Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

- Республикамыздың бірқатар жоғары оқу орындарында, соның ішінде Абай атын­дағы ҚазҰПУ-дің педагогика-пси­хо­логия факультетінде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әлеуметтік пе­даго­гика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімдерін даярлау жүйесі қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан бұл екі мамандықтың, яғни әлеу­меттік педагог және өзін-өзі тану мұ­ғалімінің қажеттілік рөлі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне сай анықталған тәжірибелерге, бүгінгі қо­ғам­дық әлеуметтік мәні бар өзекті мәсе­лелерді қамтитын мына төмендегі аса ма­ңызды екі факторға сүйеніп айтар едім.

Біріншісі: Иә, қараусыз қалған балаларды көзден таса қылмауға әркез мән беріліп келді. Алайда әртүрлі себептермен ата-ана­сынан айырылған немесе панасыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі мүгедектер т. с. с жасөспірімдер мәселесін еліміз әсіресе Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мықтап қолға алды. Осы мақсатта Елбасы Н. Ә. Назар­баевтың «Балалар үйінің жарғысы», «Мұқ­таж азаматтарға олардың білім алу ке­зе­ңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Бөбек» республикалық қоры, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», Қазақстан Республи­касының «Неке және отбасы туралы», ҚР «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кәме­летке толмағандар арасында құқық­бұ­зушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары жарық көріп, түрлі бағдарламалар, тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар шаралар жүзеге асып жатыр. Бұл қабылданған заңдардың тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімдерінің қызметі дұрыс ұйымдастырылуда. Осы тұста айта кетейін, негізі, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі мамандарының кәсіби іс-әрекет саласына жоғарыда аталған мемлекеттік заңнамалар бағытталған білім беретін ұйымдар, арнайы білім ұйымдары, пени­циатрлық типтегі мекемелер, сауықтыру орталықтарындағы әлеуметтендіруге арналған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс­тар жатады. Ал қазіргі дайындалып жатқан болашақ әлеуметтік педагог мамандарының жұмыс істейтін орындарына мемлекеттік құрылымдар, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті, әлеуметтік бағыттағы мекемелер мен әлеуметтік қамсыздандыру, атап айтсам, жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, ең­бекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкін­дігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары, мемле­кеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интер­наттар, арнайы білім беру мекемелері), қоғамдық ортада тәрбиелеу проблема­ла­рымен, айналысатын мекемелер, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагерлері сияқты балалардың бос уақыттарын ұйымдасты­румен, қолдаумен, толыққанды әлеумет­тенуімен, дамуымен айналысатын меке­мелер т. б әлеуметтік институттар жатады. Аталған әлеуметтік педагог жұмысының кәсіби іс-әрекет саласы мен жұмыс орны ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындары үшін дайындалған ҚР Мем­лекеттік жалпыға міндетті білім беру стан­дартында көрсетілген. Демек, бұл құжаттар әлеуметтік педагог мамандарын даярлау жүйесінде еліміздегі қажеттілік рөлін айқындайтын жоғарыда аталған маңызды факторлардың негізі болып табылады.

Енді өзін-өзі тану пәні бойынша ма­ман­дардың қажеттілік рөліне келсек, бұл пән адамның рухани мүмкіндіктерін дамыту жа­ғынан жалпыұлттық қазақстандық идеал­дармен сәйкес келетін мәдениет пен әлеу­меттік нормаларды қалыптастыру мақсатын көздейді. Әрбір адам баласы материалдық және рухани өмірдің орта­сында тіршілік етіп отырғандықтан, әлемде болып жатқан өзекті мәселе үшін өзінің әлеуметтік жауап­кершілігін түсінуі қажет. Осыған орай, республикада аталған тәрбие жүйесін құру мақсатында 2001 жылдан бері Сара Алпыс­қызының бастауымен «Өзін-өзі тану адам­гершілік-рухани білім беру» бағ­дарламасы бойынша ашылған экспе­рименттік алаң­дарда, нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мек­тептерде, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарда жұмыстар жүргізіліп, нәти­жесінде 2010 оқу жылында республиканың мектептеріне өзін-өзі тану оқу пәні ретінде енгізілді.

- Егерде республикамыздың кейбір ЖОО-ларда осы сала бойынша маман даярлау жүйесі сонау 1992 жылдан бастау алғанын ескерсек, еліміздегі әлеуметтік педагог қызметі іс жүзінде өте баяу, тек тео­риялық тұрғыда ғана дамыды және бертінге дейін осы саласы үлгі елдердің тәжірибелерін жинақтаймыз деп ілдалдап қалдық десем, дұрысы сол. Біздің қоғамда әлеуметтік пе­дагогтың қызмет аясының кеңдігіне қара­мастан, ол жұмыстың мәні, мәртебесі, рөлі туралы халық арасында дұрыс көзқарас қалыптаса қоймаған сияқты. Әлеуметтік педагог жұмысының қаншалықты деңгейде дамып отырғанын шетел тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасау арқылы ғана көруге болады. Атап айтсақ, Ресей, Батыс елдерінде «әлеуметтiк жұмыс» деген атау­мен қабылданған әлеуметтік педагогтер білім беру ұйымдарына әлдеқашан енгізі­ліп, ол өміршеңдігін дәлелдеп қана қоймай, қоғамдық ортада әлеуметтік педагог мәр­тебесі кәсiби деңгейге көтерiлген-ді. 2009 жылы Копенгаген (Дания) қаласында өткен әлеуметтік педагогтердің XVII Халық­аралық конгресс жұмысына әлемнің 42 мемлеке­тінен, соның ішінде Ресей Фе­дерациясының да өкілдері қатысып, 2 қазан - Әлеуметтік пе­дагогтердің халық­аралық күні деп бел­гіленуі және шешім қабылдануы - осының бір айғағы. Мәселен, Ресейде 20 жыл ішінде әлеуметтік нысан­дарға кадрлер дайын­дайтын тәжірибелік алаңдар жұмыс істеп, онда жинақталған теориялық білімдер прак­тикалық тәжі­рибеге ұласып, әлеуметтік пе­дагог жұмысын дамыту мәселесін шешу нәти­желері нақтыланған. Сол сияқты Поль­шада 1920 жылдан бастап қоғамға ен­гізілген әлеуметтік қызметкерлер жүйесі тиімді әрекет етсе, АҚШ-та «Әлеуметтік жұмыс» бағдарла­малары полицияның және кәмелетке тол­мағандардың ісі бойынша соттардың, соны­мен қатар орта білім меке­мелерінің базалық бағдарламалары бойын­ша құ­рылып, балаларға әлеуметтік-пси­хо­ло­гиялық қол­дау көрсетудің нәтижелі дең­гейде мол тәжірибесі жинақтаған. Швецияда әлеу­меттік педагогтің қызметіне жоғары өкі­леттіктер жүктелгендіктен, қоғам алдында зор жауапкершілікке ие әлеуметтік қыз­меткердің ресми мәртебесі өте жоғары, кәсібі беделді, әлеуметтік қызмет муни­ципальді болғандықтан, полицияға немесе сотқа тәуелсіз болып табылады.

Бұдан түйетін ой мынаған саяды: сөз болып отырған елдерде әлеуметтік педа­гогтер мемлекет тарапынан мықты қолдау табуда, әлеуметтік іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, оның дамуына барлық жағдай жасалуда, тіпті мемлекеттің өзі мүдделі болуда. Сол себепті де бұл саланың қо­ғамдағы рөлі сөз болған елдерде айрықша әрі сұраныстағы мамандық иелері қата­рында.

Әлеуметтiк жұмыстар - қоғамдағы ру­хани құндылықтарды дамытып, адамдар арасындағы ізгі қасиеттерді биік қоюдың маңыздылығын арттыру қажеттiлігінен туындаған және ол сонау ежелгi дүниеден бастау алады, бір сөзбен айтқанда, тарихы тым тереңде. Қайсы мемлекет, ұлт болмасын, оның өркениеттілігі, ең алдымен, ізгілігімен айқындалады. Адами қарым-қатынас бәрінен биік тұруы тиіс. Міне, осы тұрғыда әлеуметтік педогогтің ел ретінде дамып, жетілуі үшін маңызы аса зор. Олай болса, халықтың әлеуметтік те, рухани да, адами да деңгейін көтеруді мақсат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында әлеуметтiк жұмыс алдағы уақыттарда қоғамдық кәсіп түрінде танылатын мүмкіндіктерге ие бо­лады деп ойлаймын. Адам қоғамға тәуелді мына заманда жан-жақты көмек беруге маманданған әлеуметтік педагог­тердің қызметтік рөлі мемлекеттік тұрғыда қолдауға ие болуы тиіс. Ол үшін әлеуметтік педагог мамандардың жұмыс істейтін нысандарын көбейту қажет. Нақтырақ айтсам, жетім балалар үйлерін, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларды сауық­тыру орта­лық­тарын, қарттар үйлерін т. б. халық­тың қор­ғансыз бөлігіне арналған мекемелерді қажетті мөлшерге дейін ашып, әлеуметтік педагогтің қызмет саласының мүмкіндігін кеңейту мәселесі қарастырылуы керек. Бұл болашақта осы мамандық бойын­ша диплом алғалы отырған ЖОО түлектері үшін жұмысқа орналасу мәселесін шешудің оңтайлы жолы болып табылар еді.

- Ол рас. Осы мәселе қазір өзекті болып тұр. Білім беру мекемелерінде бұл пән бойынша маман тапшылығы айқын сезі­луде. Себебі пән адамтанудың құрамы ретінде психология, философия, әлеуметтік педагогика ғылымымен байланысты әлеу­меттік мәні бар күрделі мәселелерді қарас­тырып, адамдардың әлеуметтік жауап­кершілік, адами ізгі қасиеттерін қа­лып­­тас­тыруға негізделеді. Сол себепті де пән өз деңгейінде өту үшін ұстаз оқу әдіс­темесін толық меңгерген маман болуы тиіс.

Еліміздің білім саласы үшін әлеуметтік педагогика ғылымын ендіру жалпы қол­данылғанымен, педагогика-психология факультетінің мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасында ашылған әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы үшін студенттерді дайындаудың нормалық, стандарттық деңгейде алғаш 2010 оқу жылынан бастап біздің университетте ендіріліп отыр. Аталған мамандықты таңдаған жастар санына келсек, қазақ, орыс тілдерінде оқытудың күндізгі бөлімінде қазір - 58, сырттай бөлімінде жеті студент бар. Ал 2011 оқу жылы күндізгі бөлімге 100 адам, ал сырттай бөлім бойынша сегіз адам түсті, яғни қазір 1-2-курс бойынша жалпы саны - 173. Негізі, бұл алғаш ашылып отырған маман­дық үшін жаман емес, жоғары көрсеткіш десек те болады.

Қазір ЖОО-ларда осы мәселеге ай­рықша мән беріп отыр. Дайындалып жатқан өзін-өзі тану мұғалімдері мен әлеуметтік педагог мамандар әрбір мектеп, отба­сылары, жетім балалар мен қарттар үйлері, сауықтыру және бейімдеу орталықтарында жүргізетін өзін-өзі тану мен әлеуметтік-жұмыс қызметтері арқылы адамгершілік-рухани білім беруге, әлеуметтік орта құруға бағытталған өзара үйлесімді жұмыстарымен аталған қажеттіліктерді толықтай орындай алады деп сенім артып отырмыз. Оған негіз де жоқ емес.

- Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттің тұтас қоғамдық ортасын құруға байланысты 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі - адами ресурстарды дамытуда ең алдымен оның әлеуметтік капиталының қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік функцияларды жүзеге асыратын факторлар төмендегідей:

• Девиантты және деликвентті бала­лармен жұмысты күшейтуді жоспарлау;

• Отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта және тұтас қоғам құру;

• Арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім ұйымдарына баса назар аудару;

• Кәмелетке толмағандарды дағдарыс жағдайынан шығуға және өмірін орнық­тыруға, баланы отбасымен қосуға көмек көрсету мен отбасын әрі қарай сүйемел­деу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Табиғат сәйкестігі принципі
Құндылықтардың жіктелуі
Әлеуметтік педагогтың тәжірибелері
Өзін-өзі танудың ғылыми теориялық негіздері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Өзін-өзі тану шығармашылығы жайлы
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz