Эмоция және адамның жеке басы



1 Адам . қоғамдық тіршілік иесі
2 Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
9. Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
11. Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Эмоция және адамның жеке басы
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-
біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр
түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын
жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс
жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ.
Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер
тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз
байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып
отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан
көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай
жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім"
дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп
айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал
сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға
қатынасын көрсетеді [4, 72 б].
Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады: олар
адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмысына
да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры
соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің демалуымыз қиындайды, қол-
аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді; керісінше
де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады. қалшылдай бастайды, көзден жас
сорғалайды. Сезім кісінің бет-әлпетінен де мимикасынан да көрінеді.
Халықтың қанатты сөздерінде "Адам жүзі - жанның айнасы", деп босқа
айтылмаған. Біздің бетіміздің бұлшық еттері өте қозғалмалы, ол адамның ішкі
көңіл-күйіне тәуелді болғандықтан неше түрлі құбылады. Кітапқа жапсырылған
суреттерді қараңыздар. Сол суреттер арқылы адам дәл сол кезде қандай сезім
үстінде екенін айыру қиын емес. Бүкіл дене қимылдары (пантомимика) да яғни
қимыл, сымбат, дененің әдемі қимылы, адамның кейпі сезімді білдіреді.
Эмоцияны басқаларынан көрі толығырақ бере алатын - біздің сөзіміз. Сөз
тек ойды ғана білдіріп қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек
көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуанышына дейінгі әр алуан
сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін - поэтикалық сөздер.
Сөз ырғағы да үлкен рөл атқарады. Бір сөздің өзі айтылуына қарай не
қуанышты, не қайғыны, не ашуды білдіруі мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай
отырып, оны сөйлеп тұрған адамның қандай көңіл-күйде екенін ажырату қиын
емес.
Сезімді білдіруде өнердің, әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері
бар. Сөзге қарағанда музыка тыңдаушыларының көңіл-күйін ауызекі айтып
жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады.
Сезім сырттай көрінуі арқасында басқаларға оңай көшеді. Шынында да,
жылап тұрған адамды көргенде, тіпті көбіне оның қайғысының себебін білмесек
те біз мұңайып қаламыз. Керісінше, көңілді, шат адамды көргенде - біздің
көңіл-күйіміз көтеріледі.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген
жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады [4, 75 б].
Көңіл күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар
туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп
өтетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоция және сезім тақырыбын оқыту
Сезім мен эмоция жайлы
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым
Ч. Дарвиннің эмоциялардың көрінуі туралы түсінігі
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Балада эмоциялар мен сезімдердің дамуы
Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және көріну жағдайы
Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері
Пәндер