Этика ұғымы және оның заты туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Этика ұғымы және оның заты

Этика - грек тілініњ “әдет-ѓұрып” деген сµзінен шыќќан. Этика моральды зерттеу нысанасы етіп алатын философиялыќ пєн. Латын тіліндегі “морал” сµзі этимологиялыќ тұрѓыдан “этика” терминіне сәйкес келеді. Оны көне грек философы Аристотель адамгершілік, ар іліміне атау ретінде енгізген болатын. Ќандай да бір басы біріккен ќоѓамның өзіндік этикалыќ мақсраттары мен ќұндылыќтары болады. Ол сол ќоѓамныњ этикалыќ санасыныњ ењ биік кµрінісі ретінде сол ќоѓам мүшесінен күтілетін, талап етілетін, ќажет деп табылатын µзіндік нормаларѓа ие. Ендеше этиканыњ пєні ретінде кењ маѓынасында адам, ќоѓам, дєлірек айтсаќ, адамдардыњ ж‰ріс-т±рысын, мінез-ќ±лќын реттеуші нормалар, сенімдер, м±раттар, ќ±ндылыќтар, єлеуметтік ќатынас т‰рлері жєне т. с. с табылады. Басќаша айтсаќ, кµнеден бастап этика “практикалыќ философия” сапасында “µмір туралы таза теориялыќ білімнен” бµлек адамныњ µмірлік жолындаѓы адамгершілік мєселелерін шешетін. ¤зініњ даму барысында мораль, этикалыќ нормалар тµмендегідей ќызметтер атќарады: реттеушілік, ќ±ндылыќты императивтік, комуникативтік, тєрбиелік, танымдыќ жєне т. б.

Этикалық категориялар

Басқа ғылымдардың категорияларына тэн белгілерді, ка-сиеттерді иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тэн бірқатар ерекшеліктері де бар.

Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-тұрысымен, олардың жақысылық пен жамандық, борыш, абырой, әділдік туралы көзқарастарына сәйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда олар әрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді.

Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тәртіпті, әділ, жауапкершілі мол адам және т. б.

Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді.

Төртіншіден, басқа да адамгершілік күрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т. б. сиякты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.

.

Құқық этикасының пәні

Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды танып-білуге деген ұтылыс күннен-күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пәндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек адам. Осындай тоғысудың нәтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тәжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық және жергілікті құқық қалыптасады.

Құқықфилософиясына жүгіну - қазіргі заманда адам өміріндегі құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы - құқықтың танымдық, құндылықты және әлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мәні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нәтижесінде және қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.

Құқық этикасы белгілі бір дәрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия әртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні тандайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау әрқашан жекелік сипатқа ие және іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, әділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.

Заңгерлердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі

Қоғамның ырғақты дамуы үшін көптеген мамандық иелері керек. Агроном да, дәрігер де, инженер де, экономист те аса маңызды міндеттерді атқарады. Дегенмен, демократиялық құқықтық мемлекетте заңгерлердің алар орны айрықша. Адам баласы қашан да әділеттілікке ұмтылған. Әділдік жолында жанын пида қылғандар да аз емес. Ал әділеттілікті орнатуға бірден-бір жауапты мамандық иесі заңгерлер. Сондықтан білікті де сауатты, озық ойлы, құқықтық санасы мен сөйлеу мәдениеті жете қалыптасқан заңгерлерді демократиялық құқықтық мемлекеттің негізін қалаушы деп қарастыруға болады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметінің категориялары

Құқыққорғау қызметкерлерінің кәсіптік қызметіндегі ізгілік қағидаларын, заңгерлердің қоғамдағы ықпалы мен қадір-қасиетін сондай-ақ біліктілігі мен іскерлік қарым-қабілетіне қойылатын талаптарды нақтылау.

Заңгерлердің кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызды бір ерекшелігі борыш категориясы. Борыш категориясы - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сөйлеу мәдениетінде маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да. Тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекетіміздегі заңгер мамандарының кәсіби қызметіндегі борышы - азаматтарға заңды түсіндіру, азаматтардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ету, халықтың құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал жасау сияқты жауапты факторларды өз міндетіне алады.

Этикалық адамгершілік категориялар

Заңгер қызметкерлердің өз қызметін атқару барысындағы аса жауапкершілігі мен қызметтік міндеттерді тәжірибелі маманданудың негізінде іскерлік танытып, асыра орындау іс-әрекеттерін баяндайды.

Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдеқайда жан-жақты реттелген. Сол себепті де, борыш - тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен коғамның талабы және бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, рухани мәдениет, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қатынас.

Кәсіби борышты тікелей көрсететін және бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік және құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да білдіреді.

Мораль және құқықтық сана

Құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған заңгер мамандарын қалыптастыру болып табылады.

Азаматтардың құқықтық санасы мен тәртібін құқықтық тәрбие беру арқылы қалыптастыра отырып, заңгер мамандар өзінің қоғамдық борышын, заң нормаларын орындау және заңдылық қағидалар мен құқықтық тәртіпті қорғау міндеттерін ұғынатын саналы азаматтарды тәрбиелеу арқылы құқықтың негізгі қызметін жүзеге асырады. Сонымен жеке тұлғаға сапалы құқықтық тәрбие берудің негізгі дәлелі деп - заңгер мамандардың жоғары деңгейде дамыған құқықтық санасы мен мәдениетін айтамыз.

Құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық мәдениетті бойына сіңірген заңгерлердің ең жоғары деңгейі профессионал - заңгерлер деп аталады. Бұл топқа жататын мамандар: құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын азаматтар (тергеуші, сот, прокурор) және заңгерлік кеңес беру немесе жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар. Олардың көпшілігінің құқықтық сана - сезімі, білімі мен біліктілігі және құқыққабілеттілік тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болады.

Мораль функциялары және заңгерлердің психикалық ерекшелігі

Студенттерге өздері таңдаған заңгерлік мамандықтың басқа мамандықтарға қарағанда анағұрлым басымдықтарын және заңгер мамандарының психикалық мән-жайларын жете түсіндіру.

Қазіргі қоғамда отбасында ата-аналар бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендік асыл сөздерден мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартып, ойын нақыл сөздермен оятып, мектепте шешендіктің (ораторство) мәнін жан-жақты ұғындыратын алуан түрлі әдеби жұмыстарды: пікірталас, пікірсайыс, ой тереңдігіне көз жүгірту, сахналық қойылымдар ұйымдастыру қажет.

Шешендік тіл қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік, өнер және мәдени салалардың бәрінде қолданылады. Әсіресе заңгерлердің кәсіби қызметінде шешендік тілдің (ораторлық) орны ерекше. Құқық - қоғамдық дамудың нәтижесі, ол қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болса, құқықтық тіл - ең алдымен, өзіндік терминологиясы бар заң тілі, әр түрлі нормативтік актілер тілі.

Заңгерлердің кәсіби этикалық мәдениеті

Қазақ қоғамының құқықтық жүйесіндегі билердің шешендік сөздерін қазіргі құқықққорғау сондай-ақ сот органдары қызметкерлерінің сот процесіндегі іс жүргізу тілімен байланыстыра отырып, заңгерлердің кәсіби сөйлеу мәдениетін жетілдіру әдіс-тәсілдерін меңгеруді оқыту.

Қазақ халқының Түркі қағанатынан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес санғасырлық әдет-ғұрпы, салихалы салт-дәстүрі, мәдени құндылықтары әдептілік заңдылық қағидалары қайда? Қазақ халқының тарихы тереңде бойламаса кешегі өткен қазақ халқының бойтұмарына айналған Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді айтпағанның өзінде қазақтың қара қылды қақ жарған белді билері мен қазылары көреген көсемдері және данагөй шешендері қайдан шықты? Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген халық даналығы қайдан шыққан.

Моральдық қарым-қатынас - бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

Ежелгі Грециядағы этикалық ілімдер

Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.

Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.

Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.

Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді - деген екен.

Моральдың қызметтері

Моральдың қоғамдағы қызметі, функциялары мыналар болып табылады:

  1. Реттеушілік қызметі, мораль нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады, бірақ құқық нормалары сияқты толық реттемесе де, оны толықтырып отырады.
  2. Бағалау (аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез - құлық деп бағаланады.
  3. Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді.
  4. Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация моральдық немесе аморальдық, жақсы немесе жаман екенін айқындайды.
  5. Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу.
  6. Тәрбиелік қызметі, қоғамды мораль нормалары арқылы тәрбиелеу болып табылады.
  7. Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие.
  8. Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі.
  9. Дүниетанымдық қызметі, моральдың құндылық жүйесі арқылы адамдар арасында саяси, діни, эстетикалық, философиялық және басқа көзқарастар қалыптастырады.

Моральдық қарым-қатынас

Моральдық қарым-қатынас - бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

Тұрақтылық деңгейіне қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика ұғымы және оның заты туралы
Этика санаттары
Басқару еңбегінің мәдиниеті мен этикасы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы
Этика түсінігі және оның заты
Этика ұғымы және оның заты
Этиканың құрылымы
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz