Қазақтың бүкіл өмірі ерліктерден тұрады


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Біз ерлік жасай аламыз ба?

Posted on Желтоқсан 10, 2009 by Көкбөрі

Қазақтың бүкіл өмірі ерліктерден тұрады. Алдымен, Алладан амандық сұрады. Сонан соң алаш баласының басын құрады. Жерімізге көз алартақан, жұдырығын шошайтқан жауларды жаппай қырады. Талай мәрте көзінің жасын бұлады. Бірақ амандығын сақтап қала алды.

Көне түркі заманына бойлап, сақтар мен ғұндардың, қыпшақтардың дәуірін сөзбен суреттеп, ерлік дастандарын санамызда жаңғыртпай-ақ қоялық. Шыңғыс қаған заманында шыңырауға құламай, шын бейнесін сақтап қалған бабалардың айтулы жорықтарын тағы қайталап не керек? Үлкен ұлыстан іргесін бөлек салып, қазақ деген хандық құрған Керей мен Жәнібектің жанкештілігін жұрттың бәрі біледі. Қасым, Есім, Тәуекел, Абылай хандардың заманындағы ұлтты сақтап қалу жолындағы болған күрестерді тарих деген кәрі тарлан бойына сақтап, бүгінге жеткізді. Заманында қазақ үшін қан кешкен Хан Кененің сұсты бейнесі көз алдымызда әлі тұр. Қысқасы, қайқы қылыш тағынып, сауыт-сайманын асынып, бес қаруын сайланып шыққан текті тұқымның ұлдары туған халқының болашақ өмірі үшін ерлік жасады. Бастарын бәйгеге тікті. Жанын аямады. Соның бәрі қазақ үшін болатын. Оның бәрі болашақ ұрпақтың қамы еді. Олар ерлік мұратты еріккеннен емес, біз үшін жасады. Бүгінде біз қымбат көлік мініп, бес жұлдызды қонақүйге түсіп, қымбат ресторандардан ас ішіп, аяқ босатып жүрсек, ол ең алдымен Алланың, онан кейін аталарымыз жасаған ерліктерінің арқасы. Шамаңыз келсе, дау айтып көріңіз.

Ағартушылықты, ақындық пен жазушылықты, саяси қайраткерлікті, ел басқару ісін, қысқасы, қоғамдағы қыбыр еткен саланың барлығын қамтуға тырысқан Алаш зиялылары да осы елдің болашағын баянды етуге барын салды. Әлихан, Ахмет, Мұстафа, Міржақып, Бейімбет, Сұтанмахмұт, Мұхамеджан секілді шоқ жұлдыздай болған алаш арыстары билік қуған жоқ. Қайткен күнде қазақ баласын іргелі ел етем, келешегін кемел қылам деген тұрғыда жұмыс жасады. Тоғышар болған жоқ. Тойып та ештеңе жемеді. Тапқаны не? Қуғын-сүргін, тексеру, түрме. Ең соңында, құрбандық. Олар мына біз үшін құрбан болды.

Кеңестен киепет табам деген Сәкендер де елдің болашағына алаңдағаннан сол жағалауға өтті. Еріккеннен немесе атақ-даңқ қуғаннан емес. Олардың да бар арманы қазақтың көсегесін көгерту, алдағы жолын айқындау еді.

Желтоқсанда қырылған қазақ жастары аттарын тарихқа қашап кету үшін, атақ-абыройын арттыру мақсатында алаңға шықпады. Олар да елдің болашағына алаңдады. Мерт болды. Соққыға жығылды. Түрмеге жабылды. Қудаланды. Құрықталды. Тоз-тоз болды. Бүгінде біз Тәуелсіздік атты түсініктің туын желбіретіп отырсақ, сол кездегі жалынды жастарға қарыздармыз.

Мұның бәрі ерлік. Тағы бір адамның ерлігін айтайық. Жастайынан «халық жауының баласы» атанып, көзге шыққан сүйелдей болып сүйкімі кеткен жас бала туған халқының тарихын зерттеуге ден қойыпты. Қазақы қалпын бұзбаған қара жерде өмір сүрген осы бала шынашақтай кезінен қазақтың қалтарыс тарихын қопарумен айналысады. Соның нәтижесінде Шалкиіз, Дулаттардың жырлары қазақ ортасына қайтып келді. Соның арқасында біз аласапыранда өткен өмірді көзімізбен көргендей болдық. Ол - Мұхтар Мағауин болатын. Қазаққа «Тазының өлімі», «Сары қазақ» секілді романдарды берген кәдімгі Мағауин. Мұхтарлардың жалғасы. Көзінің майын тауысып, жүйкесін жұқартып қазаққа қатысты тарихтың бәрін осы Мұхаң жинады. Біз Мағауиннің өмірі де ерлікпен өтіп келеді деп білеміз.

Тіліміз жеткенше бізге дейінгілердің ерлік жолын баяндағандай болдық. Енді тақырыбымыздың темірқазығына оралайық. Кейінгі кездері пақырыңызды «менің замандастарым ерлік жасай ала ма?» деген ой жиі мазалап жүр. Жалпы, бүгінгі қазақ жастары ерлік жасауға құлықты ма? Аталар аманатын адалынан атқара ала ма?

Мағауин «Аласапыранды» жазғанда мамыражай заман емес еді. 37-нің өзі болмаса да, оның елесі елдің ішінде әлі күнге дейін жүрген. Дегенмен таным-түсінігі әбден қалыптасқан жазушы ұлттық мұрат жолында жұмысын жалғастыра берді. Сол заманның өзінде қабырғалы дүниелерді табаққа салған бастай ғып бізге ұсынды. Сол заманда ұлттың жоғын түгендегені үшін Мағауинге алтыннан ескерткіш орнатса болады.

Өткенде қаламды ермек етіп жүрген бір жігітпен жолығып қалдық. Жазушы деп айта алмаймыз. Өйткені ондай қасиетті ұғымды әркімге телісек, онда оның киесі ұрады. Сондықтан ол жігітті жазушы деп, аузымыздың қисайып қалғаны бізге керек емес. Сол пақыр не дейді? Салған жерде «ұйғырлар туралы кітап жазып жатырмын. Кейіпкерім Ахмадиев. Шәкен Аймановтың үйінде үш жыл тұрған. Баласындай болып кеткен» деп салды. Тырс етпедік. Ол біздің өзі айтып отырған жұртқа қатысты көзқарасымызды білетін. Сонда да қазіргі депутатты мақтауын қоймады. Аяғын жерге тигізбей, көкке шығарып, үсті-үстіне мадақ айтып, тұлғалық қасиетін барынша ашып көрсетті. Қош дедік. Нарықтың заманында, онда да мынадай дағдарыс кезінде қазақтың бір баласы әлгі кісі туралы кітап жазып, одан ақша сауса, біздің не шатағымыз бар. Осы тоқтамға келіп, әлгінің одасын үн-түнсіз тыңдай бердік. Әсілі, ол әңгімесі бізге майдай жағып барады деп ойлаған болуы керек. Көпірген аузын аз-кем сүртіп алды да, былай деді:

* Сен білесің бе, тарихта қазақ пен ұйғырдың арасында ешқашан соғыс болмапты. Екі ел сан ғасырлар бойына тату жатқан. Бірін-бірі шаппаған. Еркегін құл, әйелін күң етпеген. Қойы қоралас, ауылы аралас жатқан. Бұл деген керемет қой. Өзіміз бір туғанбыз деп мадақтайтын қырғыздармен қайта көп соғысыппыз. Кенесарының да басын шауып алған солар ғой. Кітабыма осыны кіргізгелі отырмын.

Бұған дер кезінде тоқтау салмаса ұзаққа шабатынын байқағаннан соң, ойғырлар туралы оданы тоқтатуды талап еттік. Түріміз де қарауытып, көзіміздің ағы мен қарасына қызыл араласып, түтігіп кетсек керек. Соны байқаған әлгі жылыстап шығып кетті.

Сіз осы әңгімеден не байқайсыз? Ал біз мынаны айтар едік. Ең бірінші, ұйғыр қазақпен семсер айқастыратындай жеке дара мемлекет болмаған. Рас, есте жоқ ескі заманда Ұйғыр қағанатының өмір сүргенін білеміз. Ал Керей мен Жәнібектен басталатын қазақ хандығының тұсында ұйғырлар мемлекет болған жоқ. Сондықтан адуыны арынды, кезіккен жауын жайпап салатын қазаққа ұйғырдың қарсы тұруы қиын еді. Ал қырғыздың қазаққа көз алартуы, ол белгілі жағдай. Олар да өзінше іргелі мемлекет болды. Шекарасын қорғады. Халқын аман сақтауды ойлады. Сондықтан қазақпен қылыш түйістіруге, қалқан қағыстыруға тура келді. Екінші, қырғыз қанша жерден тойынса да, қазақтың құлағын кесіп, басын далаға лақтырып тастамаған. Жап-жас қызын қорламаған. Зорламаған. Әгәрәки, әлгі жігіт өзіне кейіпкер етіп алып отырған халық біздің бір туған ұлт секілді жерге, елге ие болса, онда талай соғысты бастан өткерген болар едік. Қазірдің өзінде олар шамасы жетсе қазақты сүріндіруге, келеке етуге, намысын таптауға тырысып бағады.

Өз басым, қазақтың арасында намыссыз жігіттер бар деп ойламайтын едім. Мына бір шағын әңгімеден кейін осындай намыстың қайрағына түспеген адамдардың барын көріп, көңілім құлазып сала берді.

Әлдебір ұлттың, я болмаса ұлыстың ортасына от тастаудан аулақпыз. Бірақ тарих толқынында жағаға шығып қалмай, ұлттығын, мемлекеттігін, беріктігін сақтап қалған қазақ дейтін ұлысты кемітіп, шамасы жетсе ұлын құл, қызын күң етуге тырысатын әлдебір халықтар туралы көлемді шығарма жазып, оларды аспандағы айға теңеп, бізбен достық рәуіштегі ел болған деп әспеттеудің керегі не? Кей пақырлар «Есектің артын жусаң да ақша тап» деп Абай айтқан» дегенді алға тартатын шығар. Абай арыңды, намысыңды сатып ақша тап деген жоқ.

Бір адамға байланысты «қазіргі қазақ азаматтары ерлік жасай алмайды» деп ой түйсек, онда ол ақымақтық болар еді. Дегенмен кейінгі кездері туған халқын қорғауға қарсы болған жігіттердің бары білініп жатыр. Әлдебір сектаға мүше болған бозбалалар қазақ ғаскерінің қатарын толықтыруға үзілді-кесілді қарсы болыпты. Бұл да сорақылықтың бір түрі. Көкіректерінде намыстың кішкентай ғана сәулесі болса, онда олар жер жаһанға бүйтіп жария салмаған болар еді. Онан бөлек, өзіміз ақшасын төлеп, шеттен білім жиып, жиған ілімін елі үшін жаратсын деген қаракөз қыз-жігіттер тағы бір сойқанды бастады. «Егер Қазақстанда тек қазақ тілі үстемдік құратын болса, біз елге қайтудан бас тартамыз». Олардың мәлімдемесі осы сықпытта. Сонда дейміз-ау, мемлекет қалтасынан ақша төлейді. Барлық жағдайын жасайды. Ал олар келіп туған халқына, ана тіліне қарсы шығады. Бұл не? Ең болмаса, төленген ақшаның құнын қайтармай ма? Тіліне жаны ашымаған баладан, еліне жанашыр азамат шығады деп айтудың өзі қиын. Соңғы кездері осы тектес тексіздіктер көбейіп барады. Сонан соң амалсыздан «қазақ жастары елі үшін ерлік жасай ала ма?» деп ойланасың.

Көпті көрген бір ағам «ғасыр басындағы қиындықтың бәрі өтеді. Мұндай қиындық әр ғасырда болып тұрған. Енді біраз уақыттан соң ел еңсесін жияды. Сонан соң мамыражай өмір басталады. Ал ғасырдың соңына қарай тағы бір бір қиындықтың төбесі көрінеді. «Тарих қайталанады» деген осы» деп еді.

Осы тәмсіл біздің жүрекке орнықты. Сонан соң ми қатпарының әлдебір түпкірінде жатқан түйсік мынаны бізге сыбырлады: біз Тәуелсіздік жылдарында Алаш арыстары аман болғанда ғой деп армандаймыз. Олар енді қайтып келмейді. Бәлкім, сол Алаш арыстарының көзіндей болған бір шоғыр зиялы қазақ аспанына шығар. Біздің білуімізше, елге жаны күйетін, халқыма болсын, ұлтым ұшпаққа шықсын дейтін жастардың алды университет бітірді, соңы мектеп қабырғасында жүр. Біздің түйсік алдамаса, жиырмасыншы жылдарға қарай олар әбден кемелденіп, еліне еңбек етуге дайын болады.

Қазақ жастарының қайратсыздығын көрген сайын осы бір түйсікпен сезген әлдебір құбылыс санамда жаңғырады. Үміт қой, әйтеуір. Сол үміт ақталса екен. Әйтпесе, мына түрімізбен қазақты жарға жығып тынатын сияқтымыз…

Ержан БАЙТІЛЕС.

10. 04. 2007

текст: "Kazakhstan Today"

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарына республикада ұлтаралық жанжалға жол берілмейтіндігін ескертті.

"Мен жанжал туғызған БАҚ-тар жауап беретінін ескертемін", -деді Н. Назарбаев.

Осыған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылы 17 - 18 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Казатком және Маловодное ауылдарында екі жігіттің арасында жанжал басталып, соңы жаппайы төбелексе айналған. Бес адам өлтірілді, үш автомашина және бір автобус өртеніп кетті. "Мәселе қарапайым криминалды қақтығыс, төбелес туралы болып отыр", деп атап өтті президент.

"Орын алған жағдайға байсалдылықпен қарайық. Мен келеңсіз жайттың мән жайын анықтап, айыптыларды жазалауды тапсырдым. Бұл шиеленістің түп тамыры анықталып, халыққа дұрыстап түсіндірілсін", деді Н. Назарбаев.

"Мұндай жағдайдың орын алғаны өте өкінішті, мерт болған жігіттердің туыстарына көңіл айтамын", -деді президент.

Сонымен қатар елбасы атап өткендей, осы оқиғадан тұжырым жасау қажет: неге рұқсаты жоқ азаматтар Қазақстанда тұруы керек? Неге адамдар үйлерінде қару ұстайды? Құқық қорғау органдары қайда қарады?".

Қазақстан президенті елдегі тыныштық пен келісім үшін жауапкершілік байырғы халық- қазақтарға жүктеледі деп атап өтті. "Қазақтар Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері үшін жауап беретін ұлт. Себебі, біздің ел жалпыға ортақ, ал қазақтар сан жағынан басым, олар ұстамды, толерантты және төзімді болуы тиіс", деді елбасы.

Өткен аптада Қазақстанның Бас прокуратурасы, БАҚ-қа конституцияға қайшы келетін, әлеуметтік және ұлтаралық араздыққа бағытталған пікірлерді жария етуге жол берілмейтіндігін ескертіп, мәлімдеме жасаған болатын.

Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде, "соңғы кездері жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары Алматы облысында осы жылдың 17-18 наурызында болған оқиғаға қатысты конституцияға қайшы келетін материалдар жариялауда", -деп көрсетілген.

Бас прокуратура "жеке немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әлеуметтік, ұлтараздық туғызу немесе ұлт намысын және азаматтардың арын аяққа таптау, сол сияқты үстемдік жасау немесе нәсіліне қарай азаматты кемсітуге бағытталған қасақана әрекеттің қылмыстық жауапкершілікке жататынын ескертті. ф

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

«ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСI» ДЕГЕННЕН БIЗДIҢ БИЛIК НЕГЕ ШОШИДЫ?

Негiзi қоғамда жиi орын алатын түрлi қақтығыстар мен көтерiлiс, ереуiлдер әлеуметтiк ахуалы төмен елге тән. Ал тәуелсiздiгiне қол жеткiзгелi 15 жыл өткен, саяси тұрақтылық орнаған, экономикалық деңгейi ауыз толтырып айтарлықтай Қазақстанда кейiнгi кездерi әртүрлi кикiлжiңдер мен қақтығыстардың жиiлеп кетуi нелiктен? Соңы қантөгiске ұласатын мұндай келеңсiздiктердiң алдын алу үшiн қазақ билiгi қандай шаралар қабылдауы тиiс?

Билiк күнi кешегi қазақ пен ұйғырдың, қазақ пен түрiктiң, қазақ пен чешеннiң арасындағы кикiлжiңдерге «ұлтаралық қақтығыс» деген анықтама беруге, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауға қатаң тыйым салып отыр. Бiрақ отандық сарапшылар мен саясаттанушылардың кейбiрi аталған қақтығыстарды билiк айтпақшы, «тұрмыстық деңгейдегi төбелес» ретiнде қабылдауға қарсы. Нелiктен? Жұмыссыз - қазақ, баспанасыз - қазақ, тiлi мен дiнi ханталапайға түскен - қазақ, тұрмысы ақсаған - қазақ, балаларын асырау мұң болған - қазақ, өз жерiнде өгейдiң күйiн кешкен - қазақ, безбүйрек билiкке сөзiн өткiзе алмай, дауысын жеткiзе алмай қор болған - тағы қазақ… Қазақ билiгi қоғамдағы күн тәртiбiнен түспеуi тиiс ҚАЗАҚ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ бар екенiн неге мойындағысы келмейдi? Қалың елдiң наразылығын тудырған әлеуметтiк теңсiздiктердiң орын алуына кiм кiнәлi? Қоғамды жегiдей жеген жемқорлықтың ауыздықталмауы не себептен? Сананы пiскiлеген сан сауалға жауап табу мақсатында сарапшылар пiкiрiне жүгiндiк.

Амалбек ТШАНОВ, ҚР Мәжiлiс депутаты:

- Кейiнгi кездерi қақтығыстар мен көтерiлiстердiң жиiлеуi iшкi саясаттың солқылдақтығынан, ұлттық идеологияның жоқтығынан. Барлық нәрсе тек сөз жүзiнде ғана, iс жүзiнде керiсiнше. Қазақстандағы заңсыз құрылған Халықтар ассамблеясын билiк өзiне керек кезде ғана пайдаланады. Ал жүйелi түрде жұмыс жүргiзiлiп жатқан жоқ. Менiңше, билiк болған кикiлжiңдер мен көтерiлiс, қақтығыстардың не себептен туындағанына сараптама жасауы тиiс. Шараны осыған сәйкес қолдануы керек. Қазiргi қазақ қоғамындағы тiлсiздiк, дiнсiздiк пен дiлсiздiктiң белең алуы - ұлттық идеологияның ақсауынан. Осының кесiрiнен қазақтар елдiң, мемлекеттiң иесi екендiгiн сезiнбейдi. Екiншiсi, әлеуметтiк ахуалдың өте нашарлауынан. Әлеуметтiк теңсiздiктер соңы көтерiлiстер мен наразылықтарға әкеп соғуда. Жергiлiктi жерлердiң басшылары жердi де, басқаны да кiмде ақша болса, соған берiп жатыр. Тек тамағын «майлап», тиiстi тиын-тебенiн берiп қойса болды. Ал қазақтар арасында қалталылар аз. Қазаққа қарағанда негiзiнен өзге ұлт өкiлдерiнiң тұрмысы жақсы. Мұндай әлеуметтiк теңсiздiк тек Қазақстанда емес, Батыста да орын алған. Бiздiң билiк соны көре тұра көрмегенсiп, бұл мәселеге көзжұмбайлықпен қарағысы келедi. Сараптама жасалынып, заң жүзiнде тиiстi шаралар қолданылмайынша, түйткiл шешiлмек емес.

Дос КӨШIМ, саясаттанушы:

- Қоғамдағы алғашқы қақтығыстардың ұшқыны көрiне бастағанда-ақ билiк алдын алу шараларын қамдастыруы керек едi. Бiрақ олай етпедi. Себебi, жергiлiктi атқарушы билiк Президенттiң «Қазақстанда ұлтаралық тұрақтылық сақталып отыр» деген сөзiн жоққа шығармау үшiн шамасы келгенше келеңсiздiктердi iшке жасыра бердi. Яғни, ұлтаралық проблеманың бар екенiн көре тұра мойындағысы келмедi. Менiңше, билiк елдегi қақтығыстардың жиiлемеуi үшiн кешендi түрде жұмыс жүргiзуi тиiс. Әрине, ең негiзгi мәселе - экономикалық-әлеуметтiк мәселенiң бар екендiгi рас. Екiншiден, ұлтаралық мәселеде әлi де шешiлмеген түйткiл бар. Ол - қазақ мәселесi. Менiңше, ұлтаралық мәселе дегенiмiз - немiс пен кәрiстiң, немесе орыс пен ұйғырдың арасындағы мәселе емес, бұл - қазақ пен Қазақстандағы басқа диаспоралардың арасындағы мәселе. Оның себеп-салдары өте көп. Бастысы, елiмiзде өмiр сүретiн өзге ұлт өкiлдерiнiң Қазақ жерiн, Қазақ елiн мойындағысы жоқ. Олар әлi күнге Кеңестер Одағындағы психологиядан айырылғысы келмейдi. Кейбiреулер тiптi, «Бiз осы Қазақстанда туғанбыз, Қазақстан - бiздiң бәрiмiздiң жерiмiз» деген пiкiрде. Ал шын ақиқаты: ата-бабаларымыздың қасықтай қаны қалғанша қорғаған ұланғайыр жерiне ешкiмнiң ортағы болмауы керек. Оны мойындағаннан Қазақ елiндегi өзге диаспоралар құл боп қалмайды, бiз қожайын боп кетпеймiз. Сондықтан олар Қазақ мемлекетiнiң құрылып, қалыптасып жатқанын мойындауы қажет. Екiншiден, қазақтар әлi күнге елдiң, жердiң иесi екенiн сезiнгiсi жоқ. Қоғамдағы түрлi келеңсiздiктерге жол берiп отырған - өзiмiз. Өйткенi, кеңестiк империяның кезiнде жоғалып кеткен ұлттық құндылықтарымыз керi қайтарылған жоқ. Осы екi мәселе тез арада шешiмiн табуы тиiс. Соңы қантөгiске ұласып жатқан төбелес, қақтығыстардың астарында бiреудi соққыға жығып кету емес, қазаққа тiл тигiзу жатыр. Мысалы, Атыраудағы қазақтар мен түрiктер арасындағы, Шелектегi қазақтар мен ұйғырлар арасындағы, Маловодное мен ҚазАтКомдағы қазақтар мен чешендер арасындағы кикiлжiңдерде қазақты төмендетуге, қазақты қорлауға жол берiлген. Бiр жағынан мұндай бассыздықтың орын алуына бiз, қазақтар өзiмiз кiнәлiмiз. Мұрнымызды бұзғандар мен ұлтымызды қорлағандардың, бiздi ҰЛТ ретiнде мойындағысы келмейтiндердiң, басынатындардың «өтемақы» ретiнде беретiн болмашы тиын-тебенiне алданып, «кешiре саламыз». Мемлекеттi құраушы негiзгi ұлтты менсiнбеу сияқты жағдайларды Грузияда немесе Өзбекстанда көзге елестете алмас едiк. Ол елдерде тұратын диаспоралар кiмнiң елiнде, кiмнiң жерiнде жүргенiн айқын сезiнедi. Ал тұтас бiр ұлтты қорлау - көкiрегiнде намысы бар кез келген адам көтере алмайтын қорлық. Қандай жағдайда болса да, кiмге болса да, диаспора өкiлi ме, тiптi, өзiмiздiң қандас па, ұлттың намысына тиетiн бiрауыз сөз айтуға қатаң тыйым салынатын деңгейге жеткен кезде ғана бiз өзгелерге өзiмiздi сыйлата аламыз. Мойындата аламыз. Өкiнiшке қарай, мұны бiздiң билiк әлi түсiне қойған жоқ. Тiптi бiздiң ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ екенiмiздi мойындағысы келмейтiн қарсы топтар бар. Олардың тiптi, Президентке сөзi өтiмдi.

Берiк ӘБДIҒАЛИЕВ, саясаттанушы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында» романындағы монолог пен портреттің көркемдік қызметі
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Күлтегін туралы жыр
Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz