Жыныс жасушалары


Жыныс жасушалары
Жыныс жасушалары - жануарлар мен өсімдіктер организмдерінде пісіп жетіліп, ұрықтану нәтижесінде жаңа дарақтардың дамуы мен оларға ата-анасынан тұқым қуалаушылық қасиеттерінің берілуін қамтамасыз ететін жасушалар. Жыныс жасушаларына: аналық жыныс жасушасы (жұмыртқа жасушасы - овоцит) және аталық жыныс жасушасы (сперматозоид) жатады.
Жыныстық көбею' Жыныстық көбею - аналық және аталық жыныс клеткаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтану нәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттары әр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс клеткалары аналық (жұмыртқа-клетка) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-клетка және сперматозоидтар аналық және аталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дарабастары бар түрлерді даражынысты деп атайды. Бірүйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-клетка және сперматозоид бір дарабаста түзілсе, екіүйлі өсімдіктерде және даражынысты жануарларда олар әр түрлі дарабастарда түзіледі. Егер түрлерде бір дарабас аналық және аталық гаметаларды түзе алса, оларды гермафродиттер немесе қосжыныстылар деп атайды. Жыныстық көбеюге - партеногенез де жатады. Бұл - аналық гаметаның аталық гаметамен ұрықтанбай дамуы. Партеногенез кезінде дарабастың соматикалық клеткалары диплоидты түрде дамиды. Хромосоманың диплоидты жиынтығының қалыпқа келуі мейоздың екінші бөлінуіндегі ооциттердің және редукциялы денешіктің қосылуынан іске асады. Партеногенетті көбею жануарлар және өсімдіктер патшалығында кездеседі және кей жағдайларда көбею жылдамдығын өсіреді. Аналық гаметадағы хромосомалар санына байланысты партеногенезді гаплоидты және диплоидты деп екі топқа бөледі. Көптеген жәндіктерде, соның ішінде құмырсқаларда және араларда гаплоидты партеногенез нәтижесінде организмдердің жаңа топтамалары (касталар) пайда болады. Бұл түрлерде мейоз процесі жүреді де гаплоидты гаметалар түзіледі. Кейбір жұмыртқа-клеткалар ұрықтанады да олардан диплоидты аналықтар, ал ұрықтанбаған жұмыртқа-клеткалардан ұрықты гаплоидты аталықтар дамиды. Көбеюдің мұндай механизмі жәндіктердің әр типті ұрпақтарының санын реттеуде маңызы зор. Бітелерде диплоидты партеногенез жүреді. Олардың ооциттерінің хромосомалары ажырамайтын мейоздың ерекше формасынан өтеді, яғни барлық хромосомалар жұмыртқа-клеткаларға өтеді де, шеткі (полюсті) денешікте бірде-бір хромосома болмайды. Партеногенез өсімдіктерде де кеңінен тараған. Соның бір формасы - ұрықтанбаған аналық жыныс клеткасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты клеткадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-клетканың дамуынан пайда болған партеногенездің екінші бір түрі - андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы - гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық өзгергіштік байқалады.
Аналық жыныс жасушасы
Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка) ; (ovocytus; лат. ovum - жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) - ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар - сарыуыз қорланады. Аналық жыныс жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе жүмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде (ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың көп қоры керек емес, ал ұрығы жүмыртқада дамитын жануарлар жыныс жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады. Сарыуыздың мөлшеріне және жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу сипатына сөйкес жұмыртқа жасушасы бірнеше түрге бөлінеді. Сарыуыздың мөлшеріне қарай аналық жыныс жасушасы: олиголецитті овоцит (сарыуызы аз), мезолецитті овоцит (сарыуызы орташа) және полилецитті овоцит (сарыуызы көп) болып үш топқа бөлінеді. Ал сарыуыздың жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу орны мен оның цитоплазмадағы таралуына байланысты аналық жыныс жасушалары: гомолецитті овоцит (сарыуызы цитоплазмада біркелкі таралған) және телолецитті овоцит (сарыуызы торша цитоплазмасының төменгі полюсінде - көп, жоғарғы полюсінде - аз) болып бөлінеді. Сүтқоректілер мен қандауьфшада (ланцетникге) аналық жыныс жасушасы: олиголецитті және гомолецитті овоцит тер, қосмекенділер мен кейбір балықтарда - мезолецитті және телолецитті овоцит тер, ал бауырымен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz