Дін тыныштықта дамиды немесе Матуруди ақидасы адасқан ба?



1 Адамзат баласы үшін ең қажет дүние . тыныштық пен мол ризық
2 Табиғиндердің атақты тәпсір ғалымы
3 Дін бірлігі бұзылған елде, саяси тұрақтылық та шайқалады
Адамзат баласы үшін ең қажет дүние – тыныштық пен мол ризық. Өйткені, барлық нәрсе тыныштықта ғана дами алады және мол ризық себепті алаңсыз ғұмыр кешеді. Құранда Алла тағала: «Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды». (2/126). Осы аятқа мән берсек: Алланың сүйіктісі болған Ыбырайым ғ.с. Раббысынан өз жеріне, яғни Мекке қаласына ең әуелі тыныштықты, одан кейін мол ризықты сұрайды. Неге? Жоғарыда айтқанымыздай, кез-келген қоғам рухани және әлеуметтік даму үшін бейбіт өмір, тыныш қоғам, ауадай қажет. Тыныштық орнықпаған жерде: білім-ғылымда, шаруа- кәсіпте жайында қалады да, оның орнын үрей мен қорқыныш басады, жұрт малы аман, басы сау қалуы үшін пендешілік қылықтар демде етек жаяды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дін тыныштықта дамиды немесе Матуруди ақидасы адасқан ба?

Адамзат баласы үшін ең қажет дүние – тыныштық пен мол ризық. Өйткені, барлық нәрсе тыныштықта ғана дами алады және мол ризық себепті алаңсыз ғұмыр кешеді. Құранда Алла тағала: Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр деп, жалбарынды. (2126). Осы аятқа мән берсек: Алланың сүйіктісі болған Ыбырайым ғ.с. Раббысынан өз жеріне, яғни Мекке қаласына ең әуелі тыныштықты, одан кейін мол ризықты сұрайды. Неге? Жоғарыда айтқанымыздай, кез-келген қоғам рухани және әлеуметтік даму үшін бейбіт өмір, тыныш қоғам, ауадай қажет. Тыныштық орнықпаған жерде: білім-ғылымда, шаруа- кәсіпте жайында қалады да, оның орнын үрей мен қорқыныш басады, жұрт малы аман, басы сау қалуы үшін пендешілік қылықтар демде етек жаяды. Дүние шайқалып, тыныштығынан айырылады.
Мысалы, қарапайым отбасы өміріне зер салсаңыз, берекесі кеткен, тыныштығы бұзылған жанұяда өмір сүру үйлесімі жоғалады, алдыға дамудың орнына, керісінше құрдымға бет алады. Сол сияқты қоғамдағы тыныштық, бейбіт өмір болса, бұл Алланың сол қауымға берген ерекше нығыметі. Сондықтан да қоғамда – тыныштық пен бейбітшілік сақталып, оның дамуына үлес қосу, әрбір адамның міндеті деп түсінуіміз қажет. Тыныштықтың қадірін соғыс өртіне ұрынған елдер мен қауымдар жақсы білсе керек, олармен тілдесіп көрсеңіз: бүліктерден әбден шаршап, қалыпты тыныш тұрмыс жағдайды аңсайтындарын жасырмайды.
Сонымен өзін мұсылман санайтын әрбір қазақ еліміздегі Алла берген бүгінгі тыныштық пен бейбіт қарым-қатынастың шайқалмауына атсалысып, тұрақтылықтың бекем болуына үлес қосуы тиіс. Өйткені, мұсылманның амандасуының өзі сәлеммен басталып, сәлеммен аяқталады. Тіпті оған біреу қатты сөз айтып ренжітсе де, ол сәлеммен жауап қайтарады. Құранда Алла бұндай құлдарын былай деп сипаттайды: Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: Сәлеметшілік деп, дұрыс жауап береді. (2563).
Қазір біздің қоғамда тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін дұрыс бағалай алмайтын, я болмаса одан жалыққан немесе біреулердің айтағына еріп бүлік тіленіп жүргендер көбейіп келеді. Әрине, кемшілік немесе мемлекеттік басқару ісіне көңіл толмаушылық кез келген қоғамда, елде кездеседі, оның бәрін жөнге саламыз деу арықлы, елдегі бейбіт өмір мен тыныштықтан айырылу, орны толмас ақымақтық. Өкінішке орай, басқасы басқа дәл осындай сипат мұсылманша сауаты бар, намаз оқып жүрген бауырларымыздың арасында да жоқ емес. Бұған дәлел ретінде мына бір оқиғаны мысалға келтіруді жөн көрдім. Мен өзімнің бос уақытымды Құран оқуға және оны басқаларға үйретуге жұмсайтын әдетім бар. Маған Құранды оқып, үйренуге талпынып жүрген Нұржан есімді қазақтың өте әдепті, әрі қабілетті қара домалақ баласы келуші еді. Бірде ол маған: Енді сізге Құран үйренуге келе алмайтын болдым, бұл соңғы рет келіп жөнімді айтқаным деді. Мен оған:
- Е, не жағдай болып қалды? – дедім. Ол:
- Ілімді кімнен үйреніп жатқандарыңа қараңдар деген Әли (р.а). сөзі бар екен, сондықтан ілімді тек аһли суннаны ұстанатын адамдардан алуым керек дейді. Мен қатты ыңғайсызданып:
- Ал, сонда мен кіммін? – деп, сұрадым.
– Сізде Ихуан муслимнің сипаттары бар, – дейді, әлгі бауырым. Шынымды айтсам ыңғайсызданып қалдым да:
- Ол қандай сипат? – деп, таңырқай сұрады.
- Сіз маған дін – мешіттерде немесе арнайы рұқсат етілген мекемелерде насихатталғаны дұрыс деп айтқансыз. Бұлай айту Ихуан муслимдердің ұстанымы екен. Дін керісінше, дербес адамдар арқылы көшеде, базарда т.б. жерлерде таралады, – деп, маған сенімсіздікпен көз жүгіртті.
Ойпырай, шамамыз келгенше пайғамбарымыздың сүннетін ұстанып, жүрміз деп амал етуді әдет қылсақ, бір ауыз сөзіміз үшін Ихуан муслим болып шыға келгенімізді көрмейсіз бе? Мен Нұржан бауырыма:
- Әлхәмдулиләһи, біздің егеменді мемлекетіміз бар, ондағы ҚМДБ-ның ұлттық ұстанымы жүйеге қойылған, діни бағыты Ханафи мазһабы, Матуриди ақидасы, Аһли суннаға сай, егер де білім алып, құлшылығымды күшейтемін, сауап жинап, діннің насихатталуына үлес қосамын десең ешқандай шектеу жоқ. Бұдан артық саған не керек? дедім. Ол маған:
- Матуриди ақидасы адасқан емес пе, Ағузу биллаһи! – деді.
- Қалай адасқан, таухидті ( Алланы бірлеуді ) айтпай жатыр ма? Бес парызды орындама деп жатыр ма? Әлде жаннат пен тозақ жоқ дей ме? Менің көріп жүргенім басқа, мешіттерде әрдайым таухид (Алланы бірлеу), Пайғамбарымыз бен сахабалардың өмірлері, Құран аяттары мен хадистер насихатталынып жатыр. Сонда бұл адасу ма?. Осылай деп Нұржан бауырыма тойтарыс бергендей болдым. Ол:
- Олар асма-уссифатта қателескендер, – деп, айтып қалды. Мен ішімнен: Сүбханаллаһи! Асма-Уссифаттың нәзік те күрделі мәселелері қайда, біздің қоғам қайда? Тіпті сенің өзің бұл мәселелерді терең талдап түсінген жан емессің. Белгілі бір көзқарастағы адамның құлағыңа құйған уағыздарын ақиқат деп айтып отырсың. Құдайын әрең танып, үлкен күнәлерден тыйыла алмай жүрген мына қоғамға мұндай нәзік мәселелерді талас-тартысқа айналдырудың қаншалықты қажеті бар?!
Фундаменті жаңадан қаланған, бірақ әлі қабырғасы да көтерілмеген үйдің люстрасын қайда ілеміз, деп, дауласқандай болдық-ау мына бала екеуміз, деп ой түйдім.
- Нұржан бауырым, бұл мәселеде Матуриди ақидасы адасқан деп неге асығыс үкім бердің? Оны қайдан білдің? Қандай кітаптар оқыдың? – деп сұрадым. Пайымдауымша ол ешқандай кітапты жүйелі түрде оқымаған және тек құлақпен естіген уағыз-әңгімелері арқылы шешім шығарып отыр. Мен оған:
- Бауырым, кезінде менде сен сияқты бір жақтылық танытып, Матуриди ақидасы адасқан деп шатасқан едім, бірақ басқа да әртүрлі кітаптарды оқып, еліміздегі жағдайға қарап, өзімнің қатты қателескенімді түсіндім. Егер Матурудиді Құран мен хадистегі мағынасы айқын емес дүниелерге тәуил яғни жорамал жасағандығы үшін адасқан десек, онда қаншама салафтар мен он төрт ғасыр бойы исламға қызмет еткен небір ғұламалардың барін адастырып жіберетінімізді ұмытпайық. Мысалы, Ибн Хажар өзінің Бұхаридың сахихына жазған түсіндірмесінде ибн Аббастың Қалам сүресінің 42-аятындағы сақ сөзінің негізгі тура мағынасын емес, ауыспалы мағынасын таңдағанын келтіреді. Сақ сөзінің арабшадағы тікелей сөздік мағынасы тірсек дегенге саяды. Егер бұл сөздің тікелей негізгі мағынасын алсақ, аяттың мағынасы: тірсек ашылған қиямет күні дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөздің тура мағынасы Жаратушыға лайық болмағандықтан сақ сөзінің тура мағынасын емес, қиыншылық дегенді білдіретін ауыспалы мағынасын таңдаған. Сонда қиыншылық айқындалған (қиямет) күні дегенді білдіреді. Дәл осы аятты Әбу Мұса әл-Ашъаридың: үлкен нұр көрінген сәтте деп тәпсірлегендігі риуаят етілген[1].
әл-Бәйһақи Ибн Аббастың: Сендерге Құранның әлдебір сөзі түсініксіз болса, онда өлең, жырларға қараңдар. Себебі, олар арабтың диуаны дегенін дұрыс риуаят тізбегімен жеткізген.
Имам Бұхари пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла Тағала екі адамға күледі... деген хадисіндегі Алла Тағаланың күлуін Алла рақым етеді деп жорамалдаған[2].
Ибн Кәсир өзінің әл-Бидая уән-ниһая кітабында имам Ахмед ибн Ханбалдың Құранның Раббың келді деген аятын Жаратушының өзінің келуі деген тікелей мағынасын емес, Жаратушының сауабы келді деп жорамалдағанын жазған. Себебі, дененің қозғалуымен жүзеге асатын келу бұл мұқтаждықтан туындайтын жаратылғандарға тиесілі әрекет. Алла Тағаланың барлық мекенге құзіреті жүргендіктен, бір жерден екінші жерге бару секілді дене иелеріне тән мұқтаждықтан ада.
Имам Хасан Басри: Раббың келді[3] деген аятты Раббыңның әмірі мен үкімі келді деп жорамал жасаған[4].
Табиғиндердің атақты тәпсір ғалымы Мүжәһид Қайда бұрылсаңдар да Алланың уәжһі (жүзі) сонда деген аяттағы уәжһті Алланың құбыласы деп тәпсірлегенін имам әл-Бәйһақи жеткізген.
Сондай-ақ, табиғиндердің арасындағы фиқһ пен хадис ілімінің тірегі саналатын Суфиян әс-Саури Құрандағы: Барлық нәрсе құрдымға кетеді де тек Алланың уәжһі (жүзі) қалады[5] деген аяттағы уәжһті былай деп түсіндірген: Алланың разылығы үшін жасалған салиқалы амалдар деп түсіндірген. Мұны Ибн Хажар өзінің Фатхул-бариында білдірген.
Байқағанымыздай, кейбір сахабалар мен табиғиндер де бағзы хабари сипаттарда қолданылған сөздерге жорамал жасап, тәуилге барған. Ал енді тәуил жасайтындардың бәрін адасқандардың қатарына қоссақ, онда жоғарыдағы аты аталған сәлафус-салихтардың бәрін адасқандарға жатқызған боламыз.
Егер сен арабша білмесең, Қайрат Жолдыбайұлы ағамыздың Дін мен Діл кітабында осы сауалдарға кеңінен тұщымды жауап берілген, соны оқып шықсаңшы, өзің үшін біраз мәселенің ара-жігі ашылып, бәлкім біржақтылығыңнан қайтарсың дедім. Нұржан бауырым маған:
- Ол кітапты өртеу керек, елдің бәрін адастырып жатыр, Аллаға мекен бермейді, мүташабиһ аяттарға тәуил (жорамал) жасайды – деп, шұбырта жөнелді.
- Ал, сен сол кітапты өзің оқып шықтың ба? Әлде біреулердің айтқаны ма? – деп сұрадым. Кітапты оқымаған болып шықты. Мен айттым:
- Өз басым ол кітапты бастан аяқ оқып шықтым, барлық мәселенің дәлелі келтірілген, қаласаң оқып берейін деп, қасымда тұрған Дін мен Діл кітабын қолыма алып, тақырыпқа қатысты мына беттерін оқи жөнелдім:
Сәлаф ғұламалары Құрандығы Мұташабиһ аяттар мен хадистердегі мағынасы нақты айқын емес хабари сипаттарға қатысты мынандай негіздер ұстанған.
1. Белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекетті білдіретін сөздердің тура мағынасын Ұлы Жаратушыға телу мүмкін емес. Алла Тағала одан пәк.
2. Алла Тағалаға ешбір нәрсе ұқсамайтыны секілді Алла Тағала да ешбір нәрсеге ұқсамайды.
3. Сондай-ақ Алла Тағаланы кемшіліктерден пәктеймін деген ниетпен аяттағы Алла мұрат еткен мағынасын түгелдей жоққа шығармау (таътил).
4. Мұндай сөздердің нақты мұрат болған мағынасын Алланың шексіз іліміне қалдыра отырып, айтылғанға жалпылай иман келтіру (тафуид).
Міне, сәлафус-салихиндердің көпшілігі аят пен хадистердегі хабари сипаттарда қолданылған сөздердің белгілі бір ағзаны яки жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін тура мағынасының Ұлы Жаратушы үшін мүмкін еместігін білдіре отырып, Алла Тағала мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат етіп, қандай сипатты қалаған болса, соған жалпылай иман келтірген. Сөздің ауыспалы мағынасы мен астарлы мәнін іздеп, жорамалға бармаған.
Ал хабари сипаттарды түсінудегі екінші бағыт – Алла Тағаламен байланыстырыла айтылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздердің араб тіліндегі Ұлы Жаратушыға лайық келетін басқа ауыспалы мағынасын іздеп, астарлы мәніне жорамал жасау бағыты. Бұл бағыт сәлафус-салихиндердің кезінде аз да болса кездесетін (Олардың аттарын төменде арнайы атайтын боламыз). Бірақ кейіннен ислам жағрафиясының кеңеюі нәтижесін-де мұсылмандар арасында түрлі ағымдар пайда бола бастаған шақта оларға қарсы тұру үшін бұл бағыттың кеңінен өріс алғанын байқаймыз. Себебі, кейбір топтар хабари сипаттардағы сөздердің тура мағынасын негізге алып, Алланың көзі, жүзі, екі қолы, саусақтары, екі жаны, аяғы бар, тағына отырады деп Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға ұқсата бастаған еді. Бұл жайлы Әбу Ханифа былай дейді: Батыс мен шығыстан екі жаман пікір келді. Олар Жәһим муъаттила (Алланы пәктейміз деп онда айтылған сипатты толықтай жоққа шығарушылар) мен Мұқатил мүшаббиһа (сөздің тура мағынасын негізге алып, Алланы басқа жаратылған-дарға ұқсататындар). Осындай мүшаббиһа сияқты топтардың философиялық негізде жая бастаған түрлі қате пікірлеріне қарсы сәлафус-салихиндердің ұстанған Алла Тағала мұндай сөздер арқылы нендей мағынаны мұрат етіп, қандай сипатты қаласа, соған жалпылай иман келтіреміз деген шынайы мойынсынушылықты білдіретін тәсілі жеткіліксіз еді. Міне, осындай қым-қиғаш кезеңде қарапайым мұсылмандардың санасына сызат, көңілдеріне күдік түсірмеу үшін философиялық пікірлерге ислами қисын жолымен жауап беру қажеттілігі туындады. Осындай қажеттіліктің нәтижесінде әлгіндей тура мағынасы Алла Тағаланы басқа жаратылғандарға ұқсататын сөздердің ауыспалы мағынасын таңдап, басқа астарлы мәндеріне жорамал жасау тәсілі көптеп қол-даныла бастады. Бұл жайлы Абдуллаһ Дираз өзінің әл-Мұхтар мин кунузус-сунна атты еңбегінде былай дейді: Халафты тәуил жасауға итермелеген себептердің бірі мүшаббиһа, мүжәссима және сол сияқтылардың бидғаттарының шығуы еді[6].
Тәуил жасау ұстанымын кейінгі ғасырларда (һижри ІІІ ғасырдың соңы) өмір сүрген ғалымдардың көпшілігі ұстанғандықтан оған халафтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ
Қазақтың діні жүрек ілімі
ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
Тахауи ақидасы – Имам Тахауи
Матуриди ақидасы мен қазақ діни танымы арасындағы сабақтастық
Имам матуриди ақидасы
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Ислам теологиясы
“Хизб-ут Тахрир”
Фикх-ул-әкбардан үзінді
Пәндер