Шлихталау



1 Шлихтаны дайындау
2 Шлихталау процесі
3 Шлихталау машинасының жалпы құрылысы және шлихталау машиналарының әрекет ету принципі
4 Маталарды басып шығару
5 Баспалар түрлері
6 Өндіріс қалдықтарынан иірім жіптерді жасау және меланжды иіру
7 Иірудің аппараттық жүйесінің арналуы және қолданылатын шикізаттар
8 Иірудің роторлы тәсілінің технологиясы және жабдықтары
9 Ваталар өндірісі
10 Химиялық штапельді талшықтарды өңдеудің ерекшеліктері
11 МАТАЛАРДЫ ТАЛШЫҚТАР ҚОСПАЛАРЫНАН БАСЫП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БОЯУ
Тоқыма процестеріне иірім жіптерді дайындаудың барлық процестері ішінен шлихталау ең маңызды болып саналады, себебі атап айтқанда дәл осында иірім жіптерге жаңа, тоқыма процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа қасиеттер құрылымданады. Мақта жасау өндірісінде өңделетін жіптердің көпшілігіне шлихталаусыз мата өңдеу үшін маңыз жоқ деп айтуға болады.
Қысқа жеке талшықтардан тұратн бірлік иірім жіп жұмсақ беттерге ие, себебі талшықтардың ұштары иірім жіп бетіне шығып тұрады. Тоқыма станогында өңдеу кезінде иірім жіп әртүрлі көп ретті әсерлерге ұшырайды: приборда кезекті мойынша жіпті керуге және зев түзуге, скалоға үйкелуге, ламелаға, тарту және иіюге. Осы әсерлер нәтижесінде жіптер араласады, олардан жеке талшықтар шығып, иірім жіп құрылымы кеңейеді. Осының барлығыоның тозуға төзімділігінің нашарлауына алып келеді және үлкен үзілгіштікпен аяқталады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Шлихталау
Тоқыма процестеріне иірім жіптерді дайындаудың барлық процестері
ішінен шлихталау ең маңызды болып саналады, себебі атап айтқанда дәл осында
иірім жіптерге жаңа, тоқыма процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік беретін
жаңа қасиеттер құрылымданады. Мақта жасау өндірісінде өңделетін жіптердің
көпшілігіне шлихталаусыз мата өңдеу үшін маңыз жоқ деп айтуға болады.
Қысқа жеке талшықтардан тұратн бірлік иірім жіп жұмсақ беттерге ие,
себебі талшықтардың ұштары иірім жіп бетіне шығып тұрады. Тоқыма станогында
өңдеу кезінде иірім жіп әртүрлі көп ретті әсерлерге ұшырайды: приборда
кезекті мойынша жіпті керуге және зев түзуге, скалоға үйкелуге, ламелаға,
тарту және иіюге. Осы әсерлер нәтижесінде жіптер араласады, олардан жеке
талшықтар шығып, иірім жіп құрылымы кеңейеді. Осының барлығыоның тозуға
төзімділігінің нашарлауына алып келеді және үлкен үзілгіштікпен аяқталады.
Шлихталаудың арналуы – иірім жіптердің тозуға төзімділігін және
үзілуге қарсылығын, тоқыма станогында орын алатын көпретті механикалық
әсерлерге төзімділігін арттыру болып табылады. Иірім жіпті арнайы
дайындалған желімдермен сіңдіреді – яғни шлихтамен өңдейді. Мұнда келесілер
қамтамасыз етіледі: талшықтардың шығып тұрған ұштарын тегістеу және
желімдеу, талшықтар арасындағы ілінісу күшейеді, жіптер қабыршақтармен
жабылады, ол талшықтарды үйкеліс кезінде бұзылудан сақтайды. Одан басқа
процесс кезінде иірім жіптердің физика – химиялық қасиеттері нашщарламуы
қажет, ал шлихта жіптерге тиелудің барлық ені бойынша біртегіс жағылған
және негіздің барлық партиясы үшін тұрақты болып сақталуы қажет. Шлихтаның
өзі талшықтарға жақсы желімденген болуы қажет, бірақ маталарды безендіру
кезінде олардан жылдам және оңай аластатылады.
Заманға сай шлихаталаудың бүкіл процесі екі бөлікке бөлінеді:
шлихтанеы дайындау және иірім жіпті шлихталау, яғни желімді құраммен
сіңдіру және кептіру, иірім жіпті тоқыма қондырғысының навойына орау.

Шлихтаны дайындау
Шлихтаның негізгі қасиеттері және құрамдық бөліктері. Шлихта келесі
қасиеттерге ие болуы қажет: талшықтарды желімдеу үшін желімдегіш қабілетке
ие және иірім жіптің тозуға төзімділігін арттыру, сәйкес беріктіктегі
қабыршақты түзуге және эластикалылық беруге, тоқыма қондырғыларында иірім
жіптерді өңдеу кезінде алынып кететін болмауы, ремиз және бордоны
бұзбайтын және маталарды безендіру және бояуға кедергі келтірмейдін болуы
қажет.
Шлихтаныңы негізгі маңызды қасиеті болып оның концентрациясына
байланысты болып келетін тұтқырлығы есептеледі. Дайындау кезінде шлихтаның
концентрациясы рефрактометр приборымен анықталады, ал тұтқырлығы –
вискозиметрмен немесе шлихтаның воронкадан судың ағу уақытымен салыстыру
арқылы анықталады. Және ең соңғысы шлихта біртекті және төзімді болуы
қажет, басқаша айтқанда өздерінің қасиетін пайдалануға дейінгі өткен
уақыттарда өзгеріссіз сақтауы қажет.
Шлихтаның құрамына желімдеуші компоненттер, біріктіргіштер,
жұмсартқыштар, гигроскопиялық заттар, антисептиктер және су кіреді.
Желімдеуші материалдар ретінде тамақ өнімдерін – крахмалдарды
(картопты, жүгері және күрішті) және ұн (бидай ұны) пайдаланады. Соңғы
уақыттары сонымен қатар синтетикалық материалдар: карбоксиметилцеллюлоза
(КМЦ), поливинильді спирт (ПВС) және т.б. пайдаланылады. Бұл тамақ
өнімдерінің техникалық қажеттіліктерге жұмсалатын шығынын үнемдеуге және
шлихтаның сапасынг жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Крахмалды және ұнды ыдырату үшін күйдіргіш натрт жәнге хлорамин
қолданылады. Осы препараттар әсерімен желімдегіш заттардың ұсақ бөлшектерге
ыдырауы орын алады, ол шлихтаны сұйық ететді және оған ішке енуге, яғни
талшықиты желімдеуіне мүмкіндік береді.
Шлихтаны дайындау кезінде дәндер сонымен қатар механикалық әсерлер
кезінде де ыдырайды.
Жұмсартқыштар шлихталанған иірім жіптерге иілімділік береді, шлихта
қабыршағының сынуын болдырмайды. Жұмсартқыштар ретінде мақта майы, олейнді
қышқыл, глицерин, және басқа да майлы заттар пайдаланылады.
Иірім жіп берілген ылғалдылықты сақтауы үшін шлихтаға гигироскопиялық
заттарды қосады, олар қоршаған ортадан ылғалды өзіне сіңіреді.
Гигроскопиялық материалдар ретінде көбінесе глицерин пайдаланылады.
Кейбір жағдайларда, иірім жіп тоқыма қондырғысында ұзақ уақытқа
қалатын кездерде, шлихтаға антисептикалық заттар: мысты купорос, формалин,
фенол қосады, ол иірім жіпте көгергендердің түзілуіне жол бермейді.
Шлихатны қайнату және шлихтаның типтік рецептуралары. Шлихтанры
арнайы, шлихталау машинасына жақын орналасқан бөлмелерде дайындайды.
Бөлмеге желімді бактар 1, күйдіргіш натрийді бөлу үшін арналған ыдыстар,
қышқыл және дайындалған сабынға арналағна ыдыстар, химиялық препараттарды
сақтау үшін арналған шыны ыдыстар 3, крахмал және ұндарды сақтау үшін
арналған шкаф 6, ыдыстарды сақтау үшін арналған арнайы шкаф орналасады.
Одан басқа, бөлмелерге таразылар, сағаттар, бачкалар, шелектер, дозалаушы
және бақылаушы приборлар, сонымен қатар көтергіш 5 орналасады.
Меншікті түрде жеке алып қарайтын болсақ шлихтанеың қайнатылуы
желімдеу ыдысында 1 жүзеге асырылады, мұнда араластырғыш 2 айналып тұрады,
ол біліктерге 3 бекітілген. Араластырғыштар электроқозғалтқыштан 4 редуктор
арықылы қозғалысқа ие болады. Су бакке суқұбыры арқылы 6 беріледі, ал бу –
құбыр 7 арқылы беріледі. Дайын шлихта желім құбыры арқылы 8 не қөор багына
немесе шлихталаушы машинаға беріледі. Шлихтаның қалдықтары канализацияға
құбыр 9 арқылы аластатылады.
Бакке судың берілген мөлшері беріліп, желімдеуші материалдардың және
ыдыратқыштардың қажетті мөлшері тиеледі. Электроқозғаолтқыш іске қосылып
және белгілі бір уақыт берілген температурада ерітіндінің араласуы орын
алады. Осыдан соң барлық компоненттер қосылып және шлихта қайтадан
араластырылады. Соңғы уақыттары шлихтаны қайнату үшін автоклавтарды қолдану
көп кездесіп жүр.
Шлихтаның құрамына кіретін әрбір компоненттің массасы немесе мөлшері
өңделетін матаға байлоанысты алдын ала анықталады және сол қажетті
компоненттер тізімі және мөлшерлері келтірілген тізім рецепті деп аталады.
Мысалы сызықты тығыздығы 25 текс болатын бязь матасын өңдеу үшін
қолданылатын иірім жіп шлихтаның келесі рецепті пайдаланылады.

Картоп крахмалы 70 кг
Хлорамин 140 г
Мақта майы 250 7
Дайын шлихтаның көлемі 1000 л

Кіші сызықты тығыздықтардағы иірім жіптер үшін (11,8 – 15,4 текс) және
жүгері крахмалын пайдаланған жағдайда шлихтаның рецепті келесмідей болып
өзгереді:

Жүгері крахмалы 75 кг
Күйдіргіш натрий 4 г
Хлорамин 550 г
Мақта майы 270 г
Дайын шлихтаның көлемі 1000 л

Шлихта сапасына сонымен қатар оны дайындау технологиясы және
пайдаланылатиын судың қасиеттері әсер етеді.
Соңғы уақыттары шлихтаны дайындауда әртүрлі автоматты құралдар
пайдаланылуда, олар шлихталар компоненттерін желімдеу багына дозалауды және
тиеуді жүзеге асырады, шлихтаны қайнату режимін бақылап және ұстап тұрады,
шлихтаны корытаға беруді қамтамасыз етеді.

Шлихталау процесі
Иірім жіптің шлихталау процесінде төзімділігін жоғарылату үшін
процестің негізгі параметрлерін қатаң сақтау қажет: оларға жабысқақтығы,
шлихталанған негіздің ылғалдылығы, иірім жіптің керілгіштігі, кептіргіш
барабандар беттерінің температурасы, иірім жіпті навойға орау кезіндле
керілгіштігіне әсер етеді.
Шлихталанған иірім жіптің маңызды параметрі болып жабысқақтығы
есептеледі, себебі иірім жіп массасына жағылған шлихтаның мөлшері маңызды
болып саналады. Егер шлихтьа аз мөлшерде жағылған болсма, онда иірім жіп
бетіндегі қабыршақ жұқа және ол төзімсіз болып шығады. Егер иірім жіп
бетіне шлихта аса көп мөлшерде жағылатын болса, ол қатаң және сынғыш болып
ышғады, ал шлихта иірім жіптен қондырғыда ғана емес шлихталау машинасының
өзінде алынып кетуі мүмкін. иірім жіп түріне байланысты оның сызықты
тығыздығы және мата типіне қарай желім 2 ден 6 пайызға дейінгі аралықта
тербелуі мүмкін, ал кейде ол 12 пайыз дейін жетеді.
Шлихталанған иірім жіптің ылғалдылығы да маңызды параметьрлердің бірі,
иірім жіп ылғалдылығы шектен тыс болатын болса, олар бір – біріне жабысқақ
келеді және приборларға жабысуы байқалады. Ал ылғалдылығы төмен болатын
болса, онда иірім жіптің серпімді ұзароғыштығы төмендейді. Екі мжағдайда да
тоқыма қондырғысында үзілгіштік пайда болады. Мақта қағазды иірім жіп үшін
ылғалдылықты 8 пайыз көлемінде ұстау нұсқауланады.
Шлихталаудың тағы да маңызды параметрі болып иірім жіптің керілу
саналады, яғни керу есебінен ұзындықтың ұзаруы есептеледі. Керу кіші болған
кезде иірім жіп нашарлап және ілмелі күйге өтеді. Керу шектен тыс жоғары
болатын болса, әсіресе кептіру зонасында, иірім жіптің серпімді қасиеттері
жоғалады, ол оның тоқыма қондырғысында үзілгіштігін арттырады. Мақта
қағазды иірім жіптерді шлихтлауда керуді 1,5 пайыз көлемінде ұстаған жөн.

Шлихталау машинасының жалпы құрылысы және шлихталау машиналарының
әрекет ету принципі

Әрбір шлихталау машинасы, яғни мақта қағазды өндірістерде қолнылатын
түрлері келесі негізгі бөліктерден тұрады: шешу біліктері үшін арналған
бағаналар, желімдегіштік бөліктері (корыта
, кептіргіш агрегат, бағалық бөлім және орау бөлігі.
Кептіру принципіне немесе кептіргіш агрегаттың конструкциясына
байланысты шлихаталау машиналары барабанды деп бөлінедл (екі, немесе
көпбарабанды), оларда контактілі кептіру және камералы кептіру жүзеге
асырылады, мұнда кептіргіштер ыстық ауа ағынымен қозғалысқа келеді. Соңғы
жылдары негізінен көпбарабанды шлихталау машиналарын пайдаланады.
Тоғыз барабанды отандық шлихталау машинасының технологиялық схемасы 48
суретте көрсетілген. Негіздер шешу біліктерінен 1 бірінші керу білігі
әсерімен белгілі бір керілуде оралады. Одан ары негіз шлихталау астауына 3
беріледі, ол табақты тот баспайтын болаттан жасалады. Астау шлихтаны
қыздыратын буды беру поддонды кеңістігіне ие, сонымен қатар мұнда ашық бу
беру үшін жыланшалы кеңістік қарастырылған. Керу білігі 2 негізгі біліктен
мәжбүрлі жетекке мие, ал жетек – негізді тиеу кезінде білікті ажырату үшін
қалақшалы муфтаға ие. Білік 2 резиналық қаптамаға ие.
Астауда 3 негізгі жіптер шлихтаға тегіс ролик 4 көмегімен батырылады.
Ролик тот баспайтын болаттан дайындалады, ол биіктігі бойынша
электроқозғалтқыш әсерінен червякты редуктор арқылы жоғары тқарай қозғала
алады.
Шлихтаны қысу үшін машина екі қысу біліктері 5 жұптарымен басқарылады.
Төменгі біліктер тот баспайтын болаттардан дайындалады, жетекші болып
саналады, ал жоғарғылары резиналанған – қысқыш біліктер болып саналады.
Машина жоғарғы сығу біліктеріне біліктер цапфалары арқылы қосымша тиеу
құрылғысына ие. Біліктер жұмысы кезінде сукнаның бірнеше қабатымен
қапталады.
Астаудағы шлихтаның көлемі және оның температурасы элекатронды
реттегіштер көмегімен тұрақты етіп ұсталып тұрады. Буландырылып жатқан
шлихтадан ылғалды аластату үшін астау үстіне шиберлі керу зонды орналасқан.

Аталған машинаның кептіргіш бөлігі 6 тоғыз кептіргіш барабаннан
тұрады, үш бағыттаушы роликтерден, жетектен және буконденсаторлардан
тұрады. Алғашқы бес барабан және бағыттаушы ролликтер кептіргіш агрегатқа
кіріс жағы бойында антиадгезиялық лакматамен қапталған (тефлонмен), ол
негіздің барабан және роликтер беттеріне жабыстырылуын болдырмайды.
Будың берілуі машинаны тоқтату және іске қосу тетігімен жабдықталған.
Машинаның жұмысшы жағдайында барабандар беттерінің температурасы және қысым
қысым реттегіштер көмегімен реттеледі. Машинаның барлық кептіру бөлігі
жылждымалы есіктерге ие және қаптамалармен қапталған. Кептіргіш бөліктегі
негіз қозғалысы екінші керу білігімен 7 (резиналанған бетпен) және
кептіргіш бөліктен негіздің шығысына орнатылған екі роликтермен жүзеге
асырылады.
Керу білігінен соң негіз бағалық өрісте 8 бірнеше тармақтарға
бөлінеді, оның алдында екйде парафиндеуші құрылғы орнатылады. Бағалық
өрістен соң негіз өрісі қатарлар 9 арқылы өтеді, ол навой ені бойынша жіп
біртегіс таралады, одан соң шығару білігі әсерімен 10 және орау
тығыздағышымен тоқыма қондырғыға 11 орнатылады. Суреттелген машинаның
шығару бөлігі сонымен қатар мерильді – белгілеуші құрылғымен жабдықталады,
ол сонымен бірге навойды шешу механизмімімен және негізді керуді
реттегішпен жабдықталады.
Ылғалдылықтың берілген деңгейін ұстап тұру үшін машина ылғалдылықты
реттегішпен жабдықталған, ол атқарушы механизмдерге сигнал беруді жүзеге
асырады.
Машинаның әртүрлі зоналамрында керуді реттеу және қондыру үшін жеке
жұмысшы органдарды реттеуші механизмдер қарастырылған. Одан басқа, машина
жылдамдық вариаторларымен жабдықталады, олар оны екі бөлшек көмегімен баяу
өзгертуге мүмкіндік береді: біріншісі жұмысшыны қамтамасыз етеді, ал
екіншісі – машинаның тыныш жай жүрісін қамтамасыз етеді.

Шлихталанған иірім жіптің сапасын бақылау. Шлихталау ақаулары және
қалдықтары
Шлихталанған иірім жіптің сапасы тоқу процесіндегі үзілгіштікке шешуші
әсер етеді. Сондықтан фабрикаларда шлихталаудың параметрлеріне жүйелі
бақылау жүргізіледі, ол белгілі бір дәрежеде шлихталанушы иірім жіп негізгі
қасиеттеріне әсер етеді.
Бірнеше параметрлер бақыланады. Ең алдымен желімдену - шын және
көрінуші шамасы. Шын желімдену – ол шлихталанған иірім жіп массасының
шлихталанбаған иірім жіп массасына салыстырғанда абсолютті ұлғаю, ал
көрінетін желімдену болса ылғалдылықтың өзгеруін ескермейді. Шлихталанған
негіздің ылғалдылығы машинадағы прибордың көрсетуі бойынша және
аналитикалық әдістермен анықталады. Міндетті бақылауға иірім жіп керілуі,
астаудағы шлихтаның температурасы және деңгейі, негізді қысу дәрежесі,
барабандардағы бу қысымы, шлихталау жылдамдығы, шлихталау жылдамдығы, иірім
жіптің физика – механикалық қасиеттерінің өзгеруі, әсіресе тоқыма
қондырғысындағы иірім жіптің үзілгіштігі және ұзаруы тартылады.
Шлихталау кезінде иірім жіптің келесі ақаулары кездеседі: жете
желімденбеу немесе шлихтаның сәйкес үлкен немесе төмен концентрациясы
салдарынан негіздің жабысуы; желімдеудің біркелкі еместігі (мұнда бұл
астаудағы шлихта деңгейінің күрт тербелуінен пайда болады); негзідің аса
кеуіп кетуі немесе ылғал болуы (шлихталаудың үлкен немесе төмен
жылдамдығында және кептіргіш агрегаттағы температураның жоғары және төмен
болуынан пайда болады). Одан басқа жабысқан негі, қамыттарды сақтанусыз
кесу, негіздердің боялуы және ластануы орын алуы мүмкін.
Соңғысы, негізді навойға дұрыс орамау кезінде де ақаулар түзіледі:
әлсіз оралған негіз, түтілген немесе жабысқан шеттер, әлсіз бос шеттер
түзілуі мүмкін. бірқатар ақаулар сонымен бірге біліктеу кезінде түзіледі:
жіптердің шығып кетуі, мүжілуі, сырылуы.
Шлихталау кезіндегі қалдықтар негіздің жұмсақ ұштарынан, шлихталанған
ұштардан және жеке иірім жіптерден шешу біліктері немесе машина
цилиндрлерінде жиналуы мүмкін. Жұмсақ ұштар машинаны тиеуде және жіптердің
біліктерге бірқалыпсыз енуінде туындайды, ал шлихталау кезінде –
партияларды мөлшерден тыс тиеуде, немесе ақаулы иірім жіптерді тиеуде
түзіледі. Қалдықтардың жалпы мөлшері мұнда 0,3-0,4 пайыз құрайды.

Шлихталау технологиясын және техникасын жетілдіру
Шлихталау процесі болашақта құрғақ шлихталауға өтуі тиіс, басқаша
айтқанда сусыз шлихталармен жүргізілуі қажет. Бұл әдіс біңрқатар
артықшылықтарға ие, олардың бірі канализациялық сулардың ластануының аз
болуы болып саналады.
Қазіргі уақыттарда желімдеу үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін
синтетикалық өнімдерге алмастырудың жолдарын іздеу жалғастырылуда. Соңғысы
бірқатар артықшылықтарға ие, жеке алып қарайтын болсақ олардан шлихтаны
дайындау сумен қарапайым араластырудан тұрады. Бірақ бұл препараттар әлі
күнге крахмалдан едәуір қымбат және олардың кейбірі машинаның жұмысшы
органдарының тозуы және тот басуына алып келеді.
Табиғи заттардың шығынын азайтудың бір жолы модификацияланған
крахмалды пайдалану болып саналады (тотықтырылған крахмалды). Ол суда
толықтай және жеңіл ериді, және оныңы шығыны 30 пайызға аз болып келеді.
Одан басқа, автоматты желім қайнатқыштар да бар.
Шлихталау кезінде екі астауға ие жылдамдықты көпбарабанды машиналар
(100 ммин дейін) қолданылатын болады, ол негізді ылғалды бөледі немесе
негіздіңі екі бөлігін жеке кептіру арқылы жұмыс істейтін болады. Навойларға
ораудың диаметрі 800-1000 мм дейін жететін болады. Екі навойлы қондырғылар
үшін екі навойғ параллельді орайтын кең машина арналған. Негіздерді қысу
кезінде қысым ұлғаяды.

Негіздерді байластыру

Навойды тоқыма қондырғысына орнатпастан алдын жіптер ламельдерге негіз
бойынша таралып, ремизкаланауы қажет
Фабрикаларда негіз наволайлары жіптерін аталған технологиялық көмекші
жабдықтар элементтеріне байланыстыруды тек жаңға артикулдарға тиеуде немесе
приборды алмастыруда қолданады. Ал қалған жағдайларда (85-90 пайыз)
навойлар соңы тікелей қондырғыда өңделуші жіптер соңымен байланыстырылады.
Проборлы қондырғыларда (сурет 49) негіз көбінесе қолмен екі пробир
жасаушымен жіптерді ремизок және бердоға ілгектеріне ілушілермен және
жіптердің соңын пробирлеулерге беріп тұрушымен жүзеге асырылады.
Механикалық қондырғыларда жіптерді беру механикалы ьжүзеге асырылады.
Негіздерді байланыстыру УП типтегі байланыстырушы машиналармен жүзеге
асырылады, сонымен қатар осы мақсатта УС типтегі немесе әмбебап типтегі УПС
машиналары пайдаланылады. Ескі және жаңа негіздегі жіптер машина рамассына
бірінің үстіне бірі оралады және одан соң машинаменр түйіндерге
байланыстырылады.
50 суретте жылжымалы түйін байлаушы машинаның суреті көрсетілген, ол
жылжымайтын кареткадан 1, түйін байланыстырушы машинкадан (қалпақшалардан)2
және қалпақшаларды сақтау және тасымалдау үшін арналған тележкадан 3
тұрады. Қалпақша каретка бойынша негіз көлденеңі бойымен жылжиды және
сынама алу приборы жоғары және төменгі негізден бір бір жіптен теріп алады.
Теріп алу механизмдері инелі және бағалы болуы мүмкін. инелі механизмдер ең
көп тарағаны болып саналады. Жіптердің алынған ұштары бірге жиналып және
түйін байланыстырушыға беріледі. Мұнда жіптерді автоматты байланыстыру
және оларды машинаның жұмысшы зонасынан алып шығу автоматты жүргізіледі.
Барлық түйіндерді байланыстырып болған соң қысқыштар алынып жәнге түйіндер
ремизалы прибор арқылы өткізіледі.
Жылжымалы байланыстыру машиналары негіздерді тікелей тоқыма қондырғысы
жанына байластырады. Негіздерді жете өңдеуден соң жаңа навой орнынан
алынып, ал жіптер ұштары кареткаға тиеледі. Екінші қабатппен жаңа наовйдағы
жіптер соңы тиеледі. Негіздерді байланыстыру стационарлы машинадағыдай
жүзеге асырылады, себебі екі жағдайда да қалпақшалар бірдей.
Байланыстырудан соң қысқыштар босап және түйіндер ламель, ремиз және бердо
арқылы жіберіледі. Одан ары негізді өңдеу және жеке үзіліп шыққан жіптер
байланыстырылады. Машиналар минутына 400 түйінге дейінгі жылдамдықпен жұмыс
істей алады.
Әмбебап машиналар стационарлы, және сонымен қатар қозғалмалы болып
келеді.
Байланыстыру сапасына байланыстыру қалпақшасы жұмысының сенімділігі
және анықтығы ғана әсер етпейді, сонымен қатар кареткаға ескі және жаңа
негіздерді тиеу дұрыстығы әсер етеді: жіптер жақсы тарқатылған және
параллельді, және қажетті керуге ие болуы қажет. Осы талаптарды орындау
негіздерді тиеу үшін арналған тетік жақсы техникалық жағдайымен, сонымен
қатар күтім жасаушы персоналдың біліктілігімепн қамтамасыз етіледі.
Негіздерді түйін байланыстырушы машиналармен байланыстыруда әртүрлі
ақаулар кездеседі, солардың бірі - әлсіз байланыстырылған түйін болып
саналады. Бұл жағдайда байланыстырылған негізді ремизді прибор арқылы
тасымалдағанда олардың шешілуі жүргізіліп және түйіндерде ұзын жіптер ұшы
қалып қояды. Қндырғыларда жұмыс істеу кезінде бұл жіптер көрші негіз
жіптерімен ілініседі және олардың үзілуін тудырады. Екінші бір ақау –
жіптердің бір ұшы екіншісінің ұшымен байланысқан кезде орын алады.
Соңғы жылдары проборлы – байланыстырушы машиналар жетілдірілуде.
Негіздерді ламильдерге, ремизге және бердоға ілуді автоматты жүзеге
асыратын автоматтар құрылуда. Мұндай автоматтар аталған приборлардың ерекше
жоғары сапасын талап етеді.
Түйінбайланыстырушы машиналардың дамуы негізінен екі бағытта
жүргізіледі: байланыстыру жылдамдығының артуы (600 түйін минутына дейін)
және байланыстырудың сапасының артуы. Бұл әртүрлі түйіндерді қолданумен,
тиеу құралының сапасының жақсаруымен және діптерді тиеу әдістерімен және
байланыстыру процесіндегі бақылаудың жақсаруымен мүмкін болады.
Маталарды басып шығару

Маталарды басып шығарудың арналуы – матаға суреттер түрінде
бояғыштарды жағу болып саналады, басқаша айтқанда шамасы мен формасы
баспалы суретке байланысты болып келетін маталардың әртүрлі бөліктерін
көптүсті етіп бояу болып саналады.
Бояу және баспалау кезінде орын алатын химиялық процестер мәні бойынша
бір – біріне ұқсас болып келеді, бірақ матаға бояудың баспалау әдісімен
жағу үшін белгілі бір шарттар және арнайы жабдықтар қажет болады. Сондықтан
бояу үшін қойылатын талаптардан басқа, қосымша спецификалық талаптар
қойылады: сурет белгілі бір шекараларға ие болуы қажет, суреттің жеке
элементтері бір – біріне түстерсіз тығыз байланысуы қажет және т.б.

Маталарды баспалау әдісі және қолданылатын жабдықтар

Маталарды баспалаудың бірнше әдістері бар: қолмен орау (манерлер),
аэрография әдісімен, торлы шаблондармен, термобаспалау әдістерімен,
полихроматикалық бояу, мата басапалау машиналарымен және т.б
Қолмен орындау әдісінде маталарды бояу қол ағаш формаларымен (немесе
манерлермен) жүзеге асырылады.
Аэрографиялау кезінде бояуғыш зат матаға пульверизатормен траферат
арқылы жағылады.
Маталарды торлы шаблондармен баспалау (ракли көмегімен шаблондар
арқылы бояғыш заттарды үгіту) бастапқы кездерде қолмен жүргізілетін болған,
кейін баяу ол механикаландырыла бастады.
Торлы цилиндрлік шаблондарға ауысқан кезде жабдықтарды өнімділігін
арттыруға мүмкіндік туды.
Ауыспалы баспалау әдісі суреттерді қағаздардан матаға жоғары
температурамен олардың қыздырылушы барабан арқылы өтуін қамтамасыз етеді.
Полихроматикалық бояу қозғалып тұрған мата таспасына бояғыштар
ерітінділері ағыныны бүркуге негізделген.
Бұл барлық цилиндрлік торлы шаблондармен баспалауды қоспағандағы
әдістер төмен өнімділікті және негізінен жібекті маталарды және даналық
бұйымдарды баспалау үшін қолданылады.
Мақтақағазды маталар үшін баспалауды машиналық тәсілі жоқ. Сурет
матаға арнайы баспалы машина көмегімен, негізінен жұмысшы органы
гравирленген суретті цилиндрлік мысты білік болып саналатын машинамен
салынады; соңғысы біліктің гравирленбеген бетінен грунтты фигуралар
алаңымен бөлінетін бірлік немесе екілік контур болып келеді.
Маталарды машиналық әдістермен баспалау бірбілікті немесе көпбілікті
баспалау машиналарында жүзеге асырылады. 80 суретте төртбілікті баспалау
машинасы схемасы көрсетілген. Мата рулоннан 1 жазыла отырып бағыттаушы
біліктер 2 бойынша цилиндрге – жүк тасымалдаушыға 3 беріледі, ол матаны
тізбекті түрде әр білікке 4 жеке қысып өткізеді. Мата бүкіл беті бойынша
біліктерге жақсы жанасуы үшін жүк тасымалдаушы бетін матамен 5 орап қояды.
Одан басқа жүк тасымалдаушы шексіз таспа түрінде кирзаны 6 және матаның
жолағын (қаптамасын) 7 қамтиды. Нәтижесінде жүк тасымалдаушы беті серпімді
– сығушы болып келеді. Баспалы біліктер беттеріне бояу щеткалармен
жағылады, оның төменгі жағы астауға 9 батырылған. Баспалы бояулардың артық
мөлшерлері білік беттерінен жұқа болат пышақтармен – раклялармен 10
тазаланады, олар бояуларды гравирленген тереңдіктерде қалдыра отырып тегіс
орындардан қырып алады. Біліктердің үкілерден және кездесоқ ластықтардан
тазарту үшін болат пышақтар – контрраклилер 11 қызмет етеді.
Баспалаудан соң мата берілген өрнектерімен кептіргіш камераға
беріледі, ал одан соң зрельникке беріледі, мұнда фиксация немесе
талшықтардағы мбояуды қатайту жүзеге асырылады. Осыдан соң мата ТВВ және
қоймалджыңдарды – баспалау бояу компоненттерін аластату үшін мұқият
тазаланып жуылады, соңғылары мата тұтқыр етеді, мата жуылып тазаланған соң
қайтадан кептіріледі. Сонымен бірмезгілде қаптама да жуылып кептіріледі,
осыдан соң қайтадан баспалау машинасына беріледі. Қаптамасыз баспалауда
жууға криза да тартылады.
Көпбілікті баспалауды пайдаланған кезде суреттердің жеке бөліктерін
дұрыс сәйкестендіру маңызды болып саналады. Бұл реттеуді маңыздыф элементі
және машинаны қалыпқа келтіру трафление деп аталады, және ракли және
контрракли орнату сияқты раклистермен – жоғары біліктіліктегі мамандармен
орындалады.

Баспалауға дайындау
Бұл процесс бірнеше элементтерден тұрады: матаны баспалауға дайындау,
баспалау бояуларын дайындау және баспалау біліктерін гравировкалау және
дайындау.
Маталарды дайындау матаны тегістеп қырудан, матаның беттік жағын
шаңдардан және басқа да қоспалардан тазартудан және үлкен диаметрі ролик
етіп ораудан тұрады. Дайындаудың барлық процесі қырқушы, жүннен тазалаушы
және ораушы машиналардан тұратын агрегатта жүзеге асырылады.
Баспалау бояулары және оның компоненттері бояуқайнатушы деп аталатын
арнайы бөлмеде дайындалады.
Баспалы бояу құрамына бояғышщ заттар немесе пигменттер,
қоюландырғыштар, еріткіштер және әртүрлі көмекші заттар кіреді. Баспалық
бояу маталарда суреттің контурларын ангық алуға қол жеткізу үшін белгілі
бір консистенцияда болуы қажет, сонымен бірге білік баспалы бұдырларына
жақсы мотырып және оңай бөлінетін болуы керек.
Қоюландырғыштарды дайындау үшін көбінесе крахмал, крахмал эфирлері,
целлюлоза эфирлері, альгинаттар, синтетикалық өнімдер пайдаланылады.
Қоюландырғыштарды екілік қабырғалы және араластырғыштармен жабдықталған
арнайы қазандықтарда (булы жейделі), сонымен қатар жоғары өнімділіктегі
Шахова жүйесінің аппараттарында дайындайды.
Баспалы бояуды дайындаған соң баспалау кезінде білік бұдырларын бітеп
тастауы мүмкін ірі бөлшектерді аластату мақсатында сүзгіден өткізеді
(жаңартады), ірі бөлшектер білік бұдырларын бітеп, ракля астарына тұрып
қалып әртүрлі ақаулардың пайда болуына алып келуі мүмкін.
Бояуқайнатқыштарда бояғыштарды және басқа да химиялық реагенттерді
сақтау үшін арналған қоймалар, қоюландырғыштарды және бояғыштарды дайындау
үшін бөлмелер орнатылады. Қоюландырғыштарды арнайы қазандықтарда,
автоклавтарда немесе аппараттарда қайнатады. Баспалы бояуларды
механикаландырылған қондырғыларда дайындайды.
Баспалы біліктерді дайындау бірнеше тәсілдермен жүргізіледі: қол
тәсілімен, молетирмен, пантографты, фотоэлектрлдік және фотомеханикалық
әдістермен. Кез келген тәсілде бастапқыда мысты жазық цилиндрді дайындайды.
Одан соң оның беттерін берліген суреттемелерге сай тереңдікте бұдырлы
етеді. Тереңдету не белгілі бір еңістерге ие штрихтардан, немесе
нүктелерден тұрады.
Қол тәсілінде сурет калькаға күкірт бар бояумен салынады. Одан соң
кальканы мысты білікке кигізіп және бірнеше сағат бойы ұстап тұрады.
Білікті мысты беттерінде күкіртты мыс түзіліп және ол белгілі бір суреттер
береді. Оның бұдырлылық контурларын кескіштермен тереңдетеді.
Молетирлі тәсілде бастапқыда суретті үлкен емес білікте кесіп алады –
матрицада – ол бір немесе бірнеше раппорттар көлемінде болуы мүмкін. молет
қақталып және таптау машинасы көмегімен баспалау білігіне салынады.
Пантографты әдіс ірі суретті біліктерді дайындауда қолданылады.
Жобалық аппарат көмегімен сурет мырышүты табақшаға алмастырылады, мырышты
табақша болса ақ бояумен қапталады. Одан соң мырышта суреттер контурын
кесіп және табақшаны пантографқа орнатады. Білік қышқылға төзімді мастикпен
қапталады. Алмазбен кесілген мырыштағы сурет білік бетіне сызылады.
Бұдырлылықты тереңдету үшін білік бетін 45 пайыздық азот қышқылымен
қаптайды.
Ең кең таралғаны болып фотомеханикалық әдіс есептеледі. Қағаздағы
сурет баспалы білік бетіне фотографиялық тәсілмен салынады, ал суретті
тереңдету хлорлы темір және азот қышқылы ерітіндісімен қалыңдату арқылы
жүргізіледі. Сонымен қатар біліктер бетіне тікелей диапозитивтерден салатын
электромеханикалық аппараттар құрылған, мұнда бұдырларды тереңдету қажет
болады.
Қазіргі уақыттарда МЭГА отандық электробұдырлаушы агрегаттар
енгізілуде.
Безендіру кәсіпорындарында жаңа суреттерді құру үшін өздерінің
жұмыстарын көркемдік кеңестерде ұсынатын суретшілер топтары жұмыс істейді.

Көркемдік кеңестермен бекітілген соң суреттер бұдырлау шеберханаларына
беріліп, ол жерде баспалау біліктеріне салынады.

Баспалар түрлері
Баспаның үш түрі бар – тікелей, жаю және резервті.
Тікелей баспалау үшін активті, кубты, ерімейтін азобояғыштарды және
пигменттерді пайдаланады.
Активті бояғыштар ашықтылығымен, жолақтардың тазалығымен және
бояулардың жақсы беріктігімен ерекшеленеді. Олардың ассортименті лимонды
сары түстен бастап қараға дейінгі бүкіл түстік гаммалардан тұрады.
Бояғыштарды бір бірімен араластыруға болады, ол анағұрлым көп түрлі
түстерді алуға мүмкіндік береді.
Активті бояғыштар целлюлозалы талшықтармен химиялық байланыстар
түзеді. Бұл әрекеттесу жоғары температураларда сілтілі реагент қатысында
жүргізіледі (булы орталарда немесе термоөңдеу шарттарында). Бояғыштардың
талшықтармен байланыстары өте берік болып келеді, ол бояулардың әртүрлі
фихзика – химиялық әсерлерге жақсы төзімділігін қамтамасыз етеді.
Баспалы бояудың құрамы, гкг:
Бояғыш 10-60
Мочевина 50-150
Лудигол 10
Натрий бикарбонаты 15-25
нмесе
Кальцилирленген сода 15-20
Су Х
Қоюландырғыш У

Баспалаудан соң кептіру, 102-1050С температурада 6-8 минут көлемінде
қаныққан бу ортасында буландыру немес қыздырылған бу немесе ыстық ауа
ортасында 140-1500С температурада 3-4 минут көлемінде термофиксациялау
жүргізілген жөнг. Осыдан соң мата салқын, ыстық (80-950С) сумен жуылып,
сабын немесе синтетикалық жуғыш препараттар ерітінділерінде сабындалады (1-
2 гл).
Кубтық бояғыштар ашықтылығымен және түстерімен жолақтылығының әр
алуандылығымен, сонымен қатар жарыққа және сулы өңдеулерге төзімділікті
жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Баспалау үшін оларды псталар түрінде
шығарады.
Баспалы бояудың құрамы, гкг:

Бояғыш зат 80-200
Глицерин 50-80
Сулы поташ (1:1) 200-250
Ронгалит және қоюландырғыш 140-240
Крахмалды – таргантты қоюландырғыш Х

Баспалаудан соң кептіру жүргізілген жөн. Маталарды буға қақатау
тотықтандырғыш зрельникте 102-1050С температурада 8-12 минут көлемінде
жүргізіледі. Осыдан соң салықн ағын сумен жуу, жылы сумен жуу және ыстық
сабынды ерітіндімен сабындау, ыстық және салқын сулармен жуу және кептіру
жүргізіледі.
Тікелей баспалаудан басқа кубтық бояғыш заттар келесі жағдайларда
қолданылады:
Талшықтарда бояғыш заттар түзетін активті бояғыштар және
компоненттермен тікелей боялған маталар бойынша түрлі түстерді алу үшін
жайма баспаларда;
Келесідей кубазольдермен, тотықсыздандырғыш бояғыштармен және
компоненттермен, яғни талшықта бояу түзуші заттармен мата бойынша түрлі
түстерді алу үшін резервтік баспалауда.
Ерімейтін азобояғыштар тікелей матада азоқұраушылар (азотол) және
диазоқұраушыларды (диазоль) қосу арқылы түзіледі.
Азотол сілтілі ерітіндісімен сіңдірілген және кептірілген матаға
келесі құрамдағы баспалы бояуды жағады, гкг:

Диазоль 30-40
Жылы су 150
Сірке қышқылды натрий конго қағазы бойынша
бейтарап реакцияға дейін
Сіркелі қышқыл 60 пайызды 10
Көмекші заттар 0,2
ОП-10
Қоюландырғыш Х

Баспалау және кептіруден соң мата азотолды толық аластату мақсатында
мұқият жуылады.
Ерімейтін азобояғыштар маталарда ашық қаныққан физика – химиялық
әсерлерге жақсы төзімділікке ие бояуларды алуды қамтамасыз етеді.
Талшықтарда түзілетін азобояғыштар тобына ПНР дайындалатын пологенді
бояғыштар жатады. Олар матада белгілі бір шарттарда әрекеттесетін тұрақты
азо- және диазоқұраушылар қоспасы болып саналады:
102 – 1040С температурада 3-5 минут көлемінде бейтарап ортада
буландыруда;
3-5 минут көлемінде қышқылды ортада бумен қақтауда;
қышқылды астауда өңдеу кезінде.
Пигменттерді пайдалану сулы өңдеулерге және жарыққа жоғары
төзімділікке ие анық контурлы ашық бояуларды алуды қамтамасыз етеді.
Пигменттермен баспалау кезінде соңғы операцияларды жүргізудің
қажеттігі болмайды (жуу, сабындау), соның арқасында технология
қарапайымдатылады, маталарды өңдеудің өзіндік құны төмендейді және су
шығыны қысқарады.
Баспалы бояулардың негізгі құраушылары болып байланыстырушылар және
қоюландырғыштар есептеледі.
Байланыстырушылар талшықтардағы пигменттердің фиксациясын қамтамасыз
етеді. Олар пигменттер таралатын матада эластикалы түссіз қабыршақты
түзетін жоғары молекулалық қосылыстар болып келеді. Қабыршақ ұзақ уақыт
көлемінде сақталып, талшықпен берік байланысып және сол арқылы физика –
химиялық әсерлерге жоғары төзімділіктерді қамтамасыз етуі қажет.
Қоюландырғыштар қатты заттардың минимальды мөлшерінен тұруы қажет. Бұл
матаның жұмсақ гифін алуға мүмкіндік береді және бояудың ашықтылығын
қамтамасыз етеді.
Баспалаудан соң мата кептіріліп және термиялық зрельникте 5 минут
көлемінде 1500С температурада фиксацияланады.

Баспалаудың негізгі ақаулары
Штриф – ракли астынан бояуды шығару кезіндегі боялған жолақ болып
саналады.
Растраф – суреттер бөліктерін дұрыс емес трафлениелеуде немесе матаны
керуді өзгертуде араластыру болып табылады.
Жабық фигура – білік бұдырының бекітілуі салдарынан боялған бөлікте
түзілген ақ дақтар.
Щелчок – ракля астына қатты бөлшектер түскенде және раклидің қысқа
уақытқа көтерілуінде түзілетін ақау болып саналады.
Затек – қатты затпен ракли жүзінің құртылуында матада түзілетін түс
ақауы болып саналады.
Замин – жүк тасымалдаушының жүгіруі бұзылуы нәтижесінде туындайтын
әлсіз басылған баспа болып саналады.
Әртүрлі шетті болуы – біліктердің дұрыс орнатылмауы салдарынан шеттері
бойынша суреттің әртүрлі айқындылығы.

Маталарды біржола безендіру
Мата безендіру өндірісінің барлық опепрацияларынан соң (ағарту, бояу
немесе баспалау), ол соңғы біржола безендіру цехына келіп түседі
(аппретурлы – безендіру цехы). Біржола безендіру операциясының арналуы –
матаның сыртқы түрін және сапасын жақсарту, сонымен қатар спецификалық
қасиеттер: қатаңдық, драпирлену, жақсы грифтілік, кейбір жағдайларда – отқа
төзімділік, бактерицидтілік беру болып табылады.
Біржола безендіру операциясы механикалық және химиялық процестерге
бөлінеді, олар матаның арналуы және түріне байланысты қолданылады.
Механикалық процестерге: кептіру, каландрлеу және ширату, ал химиялық
операцияларға – матаға арнайы заттарды енгізу (аппретирлеу) – желіммен
сіңдіру, крахмалдау, декстриндеу, әртүрлі синтикалық заттарды жағу жатады.
Мата безендіруден алдын партиядан алынып және матаның түрі және
арналуына байланысты безендіру түрі таңдалады. Біржола безендіру цехына
маталар құрғақ түрде (бяздар, миткалар), өсік жүнді түрде, таратылған
түрде, меланжды, гидробоялған немесе баспаланған түрде және даналық
бұйымдар (сүлгілер, оделяла) түрінде келіп түсуі мүмкін. Маталардың әрбір
тобы жеке безендіруге тартылады.
Өңделмеген маталар қырнағыш машиналарда бөгде қоспалардан тазартылып,
қырқылып, майлы аппретпен аппретирленіп, ылғалдандырылып ширатуға және
каландрленуге тартылады.
Тегіс маталар (ақ маталар немесе боялған, баспаланған маталар)
аппретирленуге және басқа да өңдеулерге тартылады. Мысалы, ақ және
баспаланған маталар ақ фондарда тұтас ақ бояу ерітіндісі арқылы өткізіліп
немесе сәйкес сурет фигураларынан жаңарту мақсатында өткізіледі.
Қолданылатын аппреттер және жағылатын аппрет мөлшеріне байланысты
безендіруді қатаң, муслинді, фулярлы және глянцалы деп бөледі. Қатаң
безендіруде аппретте крахмалдың үлкен мөлшері болады, мұнда муслинді
өңдеудегі сияқты қосымша майлаушы және кейде желімдеуші заттар қосылады.
Фулярлы және глянцалы аппретирлеуде мата каландрлеуге тартылады, соның
нәтижесінде мата каландр білігінің ысты бетіне жанаса отырып жылтырлыққа
және тегістікке ие болады.
Маталарды каландрлеу арнайы машиналарда – каландрлерде жүргізіледі,
басты жұмысшы органы болып тегіс, айналы немесе тегістелген бетті білік
саналады. Каландр білігінің беті маталарды өңдеу кезінде жоғары
температураға дейін қыздырылған болады. Осы бетке матаның қысылуы
нәтижесінде ол жылтыр, күмісті немесе тегістелген бетке ие болады.
Маталарда тұрақты суреттерге ие рельефтерді алу үшін оны арнайы құраммен
сіңдіріп және термоөңдеуге тартады.
Маталарды безендірудің басқа механикалық операциялары (тарату,
шөктіру, кептіру) жеке ширатушы, мата шөктіруші машиналарда не болмаса
кептіргіш барабандарда немесе камералы машиналарда, не болмаса маталарды
біржола безендіру үшін қажетті машиналар санынан тұратын ағымдық
тізбектерде жүргізіледі.
Мысал ретінде матаны аппретирлеуші – безендіруші ЛАО – 120-2
тізбегінде безендіруді қарастырайық. Тізбек құрамына келесілер кіреді: тиеу
құрылғысы, үшбілікті плюсовка, кептіргіш барабанды машина, кептіргіш –
ширатушы машина, қайықшалы компенсатор, безендіру каландры және таптау
машинасы.
Мата тиеу құрылғысы 1 арқылы үшбілікті плюсовкаға 2 беріліп және
аппретпен сіңдіріледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негіздік иірім жіпті орау
Маталарды дайындау
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі
Қоршаған ортаны қорғау бойынша
Тоқыма өнеркәсібі
Табиғи және жасанды былғары
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар туралы ақпарат
Мақта шикізатын өңдеу
Маталарды алу технологиясы
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Пәндер