Медициналық сұхбаттасуды жоспарлау мен түсіндіру: кезеңдік құрылым және негізгі талаптар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Медициналық сұхбаттасудағы жоспарлау және түсініктеме беру: негізгі талаптары, медициналық сұхбаттасудың нақты кезеңінің құрылымы. Медициналық сұхбаттасудың аяқталуы.

Тақырыптың мазмұны:

Медициналық сұхбаттасудың логикалық құрылымы бар алты кезеңді ұсынады:

1-кезең- дәрігер науқаспен байланыс орнатады;

2-кезең- дәрігер пациенттің келу себебін анықтауға тырысады немесе оның себебін анықтайды;

3-кезең- дәрігер сөздік немесе физикалық тексеру немесе екеуін бірдей жүргізеді.

4-кезең- дәрігер мен науқас, науқастың денсаулығына қатысты маңызды жәйттарды талқылайды;

  • 5-кезең- дәрігер (кейде науқас) кейінгі жүретін қосымша тексеруді немесе емдеу шараларын нақтылайды;

6-кезең- кеңес беруді, әдетте дәрігер аяқтайды.

Бұл үлгі бойынша дәрігердің жағдайға араласуы, кірісуі мынандай категориялар арқылы жүзеге асады:

  • Бұйрықты- кеңес немесе нұсқау беру (сыни немесе директивті) ;
  • Ақпараттық - ақпарат, нұсқау немесе түсіндіруді қолдану;
  • Қарсы келетін- шектеу қоятын ұстанымға қайшы келетін категория;
  • Катарсистік- эмоцияны көздің жасы, ашу- ыза, күлу немесе айқайлау арқылы шығару;
  • Каталитикалық- науқастың бойындағы жасырын ойлары мен сезімдеріне үңіліп, тануға итермелейді;
  • Қолдау көрсететін- пациентке көмек беру мен оны мақұлдауды ұсынады.

Әрбір категорияның жеке кеңес беру кезінде өзіндік нақты қызметі бар.

Кез-келген науқас дәрігерге мынандай алты сұрақтың жауабын алуға келеді:

  1. Не болды?
  2. Неліктен осылай болды?
  3. Неліктен бұл жағдай менімен болды?
  4. Неге дәл қазір?
  5. Ешнәрсе жасамаса, не болады?
  6. Менің не істеуім қажет немесе кімнен кеңес ала аламын?

Кез-келген кеңес үшін қажетті жеті түрлі міндеттер жинағын көрсетеді:

1. Пациенттің сізге келу себебін анықтау. Ол мына нәрселерден тұрады:

  • Проблеманың табиғаты мен тарихынан;
  • Олардың этиологиясынан (себебінен) ;
  • «Пациенттің ойларынан», проблемасынан және не күтетінінен;
  • Проблеманың ықпалынан;

2. Басқа проблемаларды қарастыру үшін.

  • Жалғасып келе жатқан проблема;
  • Қауіп факторы;

3. Әр проблемаға қолданылатын тиісті шараларды пациентпен бірлесе отырып таңдау.

4. Пациентпен бірге проблеманы жалпы түсінуге тырысу;

5. Пациентті емделуге шақыру және тиісті жауапкершілік танытуын талап ету;

6. Уақытты пайдалану;

  • Кеңес беру кезінде;
  • Ұзақ уақыт бойы;

7. Пациентпен қарым- қатынасты үзбеу, бұл басқа да мәселелерді шешуге көмектеседі.

« Пациентке бағытталған » үлгіні қолдану деген, дәрігердің науқасқа қарым- қатынас барысында билікті бөлісуге деген, мүмкіндік бере алу қабілеті болып табылады.

Бұл үлгі бір- бірімен өзара байланысты алты түрлі компоненттерден тұрады. Алғашқы үшеуі коммуникация процесін қалыптастыруға бағытталған. Келесі үшеуі, коммуникацияның дәрігер мен науқас қарым- қатынасына қарай бұрады. Бұл үлгінің алты компоненті мына нәрселерден тұрады:

  1. Аурудың да, ауру тәжірибесін де зерттеу.

Науқасты тиімді түрде емдеу, науқастың ауруына қаншалықты көңіл бөлсеңіз, оның күйзелістеріне де соншалықты мән беруді талап етеді. Науқасқа бағытталған әдіс ауруға және науқастың өз ауруына деген күйзелістерін өлшеуге негізделген:

  • Өздерімен не болғаны жөніндегі ойлары;
  • Ауруға қатысты қорқыныштары;
  • Қиындықтарының науқасқа деген әсері;
  • Жасалатын әрекетке байланысты, олардың үміттері.

2. Науқасты тұтас тұлға ретінде түсіну.

Уақыт өте келе дәрігерлер өздерінің науқастары жөнінде, оның отбасы, жұмысы, сенімдері мен көзқарастары, қиындықтары жөнінде жақынырақ біле бастайды. Науқас тұлғасын түсіну, әсіресе айтылған симптомдардың нақты бір ауруды білдірмейтін, сипаттамайтын жағдайда, дәрігердің науқаспен қарым- қатынасын жеңілдетеді.

Бұл бағыт, дәрігердің жалпы адам жөніндегі, жан күйзелістерінің табиғаты жөнінде білімдері мен көзқарасын кеңейтуге, тереңдетуге көмектеседі.

3. Емдеу шарасы бойынша жалпы бағытты іздеу.

Дәрігерлер мен пациенттер проблеманың табиғаты мен емдеу мақсаты, дәрігердің және науқастың рөлі жөнінде, кейде түрлі көзқараста болуы мүмкін. Ортақ бағытты таңдау емдеуді жоспарлау кезінде науқастың ойымен, сезімдерімен, үміттерімен бөлісіп, толыққанды қатысуын талап етеді.

4. Алдын-алу және денсаулықты нығайту шараларын жоспарлау.

Бұл дәрігерлік тәжірибе философиясына жан-жақты және үнемі көмек талап ететін жағдай. Эмоционалды тұрақты түрде денені және жалпы ағзаны нығайту мақсатында дәрігерлер мен науқастар денсаулықты мұқият қадағалап отырады.

5. «Дәрігер- науқас» қарым-қатынасын жақсарту.

Дәрігерлер әрбір науқаспен жағымды, әрі тұрақты қарым- қатынас орнатуға тырысады. Кейін бұл жағымды жағдайды науқастың денсаулығын нығайтуға бағыттай алады.

6. Шынайы болу.

Дәрігерлер өз уақытын дұрыс жоспарлап, пайдалана алуы тиіс. Сонымен қатар, өз мүмкіндігінің шегін дұрыс бағалай ала білуі қажет.

Науқас қанша мәліметті біледі және қаншалықты білгісі келетінін анықтап алған соң, науқастың түсіну деңгейіне қарай түсіндіруге тырысыңыз.

  • Науқастан ақылдымын, одан білімдімін деп, яғни мені ол түсіне алмайды деп ойламаңыз;
  • Науқаспен баламен сөйлескендей сөйлеспеңіз;
  • Медициналық термин пайдаланбаңыз, науқас оны түсінбей қалуы мүмкін;
  • Өз тіліңізді кәсіби емес тілге ауыстырыңыз;

Төменде берілген нұсқаулардың науқасқа ең түсінікті болатын, әрі анық, нақты келтірілгенін таңдаңыз:

  • Не болғанын түсіну үшін, ішіңізді басып көрейін деп жатырмын;
  • Аурудың себебін табу үшін, ішіңізді жәйлеп басып көргелі жатырмын;
  • Дискомфорт көзін анықтау үшін, сіздің ішіңізді байқап көрейін деп жатырмын.

Клиникалық әңгімелесу барысында, науқастың өз жағдайы мен қолданылытан емдеу шаралары жөнінде қаншалықты білгісі келетінін анықтап алу маңызды. Себебі, науқастардың кейбірлері өз жағдайын толық білгісі келсе, ал екіншілері басқалар сияқты барлық ұсақ- түйекті білуді қажет деп санамайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын экономикасы: құрылым, жоспарлау және негізгі құралдарды тиімді пайдалану
Өндіріс шығындары: құрылым, кезеңдік ерекшеліктер және шығындарды оңтайландыру
Эссе жазу тәртібі: анықтама, құрылым және талаптар
Кәсіпорын экономикасы: өндірістік құрылым, ұйымдастыру және жоспарлау
Кіріктірілген сабақтарды жобалау мен жоспарлау: негізгі талаптар және 7 сыныпқа арналған физика-математика сабақ жоспары
Персоналды басқарудың негіздері мен қызметі: құрылым, жоспарлау, оқыту және мотивация
Кәсіпорын экономикасы: өндірістік және ұйымдастырушылық құрылым, жоспарлау, ұйымдық-құқықтық формалар және негізгі қорларды тиімді пайдалану
Кәсіпорын мен кәсіпкерліктің негіздері: өндірістік құрылым, жоспарлау және болжау
Қазақ күресінің жаттығу жұмыстарының көпжылдық жоспарына қойылатын талаптар мен жоспарлау түрлері
Жоғары оқу орындарының оқу-жоспарлау құжаттары: мемлекеттік стандарттар мен талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz