Ағылшын тіліндегі сын есім туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 . 4

1 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5

1.1 Сын есімнің мәні және грамматикалық белгілері 5 . 8
1.2 Сын есімнің жасалуы және оның өнімді жұрнақтары және оның бір разрядтан екіншісіне ауысуы 9 . 11
1.3 Сын есімнің шырайлары 11 . 17

2 СЫН ЕСІМНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ 18

2.1 Сын есімдердің субстантивациясы 18 . 20

ҚОРЫТЫНДЫ 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22 . 23
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың нысаны. Сын есімнің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъекті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталытын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметтің бір түрі ретінде қалыптасады. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болды. Айталық қатты нәрсені, затты таспен теңестіруден барып тас жер, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіруден барып құм жер, т.б. сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа ұғымында тұрақтады. Қазақ тіліндегі ақ, қара, көк тәрізді сөздер сондай жіктелістің нәтижесі: ақ әрі зат атауы (ағарған сөзімен синоним), әрі түстің атауы, көк – зат есім (аспан мәні), әрі түстің атауы, қара – зат есім (кісі, көрінетін жанды зат), әрі түстің атауы.
Жұмыстың өзектілігі. Адам ойының айналасындағы дүниені анализдеу қабілетінің одан әрі дамуы сөздердің лексикалық жіктелісіне аналогия жасау барысында сын, сапа категориясын синтаксистік тәсілмен білдіру дәрежесіне жетеді. Сөйтіп алтын қасық, ағаш күрек, темір қақпа тәрізді тіркестер жасалады, яғни, жоғарыда аталған синтактистік анықтауыш категориясы қалыптасады.
Мұның үлкен ерекшелігі – сын, сапа категорясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын. Сапаны білдіретін сөздер тобы болып тұрақталды. Грамматикалық мұндай жіктелістің бірден-бір критерийі – синтаксистік анықтауыш категориясы немесе зат есімге қатысты айтылып, ешбір морфологиялық өзгеріссіз оның анықтауышы болу қызметі. Қазіргі тілдегі қызыл, сары, жасыл тәрізді тек қана түстің атауы ретінде айтылатын негізгі сын есімдер мен етістікке жақындығы, түбірлестігі синтаксистік қызметімен айқындалатын берік, шебер, ұлық, ұлы, кіші тәрізді сын есімдер сондай қолданыстың нәтижесінде ғана сын есімдер тобында тұрақталып қалған. Сын есімдердің дербес грамматикалық класс болып қалыптасуы лексикалық және синтаксистік қолданыс барысында болды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есм синкретизмнен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффиксация жүйесі қалыптасты. Соңғы құбылыстың шығуы сын есімдерді морфологиялық жағынан ерекшеленетін грамматикалық класс деп қарау мүмкіндігін берді.
Курстық жұмыстың мақсаты сын есімдердің категорияларын анықтап, танып білу, оларды жеке-жеке қарастыру, сын есімнің салыстыру шырайларының түрлерін беру, оларды талдау. Субстантивациялық сын есімдердің анықтамасын беріп, олардың түрлерін қарастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Барабаш Н.А. Руководство к лучшей грамматике. М.1975
2. Бархударов Л.С., Штелинг Д.А. Грамматика английского языка. М.1973
3. Беляева М.А. Грамматика английского языка. М.1984
4. Блох М.Я. Теоретическая грамматика современного английского языка. М. 1983 ( A Course in Theoretical English Grammar)
5. Блох М.Я., Лебедев А.Я., Денисова В.С. Практикум по грамматике английского языка. (Training in English Grammar) М. 1985
6. Виноградов В.В. Русский язык. М.-Л. 1947
7. Виноградова Л.П. Грамматика английского языка. М. 1954
8. Ганшина М.А., Василевская Н.М. Грамматика английского языка. (English Grammar) М. 1964
9. Гордон Е.М. Грамматика современного английского языка. (A Grammar of Present-day English) М. 1986
10. Жигадло В.Н., Иванова И.П., Иофик Л. Л. Современный английский язык. М.1956
11. Зверева Е.А., Труевцева О.Н., Щукарёва Н.С. Модальные глаголы в английском языке. Сборник упражнений. М. 1967
12. Иванова И.П., Бурлакова В.В., Почепцов Г.Г. Теоретическая грамматика современного английского языка. М. 1981
13. Иофик Л.Л., Чахоян Л.П., Поспелова Г.Г. Хрестоматия по теоретической грамматике английского языка. (Theoretical Grammar of English)Л. 1972
14. Ильиш Б.А. Строй современного английского языка. (The Structure of Modern English) Л. 1971
15. Каушанская В.Л. и другие Грамматика английского языка. Л. 1967 (English Grammar)
16. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. Практическая грамматика английского языка. М.1998
17. Клоуз Р.А. Справочник по грамматике для изучающих английский язык. (A Reference Grammar for Students of English) М.1979
18. Крылова И.П., Гордон Е.М. Грамматика современного английского языка. (A Grammar of Present-day English/ Practical Course)М.1999
19. Натанзон Е.А. Косвенные наклонения и модальные глаголы в английском языке. (Oblique Moods. Modal Verbs) М.1968
20. Хаймович Б.С., Роговская Б.И. Теоретическая грамматика английского языка. (A Course in English Grammar)М.1967
21. Хорнби А.С. Конструкции и обороты английского языка. М.1992

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3 - 4

1 Ағылшын тіліндегі СЫН ЕСІМ туралы жалпы түсінік 5

1.1Сын есімнің мәні және грамматикалық белгілері 5 - 8
1.2Сын есімнің жасалуы және оның өнімді жұрнақтары және оның бір9 - 11
разрядтан екіншісіне ауысуы
1.3Сын есімнің шырайлары 11 - 17

2 СЫН ЕСІМНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ 18

2.1Сын есімдердің субстантивациясы 18 - 20


ҚОРЫТЫНДЫ 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22 - 23

кіріспе

Курстық жұмыстың нысаны. Сын есімнің грамматикалық класс ретінде
қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен
бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды.
Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат
есімдер сөз, сөйлем құрамында субъекті мен объектіні ғана білдірмей,
атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталытын
синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы
қызметтің бір түрі ретінде қалыптасады. Ал анықтауыш қызметінде зат
есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты
екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара
салыстыру артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет
сын, сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Ондай сөздер басқа бір сондай
сөздермен салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен
белгіні айқынырақ, анығырақ білдіретін болды. Айталық қатты нәрсені, затты
таспен теңестіруден барып тас жер, жұмсақ, сусыма жерді құммен теңестіруден
барып құм жер, т.б. сөз тіркестері немесе анықтауыш қызметіндегі
категориясы осы тәрізді сөз мағынасын кең түсінуге негізделген қолданыстан
басталды. Мұндай қолданыстың барысында бірсыпыра сөздер лексикалық
шектеліске түсті: сөз әрі зат ұғымында, әрі сын, сапа ұғымында тұрақтады.
Қазақ тіліндегі ақ, қара, көк тәрізді сөздер сондай жіктелістің нәтижесі:
ақ әрі зат атауы (ағарған сөзімен синоним), әрі түстің атауы, көк – зат
есім (аспан мәні), әрі түстің атауы, қара – зат есім (кісі, көрінетін жанды
зат), әрі түстің атауы.
Жұмыстың өзектілігі. Адам ойының айналасындағы дүниені анализдеу
қабілетінің одан әрі дамуы сөздердің лексикалық жіктелісіне аналогия жасау
барысында сын, сапа категориясын синтаксистік тәсілмен білдіру дәрежесіне
жетеді. Сөйтіп алтын қасық, ағаш күрек, темір қақпа тәрізді тіркестер
жасалады, яғни, жоғарыда аталған синтактистік анықтауыш категориясы
қалыптасады.
Мұның үлкен ерекшелігі – сын, сапа категорясын білдіретін арнаулы
морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе
қалыптасқан жоқ. Сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен
қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын.
Сапаны білдіретін сөздер тобы болып тұрақталды. Грамматикалық мұндай
жіктелістің бірден-бір критерийі – синтаксистік анықтауыш категориясы
немесе зат есімге қатысты айтылып, ешбір морфологиялық өзгеріссіз оның
анықтауышы болу қызметі. Қазіргі тілдегі қызыл, сары, жасыл тәрізді тек
қана түстің атауы ретінде айтылатын негізгі сын есімдер мен етістікке
жақындығы, түбірлестігі синтаксистік қызметімен айқындалатын берік, шебер,
ұлық, ұлы, кіші тәрізді сын есімдер сондай қолданыстың нәтижесінде ғана сын
есімдер тобында тұрақталып қалған. Сын есімдердің дербес грамматикалық
класс болып қалыптасуы лексикалық және синтаксистік қолданыс барысында
болды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есм синкретизмнен басталды,
етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын
біршама аффиксация жүйесі қалыптасты. Соңғы құбылыстың шығуы сын есімдерді
морфологиялық жағынан ерекшеленетін грамматикалық класс деп қарау
мүмкіндігін берді.
Курстық жұмыстың мақсаты сын есімдердің категорияларын анықтап, танып
білу, оларды жеке-жеке қарастыру, сын есімнің салыстыру шырайларының
түрлерін беру, оларды талдау. Субстантивациялық сын есімдердің анықтамасын
беріп, олардың түрлерін қарастыру.

1 Ағылшын тіліндегі СЫН ЕСІМ туралы жалпы түсінік
1.1 Сын есімнің мәні және грамматикалық белгілері

Ағылшын тілінде, қазақ тіліндегідей сын есім – заттың, нәрсенің
белгісін, қасиетін білдіретін сөз табы. Ол what? – қандай? what kind of? –
қандай? деген сұрақтарға жауап береді:
A new firm – жаңа фирма
A wide street – кең көше
A strong companion – берік серіктестік
1. Сын есімдер құрылымына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді:
а) негізгі (түбір) сын есімдер:
red – қызыл
white – ақ
blue – көк
big – үлкен
old – кәрі
ә) туынды сын есімдер түбірге қосымшалар (префикстер, жұрнақтар) жалғану
арқылы жасалады:
acceptable – қолайлы, тиімді
unable – қабілетсіз
uncountable – саналмайтын, есептелмейтін
groundless – тиянақсыз
fixed – тұрақты
expensive – қымбат
economic – үнемшіл
б) күрделі сын есімдер екі немесе көп түбір сын есімдерден жасалады:
ice-cold – тастай суық
snow-white – қардай аппақ
dark-grey – қошқыл сұр
2. Қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде де сын есім мағынасына қарай
сапалық (qualative) және қатыстық (relative) болып екіге бөлінеді.
Заттардың түр-түсін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіретін сын
есімдер сапалық сын есімдер деп аталады:
Big – үлкен
Beautiful – әдем
Cold – суық
Black – қара
Белгілі бір заттардың сын сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы
арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады:
A silver bangle – күміс білезік
A golden arrow – алтын садақ
The Siberian white bear – сібірлік ақ аю
Ағылшын тілінде сын есім жіктелмейді, септелмейді жекеше, көпше түрге
бөлінбейді, оның тек үш шырайы болады. Сапалық сын есімнің қазақ
тіліндегідей үш шырай формасы болады:
а) жай шырай (the Positive Degree)
Жай шырай түбір күйінде басқа шырай формаларына негіз болады:
Short – қысқа
Fat – толық
Happy – бақытты
ә) салыстырмалы шырай (the Comparative Degree) заттың бір тектес сапасы мен
белгісінің арасындағы сәл кем немесе сәл артығырақ екенін білдіреді:
shorter – қысқарақ
fatter – толығырақ
happier – бақыттырақ
б) күшейтпелі шырай (the Superlative Degree) заттың алғашқы қалыпты сапасын
тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін қолданылады:
(the) shortest – ең қысқа
(the) fattest – өте толық
(the) happiest – ең бақытты
Енді шырай түрлерінің жасалу жолдарына тоқталатын болсақ, біріншіден
салыстырмалы шырайдың жасалу жолы.
а) Егер жай шырайлы сын есім оқылмайтын – е – дауыстысына аяқталса, сын
есімнің түбіріне тек – r – жалғанады:
fine – жақсы finer – жақсырақ
white – ақ whiter – ағырақ
ә) Егер жай шырайдағы сын есім – у - әріпіне аяқталып, оған – er – жұрнағы
жалғанса, ол – і – әрпіне өзгереді:
lazy - жалқау lazier – жалқауырақ
dirty – кір dirtier – кірлеу
pretty - әдемі prettier - әдемірек
б) жай шырайлы сын есімнің алдына “more” – көбірек, артығырақ сөзі келуі
арқылы да жасалады:
convenient – қолайлы more convenient – қолайлырақ
effective – нәтижелі more effective – нәтижелірек
в) – у әрпіне және - er, - ow, - le әріп тіркестеріне аяқталған бір буынды
және екі буынды сын есімдер жай шырай түріндегі сын есімдерге - er [ә]
жұрнағының жалғануы арқылы жасалады:
slow – баяу slower – баяуырақ
clever – ақылды cleverer – ақылдырақ
г) ағылшын тілінде less және smaller сөздері қазақ тіліне азырақ, кішірек
болып аударылады:
less – кішірек сөзі; little – аз сөзінің салыстырмалы шырай түрі, ал
smaller – кішірек, small – кішкентай сөзінің салыстырмалы шырай түрі.
He has less time than Bolat – Оның Болатқа қарағанда уақыты азырақ.
His house is smaller than yours – Оның үйі сіздікіне қарағанда кішірек.
ғ) ағылшын тілінде more – көбірек сөзі much, many – көп сөздерінің
салыстырмалы шырай түрі:
He has more important ideas than you – Сізге қарағанда оның пікірі
маңыздырақ.
Екі нәрсені, затты салыстырғанда than – қарағанда шылауы қолданылады.
The Balkash Lake is smaller than the Caspian Sea – Балқаш көлі Каспий
теңізіне қарағанда кішірек.
Ағылшын тіліндегі - er, - r жұрнақтары қазақ тіліндегі – ырақ, - ірек, -
рақ, - рек, - лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу жұрнақтарына сәйкес
келеді.
Екіншіден, күшейтпелі шырайдың жасалу жолы:
а) күшейтпелі шырай жай шырайдың алдына – most сөзінің қойылуы және –st, -
est жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады және олардың алдына the –
белгілілік артиклі қойылады:
beautiful – сымбатты the most beautiful – өте сымбатты
tall – биік the tallest – ең биік
late – кеш the latest – өте кеш
ә) егер жай шырайдағы сын есім – у әрпіне аяқталса, ол і – әрпіне өзгереді:
happy – бақытты the happiest – ең бақытты
dirty – кір the dirtiest – өте кір
Ағылшын тіліндегі күшейтпелі шырай тудыратын – most сөзі және –st, -
est жұрнақтары қазақ тіліндегі өте, аса, тым сөздеріне мағыналас келеді.
Кейбір сын есімдердің салыстырмалы және күшейтпелі шырайлары басқа түбір
сөздер арқылы жасалады:
Good better best
Жақсы жақсырақ өте жақсы
Bad worse worst
Нашар нашарырақ ең нашар
Little less least
Кішкентай кішірек өте кіші
Many more most
Көп көбірек өте көп

1.2 Сын есімнің жасалуы және оның өнімді жұрнақтары және оның бір
разрядтан екіншісіне ауысуы

Сын есім әртүрлі сөз таптарынан префикстер мен жұрнақтар жалғану
арқылы жасалады.
Префикстер:
un - interesting – қызықты, uninteresting – қызықсыз
tidy – таза, untidy – кір
necessary – керекті, unnecessary – керексіз
known – атақты, unknown – белгісіз
important – маңызды, unimportant – маңызсыз
im - possible – мүмкін, impossible – мүмкін емес
proper – дәл, өзіне тән, improper – теріс, орынсыз
pure – таза, мөлдір, impure – лас, былғаныш
il - legal – заңды, illegal – заңсыз
literature – сауатты, illiterature – сауатсыз
legible – анық, illegible – айқын емес
ir - rational – орынды, irrational – жөнсіз
recognizable – танылатын, irrecognazible – танылмайтын
regular – жүйелі, дұрыс irregular – теріс, бұрыс
Сын есімнің өнімді жұрнақтары
- al - verb – етістік, verbal – ауызша
physic – медицина, дәрі, physical – физикалық, материалдық дене

- able - to eat – жеу, eatable – жеуге жарайтын
to drink – ішу, drinkable – ішуге жарайтын
believe – сену, believable – сенімді
to achieve – мақсатқа жету, achievable – қол жетерлік
peace – бейбітшілік, peaceable – бейбіт, бейбітшілік сүйгіш
- less - job – жұмыс, jobless – жұмыссыз
count – санау, countless – санауға келмейтін
force – күш, forceless – әлсіз
doubt – күмән, шүбә, doubtless – шүбәсіз, сөзсіз күмәнсіз
cause – себеп, іс, causeless – себепсіз
- ful - power – күш, бидік, powerful – күшті, қуатты
care – қамқорлық, careful – қамқоршыл
truth – шындық, truthful – әділ, шыншыл
cheer – қуану, cheerful – көңілді
peace – бейбітшілік, peaceful – бейбіт, тыныш
- ive - conduct – басқару, бастау, conductive – өткізгіш
impress – із, сурет, әсер, impressive – мәнерлі, әсерлі
defence – қорғаныш, defencive – қорғану
indicate – көрсету, білдіру, indicative – көрсететін, сілтейтін
- ic - atom – атом, atomic – атомдық
- ous - fame – даңқ, белгілілік, famous – атақты, белгілі
- y - hunger – аштық, hungry – аш
glass – шөп, glassy – шөпті
silk – жібек, silky – биязы, жібектей жұмсақ
health – денсаулық, healthy – сау, таза
- ary - second – екінші, secondary – екінші дәрежелі
- ed - tooth – тіс, toothed – тісті
wood – ағаш, wooded – ағашты, орманды
hair - шаш, haired – шашты
- ish - red – қызыл, reddish – қызғылт
city – қала, cityish – қалалық
child – бала, childish – балалық
book – кітап, bookish – кітаби, тақуа
Сөздердің бірігуі арқылы сын есімдердің жасалуы:
World - әлем, + wide – кең worldwide – дүниежүзілік
Peace – бейбітшілік, + loving - сүюші peaceloving – ынтымақшыл
Half – жарты, + yearly – жылдық halfyearly – жарты жылдық
Сапалы, салыстырмалы және қатысты сын есімдер ауыспалы мағынада болуы
мүмкін, бұл жағдайда салыстырмалы сын есімдер сапалы және қатысты сын
есімдер разрядына өте алады, сапалы сын есімдер салыстырмалы сын есімдер
разрядына сирек өтеді.
Салыстырмалы сын есімдер сапалы сын есімдерге өте алады, егер олар
үлкен немесе кіші дәрежеде болатын белгінің мәнін иемдене алса. Мұндай сын
есімдер ауыспалы мағынада болады.
Қатысты сын есімдер салыстырмалы және сапалық сын есімдер разрядына
өте алады, егер олар осы разрядтың белгілерін иемденсе: түлкі іні (қатысты
сын есім) – түлкі жағасы (салыстырмалы сын есім) – түлкі сөзі (сапалы сын
есім).
Сапалы сын есімдер салыстырмалы сын есімдер разрядына өте алады, егер
олар өздерінің белгілерін жоғалтып, заттың тұрақты қасиетіне ие болса: ашты
жидек - ашшы көз қарас.
Салыстырмалы және қатысты сын есімдер ауыспалы мағынада көбінесе
көркем әдебиетте, ал сапалы сын есімдер – ғылыми әдебиетте қолданылады.

1.3 Сын есімнің салыстыру шырайлары

Ағылшын тілінде үш салыстыру шырайлар түрі бар: жай, салыстырмалы,
күшейтпелі шырайлар. Ағылшын тілінде салыстыру шырайларын құрудың екі
тәсілі бар.
1. Қысқа сөздер үшін (бір буыннан тұратын сөз):
Жай шырай Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Small Smaller (the) smallest
кішкентай кішірек ең кішкентай
Large Larger (the) largest
үлкен үлкенірек ең үлкен

Салыстыру шырайларын құруының жазуында күшейтпелі шырайда белгілі
артикль жиі қолданылады:
а) соңғы дауыссыз жалғанатын дауыстымен екі еселенеді:
big → bigger → (the) biggest
б) егер соңғы – у алдында дауыссыз әріп болса, онда – у – і ауысады:
easy → easier → (the) easiest;
early → earlier → (the) earliest
в) – er және – est қосылғанда соңғы – е жойылады. Жазылу ерекшеліктері
айтылуға әсер етпейді.
2. Ұзын сөздер үшін (екі немесе бірнеше буыннан тұратын сөздер):
Сөзді одан әрі созудың мағынасы жоқ, сондықтан ағылшын тілінде оның
алдына басқа сөз қосылады:
Beautiful → әдемі
More beautiful ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте орта деңгейде ағылшын тілі грамматикасын қазақ тілі грамматикасымен салыстырып оқыту
Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Біріккен сөздердің жасалуы
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сөйлемдердің дауыс ырғағын оқыту әдістемесінің негіздері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Дипломатиялық терминдер
Пәндер