Қазақстан – ЕҚЫҰ төрағасы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан - ЕҚЫҰ төрағасы

12 Қаңтар 2010

Тарих сахнасына қадам басқан 2010 жылдың алғашқы парақтары ашылды. Еліміз үшін бұл жылдың жауапкершілік салмағы зор болғалы тұр. Ең алдымен, Қазақстан бұл жылы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде

тапсырды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық аренада беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы.

Енді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының тарихына аз-кем шолу жасап өтейік. Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған осы халықаралық ұйым Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның көптеген мемлекеттерінің басын қосқан ірі өңірлік құрылым болып табылады. Оның жауапкершілік аймағы үш құрлықтың ауқымды аймағын қамтып, Ванкувер мен Владивостокқа дейінгі кеңістіктің аралығында созылып жатыр.

Аталмыш ұйым тарихының бастауы 1970 жылдардың бас кезінен, яғни, НАТО мен социализм елдерінің арасындағы диалог үдерісін жеделдеткен 1968 жылғы Чехословакиядағы оқиғалардан кейін басталды. 1970 жылдардың бірінші жартысында өткізілген бейтарап Хельсинки мен Женевадағы көптеген келіссөздерде ынтымақтастық ахуалы біртіндеп идеологиялық күресті ығыстыра түсуіне ықпал етті. 1975 жылы Шығыс пен Батыстың арасындағы диалогты жолға қою мақсатымен Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі деп аталатын көптарапты форум шақырылды. Онда қабылданған Хельсинки қорытынды актісі (яғни, «Хельсинки диалогы») мемлекеттердің арасындағы қатынастардың принциптерін айқындап берді, сондай-ақ, бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамытудың нақты қадамдарын белгіледі. 1964 жылғы Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) деп аталатын жаңа мәртебесіне ие болды. ЕҚЫҰ бүгінде еуроатланттық және еуразиялық қауіпсіздік архитектурасының маңызды бөлігі болып табылады.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардағы еліміздегі жағдайдың қандай болғаны белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін өз алдына түтін түтетіп, дербес шаңырақ құрған бұрынғы кеңестік республикалар өз проблемаларымен бетпе-бет жеке қалды. Бұрынғы экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ тұсында шикізаттық база болып келген, индустриясы орталыққа бағынған Қазақстан бәрін де тың жерден басынан бастауға тиіс болды. Кейбір сәуегейлер Қазақстанның өз алдына өмір сүруіне күмәнмен қарады. Осындай жағдайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында нарықтық экономиканың негіздері қаланып, «әуелі экономика, содан кейін - саясат» ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының демократиялық векторы орнықты, БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста әртүрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас мемлекеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны тарихтан белгілі. Қазақстан сол кездің өзінде әлемдегі төртінші ядролық әлеуетінен бас тартып, Семейдегі полигонын жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып, жасампаздық істерге білек сыбана кірісті және өзінің бейбітшіл саясатымен, ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра білді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынастарын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы - 1994-1997 жылдар, бұл - ықпалдасу іргетасының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында Қазақстанның тұрақты өкілдігінің ашылуы болды.

1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ/БДИПЧ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылғы қаңтарда Алматыда ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды. Ал 2008 жылғы маусым айынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А. Кельчевски (Франция) басқарады.

ЕҚЫҰ-ға мүше болған жылдар ішінде Қазақстан осы құрылыммен оның барлық қызметінің саласы бо-йынша өзара қарым-қатынастарын жоғары деңгейге жеткізді. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тәрізді Ұйым институттарымен сындарлы байланыс-тар орнаған.

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы ниетін Қазақстан 2003 жылы білдірген болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында” атты халыққа Жолдауында арнайы екпін берілді.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының саммитінде қолдау көрсетілді, Ұйымның көптеген елдерімен қарым-қатынастар барысында осы идеяны ілгерілету жөнінде көптеген шаралар дәйекті жүргізілді.

Қазақстан осынау халықаралық ұйымға төрағалық ету ниетін білдіре отырып, оған әзірлік барысында көптеген саяси шешімдерді қабылдады, өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Бір кездері халық-, аралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болған еліміз оны маңызды істермен айшықтап, өзі де әлемдік ауқымда өнеге көрсететін жағымды бастамаларымен байыта түсті. Ең алдымен ЕҚЫҰ ұсыныстарына сәйкес елде кең ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2007 жылы жүргізілген Конституциялық реформалардың маңызы үлкен. Соның нәтижесінде елімізде саяси партиялар туралы, сайлау туралы, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Парламенттің және жергілікті мәслихаттардың рөлі анағұрлым арттырылды, Қазақстан президенттік республикадан президенттік-парламенттік республикаға айналды, халық пен билік арасындағы көпір тәрізді үкіметтік емес ұйымдардың рөліне маңыз берілді. Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың маңызды институттарының бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі ұлғайып, оның 9 өкілі ҚР Парламенті Мәжілісінен орын алды. Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен татулықтың бірегей тәжірибесі әлем елдеріне үлгі-өнеге ретінде таратыла бастады. Жақында 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды, соның нәтижесінде қазақстандық заңнамалар халықаралық стандарттарға едәуір жақындай түсті. Таяудағы уақыттарда біз әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері, тұрмыстық зомбылыққа қарсы тұру туралы заңдар қабылдап, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға түзету енгізбекпіз. Қазақстанның демократияландыру саласындағы одан әрі қадамдары толық көлемінде ЕҚЫҰ төрағалығы ауқымындағы мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін болуы тиіс деген мақсатта өзімізге міндеттер қойып отырмыз.

Тағы бір елеулі мәселе - Қазақстанда Әлемдік дәстүрлі діндер басшыларының үш съезі өткізіліп, еліміз «өркениеттер диалогын», Батыс пен Шығыстың үнқатысуын өрістетуге үн қосты. Мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің саяси көшбасшылары арасындағы диалогты ұйымдастыру туралы Қазақстанның бастамасы да халықаралық қауымдастықта жоғары бағаланды және біздің шетелдік әріптестеріміздің толық қолдауына ие болды. Астанада 2008 жылғы 17 қазанда өткізілген «Ортақ әлем: әралуандық арқылы прогреске» конференциясына қатысушылардың жоғары деңгейі осының нақты дәлелі болып табылады. ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа әзірлік кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Еуроодақ елдерімен ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге бастаған сындарлы қадам болды. Бүгінде осы бағдарламаның арқасында Қазақстанның еуропа елдерімен әлеуметтік-саяси ықпалдасуы, гуманитарлық ынтымақтастығы жаңа арнаға түсті. Қазақстан әлемдегі ауқымы жағынан төртінші ядролық арсеналынан бас тарта отырып, «ядролық қарудан азат әлемге қадам басу қажеттігі» жөнінде адамзатқа әлденеше рет үндеу тастады. Сонымен қатар бүгінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың» тиімділігін нығайту бағытындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессия-сында сөйлеген сөзі әлем назарын аударып отыр. Бүгінгі күндері Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы Шарттың мүмкіншілігінше тез арада күшіне енуін және ыдырайтын ядролық материалдар өндірісіне тыйым салу жөніндегі шартты әзірлеу жөніндегі ұсыныстарын әлемдік саясаттың күн тәртібіне қойып отыр. Елбасының ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаңа бастамаларының қатарына 29 тамызды Ядролық қарудан азат әлем жолындағы халықаралық күн етіп жариялау және ядролық қаруды таратпау туралы жаңа әмбебап шартты әзірлеу идеясын жатқызуға болады. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің Атом энергиясы жөніндегі халықаралық ұйымның (МАГАТЭ) бақылауымен Халықаралық ядролық банкі құрылған жағдайда Қазақстан уран өндіретін жетекші ел ретінде оны өзінің аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастыра алатынын туралы мәлімдемесін осы бейбітшіл саясаттың логикалық жалғасы деп қарастыруға болады. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысында көптеген маңызды мәселелерді алға тартып отыр. Айталық, еліміздің осы Ұйым шеңберінде Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті нығайту, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру сияқты алға қойып отырған жоспарлары бар. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберіндегі жоспарларының негізгі контуры қаңтар айының ортасына қарай нақтыланып жарияланатын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес
ЕҚЫҰ және Қазақстан арасындағы қарым-қатынас
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz