Шетел инвестициясымен жасалынатын шарттар


Шетел инвестициясымен жасалынатын шарттар
"Инвестиция" термині латынның "іnvest" сөзінен шыққан, "қаржы салу" дегенді білдіреді. Кең мағынада инвестиция капиталды болашақта оның көлемін көбейту мақсатымен салуды білдіреді. "Инвестиция" түсінігі көпқырлы және мұнда бірнеше мағыналы түсініктерді көруге болады:
- ең алдымен, инвестициялау туралы сөз болғанда өндіріс процессі жүзеге асырылатын технология, құрал жабдықтар туралы айтылады,
- құнды қағаздар сатып алу;
- инвестиция әртүрлі операциялардың тізбекті орындалуымен байланысты белгілі бір процессті көрсететіндіктен бірнеше шектеулі мағынада талқыланады; әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бойынша бұл процесті экономпкалық дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.
Инвестиция ұғымы қай кезде пайда болды, оны дәл басып айту қиын. Әйтседе шамамен инвестиция ұғымының қоғамдық катынаста қалай пайда болғанын, не түрткі болғанын айыруға болады. Инвестиция бастапқы кезеңде, яғни заңды тұлғалар (кәсіпорындар) жоқ кезде жеке түлғалар арасындағы күн көрістің мұқтаждығынан туындағанын байқау қиын емес. Казіргі қоғамда да мұндай жеке тұлғалар арасындағы қатынастардың бар екенін жоққа шығара алмамыз. Келе-келе қоғамдық сананың артуымен инвестициялық; процестсрдің өрісі кеңейе түсті. ХІV-ғасырда Алтын Орда державасының Каффа қаалсына Генуялық саудагерлердің қолөнер, тұрмыстық бұйымдармен, шикізат өңдеуге Алтын Орда ханынан рұқсат алып Алтын Орда қазынасына мол түсім түсіргенін білеміз. Бұл сол кездегі Инвестициялық процестің болғанын көрсетеді. ХV-ғасырдың орта шенінің өзінде Инвестиция процесінің халықаралық деңгейде болғанын көреміз. ХVІ ғасырда Англияда мануфактураның дамуымен инвестициялық процесс ішкі қатынаста тіршілік көзшік, мол түсімі ретінде жүзеге асты.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
90-жылдардың орта шенінде дүние жүзіндегі қаржы капиталы 3 трлн. долларға жетті. Бұл ақша дүниежүзілік қаржы рыногының негізі. Осы ұшан-теңіз қаржының бір бөлігін Қазақстанға қалай тартуға болады? Тарту керек пе жоқ па? Бұл арада екі удай әңгіме бар. Біріншісі, шет елдік инвестицияларды Қазақстан экономикасына белсенді түрде тарту қажет. Ол үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау керек деген ресми көзқарас. Екіншісі, Қазақстанның байлығын оңды-солды таратып, халықаралық монополиялардың тұзағына түсеміз және ол тұзақ бірте-бірте тынысыңды тарылтады, яғни елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деген көзқарас.
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткеніндей Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дуниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі.
Егер, біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс-қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.
Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:
1) экономикалық және техникалық прогресті жеделдету;
2) өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;
- өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрену;
- рыноктық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау.
Мәліметтерге жүгенсек өткен үш жыл ішінде (1994- 96 ж. ж. ) Қазақстанға тартылған шетел капиталының көлемі 5, 9 млрд. долларға жуықтаған. Мұның 28% несие, 22% займдар (қарыздар), қалған бөлігі мемлекет кепілдігімен алынған тікелей инвестициялар. Үш жыл ішіндегі осы қаржының 60% - мұнай өңдеу өнеркәсібіне, 10% - түсті металлургияға, қалғаны газ бен тамақ өнеркәсібін дамытуға жұмсалды. Бұл инвестициялардың 54% - АҚШ-тан, 6, 8% - Ұлыбританиядан, 6, 6% - Түркиядан және Оңтүстік Кореядан, Франциядан, Жапониядан түсті.
Қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялақ ахуалға байланысты.
Инвистициялық ахуал дегеніміз - күрделі қаржы келтіруге және оны тиімді пайдалануға қолайлы саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық және т. б. факторлардың жиынтығы. Іскерлік тәуекелшілдіктің шегі бар екендігін есте ұстаған жөн.
Шетелдік инвестициялар рыногындағы ахуал оларға мүқтаж шығыс Еуропа, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үлкен сұранысына байланысты елеулі бәсекелік туғызып отыр. Капиталды импорттаушылар санының капиталды экспорттаушылар санынан едәуір көп екенін ескерсек Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкін болған жағдайдың бәрін жасау керек. Қызмет көрсету мен қажетті инфрақұрылымдар жасап, оны дамытудың шетелдік инвесторлар дағдыланған деңгейіне жету күн тәртібінде тұр. Көптеген заңдарды, нормативтерді, актілерді айқындап, шетелдік салымшылар мен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвесторлардың жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен тіл табысуға мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың (артықшылықтардың) икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру да қажетті іс-қимыл түріне жатады.
Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық ахуалдың негізгі бағыт-бағдарында оларға неғүрлым қолайлы мүмкіндіктер жасау жатыр.
Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп-тұруға рұқсаттар беру жөніндегі ережелер туралы болып отыр.
Бүкіл іскер әлем қарым-қатынас жасасатын ағылшын тіліне Қазақстандықтарды, ең алдымен мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету саласындағы істейтін адамдарды оқыту қажет, өйткені, тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі капитал тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді.
Қазақстандық авиажелілердің, әуежайлардың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлылығына, жоғары дәрежелі (төрт-бес жұлдызды) қонақ үйлерінің, болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесменге неғұрлым жеткілікті ықылас көрсету, оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік беру болуға тиіс.
Инвестицияларға немесе несиелерге салық үзілістерін, жеңілдетілген ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және т. б. қаңта қарап уақыт талабына сәйкестендіруге болар еді.
Әрине, тым шашырай берудің де еш пайдасы жоқ. Мәселе, философтар айтпақшы, қарапайымнан күрделіге қарай жүріп отыру қажет.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың тағы бір желісі инфрақұрылым объектілері - энергетика, газ және мұнай құбырлары, әуежайлар, қонақ үйлер, байланыс құралдары, автомобиль және темір жолдар, су құбырлары - мейлінше назар аударатын объектілер. Бұл міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуал жасау деген сөз. Экспорт пен импорттың, жалпы іскерлік-бизнестің, инфрақұрылымның ойдағыдай жұмыс істеуінсіз, дамуы мүмкін емес.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасауда ең алдымен халықты жұмыспен қамту мәселесін ойластыру қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі аймақтық басымдықтар (приоритеттер) жүйесімен қатаң үйлестірілуге тйіс.
Басым болып табылатын салаларды (отын-энергетика, қара және түсті металлургия, таукен, агроөнеркәсіптік кешен) жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналаған демеу қаржы, әр түрлі алымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысандарды да пайдалану қажет. Жоғарыда келтірілген байламдардың куәсі болғандай Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа жөніндегі экономикалық комиссиясы өз баяндамасында Қазақстанға көп орын берген. „Бұрынғы кеңестік Қазақстанда тікелей инвестиция тасқыны тіпті күшейді"- дейді баяндамашы.
1994 жылдың басындағы деңгеймен салыстырғаңда 1996 жылдың жартысында тікелей инвестиция көлемі 2 есе өсті. Сөйтіп, 3, 24 млрд. долларға жетті. 1994 жылдың басында бұл көрсеткіш 1, 24 млрд. доллар шамасында ғана болды. Жекешелендіру мен тікелей инвестицияның қарқын алған уақыты, әсіресе 1996 жыл болды.
Баяндамада Қазақстанның пайдалы қазбалары өте көп аймақ екені айтылған. Әлемдік мұхитқа шығар жолы жоқ, Қытай шекарасынан батыстағы Орал тауларына дейін созылып жатқан республикада мұнай шикізаты өте мол. 1992 жылы Қазақстанда 14 инвестор болса, қазіргі уақытта 800-ден асты. Жыл өткен сайын бұл көрсеткіш көбейіп келеді,
Бірлескен кәсіпорындарда және шетелдік компанияларда бүгін 27 мыңнан аса қазақ жүмыс істейді. Ал, бұл көрсеткіш 1993 жылы 6400 шамасында-ақ болған. Баяндамада олардың көбісі Алматы қаласында орналасқаны айтылған.
1995 жылдың аяғындағы жағдай бойынша бірлескен кәсіпорындармен бірге шетел капиталының займы капиталдың 80 процентін құраған.
Дамыған елдер фирмаларының республика өндірісіндегі үлесі де әртүрлі. Алғашқы орында АҚШ тұр. 1996 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша тікелей инвестиция бағытында 1, 8 млрд. доллар жұмсап, олар үлестің 66 процентіне ие болып отыр. Ал, Батыс Еуропа компанияларының үлесіне 456 млн. доллар мөлшеріндегі 17% тиісті. Америка компанияларын Қазақстанның мұнай шикізаты: қызықтырады. Қазақ жерінде 24 млрд. тонна мұнайдың артық қоры бар екені ресми түрде бағаланған, - дейді ба-яндамада.
Тікелей инвестиция бағытындағы екінші орынды Оңтүстік Корея компаниялары алады: Одан кейінгі орында Ұлыбритания-6%, Түркия және Франция (4% жуық) компанияларының үлесінде. Баяндамада барлық шетелдік тікелей инвестицияның 75% Қазақстанның мұнай-газ саласына шоғырланып отырғаны баса айтылған. Ал, өндірісте бұл көрсеткіш 24% екен. Республикадағы банк жүйесімен телекоммуникация бағытында тікелей инвестиция үлесі аз мөлшерде.
Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі арқылы алынған бұл мәліметтер көп нәрсені айқындайды.
Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экпорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
- инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) - елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие - дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық деңгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға каржы-қаражат салу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz