек болатын жіпті пайдалана отырып,
жай өрмек әдісімен тоқи берген. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді
өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін
көргендей боласыз. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде
бейнеленгенімен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.
Қазақстан жерінде кездесетін кілемнің түрлері де, атаулары да өте көп.
Мысалы, бұқар кілем, жорл клем, жібек кілем, адай кілем, түкті
кілем, түрікмен кілем т.б. бұлар түкті кілемдер. Қазақстанда терме
өрнегінің тәсілімен тоқылатын кілемдер шаршы кілем, шағын кілем,
тұс кілем, от кілем, оюлы кілем т.б. атаулармен аталады.
Қазақ халқының қолөнері саласындағы ши тоқу, оған боялған түрлі-
түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе
жатқан ұлттық өнер. Қолөнер ісінің басқа түріне қарағанда ши тоқу
әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді. әсем болумен қатар ши
бұйымдары көшіп-қонуға алып жүруге өте қолайлы болады. Сол себептен де
мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып
келеді, қазір де кездестіруге болады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен
сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтарының сапасы артып отыр.ХІХ ғасырдың
аяғында ХХ ғасырдың басында толасссыз дамудың нәтижесінде қолөнердің
түрлері, даму жолында жоғарғы деңгейге көтерілді. Қазақ халқының
шеберлік өнері еңбек барысында туды және тұрмыста тұтынатын заттар
өмірімен, архитектурамен де тығыз байланыста болды. Тарихи жазба
деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, ұсталық, зергерлік,
өрімшілік, көншілік немесе тері илеу кең етек алды. Тігіншілік, етікшілік,
тоқымашылық тағы басқа қолөнер кәсіптері дами берді. Қазақ халқының
бұрынғы және қазіргі сәндік қолданбалы өнерлерінің арасында тікелей,
әрі табиғи байланыс бар. Қазір, бұрынғы шыққан өнер туындылары кәсіби
суретшілердің шығармашылығында қайтадан талданып, сәндік өнердің жаңа
түрлері, олардың әсемдік жағын жүзеге асыру қолға алынып отыр. Әсіресе,
гобелен, кесте, ши, зергерлік бұйымдар жан-жақты даму үстінде.
Әлкей Марғұлан өзінің тарихи зерттеулерінде ши орау қолөнеріне де
көп мәліметтер беріп кетті. Шидің қола дәуірінен бастап тұрмыста
пайдаланған жағдайларын терең ауқымды түрде киіз үйдің ішкі және
сыртқы жабдығы ретінде пайдаланғандығы туралы деректер жинағын
қалдырғандығын өзінің ІІІ томдық қазақ қолөнері туралы еңбегінен
білеміз.ХІХ – ғасырдың аяғында қолөнердің осы түрлері әртүрлі ою-
өрнектермен әшекейленсе, бертін келе әртүрлі сюжетті бейнелермен шебер
жасалынуда. Қолөнер қарапайым еңбек құралдары жабдығының көмегімен
шикізаттардан әртүрлі дайын бұйымдар жасайтын ұсақ қол өндірісі
Қазақстанда қолөнер үй кәсібі түрінде дамыды.
Елімізде қазіргі қолөнер саласында болып жатқан өзгерістер,
біздің елге көптеген жетістіктер әкелетіндігіне күмәніміз жоқ деген
тұжырымды айтқызады. Сонымен бірге қолданбалы қолөнермен айналысатын
кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары саласында жұмыс істейтін кәсіптік
бағдар орталықтары тәжірибесін қолдану жан-жақты ойластырылуда. Олар
еліміздегі мемлекеттік кәсіпке бағдарлау қызметінің ғылыми-әдістемелік
негізі болуға тиіс. Жұмысты жүргізетін кадрлар даярлаудың маңызы ерекше
зор. Кәсіпке бағдарлаудың теориялық, ұйымдық-әдістемелік мәселелерін
жақсы білетін мамандар ғана бұл жұмыстың мемлекеттік жүйесін сапалық
жаңа сатыға көтере алады.
Қазіргі қолөнердің дамуын қолдай отырып: ”Тарих толқынында” атты өз
басылымында еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: ”Қазақ
мәдениетінің ұшан-теңіз кіріктірушілік әлеументі сол қазақ мәдениетінің
өзі ашық сипатта ғана болғанда ғана, оны құрылымының байлығы молығып
уақыт талабына қабілеті сай келгенде ғана іске асады”. Бұл сол орасан
зор ғалам. Бұл ғаламға жақындасу біздің халқымыздың мәдениетін
түсінуге мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде Қазақстанда сәндік өнердің
барлық түрі бірдей дамып отырған жоқ, тек кейбіреулері ғана
көрмелерден орын алып, нарықтық жағдайда көпшіліктің сұранысына ие
болып отыр.
Қазақ халқының ши тоқу өзіндік технологиясы болған. Қазақтың
қолданбалы қолөнерінің бірі ши тоқу өнері деп жоғарыда айтып өттік.
Ши тоқу өнерімен айналысатын әже-аналарымыз, қыз-келіндеріміз осы
шиден-ақ тұрмыс-тіршілігіне қажетті көптеген бұйымдарды әдемі де
көрнекті етіп өздері-ақ жасай білген. Шиден бұйымдарды тоқу үшін
алдымен шиді даярлап алған. Шиді тартып жинауға ауылдың қыз-
келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын
дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасып барған. Қазақтың “Ши тарту биі”,
“Ши шымылдық” дейтін ұлттық ойындары осыдан қалған болу керек.
Тоқылатын шиді жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде, мал аяғы
баспаған жерлерден тартқан. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан
кейінгі шық кетпей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш
келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңке жерде
кептіреді де, іске жаратады.Шиді өрнектеп тоқу үшін, шиді жобалық
нобайдағы суреттегі берілген өлшем бойынша, өлшеп өткір пышақпен
тегістеп кесіп алды. Осылайша дайын болған шиді тоқуға пайдаланады.
Ши тоқу технологиясына келетін болсақ, оның тамыры тереңде жатқандығы
байқалады. Қазақ халқының өрнекті өнерінің бірі - шиді жүнмен орап және
оны өрнектеп тоқу ісі. Ши тоқу өнері де басқа қолөнер түрлері сияқты,
түрлі өрнектермен безендіру әдісі арқылы тоқылады. Әдемі өрнектермен
өрнектеліп тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына
ыдыс-аяқ тұрған жаққа тұтуға, үлкен үйлердің ішін бөлмелеп далда жасауға
өте ыңғайлы болған.
Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден
тоқылған. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі. Ақ
ши, ораулы ши, шым ши. Қазақ арасында осы түрлерінің әрқайсысы орын-
орнымен қолданылған.
Қазақ халқының ши тоқу технологиясында шикізатты дайындау, оны
тиімді пайдалану жолдары, әдістері мен тәсілдері болған. Ши тоқу өнерінде
шикізатты дайындау және оны тиімді пайдалану мәні өте зор. Ши тоқу үшін,
қабығынан тазартылған шидің жуандығы мен ұзындығы біркелкі шилер
таңдап алынады. Шеберлер өрнекті ши, шым ши, ораулы ши, ақ шилерді
шикізаттарды тиімді пайдалана отырып тоқып, өз қажеттеріне жаратқан.
Қазақ қолөнері саласында ерекше орын алатын шикізат-жүн.
Қой жүнінің сан түрлі сорттары мен тайталаса жыллығы жағынан тең
түсетін ал мықтылығы жағынан тең түсетін ал мықтылығы жағынан басым
тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті бүгінгі күні тұтынушысына өз
бағасын таныта түсіп отыр. Алуан түрлі ою-өрнектер, оюланып немесе сырылып
жасалған текемет, сырмақ, кілем, алаша, шым шми т.б. жүннен жасалатын
бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сай келіп тұруы керек. әрі әсем,
әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін шикізаттардың яғни, жүнмен шидің
сапасы ерекше орын алады.
Дипломдық жұмысымызда ши орау барысында осындай шикізатты қолдану
жүргізілді. Жүнді қолдану үшін алдымен өңдеуден басталады. Шиге түсетін
әскез бойынша жүннің табиғи түсін және жүнді әртүрлі түске бояп
тоқуға қолдану жүзеге асырылды.
Сапалы бұйым шығуы үшін шеберлеріміз жүнге бірнеше талаптар қоя
отырып, оны өңдеген.
1. Жүн біркелкі, шебер иірілуі керек.жүн таза қырқылып, рет-ретімен
дұрыс сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа сай таза болып,
жүнге қоқым араласпауы, маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі керек.
2. Қойдың жабағы жүні көтеріліп қырқуға ыңғайлы келеді, арық
малдың жүні керісінше сабалақтанып өскін жүндері жетілмей, жабағы
көтерілмей қалады. Жүн сапасын сөз еткенде осыған ерекше көңіл бөлген
жөн. Ал осы тұрғыда мамандардың айтуынша, жүн сапасы малдың күтіміне
байланысты.
Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту
мүмкін емес. Сондықтан да малдың күтіміне, азық құрамына, уақытылы
суарылып, өрістетілуіне көңіл бөлгені жөн.
Жүннің сапасы оның табиғи түсі мен жылтырлығы. Одан жасалатын
бұйымдардың сәнді болуымен тұтынушы қауымның көңілінен шығуы үшін өте
қажет. Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымында дәлелденген
тиімді әрі денсаулыққа пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны
ғалымдар былай деп тұжырымдайды:
-жүн жылуды жақсы сақтайды
-жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді
-жүн бояуды жақсы алады және оңбайды
- жүннің салмағы жеңіл
-жүн күн көзінің ультра күлгін сәулесін жақсы өткізеді.
Шикізат сапасы - төзімді де, әсем бұйым кепілі.

Тулақ - бұл мал терісінен иленіп жасалған, жүн сабауға арналған
төсеніш. Жүн сабайтын орын кең, күн көзі түсіп тұратын аула іші болуы
керек. Сабалатын жүн 2-3 сағат күн көзінде жатып көпсуі керек.
Сабайтын жүнді сапасына қарап рет-ретімен сабайды. Жүннің сапасына
қарай сабау процессі белгілі бір уақытқа созылады. Жүн үлбіреп
көпсігенше сабайды. Сабаудан соң жүнді іріктеп тазалап, тарақтармен
тарап, немесе қолмен түтіп түрлі түсі бойынша жеке –жеке дайындайды.
Дайын болған жүнді қолөнердің қай саласына болса да қолдан беруге
болады. Қазақ халқының жүнді өңдеу технологиясы болған. Қырқылған қойдың
жүнін тазартып, жуып, кептіреді. Тоқымашы әрқашан да өзіне ұнайтын
қажет түрлі түсті бояуларды пайдаланып бояп алады. Бұрынырақта халық
шеберлері күнделікті тұрмыс тәжірибесінде бояу ретінде ашудас, қыша,
шөптің тамырларын пайдаланған. Ал қазір химиялық жолмен дайындалған
бояуларды пайдаланады.

Бояуды дайындау. Бояуды жарты литр ыдысқа салып, үстіне ыстық су
құйып әбден араластырады. Бояуы қанық болуы үшін 0.5 кг. Жүн немесе
жіпке 1.5-2 шай қасық бояу салынады. Ал түсін өзгерту үшін шай қасықтың
жартысындай бояу жарайды. Бояуы бар судың көлемі боялатын жүн немесе
жіптің көлемінен 20 есе көп болғаны жөн. Мысалы: 500гр. Жүн немесе жіп
бояу үшін 10 литр су қажет.
Жүнді бояу технологиясы. Суды 30-400С –қа дейін ысытып, оған 2-3 қасық
тұз араластырып дайын бояуды құю керек. Резинка қолғап киіп, жүн не
жіпті бірден қазандағы суға салып жіберіп, оны ағаш қасықпен
араластырады.
Қазан қатты қайнағаннан кейін, отын бәсеңдетіп 2 минут қайнатады.
Жүннің бояу алғандығын тексере отырып, сірке суын құйып араластырып,
отын сөндіріп, су суығанша сол ыдыста қалдыру керек. Суы суығаннан
кейін жүнді немесе жіпті алып сірке суы қосылған жылы суға шайқап
алып, керілген жіпке жайып кептіреді.
Жүн сабау үшін қолданылатын заттар: сабау таяқшасы, оны жыңғылдың
жас шыбығынан жасайды, қабығын аршып, таяқшаны тегістеп жүн сабауға
қолданылады.
Ши орау оңай жұмыс емес, ол төзімділікті, өжеттілікті талап
етеді.ал, бұл қасиет біздің апа-әжелеріміздің бойынан табылып, көздің жауын
алар әсем бұйымдар дайындалған, тоқылған шым шилер өте жоғары бағаланған
және зиялы адамдар шеберлерге екі есе сый ақы төлеп, әсем бұйымдарды
жасатып отырған. Ши ораудың әдісіне келсек, шеберлер өз талғамдарына сала
отырып екі түрлі әдіспен шиді орап тоқыған.
1. Даяр шидің өрнегіне сала отырып орау.
2. Жаңа өрнек үлгісімен орау.
Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірімен тоқылған даяр
шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің
буындарын санап отырып, орайды. Осылай оралған шилерді араласып кетпес
үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектеп шуда жіппен тізіп отыру
керек. Ал, шиді жаңа өрнек суретімен тоқудың айтарлықтай өзгешелігі
болады. Алдымен шиді орайтын үлгі жасалуы тиіс. Орайтын жіптердің түсі
осы үлгідегі өрнектер суретіне сәйкес болуы керек.Шидің бір шеті жұқа ,
екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін орайтын шидің түп жағымен шашақ
жағын үнемі кезектестіріп, алмастырып отыру керек.
Ши тоқитын жіпті екі қабаттап ширатып, бірнеше домалақ етіп дайындайды,
бұл домалақтарды салмақты ету үшін темірге немесе тасқа орайды.Ши тоқу
үшін ашасы бар екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған
қарапайым станок пайдаланылады. Станоктарды киіз үйдің ішіне немесе
жабық бастырма астына орнатады. Ашаның үстіне қойылған арқалықтың
биіктігі 120-130 см. түрегеліп тұрып, тоқуға ыңғайлы болғаны абзал.
Станок дайын болған соң, тас салмаға оралған жіптерді арасын 10-
15 см. етіп жалпы саны ши талының ұзындығына байланысты арқалыққа
көлденең асады. Осыдан кейін жүнмен немесе жіппен оралған шиді жіп
үстіне салып, салманы әрлі-берлі айқастыру арқылы шалып бастырады. Осылай
көлденең сырықтың үстіне салынған ши бастан аяқ тоқылғаннан кейін,
екіншісі салынады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады.
Тоқылатын шидің екі шеті берік болу үшін, шидің басталатын жағымен
аяқталатын жақ шетіне үш-төрт шиді қабаттап, әуелі өз алдына бір рет,
ширатылған жүн жіпті айқастыра үшбұрыштардың тізбегі сияқты етіп
байланыстырады. Бұл жерді шидің алақаны деп атайды.
Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды ши – бау дейді.
Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады. Кейбір шеберлер осы
қырқылған, шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді (4, 106-
107) өрнекті шилерді дайындағанда тапқырлығы мен шеберлігі және
математикалық ойлау қабілеті бар шеберлер дайындаған. Өрнектеліп
тоқылған шым шилер, өзінің әсем өрнектерімен ерекшеленеді. Қазақ
шеберлері көптеген ғасырлар бойы өз өнерін жандандыра түсіп, ұрпақтан
ұрпаққа жеткізіп отыр. Осы қолөнердің сан алуан түрлерімен айналысып
отырған мектептер, жоғарғы оқу орындарында дайындалып, көрмелерден орын
алып отырған, туындылар осының айғағы.
Мектепте еңбекке баулу сабағында қыз балаларға қолөнердің әртүрін
үйрету барысында, жаңалықтар енгізіп, көркемдеу туралы мәліметтер бере
отырып, Қазақстан жері өте кең болғандықтан, қолөнер түрлерінің
қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде жергілікті ерекшеліктер де
болатындығын атап өткен жөн.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы қолөнері барынша дамыған, бағалы,
әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор екені
бәрімізге мәлім. Сол себепті ықылым заманнан халықтың эстетикалық
талғамын қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу оны кәдеге
жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі практикалық жағынан өте
тиімді. Қорыта келгенде қазақ даласында ұзақ та, күрделі дамудың
нәтижесінде қоғамдық еңбектің түрлі салалары пайда болды. Халықтың сана
сезімі өскен сайын, халықтың қолөнері туындады. Халқымыз тұрмысын
жақсартуды, киім-кешекті, үй жиһаздарын тиімді де сәнді, ұнасымды
пайдалануды армандады. Соның нәтижесінде біздің бабаларымыз бен
аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалтырды.
Халық шеберлері байлыққа байлық қосып, молшылық жасаумен қатар,
сол баршылықты байыпты етуге, тұрмысын сәндендіре түсуге үлкен үлес
қосты. Қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық,
эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, сұлу да әдемі, тиімді де ұласымды
ұлттық киімдер мен жасау-жабдықтарын жасады. Өскелең ұрпаққа халық
қолөнері шеберлерінің туындылары мен таныстыра отырып, өрнектер салынған
шым шилер ауыл мен қала үйлерінің қабырғасынан орын алып, әсемдігімен көз
тартуда. Сол себептен оқушыларға ши тоқу өнерінің даму тарихы мен оны
тоқудың әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, ата дәстүрін жалғастыру мақсаты
болды.
Қорыта айтқанда, болашақта оқу үрдісінде осындай оқыту мен суретші-
қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлау технологияларын ұтымды
пайдалану өз жемісін берері сөзсіз деп есептейміз.

1.2 Ши тоқуда түстік үйлесімділікті орындаудың шығармашылық
ерекшеліктері
Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, оқушылардың
өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған
ғалымдар Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Әмірғазин, С.А.Ұзақбаева, А.А.Қалыбекова,
Ұ.Ибрагимов, Б.А.Әлмұхамбетов, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Ж.Балкенов, А.О.Қамақов,
С.А.Жолдасбекова, Е.С.Асылханов, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев,
И.С.Сманов, Т.Қ.Мұсалимов, Б.И.Ижанов, Д.А.Кемешов, Қ.О.Жеделов,
Ғ.Қ.Ералина, Б.Ө.Құрбаналиев, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев,
Ж.Бейсенбеков, З.Ш.Айдарова, С.Р.Матаева, Б.А.Айдарбек, Ж.С.Көшенов
еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау бойынша жоғарыда
айтылғандардың барлығы мұғалімдерді ши тоқу өнеріне даярлауға қазіргі кезде
аса мән берілетінін, олардың білім берудегі мүмкіндіктерінің жоғары
болғандығын дәлелдейді: біріншіден, суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне
даярлау оқу құралы, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары, қызметін атқарады,
екіншіден, олардың мінез-құлқын, сана-сезімін, қалыптастырады.
Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлаудың мақсатында ұсынылған
элективті курс пен оқу құралдарын жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін бейнелеу
өнерін оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі, пәндерінің мазмұнына
толықтырулар енгізілуі керек. Біз суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне
даярлауда педагогикалық шарттарды ішкі байланысына сүйене отырып белгілі
бір реттілікте келтірдік, себебі, жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы
негізінде ғана қажетті құзырлылықтар қалыптасады.
Педагогикалық шарт оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға
бағытталады. Жоғары оқу орындарында суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне
даярлау факторының бірі оқу-тәрбие үдерісі болып табылады. Жоғары оқу
орнындағы оқу үдерісін суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау
үдерісінде негіздерді айқындаушы ретінде қарастыру жоғары оқу орнының оқу
үдерісіне талдау жасау үшін өлшемдерді саралауға мүмкіндік береді.
Өлшемдер суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау олардың сапалық
және сандық көрсеткіштерін айқындауға бағытталады:
-болашақ мұғалімнің инновациялық технологияларды сабақтарда қолдануға
даярлығын қалыптастыру оқу үдерісінің мақсатты бағыттылығы;
суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау мазмұнында және оқу
жұмыстарында көрініс табуы, олардың сандық және сапалық сипаты;
суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау деңгейі.
Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибе бойынша орындаған есебін талдау;
тәрбие жұмыстарының құжаттарын талдау; сауалнамалар, анкета жүргізу;
сабақтарға қатысу, әңгімелесу; кураторлық сағаттар, дөңгелек столдар,
диспуттар, рөлдік және іскерлік ойындар, тринг т.б. өткізу.
Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлаудың негізгі педагогикалық
шарты болып әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің мазмұны саналады. Оны осы
пәндер саласындағы оқу бағдарламалары мазмұнына жасаған контент-талдау
дәлелдейді. Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау туралы
педагогикалық ақпаратты көбінесе мынадай оқу пәндерінен алуға болады:
мамандыққа кіріспе, педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы, тәрбие
жұмыстарының әдістемесі, т.б.
Педагог мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату
институттарының маңызын ұғына отырып, ондағы қысқа мерзімді курстарда
алынатын суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлауа тек үйретумен
шектеліп, жұмыс орнына қайта келгенде ол білім жабық қазына секілді қалып
қоюы мүмкін. Сондықтан білімді үнемі толықтырып отыруға қажетті жағдайлар,
атап айтқанда, үйретуден білім беруге, өз бетінше білім алуға, суретші-
қолөнершілерді ши тоқу өнеріне даярлау қажеттілігін саналы да тұрақты ету
керек. Бұл жүйе мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға,
педагогикалық қызметте суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға
даярлауға бағытталып, педагогикалық іс әрекетті меңгеруге ықпал етуі керек.
Бұл педагогикалық шарттарды ескере отырып жүргізілген даярлық үдерісі
негізінде сонымен бірге педагогикалық үдеріс, сабақ құрылымы, мотивтері
өзгеріп, салдары ретінде болашақ мұғалімнің кәсіби сапалары молығады,
артады. Оқытудың мұндай жүйесі сырттан танылмауы керек, жоғары оқу
орнындағы жалпы әдістемелік жұмыс нәтижесі бола отырып, мұғалімнің кәсіби
сұраныстарына сай келуі қажет.
Жоғары оқу орнында (ЖОО) болашақ мұғалімнің суретші-қолөнершілерді ши
тоқу өнерін оқытуға даярлауға даярлығын қалыптастыру үш бөліктен тұрады деп
қарастыруға болады:
1. Студент жүйесі – институт түлектері дайындығын жоғарылату, жеке
студент тұлғасының шығармашылық қабілетінің жоғарылауы, кәсіби білім беру
мен студенттің ғылыми жұмыспен айналысуына қажетті жағдайлар жасауды
қарастырады.
2. Оқытушы жүйесі ЖОО-ның ғылыми-әдістемелік қызметін дамыта отырып,
болашақ мұғалімнің үздіксіз білім алуына, суретші-қолөнершілерді ши тоқу
өнерін оқытуға даярлауға даярлығының жоғарылауына бағытталған.
3. Жоғары мектепте суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға
даярлау негізделген ақпараттық білім беру ортасын құру мен дамытуды
көздейді.
Зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді
талдау барысында суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлаудың
педагогикалық шарттарының жетекші идеясы және зерттеуіміздің әдіснамалық
негізі ретінде пәнаралық байланыстар принципі таңдалынып алынды.
Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлаудың дидактикалық
шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық
жағынан қамтамасыз етуді көздейді.
Мазмұндық қамтамасыз ету: Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы,
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәндерінің бағдарламасына қосымша
бағдарлама жасау сол бойынша дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу;
Педагогикалық іс тәжірибе бағдарламаларына қосымшалар енгізу арқылы
мектептегі өнер пәнінен сабақтар мен сабақтан тыс тәрбиелік іс шаралар
ұйымдастыру; Ши тоқу өнерін оқыту әдістемесі атты элективті курс
бағдарламасын жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету
карастырылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: суретші-қолөнершілерді ши
тоқу өнерін оқытуға даярлау тақырыптары бойынша дипломдық жұмыс, курстық
жұмыс, өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест
тапсырмалары, өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру,
сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды
қамтамасыз ету танылады.
Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар,
көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар,
суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлауды қамтамасыз етілуі
көзделеді.
Материалдық қамтамасыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен,
интерактивті тақта, видео, компьютерлік кластар оқу материалдарымен
жабдықталуы қамтамасыз етілуі жоспарланады.
Суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлау әдістемесінде
келешек маманның бойында жалпы көркемдік білім, өнер пәнін оқыту әдістемесі
пәнінен теориялық білімдерін қалыптастыру және практикалық тұрғыдан іс
шаралар ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді. Ол үшін суретші-қолөнершілердің
игерген теориялық білімдерінің нәтижесін дағды мен іскерлікті
қалыптастыратын семинарлық, тәжірибелік, элективті курс, оқытушы мен
студенттің өздік жұмысы және сурет пәнінен жаңа буын оқулықтары мен
бағдарламалардағы теориялық материалдардың берілуіне назар аудару,
студенттерді мектеп тәжірибесіне толық енгізу қажет екендігі көрінді.
Ғылыми педагогикалық еңбектер мен педагогикалық іс тәжірибені сараптау
бізге суретші-қолөнершілерді ши тоқу өнерін оқытуға даярлаудың дидактикалық
ұстанымдарын негізге алуды көрсетті.
Ши тоқуды оқыту барысында кейбір мұғалімдер студенттің суретін
жөндеуге жәрдемдесумен шектеліп, жұмыстың бір кезеңінен екінші кезеңіне
ауысумен айналысады. Ши тоқуды оқытудың бүл жолы, ши тоқудың тек қана
механикалық дағдыларымен техникалы жұмыс тәсілдері ретінде қарастырылады.
Бұл жағдайда оқытудың танымдық және білімдік функцияларын ұмытып қалады, ал
шын мәнінде нұсқаға қарап ши тоқу шағын мақсатқа ықшамдалып, өзінің жалпы
білім беретін пән ретіндегі педагогикалық құндылығын жоғалтады. Бұл
студенттің үлгерімін біліміне қарай бағаланбай, тек қана техникалық
жетістіктері бойынша бағалауға апарып соғады. Бұл жерде студенттің күш
жігері нұсқаны оқып үйренуге емес, ұтымды ши тоқитын суретті орындауға
жұмылдырады.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы білім алушыларға білім берумен шектеліп
қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп отыру педагог міндеті.
Ши тоқу барысындағы әрбір жағдайлар мен шарттар ғылыми мәліметтермен
бекітілуі тиіс. Яғни, қандайда бір өмір құбылыстарының заңдылықтары
көрсетіліп отыруын қажет етеді. Бүл деген сөз, педагог тек қана көрсетумен
шектеліп қалмай, белгілі форма бейне қандай әдіспен құралды, бұл тек қана
сол әдіспен тоқылу керектігін дәлелдеп көрсетуді қажет етеді.
Ши тоқуды оқыту әдістемесін жетілдіруді педагог өзінің берген кеңесі
мен нұсқауының дұрыстығына, оның студент еңбегін әлдеқайда
жеңілдететіндігіне өздері ши тоқу барысында көз жеткізулері тиіс.
Студенттер өнермен айналысу барысында ғылымының өнерге жәрдемдесетіні
олардың әр уақытта естерінен шықпайтындай болуы тиіс.
Жоғары мектептегі қолөнер сабақтарында суреттер салумен шектеліп
қалмауға тиіс. Ши тоқу өнерін оқыту білім алушыларға зат құрылысын қағаз
бетінде сауатты бейнелеуге бағытталып құрылуы тиіс. Студенттің сауатты
салынған суреті деп – перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен көлеңке
түстану заңдарын сақтау, зат құрылымының ерекшеліктерін, құбылыстардың
заңдылықтарын дұрыс түсіну негізінде салынған суретті айтамыз. Өнердің
сауаттылығын меңгермей студент ши тоқу өнерінің көркемдік ерекшеліктерін
меңгермейді. Бейнелеу сауаттылығы білім алушыларға шығармашылық қызмет
атқару үшін қажеттілігі онанда жоғары.
Ши тоқу барысында студентке қажетті білім мен дағды берілмесе, олар
өзімен-өзі болып кетсе, бұл студенттің онан әрі дамуына кері әсер етуі
мүмкін және бұл жағдай студенттің ши тоқудан жеруіне әкеп соғуы да мүмкін.
Студенттің ши тоқумен біреу қызықтырмаса да өз бетімен айналысады. Кейде ши
тоқу сабағы зерігетіндей болуы байқалып қалады. Бұл адамның жасы өсіп
дамыған сайын өмір туралы бұрынғы елестетулерінің қате екендігін түсіне
бастайды. Студент өздерін қоршаған заттарды бақылап қана қоймайды, сонымен
қатар оларды өзара салыстыра бастайды, талдайды және олар туралы қарапайым
қорытындылар жасайды.
Бұл студенттің өздерінің суреттеріне қанағат тұтып қана қоймай, оларды
өмірдегі көріністеріне нақты ұқсатуға талпынады. Егер бұған қалай жетуді,
қалай жасауды олар білмесе, оған тәжірибелі оқытушы жәрдем беруге келмесе,
оларда қанағаттанбағанның сезімі пайда болып, соңында барып ши тоқуды
тастап кетуі де мүмкін.
Ғалымдардың ғылыми - зерттеу жұмыстары студенттерді реалистік ши
тоқуға бірінші курстан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет
екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуға болатындығы
туралы пікірлер айтқан. Білім алушыларға сурет пен кескіндеменің қағидалары
ашып көрсетілмеген оқу орнында студент адам бейнесін салудағы, бейнелеу
сауаттылығынан хабары болмағандықтан адам суреттерін салудағы қателіктерді
байқаймыз. Ши тоқу барысында бейнелеу өнерінің негізін құрайтын зат
құрылымы, форма, түс, перспектива, жарық - көлеңке заңдылықтары туралы
ғылыми білім мен бейнелеу дағдыларын меңгеруге оқытушының мән
бермегендігінен туындаған жағдай болып табылады.
Сондықтан ши тоқу өнерін оқыту іргелі ғылыми негізге сүйеніп құрылған
жерде, студенттің таңғаларлық үлгерімге жететіндігін көрсетеді. Ши тоқу
оқыту бағдарламасында бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін құрайтын форма,
түр-түс, кеңістік, симметрия, ассиметрия ритм, перспектива (ауа
перспективасы, сызықтық перспектива, көлеңке перспективасы т.б ) жарық-
көлеңке заңдылықтары (жарық, жартылай жарық, жартылай көлеңке, көлеңке,
түсіп түрған көлеңке, зат көлеңкесі, рефлекс, жапырақ т.б) туралы білім
беру мен кеңістік көріністерін бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын
меңгергенде ғана студенттердің шығармашылық жұмыстарының сапасы артатын
болады.
Көрнекілік ұстанымы. Көрнекілік ұстанымы заттар мен құбылыстарға таным
көзі ретінде қарап, студенттің білім алуына лайықты жағдай жасауды
қажеттігін көрсетеді. Көрнекіліктің психологиялық негізі болып, түйсік
шешуші рөл атқарады, яғни адам көрмеген, естімеген немесе сипай сезбеген
нәрсе туралы ойлауға негіз де болмайды. Қабылдау кезінде адам сезім
органдары неғұрлым көбірек қатысса, адамның нәрсені танып білуі де
тереңдеп, сенімді бола түседі.
Ши тоқу өнері оқытушысы қандайда бір сабақ өткізбесін оған көрнекілік
құралдарын үнемі қолдануды қажет етеді. Ши тоқу сабағының тақырыбы қандай
болсын бәрібір, ол көрнекілік материалдарын қолдануына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Гобелен өнерінің даму ерекшеліктері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ халқының киіз басу өнері
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Тоқыма тоқу технологиясын үйрену
Пәндер