Халықаралық құқық субъектілері


Халықаралық құқық субъектілері.
Халықаралық құқық субъектілері - Халықаралық құқық негізінде және аясында жүзеге асатын халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы бойынша халықаралық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар. Халықаралық құқықтың ерекшелігі қатысушы субъектілерінің тең болуы.
Халықаралық құқық субъектілері: негізгі субъектілер және туынды субъектілер болып екіге бөлінеді.
Негізгі субъектілерге - мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресетін ұлттар мен халықтар.
Туынды субъектілерге - халықаралық ұйымдар, мемлекеттес құрылымдар.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Халықаралық құқық нормалары негізінен мемлекет аралық қатынасты реттейді, яғни мемлекет арасындағы қатынастарды, өйткені халықаралық құқық субъектілерінің ішінде тек мемлекеттерге тән ерекше қасиет бар. Ол оның саяси құқықтық қасиеті егемендік.
Мемлекеттік егемендік д/з - мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі. Халықаралық қатынастарға мемлекеттер егеменді құрылым ретінде қатысады, онда қандай да болсын ешбір билік өзінің міндетті заңды ережелерін мәжбүрлемейді. Әрбір мемлекеттің егемендігін қадірлеу, барлық мемлекеттердің егеменді теңдігін мойындау - халықаралық құқық қағидаларының бірі болып табылады.
Мемлекеттердің егеменді теңдігі д/з - бұл барлық мемлекеттер заңды түрде тең дегенді білдіреді, яғни олардың міндеттері мен құқықтары тең. Сонымен халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері ретінде олардың эканомикалық саяси және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Халықаралық құқықтыңқатысушы ретінде мемлекеттер өздерінің құрылымы бойынша - біртұтас және күрделі болып бөлінеді.
Біртұтас (унитарлы) мемлекеттер халықарлық қатынаста халықаралық құқық субъектісі ретінде қатысады және оның басқа мемлекеттік құрылымы туралы мәселелер туындамайды. Біртұтас мемлекеттер, олар әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінген мемлекеттер.
Күрделі(одақтас) мемлекеттер қатарына федеративтік мемлекеттер кіреді.
Федерация - бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым. әркайсысы өзінің құрамында бірқатар мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдардан тұрады. Федерация мүшелер (одақтас республика, автономды республикалар, жерлер, штаттар) беолгіленген ішкі мемлекеттік дербестігін сақтайды, бірақтан, окнституциялық құқық боцынша сыртқы қатынасқа дербес қатысалмайды және халықаралық құқық субъектісі бола алмайды. Бұл жерде жалпы федерация халықаралық аренада біркелкі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қатысады. Федеративтік мемлекетке Ресей Федерациясы, АҚШ, т. б. мемлекеттер жатады.
Құрылымы күрделі мемлекеттердің ішінен конфедерация деген түрі белгілі. Конфедерация, бұл тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін (бірігіп қорғану, сыртқы саясат жүргізу, мемлекеттердің қауыпсіздігін қорғау, қаржыландыру және т. б. ) құрылған одағы. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Швецария конферативтік мемлекет болып саналғанмен, іс жүзінде олай емес, өйткені Швецария әкімшілік аумақтық бөліністерге (кантордарға) бөлінеді.
Мемлекеттер арасында ерекше корінетін тұрақты бейтарапты мемлекеттер.
Тұрақты бейтараптық- мемлекеттің арнайы халықаралық құқықтық мәртебесі. Мұндай мәртебеге көпжақты халықаралық шарттар немесе декларация негізінде ие болады.
Бейтарап мемлекет- бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпағандығына ірі мемлекеттердің халықаралық келісіммен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз.
Тұрақты бейтараптық, мемлекет соғыс кезінде қандай болмасын соғысушы тараптарға тікелей әскери көмек корсетпеуге міндеттенеді, сондай-ақ бейбіт кезде тұрақты бейтараптық мемлекет әскери одақ пен блоктарға кірмеуі керек, өзінің аумағын басқа мемлекетке әскери мақсатқа пайдалануға бере алмайды. Егер осы шарттарды бұзған жағдайда ол тұрақты бейтераптық мәртебесінен айырылады.
Жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы тұрақты бейтараптық копжақты халықаралық шарттар немесе декларациямен белгіленеді. Қазіргі кезде келісілген 1815 жылғы 20 қарашада жарияланған Вена Конгресінің декларация негізінде ие, 1955 жылы 25 қазанда Бейтарптық туралы Федералды конституциялық заңға сәйкес Австрия да танылды. 1981 жылы - Мальто, 1954 жылы - Туркменстан.
Халықтар мен ұлттар - халықаралық құқықтың субъектісі.
Халықтар мен ұлтар өз мемлекетін құруға және өзін өзі анықтауға құқығы бар.
Халықтардың өзін өзі тану императивті нормалардың бірі. Барлық халықтар осы нормаға сәйкес өзінің саяси мәртебесін еркін белгілеп, өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуын еркін қамтамасыз етеді.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігі.
Халықаралық ұйымдар XIX ғасырдың ортасынан бастап пайда болып іске қосылды. Қазірнгі кезде 9 мыңнан аса халықаралық ұйымдар қызмет атқарады. Халықаралық ұйымдардың ішінен халықаралық үкімет аралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады, өйткені, олардың құрылтайшылары болып мемлекеттер болады, ал мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Барлық халықаралық үкіметаралық ұйымдардан Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқыққабілеттілігі кең көлемді.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды. Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдар субъект болады, егер оның қатысушы мемлекеттері халықаралық құқықтар және міндеттермен қамтамасыз етсе.
Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасында немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы 1986 жылы Вена Конвенциясының 3 бабында сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады.
Алғашқы кезде халықаралық ұйымдар құқық субъектілер қасиетке ие болмаған. Ол ұйымдардаң халықаралық құқықтың халықаралық қатынастардың дамуының белгілі бір сатыларында пайда болады.
Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ. Олар мемлекетке тәуелді, яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті береді. Халықаралық ұйымдарда құқықтық субъектілік XIX ғасырдың 20 жылдарында қана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай актісінде бекітілді.
Мемлекеттік құрылымдар - халықаралық субъектісі.
Мемлекеттес құрылымдарға ерікті қалалар (бұрын Батыс Берлин, Венеция, Гамбург) мен мемлекет қалалыр (Ватикан) кірген.
1815жылы Вена трактатына сәйкес ерікті қалаларға 1846 жылы дейін өмір сүрген. Краков қаласы 1919ж Версаль бейбіршілік шарты бойынша Данниг (1920-1939) қаласы жатқызылады., сондай ақ «Трисст бос аумағын» құруға талпыныстар жасалды, бірақ олар жүзеге аспады. Кейінірек осы аумақ Италия мен Югославияның құрамына кірді.
Батыс берлин мәртебесі 1971 ж Төрт таранты келісіммен реттеледі, ол КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасында болды. Мұндай мемлекет тәрәзді құрылымның болуы ГДР мен ФРГ-нің өмір сүруімен байланыстырып түсіндіріледі. Жоғарыдығы 1971 ж келісімнің ережелеріне сәйке, Батыс Берлн саяси дербес біртұтастылықты көрсетеді. Германия біріккен соң Халықаралық құқықтың аталмыш субъектісі таратылды.
Ватикан бұл католик шіркеудің әкімшілік орталығы мемлекет-қала Италия астанасы Рим маңына орналасқан. Халфқаралық құқық субъектісі Ватиканның ерекше мәртебесі 1984 жылы Италиямен жасаған келісімі арқылы белгіленген. Ватикан БҰҰмүшесі емес, өйткені БҰҰ құрамыны егеменді мемлекеттер ғана креді, дегенмен бұл әмбебеп ұйымда оның тұрақты бақылаушылыры бар. Негізінен Ватиканның өзінің аумағы бар, жер көлемі 0, 44 шаршы км. Соған қарамастан Ватикан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттермен дипломатиялвқ қарым-қатымас жасайды, оның БҰҰ - да және халықаралық әртүрлі ұйымдарда тұрақты бақылаушылар бар. Ватикан елдердің халықаралық конферанцияларына үнемі қатысып отырады.
Жеке тұлғаның халықаралық құқық субъектілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz