Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері [31 бет]

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Филолог студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыратын лингво-мәдени негіздер»

1. 1 «Сөз мәдениеті мен жазу мәдениеті мәселелері»

1. 2 «Тілдік норма»

1. 3 «Жалпы мәдениет пен тілдік мәдениеттің арақатынасы»

1. 4 «Оқытушы сөзінің филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудағы рөлі»

1. 5 «Шешендік өнер үлгілерінің сөз мәдениетіне қатысы».

«Сөз мәдениеті мен тілдік тұлға сабақтастығы»

2. 1 «Қазіргі ғылыми парадигмадағы тілдік тұлға мәселесі».

Мотивациялық немесе іс-әрекеттік-коммуникативтік қажеттілік деңгейі

2. 2 «Тілдік тұлға қалыптастырудың мазмұны»

2. 3 «Тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар»

2. 4 «Филолог студенттердің тілдік тұлғасы мен оның кәсіби құзіреттілігі».

2. 5 «Филолог студенттердің тілдік тұлғасын сипаттайтын фразеологизмдердің қолданысы»

2. 6 «Филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырушы кәсіби сапалар».

2. 7 «Филолог студенттер тілі және олардың субмәдени табиғаты».

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Диссертация бойынша жарияланған мақалалар тізі

ӘОЖ 811. 512. 122:378 (574) Қолжазба құқығында









ИСАҚОВА АСЫЛЫМАЙ САҒЫНБЕКҚЫЗЫ

Қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың лингвомәдени негіздері

10. 02. 02-қазақ тілі


Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты






Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Ш. Құрманбайұлы

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы

Т. Н. Ермекова

филология ғылымдарының кандидаты

Л. Ш. Құндақбаева

Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық

қатынастар және әлем тілдері университеті

Диссертация 2010 жылы «30» сәуір күні сағат 14. 00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 06-түркі тілдері және 10. 02. 02-қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53. 38. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй.

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй) .

Автореферат 2010 жылы «29» наурызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі - ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі [1, 3 б. ] .

Ұлттық әдеби тілдің дамып, толығуына тіл мамандарының қосар үлесі қомақты. Тіліміздің бар байлығын пайдалана отырып, ақын-жазушы, лингвист ғалымдар тілдегі нормаға қайшы қолданыстарды реттейді, тілдік ұжымның атап айтқанда, филолог студенттердің мәдениетін көтеруді, олардың тілдік тұлғасын қалыптастыруды назарда ұстайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі Қазақстан Республикасының ғылым саласында түрлі реформаларды іске асыру мен қоғамның рухани жаңару жағдайында болашақ мамандардың тілдік тұлғасын қалыптастыру өзекті.

Ұлттық кеңес бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік саясат жөніндегі құжатына негізделген Қазақстан Республикасы Гуманитарлық білім жөніндегі жобасы (1994) мен Қазақстан Республикасындағы этномәдени білім жөніндегі жобаларда (1996) бұрынғы білім жүйесін қайта қарау барысында құндылықтар ескеріле отырып, тарихи, ұлттық-мәдени дәстүрге сай өзгерістер енгізу қажет екені анықталған. Бұл мәселе филолог студенттердің іскерлігіне, шеберлігіне, жалпы мәдениетіне, соның ішінде, тілдік тұлғасының қалыптасуына тікелей қатысты. Қазіргі және болашақ егеменді қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени өмірінде мемлекеттік мәртебесіне сай кешенді сипатта қызмет етуге тиіс филолог мамандарды тәрбиелеп, қалыптастыратын бүгінгі филолог студенттердің білім қоры, сөз мәдениеті таным деңгейіне мән беру - өзекті мәселе . Осыған қатысты көп аспектілі әрекет филолог мамандығының ұйымдастырушылық, кәсіби қарым-қатынас жасау шеберлігіне жоғары талап қояды.

Бүгінгі таңда еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау талабы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» да нақты көрсетіліп отыр.

Қазақ тіл білімінде бүгінге дейін қазақ тілді филолог студенттердің тілі арнайы зерттеу нысаны болған емес. Сондықтан оны арнайы қарастырып, бүгінгі күні филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудың теориялық негізін тәжірибемен сабақтастыру - басты мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты филолог студенттердің тіліне тән ерекшеліктерді лингвомәдени, әлеуметтанымдық негізде анықтау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер белгіленді:

- «тілдік тұлға» ұғымын белгілі әлеуметтік топтың тіліндегі көрінісіне қатысты зерделеу;

- қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын сипаттайтын сөз мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтау;

- әлеуметтік топ ретіндегі филолог студенттердің тіліне тән коммуникативті-прагматикалық ерекшеліктерді көрсету;

- филолог студенттердің тіліне жан-жақты лингвистикалық талдау жасау;

- қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасы туралы түсінік қалыптастыру;

- филолог студенттердің тілдік тұлғасын анықтайтын вербалды және бейвербалды амал-тәсілдерді атап көрсету;

- филолог студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру мақсатында сауалнама жүргізу, оның нәтижелерін басшылыққа алу.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі I, IV курс филолог студенттердің тілі, сөз қолданысы, мәтін құрау ерекшеліктері, олардың тілінде кездесетін нормадан ауытқушылық көріністері.

Зерттеу жұмысының әдістері. Сауалнама нәтижелеріне анализ, синтез жасау, жазба жұмыстардың тілін бақылау, талдау және тілдік фактілерді салыстыру т. б.

Зерттеу материалдары мен дереккөздеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филолог мамандығы бойынша дәріс алып жүрген I, IV курс студенттерінен алынған сауалнама (фразеологизмдер, троп түрлері, диалект, терминдер, көп мағыналы сөздер, инвективті сөздер, жаргон, сленг т. б. ) нәтижелері мен студенттердің өзіндік жұмыстарының тілі, таспаға жазылған мәтіндер (ойтолғау) пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде сөз мәдениеті мен тілдік тұлғаны қалыптастыруға қатысты А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Н. Уәли, Ш. Құрманбайұлы, Қ. Күдеринова, М. Дүйсебаева, А. Жуминова, А. Насырова, Ф. Қожахметова, Г. Мұратова, Ф. Оразбаева, Н. Гайнуллина, А. Игісінова, сонымен бірге шетелдік Ю. Н. Караулов, В. И. Карасик, Р. О. Якобсон, В. А. Кан-Калик, В. П. Нерознак, Г. И. Богин, Т. Е. Ембулаева, Е. А. Земская, Т. ван Дейк, М. Фуко, П. Серио, Ф. Либерманн, М. Суадеш сияқты ғалымдардың қағидалары теориялық тұрғыдан басшылыққа алынып, зерттеу жұмысына ғылыми негіз болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- алғаш рет қазақ тілді филолог студенттер әлеуметтік топ ретінде қарастырылып, оның тілі арнайы зерттеу нысаны болып отыр.

- қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасы лексика-семантикалық, лингвомәдени, әлеуметтік лингвистика тұрғысынан арнайы және кешенді зерттелді;

- филолог студенттердің тілдік тұлғасы мен өзге тұлғалардың (заң қызметкерінің тілдік тұлғасы, журналистің тілдік тұлғасы, қоғам қайраткерінің тілдік тұлғасы т. б. ) айырмашылығы мен ұқсастықтары анықталды;

- филолог студенттер тіліндегі норма мен жүйе арақатынасы, дағдыға айналу мәселесі талданып, дәйектелді;

- филолог студенттердің сөз қолданысындағы терминдердің үлесі көрсетілді;

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыста зерттелген, талданған, салыстырылған, ұсынылған мәселелер мен тапсырмалар қазақ тіл білімінің сөз мәдениеті, тілдік тұлға т. б. мәселелерінің зерттелуіне өз деңгейінде үлес қоса алады.

Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде оқылатын тіл мәдениеті, лингвомәдениеттану, әлеуметтану, лексикология, стилистика сияқты ғылыми курстарда және «тілдік тұлға», «сөз мәдениеті» сияқты арнайы курстарды жүргізуде, тілдік талдау мен семинар сабақтарында, оқу құралдарын жазу тәжірибесінде пайдаланып, әсіресе, қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастыруда практикалық маңызы зор.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- қазақ тілді филолог студенттердің тілдік тұлғасы өзіндік қарым-қатынас ортасында және үздіксіз ізденіс пен білім алу барысында қалыптасады;

- филолог студенттердің тілі - коммуникативті-прагматикалық жүйе;

- сөйлеу актісінде түрлі тілдік тәсілдерді қолдану - филолог студенттердің тілдік ерекшелігінің көрсеткіші бола алады;

- филолог студенттердің тілдік тұлғасын орфоэпиялық, орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік нормаларды қолдану көріністері сипаттайды;

- филолог студенттердің тілін коммуникативтік норма, этикалық норма тұрғысынан қарастыру сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы . Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындылары ғылыми басылымдарда 12 мақала түрінде жарық көріп, халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалды. Олар: «Ашық қоғам жағдайында Қазақстан студент жастарының коммуникативтік білім алу мәселелері» (Алматы, 2005) ; «12 жылдық білім беру жүйесі және жаңа педагогикалық технологиялар» (Ақтөбе, 2006) ; «Білім және ғылым - бәсекеге қабілетті Қазақстан құру жолында» (Алматы, 2007) ; «Русская речь в современном вузе» (Орел, 2009) ; «Роль классических университетов в формировании инновационной среды регионов» (Уфа, 2009) ; «Ұлттық экономика және білім: жаһандану жағдайындағы даму стратегиясы» (Алматы, 2009) ; «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру экономикасы: мәселелері мен болашағы» (Алматы, 2009) . Сонымен бірге, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде зерттеудің жалпы сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу барысында қолданылған әдістер, пайдаланылған тілдік дереккөздер, жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы, зерттеудің құрылымы туралы деректер келтіріледі.

«Филолог студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыратын лингво-мәдени негіздер» атты бірінші тарауда жалпы тіл мәдениеті мәселелері, оның зерттелуі туралы баяндалып, іштей бес тармақшаға бөлінді. 1. 1 «Сөз мәдениеті мен жазу мәдениеті мәселелері» тармақшасында сөз мәдениеті мен жазу мәдениетінің коммуникативтік ерекшеліктері сараланады.

Сөз байлығы - күрделі түсінік. Ғылымда тіл мәдениеті деп жүрген саланы кейде сөз мәдениеті деп те атайды. «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел», «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» (Абай) деген өлең жолдарында сөз деп автор поэзияны меңзеп отырса, «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» дегендегі «сөз» ой-пікір деген мағынада айтылған. Демек, тілдің әртүрлі мақсатта жұмсалуын сөз деп айтамыз. Осы себептен «сөз мәдениеті» деген терминді жеке сөздерді қолданудағы дұрыстық деген мағынаны емес, жалпы тілді жұмсаудағы түзулік деген ұғым деп тануға әбден болады. Сондықтан оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттері мен радио-телехабарларда «тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті» деген атаулар кездесе қалса, оларды ұғымы бір деп түсінуге болады.

Сөз мәдениеті туралы айтылғанда жазу мәдениетін айналып өту мүмкін емес. Сөз мәдениеті мен жазу мәдениеті деген терминдер қатар ұғымда жұмсалады. Өзара мағыналас болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылығы да бар. Сөз мәдениеті дегеніміз - тілдік, коммуникативтік, этикалық нормаларды сақтай отырып, тілдік құралдарды, амал-тәсілдерді қарым-қатынас жағдаятына, ерекшелігіне сәйкес талғап, таңдап қолдану арқылы діттеген коммуникативтік мақсатқа жетуге барынша мүмкіндік беретіндей етіп тиімді түрде ұйымдастыру [1, 105 б. ] .

Ахмет Байтұрсынұлы тіл мәдениеті, сөзді дұрыс қолдануға қатысты: «Сөздің дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін:

- сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықтарды жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына пайдалану қажет;

- сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, ымырластыру қажет;

- сөйлемдерді дұрыс ойластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру аса маңызды» дейді [2, 350-353 б. ] .

1930 жылдардан кейін сөз мәдениеті тілімізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келді. 1965 жылы шыққан «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» деп аталатын кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері» атты кандидаттық диссертациясы мен 1972 жылғы «Сөз мәдениеті және баспасөз» деген жинақта сөз мәдениетіне бірсыпыра дұрыс бағытта тұжырымдар жасалған.

Қазақ тіл білімінде «тіл мәдениеті» ұғымын қалыптастырған профессор М. Балақаев: «Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, сөз мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылысты ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [3, 78 б. ] .

Демек, сөз мәдениеті дегенде, ең алдымен, әдеби тілді қалай меңгергеніне көңіл бөлеміз. Сөйлеуші өзіне тән тілдік ерекшеліктерімен қатар, жалпыға ортақ әдеби тілдің нормасынан хабардар болуға міндетті. Оның толып жатқан арналары, жолдары бар: мектеп, жоғары оқу орны, кітап, газет-журнал, радио, теледидар т. б. барлығы жалпы мәдениетке, соның ішінде сөз мәдениетіне баулиды.

Сондықтан тілдік тұлғаның тілдік құзіреттілігінің жеткіліксіздігінен келеңсіз жағдайларға душар болатыны, ол кедергілердің алдын алу үшін тіліміздің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік амал-тәсілдерін қолдану қажет екені зерттеуде айтылды.

1. 2 «Тілдік норма» - адамның іс-әрекеті, ойлауы қандай орнықтылықты, ұқыптылықты қажет етсе, оның тілі де соған лайық болу керектігі айтылады. Бұл тілдік нормаларды білгенде ғана іске асады. Тілдік норма тармақтарын төмендегі кестеден көруімізге болады [1] .

Сурет 1 - Тілдік норма тармақтары

Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып, қалыптасады. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы - көне заманнан келе жатқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілінде заңдылықтардан ауытқитын, әдеби нормадан тыс жатқан құбылыстар да болады.

Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп бірізге түсіреді. Бұл үрдіс, бірер жылда аяқталмайды, үздіксіз дамып отыратыны белгілі.

Жаңа тілдік норма жасалуының екі жолы бар. Бірқатар нормалар тілдің объективті даму заңдары негізінде қалыптасса (мысалы, қазақ тілінің дыбыс жүйесіндегі үндестік заңы, лексика-грамматикалық жүйелері), енді бірқатары әдеби тілдің ілгері даму бағдарына сәйкестендіріліп қолдан жасалады. Соңғыларға мыналар жатады: а) сауатты жазу - орфография, тыныс белгі ережелері (пунктуация) ; ә) қаулы-қарарлар арқылы қабылданған терминдер жүйесі; б) сөздіктер, оқулықтар және басқа құралдар арқылы тіл байлықтарын екшеп, оларды жұртқа дұрыс таныту әрекеттері.

Көпшілік қолданысына ие болу нормалылықтың бір белгісі болып танылғанда, мұны тек жоғарыдағыдай сөздің мағынасынан ғана көріп қоймаймыз, тәжірибеден де байқаймыз. Мысалы, кейбір сөздердің тек жағымсыз не жағымды мағынада ғана қолданылатындығы, сондықтан өзіне қатысты сөздерді таңдап тіркесетіндігі - сөз мәдениеті нормасы. Айталық, арқасында сөзі жағымды мағынадағы тіркес құрайды: денсаулықтың арқасында, байлықтың арқасында, таланттың арқасында , ал аурушаңдықтың арқасында, жоқтықтың арқасында, дарынсыздықтың арқасында деп айтылмайды, ол сөз мәдениеті нормасы түгіл, ауызекі тілде де қолданылмауы керек. Ал белшесінен батты, етек алды, тап болды деген фразеологизмдер тек жағымсыз мағынаны білдіреді, сондықтан олар жағымды мағыналы сөздермен тіркеспейді. Мысалы, қамқорлық етек алды, қуанышқа тап болды, байлыққа белшесінен батты сияқты қолданыстар дұрыс емес. Сол сияқты көптеген етістіктер тек қана болымсыз тұлғада жұмсалады, олардың болымды тұлғасы жоқ. Мысалы, бет қалмады (ұялу), бет бақтырмады (сөйлетпеді, сөз бермеді), бет бұрдырмады (мүмкіндік бермеді), бетіне жан келтірмеді деген тіркестердің бет қалды, бет бақтырды, бет бұрдырды, бетіне жан келтірді деген жағымды сыңарлары болмайды.

Болашақта нормаға айналуға тиісті жаңа тілдік құбылыстар көрнекті ақын-жазушылардың туындыларында жиі қолданылады. Бірақ ақын-жазушылардың шығармаларының тілін ортақ өнеге-үлгі деп қабылдай отырып, олардың тілінде ақындық «еркіндіктер» кездесетінін ескеру қажет. Мысалы, И. Сапарбаевтың: «Сарқылған Балқаш мынау, Арал мынау. Жазымдас жәми жұрттың тағдырымен. Жазылмас жанымда бір жара бар-ау» деген жолдарындағы жазымдас сөзін окказионализм деп көрсетеді [4] . Бұл да «заңсыз» жасалған авторлық неологизм: ол жазым болу, жазым жасау, жазым қылу деген сияқты тіркестермен келетін «жазатайым болған сәтсіз оқиға» дегенді білдіретін жазым сөзі. Жолдас, құрдас, сыбайлас, еншілес, курстас сияқты сөздерді жасайтын -дас (-дес, -лас, -лес, -тас, -тес) жұрнағын қабылдамауға тиіс, өйткені бұл сөздің семантикалық мағынасы оған жібермейді, өлімдес, тірілес, аурулас деп айтуға болмайтыны сияқты, жазым сөзі ортақтасу, еншілесу мағынасын қабылдамайды, тіпті жазатайым болған сәтсіз оқиғаға, айталық, аяғын сындырып алуға біреу емес, бірнеше адам бірден ұшырасса да, тілдік нормада жазымдас деп айтпайды. Ал ақын айтады, ақын үшін жазымдас деген норма, шырқын бұзып қолдан өзі жасаған тосын сөз табиғаттың ба, адамдар тарапынан жазатайым , күтпеген жерден , күтпеген кезде жайсыз оқиғаға ұшырауы болып табылады. Мұндай қолданыс жиілігі байқалмайтын сөздер мен тіркестер әдеби тілдің нормасы бола алмайды. Демек, норма мен норма еместі айыру үшін жиілік принципін ескеру керек.

1. 3 «Жалпы мәдениет пен тілдік мәдениеттің арақатынасы» жалпы мәдениет пен тілдік мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашуға арналады.

«Мәдениет» латынның соlore сөзімен дыбысталып, алғашқыда мағынасы өңдеу, игеру, деген мағынаны білдірсе, кейін келе адамның дамуы, жетілуі деген мағынаға ие болған. Айырмашылығы мәдениет ұғымына табиғаттың үйлесімділігі емес, адам жасаған іс-әрекет үйлесімі кіреді. «Белгілі бір затты игеруден» «жалпы игеру» мағынасына ауысуға бірнеше ғасыр керек болды. Мәдениеттану саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектерінің қорытындысы бойынша, мәдениет сөзінің көпмағыналылығын төмендегі кестеден көруімізге болады:

Кесте 1. Мәдениет сөзінің анықтамасы

Осының негізінде тілдік мәдениет өз кезегінде сөз мәдениеті және тіл мәдениеті мәселелерін қамтиды. «Сөз мәдениеті» термині үш түрлі мәнде ұғынылады:

  1. тіл ғылымының саласы;
  2. сөз мәдениеті - коммуникацияның жетілуі, оның қандай да бір белгілері мен сапаларының жиынтығы;
  3. сөз мәдениеті - тілдің қарым-қатынас жасау үшін тиімді, жеңіл қолданылуын қамтамасыз ететін адам игерген білім, дағды.

Демек, ғылымда «тіл мәдениеті», «сөз мәдениеті» деген терминдер қолданылады. Осы ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы «тіл» және «сөз» терминдерінің арақатынасына негізделеді.

1. 4 «Оқытушы сөзінің филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастырудағы рөлі» атты тармақта жоғары оқу орындары оқытушыларының сөйлеген сөзі (дыбыстауы, интонация), қимыл-қозғалысы, сырт бейнесі, мәнері т. б. филолог студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастыруға қалай әсер ететіні туралы сөз болады.

Оқытушы мамандығы - ең қиын әрі арқалар жүгі ауыр, білгеніңді сарқып беретін мамандықтың бірі. Оқытушы еңбегінің нәтижесі жеке басының жауапкершілігіне ұласады. Бұл әлеуметтік қажеттілік қана емес, оқытушының біліктілігі мен шеберлігінің кәсіби жоғарылауына жол ашады.

Тәжірибелі оқытушы оқу үдерісінде тек қатесіз жазуды ғана үйретпей, филолог студенттердің тілді пайдалана білуге, оның өз ойын айқын, еркін, дәл жеткізе алуына мүмкіндік бергені дұрыс. Осыдан филолог студенттердің сөйлеу тілі дағдыланып қалыптасады. Қазақ тілінің байлығын игеріп, оны анық, әсерлі, ұтымды етіп айтып, жаза алатын дәрежеге жетуге көмектеседі. Сөз тіркесін, сөйлем құрылысын, морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолдана білуге, сөз мәдениетін арттыруға үлес қосады.

Филолог студенттердің білімін тереңдету арқылы да тілдік тұлғасын қалыптастыруға болады. Оның жолдары:

1. Тілдік терминологияны меңгеру. Тілдік терминологияны терең меңгеру үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен, сөздіктермен, әсіресе, қостілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Мәдени тілдік құзыреттілік
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі
Газет тілі және прецедентті мәтін
Шетел тілін оқытудағы лингвомәдени құзіреттілікті қолданудың теориялық сипаттамасы
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Толық омонимдер және жартылай омонимдер
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz