Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы

2. 2. Нағыз бизнес ұлттық мүддеге негізделуі керек.

2. 3. Өндірістің өрісі кең.

2. 4. Шағын және орта бизнесті мемелекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.

2. 5. “Бағыт айқын, экономикалық тұрақтылық бар”

2. 6. Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау туралы үш жақты келісімшарт

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономиканңы субьектілерінің белгілі бір заңдарға, критерийлерге сүйене отырып, атқаратын кәсіпкерлік қызметі.

Кез - келген кәсіпорынның оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігін қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан да, Қазакстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.

Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемлекеттік акционерлік банктерді құру аса маңызды.

Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып тбылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталып, компанияларға қолдау көрсетілуі тиіс.

Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметтік лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу орталық құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет білдірген кез-келген шаруашылық субьектілеріне қызмет көрсетеді. Қазақстан барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды құру ұсынылады.

Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саясатының маңызды міндеті жастарды білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде бизнесті жүргізу биіктілігіне баулу болып табылады. Осыған байланысты оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік - негіздері бойынша курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.

Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын ақпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкеррлікті дамытудағы орны ерекше. Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми -әдістемелік, конъюктуралық және ұиымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату әрбір потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық актілер нормативті құжаттар экономикалық және коньюк туралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жуйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер құрамынан ашылып, республкалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс.

2. 1. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы

Шағын кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономиканңы субьектілерінің белгілі бір заңдарға, критерийлерге сүйене отырып, атқаратын кәсіпкерлік қызметі.

Әлемдік және мемлекеттік практика көрсеткендей, шағын кәсіпкерліктің негізгі критериалдық көрсеткіші болып есепті мерзімде кәсіпорында жұмыс істеп жатқан жұмысшылар саны табылады. Кейбір ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: шағын кәсіпкерлік - бұл бір меншік иесінің басқаруымен бірнеше тұлғалар немесе кәсіпорындардың іске асыратын қызметі. Ережелерге сәйкес шағын кәсіпкерліктің жалпы критериалдық көрсеткіштеріне жұмысшылар саны, жарғылық капитал мөлшері, активтерінің көлемі, айналым көлемі және т. б. жатады. Әлемдік Банктің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерлік субьектілеріне жататын кәсіпорындардың сандық көрсеткіші 50-ден астам. Алайда ең көп қолданылатын критерийлері мыналар: кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылар саны, 1 жыл ішінде басқа кәсіпорындардан түскен айналым көлемі және т. б.

1995 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, Европалық Қоғамдастық құрамындағы елдердегі шағын кәсіпорындар мынадай талаптарға сай болуы керек: жұмысшылар саны 50 адамға дейін болуы керек; жылдық айналымы 4 млн. Экюдан кем емес және баланы соммасы 2 млн. Экюдан кем емес болуы шарт. Ал Европалық Қоғамдастықтың орта кәсіпорындарына келесі көрсеткіштер деңгейінен аспайтын: жұмысбастылар саны 50-ден 250-ге дейін, жылдық айналымы 16 млн. Экюдан кем емес, баланс соммасы 8 млн. Экюдан кем емес кәсіпорындар жатады. Европалфқ Қоғамдастық деңгейіндегі кәсіпкерлік субьектілеріне қолдау көрсету үшін шағын кәсіпорындардың басқа да көрсеткіштерін қолдануға болады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуының отандық және шетелдік тәжірибесіне талдай жасай отырып, шағын кәсіпкерліктің келесідей артықшылықтарын атап көрсетуге болады: шаруашылықтың жергілікті жағдайына тез бейімделу; шағын кәсіпкерлік субьектілерінің әрееттеріндегі тәуелсіздіктің жоғары болуы; шешім қабылдаудағы және оны орындаудағы икемділік пен оперативтілік; қызметті жүзеге асырудағы шығындардың төмен болуы; индивидуум үшін өз ойын іске асыруда және өз қабілеттілігін көрсетуде көп мүмкіндіктердің болуы; алғашқы капиталға қажеттіліктердің төмен болуы; жергілікті нарықтың талаптарына сай өндіріс процесіне және өнімге өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі; жарғылық капиталдың тез айналымдылығы және т. б.

Халықаралық еңбек бюросының докладында шағын және орта кәсіпорындардың бірнеше бәсекелестік артықшылықтары көрсетілген. Кеңінен жергілікті материалдар мен еңбек ресурстарын қолданып, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққанда капитал салымдарының төмендігін жиі талап етеді.

Шағын кәсіпорын иелері жинақтармен инвестицияларға едәуір бейім, оларда толығымен кәсіпорын әрекетінде жетерліктей санын алатын табысқа жетуде жеке мотивация деңгейі әрқашан жоғары. Шағын кәсіпорын субьектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, әрдайым нақты тұтынушылардың тапсырысы бойынша тауар өндіреді. Үлкен көлемде жалданбалы жұмысшылардың болуына қаржы бөледі.

Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын кәсіпорындар үлкен көлемде жұмыс басты болуына икемденеді, осы арқылы кәсіби кадрлармен дайындау және тәжірибелі білімнің таратылуына әср етеді. Ірі кәсіпорындармен салыстырғанда шағын және орта кәсіпорындардың жеке елдердегі саны, тауар өндірудегі үлес салмағы, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету бойынша басым болып келеді.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне белгілі кемшіліктер тиесілі. Атап айтқанда, тәуекелділіктің деңгейі едәуір жоғары, сондықтан да нарық жағдайындағы тұрақсыздық деңгейі де басым; ірі компанияларға тәуелділік; істі басқарудағы жетіспеушілік; жетекшілердің біліктілігінің әлсіздігі:

шаруашылылық жағдайының өзгерiстерiне бейiмсiз; несие алумен қосымша қаржы құралдарын алудағы қиындықтар; келiсiмге келуде шаруашылық серiктестерiне қауiптiлiк және сенiмсiздiк және т. б. Әрине шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң қызметiндегi кемшiлiктермен сәтсiздiктер iшкi, сондай-ақ, сыртқы себептермен шағын кәсiпорындардың қызмет ету жағдайларымен анықталады.

Тәжiрибе көрсеткендей, шағын фирмалардың көпеген сәтсiздiктерi шағын және орта кәссiпкерлiк иелерiнiң Менеджерлiк тәжiрибесiздiгi мен кәсiби бiлiмсiздiгiмен байланысты.

АҚШ-та шағын бизнес саласында жүргiзiлген сұрастыруларының

нәтижесiнде олардың қызметiндегi сәтсiздiктерiнiң себебi:

• бiлiксiздiк

• баланстанбаған тәжiрибе

• коммерцияда, қаржыда, жабдықтауда, өндiрiсте, меншiгiн және

формаларын басқаруда және серiктесте, тәжiрибенiң жеткiлiксiздiгiмен

iскер байланыстар мен қарым-қатынастарды жүргiзуге икемсiздiгi

анықталған.

Шағын фирмалардың күйреуiнiң басты себептерi: нашар денсаулық және зиян әдiстер, апаттар, өрттер ұрлау, жемқорлық, бизнесте қараусыздық болып табылады.

Табысқа шағын фирмалардың мүмкiндiлiгi оның өсiп есеюiне орай өседi . Үнемi қожайындарын ауыстыратын фирмаларға ұшрағанда, ұзақ мерзiм бiр қожайын билiк ететiн фирмалар едәуiр жоғары әрi тұрақөты табысқа жетіп отырады. Американдық статистика көрсеткендей, бизнесте иеленушi әйелдер, ер кiсiлерге қарағанда едәуiр сәттiлiкке қол жеткiзiп отырады. Зерттеулер көрсеткендей, көп жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың жетiстiгi де мол, кәсiпкерлердiң бiлiктiлiгiнiң төмендiлiгi шағын бизнес жетiстiктерiне әсер етедi.

Кiшi фирмаларда iс жүргiзу тәжiрибесiн жинақтаған кәсiпкерлер едәуiр сәттi. Егер фирманы басқаруға тек бiр адам емес, керiсiнше екi, үш немесе төрт тұлғадан тұратын кәсiпкерлiк команда қатысатын болса, ұжымдық шешiм қабылдау едәуiр кәсiби болғандықтан өсуге үмiт жоғары болады. Шағын фирмалардың өмiр сүруiне бiрiншi этаптағы қаржыландыру мөлшерi де әсер етедi. Шағын фирмаларға салынған бастапқы капитал неғұрлым жоғары болса, оның дағдарыс уақыттарында қызметiнiң әрекет етуiн сақтау мүмкiндiгi соғұрлым жоғары.

Бiрде пайда болатын, бiрде жоғалатын қоғамдық қажеттiлiктердi үнемi iздеу және оларға үздiксiз икемдену шағын бизнес стратегиясын құрайды. Кейбiр батыс мамандары шағын кәсiпкерлiктi жаңа жеке өзара байланыстың мектебi ретiнде, кәсiпкерлiк болашағының принциптерi мен сынақ әдiстерi ретiнде қарастыруға бейiм.

Дамыған елдердiң тәжiрибесiне сүйене отырып, шағын кәсiпкерлiктiң ролiн сипаттар болса, шағын кәсiпкерлiктiң үдемелi дамуы келесi мәселелердің шешімінің маңызды факторы болып табылады деп қорытынды жасауға болады.

  • Қоғамның және халықтың тауарға ( жұмыс, қызмет) қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген бәсекелік өркениетті нарықтық қатынастарды қалыптастыру:
  • Ассортиментті кеңейту және тауар, жұмыс, қызметтің сапасын жоғарлату. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға ұмтыла отырып, шағын кәсіпкерлік тауарлар мен қызмет көрсету мәдениетінің сапасын жоғарлатуға бейімделеді:
  • Тауарлар мен қызмет өндірісінің нақты тұтынушыларға жақындасуы:
  • Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына ықпалы. Шағын кәсіпкерлік икемділік, мобильділік, ептілік береді:
  • Өндірісті дамыту шін халықтың жеке құалдарын тарту. Шағын кәсіпорындардың әріптестері ірі кәсіпорындарға қарағанда, ісіне өз капиталдарын үлкен қызығушылықпен салады:
  • Қосымша жұмыс орындарын салу, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы:
  • Адамдардың творчествалық қабілеттілігін тиімді қолдану:
  • Олардың талантын ашу, түрлі кәсіп түрлерін халықтық шеберлікті игеру:
  • Ірі өндірістер белгілі шектерді орнататын, халықтық топтарын еңбек әрекетіне тату:
  • Кәсіпкерлік иелерін меншік иеленушілердің әлеуметтік қабатын қалыптастыру:
  • Ғылыми-техникалық прогресті белсендіру:
  • Ірі өндірістер қалдықтары мен шикізаттың жергілікті көздерін қолдану мен игеру;
  • Жабдықтармен құрастырушы бөлшектерді жабдықтаумен дайындау арқылы ірі кәсіпорындар қызметіне әсер ету, қызмет ететін және көмекші өндірістерді құру;
  • Төмен рентабельді және шығынды кәсіпорындардың арендасы мен қайта сатып алуы есебінен мемлекеттің босатылуы.

Шағын кәсіпкерліктің осы және өзге де экономикалық және әлеуметтік функциялары оның дамуын маңызды мемлекеттік тапсырмалардың қатарына қояды, оны Қазақстан экономикасының реформаларының қайталанбас бөлігі етеді.

2. 2. Нағыз бизнес ұлттық мүддеге негізделуі керек.

Үкіметтің селекторлық отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік - экономикалық салмағы басым жобаларды дамыту қажеттігін қайта қаузады. «Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық - бизнестің табысты дамуының кепілі» деген Премер -министр бизнес пен әлеумет арасын жақындастыруға байыппен қарауды қадап айтты.

Жалпы, біздің Үкімет соңғы кезде бизнестің бетін халыққа бұру мақсатында бірқатар жобалар жасады. Құзырлы орындардың пайымдауынша, бизнес пен әлеуметтің арасын жақындастыру мынадай мақсаттарды көздейді:

а) Әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандарға жәрдемдесу жүгін мемлекет пен демеушілер иықтаса көтереді;

ә) Бұл жүйе сыртқы нарықта кәсіпкерлеріміздің беделін асырады;

б) Отындық кәсіпкерлер жеке басының мүддесі үшін ғана емес, халық үшін қызмет етуді үйренеді;

в) Кәсіпкерлерде «тапқан табысымның ішінде халықтың да үлесі бар» деген ұғым пайда болады;

г) Кәсіпкерлердің құқын қорғау мақсатында, «Меценаттық туралы» заңды күшіне енгізген жөн;

Міне, осы бес бағыт «қазақ кәсіпкерлері мен қарапайым көпшілік арасын жақындастыра түседі» дейді сарапшылар.

Кезінде Батыстың бизнес классиктері осы үрдісті мықтап ұстанғанын ескерсек, бұл қағида халықаралық бизнес әлеміне терең сіңісіп кеткенін жете аңғаруға болады.

Меценаттығымен сыртқы нарықта өзіндік бедел жинаған ұлыбританиялық кәсіпкер Ган ван Джоуз қазір ай сайын тапқан табысының 35 пайызын жоқ-жітіктерге жұмсайды екен . Ал осы төңіректе қазақ кәсіпкерлерінің қарым-қабілеті қалай? Өзіне түскен түсімнің бір бөлігін қарапайым халыққа бөліп беруге отандық кәсіпкерлер қалай қарайды?! Бұл тұрғыда «Жыл меценаты» атағына ие болған кәсіпкер Ұзақбай Айтжанов:

  • Осы үрдіс халықаралық бизнес жүйесінде кең дамып келеді. Мұны ескерген біздің Үкімет соңғы екі-үш жыл ішінде бизнестің әлеуметтік деңгейін қалыптастыруға бел шешіп кірісті. Менің ойымша, мұндай шараны әр кәсіпкер өзінің ішкі түйсігіне қалдыруы керек. Және кәсіпкерлер жақсылықты атағын шығару үшін жасамауы тиіс. Егер кәсіпкер «менің табысымның ішінде халықтың да үлесі бар» деген ойды бекем ұстанса, бизнестің бетін халыққа бұруға болады. Ал керісінше, мемлекетке салық төлемей, тапқан табысын жасырып жұмыс істейтін кәсіпкерлердің саны басым болса, онда ештеңе өндіре алмаймыз. Кәсіпкер артында қарақұрым ел бар екенін сезінсе ғана біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыра аламыз, - дейді.

Рас, біздее қарапайым халыққа өздігімен қолұшын созып, жасаған жақсылығын жарнамалауды қажетсінбей- ақ, шаруасын дөңгелетіп жүргендер баршылық. Десек те, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлер төңірегінде түйінделіп қалған мәселелер жетерлік. Бұл жайында экономика ғылымдарының докторы, профессор Үсен Аманбаев:

  • Бізде бизнес әліппесі деген мүлде жоқ. Мәселен, шетелдік жоғары оқу орындарында тек қана экономист, қаржыгер мамандығын оқытып қана қоймайды. Оларда бизнестік саланы жүйе-жүйесін бөліп, терең байыптап оқытатын арнайы сабақ бар. Еврейлер мен немістер баласына жеті жастан бастап бизнесмен болудың қыр сырын үйретеді. Ал бізде мұндай жүйе жоқ. Бұл да біздің байлық көзін ұқсатуды дұрыс жүйеге қоя алмағанымыздың бір айғағы. Қазақстанда кәсіпкерлерге ұстаздық ақыл-кеңес беретін орталықтар мен қауымдастықтар саны кемшін. Тіпті кәсіпкерлердің құқын қорғайтын заңның өзі дұрыс жүйеге қойылмаған, - деп ой түйіндейді.

Мәселенің мәнісін материалдық құндылық пен есептегі ептіліктен емес, елдік мүддеден іздейік. Мемлекетттің бүгіні- ертеңінің кепілі . Болашағы бар бизнестің басты тірегі мен қуат көзі не? Экономикалық бәсекелестікте бәрін басып озу үшін не қажет? Мықты кәсіпкерге әдеби кітап қажет пе?

Әдеби білімсіз бизнес - бір күндік.

Ясуюки Миураны әріптестері « Бизнес самурайы» дейді. Ол “Japan airlines” компаниясының маркетинг жөніндегі директоры әрі дүние жүзіне кең тараған «Nikko» қонақ үйлер жүйесінің атқарушы директоры бола жүрып туған елінің мәдениеті, салт-дәстүрін шетелге таныта білді. Сөзбен емес өзінің самурайлық іс-әрекетімен.

Кюсюлық самурайдың немересі Ясуюки бала кезінен ежелгі шығыс әдебиетімен сусындап өскен. Ол «Каденсе», «Хэйке » «Кодзики» сияқты жапон мұралары мен қатар «Шахнама», «Гейке», «Цзин Щи» тәрізді дастандар пмен философиялық еңбектерді оқумен қатар шетелдік әріптестеріне көне Азия әдебиеі жайлы әңгімелеп жүруді әдетке айналдырған.

Ясуюкидің ең бір ұнатқан дүниесі - жапонның ұлттық го ойыны. Шашка ойынына ұқсас гоны жапонның іскер адамдары сүйіп ойнайды. Жапондар адамның іскерлік қабілетін арттыруда, миды жаттықтыруда өздерінің ұлттық мұраларын күні бүгінге дейін пайдаланады. Олар го, сеги сияқты көне ойын түрлерінен дүниежүзілік кубок өткізіп тұрады.

Мәселен «Toshiba» компаниясының президенті Фукадо Фумитоси, «Mintsuiдің» басшысы әрі жапон сауда палатасының төрағасы Кондо, «Mintsubishi» кғомпаниясының жетекшісі Манихара, гбернатор Куомо мен әкім Кох, мен “Japan airlines” директоры Ясуюки Миура т. б. дүние жүзіне беделді бизнесмендер бір ғана го үшін арнайы турнирлер өткізіп тұрады. Бұл кәсіпкерлердің әрқайсысы го клубына жетекшілік етеді. Сонымен қатар ұлттық ойындар мен спортты, әдебиет пен мәдениетті еңінен насихаттап, ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде компания қаржысынан аямайды.

Ұлттық ойындар, олардың стратегиялық тәсілдерін бизнесте қолдану туралы том-том кітаптар жазылып, шет тілдерінің аударылған.

Бизнесті го ойыны тәрізді үйлесімділік деп білетін Ясуюки Миура экономист самурай екендігін қай елде жүрседе ұмытпаған. Ол 1989 жылғы 13 қазанда АҚШ - та өткен стратегиялық менеджмент жөнінде конференцияда «АҚШ өндірісіндегі самурайлар» деген тақырыпта баяндама жасаған. Ол шетел кәсіпкерлері алдында ата-баба салған сара жол жайында әңгімелей келіп, өзінің самурайлық деңгейіне былайша баға берген: «менің бабам - нағыз самурай. Атама оның 50 пайыз қасиеті жұққан, ал әкемнің самурайлығы 25 пайыз болса, менің самурайлығым - 12, 05 пайыз. «АҚШ-тағы самурайлар» дейтін себебі, жапон кәсіпкерлері американ өндірісіне көп жылдар бойы үлес қосқан Мысалы, Ясюки «Жапон әуе жолдарын» басқарған кезде дүниежүзінің 32 ірі қаласында «Nikko» деген қонақүйлер желісін салдырып, 3000 адамды жұмыспен қамтыған. Сан - Франсиско, Чикаго, Нью Йорк, Лос-Анджелес, Мехико, Атланта сияқты Американ шахарларында бой түзеген. «Nikko» қонақұйлерінің Ясуюки жапондық үлгімен салдырған. Еуро америкалық стандартты ескере отырып шығыс дизайнын назарда ұстаған жапон кәсіпкері бизнесі арқылы ұлтының ерекшеліктерін өзге елдерге танытқан. Америкадағы «Мейрамханалар мен қонақүйлер дизайны» деген журнал Сан Францискодағы «Nikko» туралы (авторы Майкл Уэббс) Шығыс пен Батыстың жүздесуі деген тақырыпта мақала жариялап, мұқабасына суретін басқан.

Ясуюки Мехикодағы Niкко" қонақүйінің бір мейрамханасына Бэнкай деген ежелгі дәуір самурайының атын берген. Әр қонакүйдің ашылу салтанатында жапон әнұранын айту дәстүрге айналған. 1984 жылдан АҚШ-тағы «Niкко hotels international» компаниясының президенті болған Ясуюки сегіз жылда алты қонақүй салдырған. Өлең-жырға жаны жақын бизнесмен еліне оралған соң шетелдегі кәсіпкерлік кезеңін өлеңмен өрнектеп қағазға түсірген. "Ген Токухо" (1347), "Кандзу Фу» (1690) және Ан Геншоның "Генген Го Кио", т. б. ежеліі әдебиет үлгілерін оқып, көне аңыз - әңгімелерді шетелдік әріптестеріне әнгімелеп жүру елін сүйген экономисттің ғана қолынан келер.

Жапонға еліктеңіз демеймін, бірқ бизнестің ұлттық сипаты бар екенін ескерту керек.

Бизнес стратегия мен ұлттық мүдде бір болғанда ғана кәсіпкерліктің келешіге кемел болмақ. Ұлттық әдебиеттің тереңінен нәр алған жапон бизнесмендерінің бүгінгі жетістігі жеке мудде емес, ұлттық мұратқа негізделгенін көріп отырмыз.

2. 3. Өндірістің өрісі кең

Сайрам, ауданда өнеркәсіп саласы мен ауылшаруашылығын дамытуға, нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге барынша мүмкіндік берілуде. Мәселен, жаңа шикізаттық емес экономика құру мақсатында аудан аумағында ауылшаруашылығына арналған машиналар, оларға қажетті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс консервілерін дайындау, түрлі электродтар жасайиын кәсіпорын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі, т. б. өнеркәсіп өнімдерін шығаратын, қайтаөңдейтін, ұқсататын, автокөліктерді, ауылшаруашылығы машиналарын күрделі жөндеуден өткізетін, өндіріс орындары жұмыс істей бастады. Бүгінде Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі агроөнеркәсіптік аймаққа айналып отыр. Әсіресе «ЮНИКС» «Шымкентқұс» «Арай» «Арай-астық» «Принир - 2004 РК» «Vin House» «Теміртс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері «Оңтүстік Қазақтсан машина жөндеу зауыты» АҚ-ы аудан өнеркәсібінің көш басшылары болып табылады.

Сондай-ақ Шымпласт «Памир - С» ЖШС-і түрік технологиясын қолданып, полипропиленнен жасалған кәріздік құбырлар, неміс технологиясымен су және жылыту жүйелеріне арналған құбырлар, ал, «Қазхайтек Еуробилдинг» ЖШС-і неміс технологиясы негізінде «ЛЕГОдом» маркалы құрылыс материалдарын шығаруда. Бұлар көпшіліктің үлкен сұранысына ие. Осы жылы тағы бір өндіріс орны - шыны қалыптар шығаратын «Дархан» әйнек зауытының құрылысы аяқталмақ. Оның іске қосылуы аудан өнеркәсібін дамытудағы жаңа бір белес болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Шағын бизнес экономикалы дамудың негiзгi факторы ретiнде
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
«Шағын және орта кәсіпкерлік»
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz