«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту туралы



Кіріспе
1. «Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту.
2. Электрондық үкімет құрылымының негізгі компоненттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ақпараттық технологияның дамыған заманында нарықтың қатаң талаптары Қазақстан Үкіметінің алдына еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қыруар міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі - «электронды үкіметті» қалыптастыру. Соған орай, «Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» қабылданып, жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Электронды үкімет жоспарын әзірлеу кезінде Корея, Сингапур, Эстония, Италия, Германия, Үндістан және басқа да елдердің тәжірибелері зерделенген болатын. Нәтижесінде, әлемдік тәжірибені ескере отырып, елімізде «электронды үкіметті» енгізуді төрт кезеңге бөліп жүзеге асыру белгіленді. Оның біріншісі - ақпарат кезеңі.
Бұл кезеңде, яғни 2005-2006 жылдары мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы анықтамалық ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары жолға қойыла бастады. Ал, интерактивтік деп аталатын екінші кезеңде, яғни 2006 жылдың екінші жартысы мен 2007 жылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы іс-қимылды тікелей және кері беру жолдарымен интерактивтік қызметтерді ұсыну жұмыстары іске асырылады. Үшінші транзакциялық кезеңде қаржылық операциялар үкіметтік портал арқылы іске асырылмақ.
1. http://mci.gov.kz
2. e.gov.kz
3. www.minber.kz
4. www.khabar.kz
5. kaz.newsfactory.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Электронды үкіметті қалыптастыру және дамыту.
2. Электрондық үкімет құрылымының негізгі компоненттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ақпараттық технологияның дамыған заманында нарықтың қатаң талаптары
Қазақстан Үкіметінің алдына еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
қыруар міндеттер жүктеп отыр. Соның бірі - электронды үкіметті
қалыптастыру. Соған орай, Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметті
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
қабылданып, жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Электронды үкімет жоспарын
әзірлеу кезінде Корея, Сингапур, Эстония, Италия, Германия, Үндістан және
басқа да елдердің тәжірибелері зерделенген болатын. Нәтижесінде, әлемдік
тәжірибені ескере отырып, елімізде электронды үкіметті енгізуді төрт
кезеңге бөліп жүзеге асыру белгіленді. Оның біріншісі - ақпарат кезеңі.
Бұл кезеңде, яғни 2005-2006 жылдары мемлекеттік органдардың веб-
сайттары арқылы анықтамалық ақпараттық қызмет көрсету жұмыстары жолға
қойыла бастады. Ал, интерактивтік деп аталатын екінші кезеңде, яғни 2006
жылдың екінші жартысы мен 2007 жылы мемлекеттік органдар мен азаматтар
арасындағы іс-қимылды тікелей және кері беру жолдарымен интерактивтік
қызметтерді ұсыну жұмыстары іске асырылады. Үшінші транзакциялық кезеңде
қаржылық операциялар үкіметтік портал арқылы іске асырылмақ. Бұл кезең 2007-
2008 жылдарды қамтиды. Төртінші кезеңде, яғни 2009 жылы ақпараттық қоғамды
қалыптастыруға маңыз берілмек. Ақпараттық кезеңді осы жылдың соңына дейін
аяқтау жоспарланып отыр. Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы
Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, электронды үкіметті қалыптастыру үшін
Ұлттық идентификациялық реестрлер туралы және Ақпараттандыру туралы екі
заңды қабылдау қажет. Үкімет Ұлттық идентификациялық реестрлер туралы заң
жобасын жуық арада Парламент қарауына ұсынатын болады.
Ал Ақпараттандыру туралы заң жайлы айтатын болсақ, агенттік төрағасы
қолданыстағы Ақпараттандыру туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
қажеттігін айтуда. Заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасау
барысында қолданыстағы заңға біршама өзгерістер енгізу қажеттігі
анықталған. Осыған байланысты Ақпараттандыру туралы заңның жобасын қайтадан
жасауға шешім қабылданып отыр. Мұнымен қоса ақпараттандыру мәселелері
бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулер жобасы жасалатын
болады. Соған сәйкес агенттік Ақпараттандыру туралы заңның жаңа нұсқасын
әзірлеп, оны тиісінше
Үкімет назарына ұсынып, одан кейін Парламентке шығаруды көздеп отыр.
Аталған екі заңды Елбасы Жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айына
дейін бекіту жоспарлануда. Енді электронды үкіметтің нәтижелеріне
тоқталсақ. Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, электронды үкіметтің
порталы жұмысын 2006 жылғы сәуірдің 12-сінен бастап жолға қойған. Онда
қажеті ақпараттарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде табуға болады.
Порталдарда орналастырылған қызмет көрсетулер саны 377-ні құрап отыр. Бұл
қазіргі таңда халық арасында мейлінше сұранысқа ие қызмет көрсетулер.

1.Электронды үкіметті қалыптастыру және дамыту.

Ал қызмет көрсетулер саны тиісінше кезең-кезеңімен ұлғая беретін
болады және оны жыл соңына дейін 933-ке дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы
тұста тоқтала кетер жәйт, 2006 жылдың соңына таман электронды үкіметті
қалыптастыру аясына халыққа 933 ақпараттық қызмет, халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы 14 интерактивті қызмет көрсету жоспарланып отыр. 2007
жылы ақпараттық қызмет көрсетулер саны өзгерісссіз қалса, интерактивті
қызметтер санын 72 бірлікке жеткізу көзделіп отыр. Ал, 2008 жылы
интерактивті қызметтер саны екі есеге дейін артып, 145 бірлікке жетеді.
Бұл уақытта транзакциялық қызметтер пайда болады. 2009 жылы
транакциондық қызметтер саны 54 бірлікке дейін өседі. Тағы бір атап өтер
мәселе, электронды үкімет аясында Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
барлық мемлекеттік органдарда электронды құжат айналымын енгізуді межелеп
отыр. Қазіргі таңда еліміздегі бес мемлекеттік органда, атап айтқанда Көлік
және коммуникациялар, Индустрия және сауда, Әділет, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрліктерінде, сондай-ақ Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінде электронды құжат айналымы енгізілген. Осы күндері мұндай құжат
айналымын Есеп комитетінде, Білім және ғылым министрлігінде енгізу
жұмыстары жүргізілуде. Ал жыл соңына дейін еліміздің барлық мемлекеттік
органдарында электронды құжат айналымын енгізу көзделеді.
А. Жұмағалиевтың сөзіне қарағанда, электронды құжат айналымының
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы орта қажет. Осыған
байланысты агенттік біртұтас көлік ортасын құрғалы отыр. Бұл жұмысты
биылдың өзінде Астана қаласында жүзеге асыру көзделуде. Жоба қазан айында
аяқталады. Атап өтер жайт, қазіргі таңда 21 мемлекеттік орган біртұтас
ортаға біріктірілген. Соған орай барлық ақпараттар қорғалған арналар
(каналдар) арқылы өтуде. Ал электронды құжат айналымы жыл соңына дейін
Парламентке енгізілетін болады. Электронды құжат айналымы дегеніміз не? Ол
- қажетті құжаттар мемлекеттік органдар арасында тиісті қорғалған арналар
арқылы жіберіледі деген сөз.
Тағы бір тоқтала кетер жәйт, электронды үкіметті қалыптастырудағы
негізгі жобалардың бірі - Ұлттық идентификациялық жүйе. Онда жеке тұлғалар
және Қазақстанда тіркелген барлық заңды тұлғалар туралы ақпараттар
жинақталатын болады. А. Жұмағалиевтың атап көрсеткеніндей, қазіргі таңда
Ұлттық идентификациялық жүйе үшін тиісті мәліметтер базасы әзірленуде. Осы
тұста, жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың мәліметтер базасы туралы айтар
болсақ, бүгінге дейін бұл бойынша ілкі жобалар жүргізілген. Тұтастай
алғанда ілкі жобалардың жұмысы өздерінің толыққанды екенін көрсеткен.
Идентификациялық нөмірлердің ұлттық реестрлары туралы заң бекітілгеннен
кейін бұл мәліметтер базасы өнеркәсіп эксплуатациясына енгізілмек. Және
әрбір азамат оны қолдана алады. Ал мемлекеттік органдар әрбір жеке тұлғалар
және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді біліп отыратын болады.
Алайда жеке тұлғалар және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді білуге
кез-келген мемлекеттік қызметшіге рұқсат берілмейді. Осы тұста тоқталып
өтер тағы бір жайт, аталған мәліметтер базасын енгізу нәтижесінде жеке
тұлғалар үшін бірыңғай идентификациялық нөмір, ал заңды тұлғалар үшін
бірыңғай бизнес идентификациялық нөмір енгізілмек. Бұл мәліметтер базасын
жасау кезінде қандай да бір қателікке жол бермеу үшін жасалғалы отыр.
Осылайша электронды үкіметті дамытудың бірінші кезеңі аяқталады.
Электронды үкіметтің екінші интерактивті кезеңінде Ұлттық куәләндыратын
орталық құрылатын болады.
Бұл орталық әрбір жеке тұлға мен заңды тұлғаны электронды үкімет
жүйесіне кіру кезінде аудиоидентификациялауға мүмкіндік береді. Бұл
азаматтың электронды үкімет жүйесіне енуіне мүмкіндік беретін электронды
сандық (цифрлы) қолды анықтау мақсатында жасалғалы отыр. Бұл жерде ешқандай
шатасуға, қателесуге жол берілмейді. Аталған орталықты жыл соңына дейін
құру жоспарланып отыр. Ол аяқталғаннан кейін 2007 жылдың наурызында
өнеркәсіп эксплуатациясына енгізілетін болады. А. Жұмағалиевтың айтуынша,
осы жұмысты атқару үшін ақпараттық жүйені дамыту қажет. Яғни электронды
үкімет аясында ақпараттық жүйе жақсармайынша, халықтың сұранысына ие болып
отырған ақпараттар тиісті жеріне уақытында жетпейтін болады. Интерактивті
кезеңде қазірден бастап құрылып жатқан электронды-кеден, электронды-салық,
электронды-статистика, электронды-сатып алу сынды ақпараттық жүйелерді
электронды үкімет жүйесімен ықпалдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұл адамдардың тиісті қызметтер алуына жәрдемдеседі. 2008 жылы электронды
үкімет порталдарымен электронды-сауда, электронды-білім, электронды-
денсаулық сақтау, электронды-азамат, электронды-мемлекеттік қызмет,
электронды-әділ сот, электронды-әкімдік сынды жүйелерді ықпалдастыру
жоспарланып отыр.
Елбасы осы жылдың сәуір айында облыс әкімдерінің басын қосып кеңес
өткізген кезінде әкімдіктердің электрондық құжаттар айналымын жыл аяғына
қарай 25 пайызға дейін ұлғайтуы қажеттігін айтқан болатын. Онда
электрондық үкімет пен электрондық әкімдіктер жобасын енгізу жұмыстары
көңіл көншітерлік деңгейде еместігіне тоқталған Мемлекет басшысы бұл
әншейін сән емес, мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен тиімділігін
көтерудің, жемқорлықтың жолын кесудің бірден бір экономикалық құралы болып
табылатынын атап көрсеткен еді. Осыған байланысты агенттік биылдың өзінде
ілкі жоба ретінде Астана, Алматы және Өскемен қалаларында электронды
әкімдік жүйесі енгізуді көздеп отырғанын айта кеткен жөн. Ал 2008 жылы
барлық әкімдіктер осындай жүйе бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен
қатар, агенттік осы жылы электронды-лицензиялау бағдарламасын ұйымдастырып,
жүзеге асырмақ. Яғни азаматтар әртүрлі анықтамаларды, лицензияларды
электрондық формада алып, мемлекеттік сатып алулар мен декларацияларды
интернет арқылы рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады. Мамандар бұл қандай да бір
шенеуніктік кедергілерді жоюға мүмкіндік беретінін айтуда. Бұл ілкі жоба
аяталысымен, оны одан әрі дамыту жұмысын қолға алу қарастырылып жатқанын
айта кеткен жөн. Осыған байланысты, 2009 жылы электронды-туризм және
электронды-агро жүйелері жолға қойылмақ. Үшінші, транзакциялық кезеңде
төлем шлюзі жүйесі жүзеге асырыла бастайды.
Бұл кезеңде халық әртүрлі төлемдерді интернет және порталдар арқылы
жүзеге асыруға мүмкіндігіне ие болады. Мәселен, лицензия алған азамат оны
алғаны үшін тиісті қаржы төлеуі үшін өтінішті толтырып, оны интернет арқылы
тиісіті мемлекеттік органға жібере алатын болады. Мұнымен қоса, азамат кез-
келген төлемдерді екінші деңгейлі банктерге электронды үкіметтің порталдары
арқылы төлей алады. Ілкі жобаны агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп 2007
жылдың желтоқсанында аяқтауды жоспарланып отыр. 2008 жылы электронды
үкіметтің дамуынан не күтуге болады?. А. Жұмағалиевтың айтуынша, ол кезеңде
үкіметтік шлюз жұмыс істейтін болады. Бұл кезеңде барлық төлем шлюздері
үкіметтік шлюздермен ықпалдастырылады. Соған орай, ақпараттық жүйені дамыту
жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, аталған кезеңде мемлекеттік
органдардағы барлық ақпарат жүйелері дамитын болады. Халық компьютерді
білмесе, компьютерлік сауаты жоқ немесе төмен болса, жеке компьютері жоқ
болса, сонымен қатар интернетке қол жетімділігі болмаса, электронды
үкіметтің жұмыс істеуі қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан, осының
барлығының алдын-алу үшін Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасына
сәйкес, агенттік халықтың компьютерлік сауаттылығын 20 пайызға жеткізу
үшін, екіншіден, интернет тарифтерін төмендету, халықты қол жетімді
компьютердік техникалармен қамтамасыз ету үшін қоғамдық қол жетімді пунктер
ашу арқылы интернетте электронды-қызметтерді пайдаланушылар санын 20
пайызға жеткізуді көздеп отыр. Үшіншіден, күнделікті өмірде ақпараттық
ресурстардың маңыздылығын арттыру жұмысы қолға алынбақ. Әлемдік стандарттар
бойынша, халықтың 20 пайызының компьютерлік сауаттылығы жоғары болса, бұл
жыл өткен сайын геометриялық үдеріс бойынша тез өсетін көрінеді. Бұл үшін
елімізде халыққа компьютер үйрету және халықтың компьютерлік сауаттылығын
жоғарылату мақсатында 2 мың 600 оқу сыныптары ұйымдастырылмақ.
Бұл сыныптарда мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыздар, әскерилер,
мемлекеттік емес сектор қызметкерлері, балалар үйінде тәрбиеленушілері,
оқушылар компьютерді қалай қолдану керектігін үйренетін болады Осылайша,
халықтың компьютерлік сауаттылығын 2006 жылы 16,3 пайызға, 2008 жылы 21,3
пайызға жеткізу көзделіп отыр. Электронды үкіметтің тиімді жұмыс істеуі
үшін интернет тарифын төмендету аса маңызды. Ағымдағы жылы интернет
тарифтері 25 пайызға арзандағаны белгілі. Маусымның 1-інен бастап интернет
тарифтері 25 пайызға, ал қыркүйектің 1-інен бастап тағы 25 пайызға
төмендейтін болады. Осылайша 2007 жылы еліміздегі интернет қызметінің
тарифтері сағатына бір доллардан төмен, дәлірек айтсақ 64 центті құрайды.
Компьютерлік техникалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін осы жылы
Үкімет ақпараттық технологиялар паркін құру жұмысын аяқтайтынын жеткізген
А. Жұмағалиев, соған орай арзан компьютерлер шығаратын өндіріс құру
жоспарланып отырғанын айтты.
Мұнымен қоса агенттік екінші деңгейлі банктермен компьютерлерді сатып
алу кезінде жеңілдетілген несие беру туралы мәселені пысықтап жатқан
көрінеді. Бұл жұмыс халықтың көп бөлігін компьютермен қамтамасыз ету
мақсатында жүргізіліп жатыр. Компьютер сатып ала алуды қалталары
көтермейтін немесе интернетті пайдаланғаны үшін ақы төлей алмайтын халық
үшін қоғамдық пунктер ашылып, халық аталған пунктердің қызметін
пайдаланатын болады. Мұндай пунктер барлық қалаларда, соның ішінде
әкімдіктерде, вокзалдарда, кітапханаларда, ауруханалдарда, әуежайларда
жұмыс істейтін болады. Тағы бір атап өтер жайт, ақпараттық ресурстардың
спектрін кеңейту үшін агенттік қашықтан оқытатын IT университет құруды
жоспарлап отыр. Мұнда ақпараттық жүйені сауатты жасай білетін ақпараттық
технология мамандары дайындалатын болады. Сондай-ақ, осымен бір мезгілде
қазақстандық интернетті дамыту жұмысы қолға алынбақ. А. Жұмағалиевтың
айтуынша, осы жұмыстардың барлығы алдағы үш жылда электронды үкімет
қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Айталық,
электронды үкіметтің дамуы жөнінен бірінші орында тұрған Сингапур өзінің
порталы арқылы 1600 ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық қызмет
көрсетеді екен. Қазақстан 2009 жылдың соңына таман осындай қызметтер
көрсету санын 1200-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша еліміз электронды
үкіметті дамыту бойынша әлемдегі бәсекеге барынша қабілеті 50 мемлекеттің
қатарына енуге ұмтылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Электронды үкімет»
«Электронды үкіметті» қалыптастыру және дамыту
Электрондық үкімет деген не
Электронды үкімет инфрақұрылымы
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
ҮКІМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Шетелдік электронды үкімет
Электронды үкіметті құру мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижелері
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Пәндер