Қытай тілін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қалыптастыру


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1Жазуға және оқуға үйрету . . . 6

2 Тыңдауға және сөйлеуге үйрету . . . 41

3 Мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60

КІРІСПЕ

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

Жаһандану үрдісі халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси, тіл байланыстарын дамытуға өз әсерін тигізуде. Бүгінгі өмір талабы әр түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу мәселесін барынша жоғары деңгейде қарауды талап етіп отыр. Адамдар бір-бірімен өзара қатынаста болу үшін, бір-бірінің мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, тілін, дінін жете білуге тырысады, осы тұрғыдан келгенде мәдениетаралық байланыс орнатуға құлшыныс жасайды. Мәдениетаралық қатынастың басты саласының бірі - шет тілі арқылы ұлттық әдебиет және мәдениетпен танысып, халықтар арасындағы қарым-қатынасты кеңінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едік. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі өте зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр.

Жұмыстың өзектілігі: Құрлымы ерекше және оқытылуы қиын тілдердің негізігі ерекшелігін үйрету жолдарының маңызы жоғары. Біздің зерттеу тақырыбымыз қытай тілін үйрету әдістемесі және оның жолдарын қарастырумыз осындай қажеттіліктен туындап отыр, сондай ақ оны тіл үйренушіге көмек ретінде жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді, жаңа әдіс тәсілдерді, тілді оқытуда тіл үйренушінің қызығушылығын арттыру сондай-ақ қытай тілін үйретуде ойын түрінде қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан елтуралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар тіл үйренушіні білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер тіл үйренушінің шет тіліне деген қызығушылығын оятады, алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады. Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, тіл үйренушінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндердішетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселені шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру деп алуға себеп болды.

Соңғы он жылдықта мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгертудің прагматикалық құндылығын көрсетті. Студенттердің үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес болып жатқан.

Ал мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді дұрыс қолдану өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Қытай тілін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қалыптастыру.

Диплом жұмысының мақсаты: Жұмыстың басты мақсаты - қытай тілін үйрету әдіс тәсілдерін көрсету. Тіл үйренушінің мәдениетаралық қарым-қатынасбіліктілігін қалыптастыруда жаңа және оңай тиімді әдістерді пайдалану арқылы тіл үйренушіге қытай тілін үйрету және көптеген әдістемелерді құру.

Диплом жұмысының міндеттері: Қытай тілін үйрету жолдарын терең

қарастыру; қытай тілін үйретудің жаңа әдіс тәсілдерін қарастыру.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі: Жұмыста құрылымдық сипаттау, компоненттік талдау жасау әдістері, әдістеме ұғымы және қытай тілін үйретуде әдіс тәсілдері қарастырылды.

Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмыс барысында әдістемеге қатысты Әбдікәрімова Т. М. Мәтін және «Ана тілі»

оқулығы мәтіндемесін құраудың теориясы, Бейсенбекова Г. Т. Оқылым процессітеориясы мен әдістемесі, Сәмитұлы Ж., Мәсімхан Д., Ғабитханұлы Қ., Жамантаева Г., ғылыми мақалалары мен диссертациялық жұмыстары қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық маңызы: Қытай тілін үйрету немесе

оқытудағы әдіс тәсілдері арқылы үйренудің сонымен бірге бұл әдістерді

қолданудың теориялық маңызы жоғары.

Диплом жұмысының практикалық маңызы: Жұмыс барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады. Бұл зерттеу жұмысының қорытындысын оқытушылар семинар сабақтарында, курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Жазуға және оқуға үйрету

Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материалдық және рухани байлығын ұйымдастырушы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынаста болады. Адамдардың өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы - тіл. Адам - тілімен адам. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл - қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл- қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.

Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас болашақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тіл-қысқасы, өмірдің ұлы қаруы.

Ғаламдану үдерісінің жылдам дамуымен бірге мемлекеттердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және әскери тұрғыдағы өзара тәуелділігі арта түсті. Дүние жүзінде болып жатқан қарқынды өзгерістер мен даму үрдістері күн тәртібіне көптілділік мәселесін шығарып, сан-алуан ұлттардың бір-бірлерін жақыннан тану мүмкіндігін ұсынып отыр.

Елбасымыздың білім беру жүйесінің алдына бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін қойып отыр. Көп тілділік-бүгінгі күннің талабы. Жоғары оқу жүйесіндегі басты мақсат - Қазақстан Республикасының білім сапасының деңгейі мен болашақ бағытын анықтауды, әлемдік өркениетке жетудің жолын қамтамасыз етер білімді де мәдениетті, білікті де саналы дара тұлға тәрбиелеу.

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы ежелгі көрші ел. Яғни қазақ халқы мен қытай халқының бір-біріне ықпалдастығы өте ертеден қалыптасқан. Сонау үйсін мемлекетінің тұсынан бастап, бүгінге дейін бұл екі ел арасындағы байланыс еш үзілген емес, мұның дәлелі бес мың жылдық жазба тарихы бар қытай жазбаларында жазылған. Салғараұлы құрастырған «100 құжат» зерттеу, құжаттарына үңілсек қытай архивтерінде әлі қыртысы жазылмай жатқан қазақ тарихы көп екенін көре аламыз. [1] Сондықтан да біздің бүгінгі өскелең ұрпақ ата-бабамыздың басып өткен жолын біліп, бағасына жетіп, даңқын асқақтату үшін сол тарихымыз жазылып қалған елдің тілін біліп, жазуын меңгеру өте қажет болып отыр.

Тілдік құбылысты оқыту үдерісінде технологиялық жаңалықтарды пайдаланудың мәні зор. Бұл зерттеу жұмысында қытай тілін оқытудың әдістерін қарастырамыз.

Қытай тілін үйрету әдіс-тәсілдерін қарастырмас бұрын, әдістеме ғылымына, шет тілін оқыту әдістеріне тоқталып кетуді жөн көрдік.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. [2]

«Әдіс» грек тілінен алғанда зерттеу, таным жолы дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдерінің көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оның нәтижесінде оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды» [3, 272] .

Философиялық сөздікке сүйенсек, әдіс-белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. «Оқыту әдістері - педагог пен оқушының білім мақсаттарына жетуге бағытталған біріге жасаған іс-әрекеттерінің тәсілі» [4, 278] .

И. Ф. Харламов «Әдіс - оқыту барысында ұстаздың қолданатын тәсілдері мен білімді игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін шәкірттің оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруы. Оқыту әдісінің көмегімен тіл үйренуші белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді. Оқыту әдісінің атқаратын қызметі-білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету оқытушының шеберлігіне, білімдарлығына, оқу процесін тиімді ұйымдастыра білуіне және шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты» дейді [5, 519] .

«Әдіс» деп оқытушының тұжырымдамасын бейнелейтін, белгілі-бір мақсатқа жетелейтін, оқытуды ұйымдастырудың тетігі, оқытушының іс-тәжірибесін бейнелейтін оқыту жүйесі деп түсінеміз. Жоғары оқу орындарында шет тілін жалпы білім беру пәні ретінде филологиялық мамандықтардың студенттеріне оқытуда олардың кәсіптік даярлығын қалыптастыруда В. Оконьнің оқыту әдістерінің классификациясы ұтымды әдістердің бірі ретінде қарастырылады [6, 381] .

Мысалы, филологиялық мамандықтар студенттеріне шет тілін кәсіптік бағыттап оқытуда, олардың кәсіптік қызметіне қажетті интеллектуалдық бостандық, рухани тәуелсіздік төмендегі әдістер классификациясы негізінде қалыптастырылады.

Атап айтсақ, импрессивтік әдіс бойынша студенттер әдеби шығармалармен жұмыс істейді (шығарма және оның авторы жайлы ақпарат, оның негізгі идеясын анықтау, салыстыру, өз пікірін білдіру, студенттің белсенділігін ұштау), экспрессивтік әдіс студенттің қандайда бір тапсырманы өз жанынан шығаруын (өлең, әңгіме, презентация) немесе жұппен, топпен жасауын қарастырады. Бұл әдістердің ерекшелігі оларды әрбір практикалық сабақта студенттердің қатысымдық бағытта өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу шеберліктерін қалыптастыруда қолдануға бейімділігі. Сондықтан, аталған әдістерді қолдану: сабақты тиімді ұйымдастыру, тілді кәсіптік бағытта оқыту және студенттің меңгерген білімін қолдана алу мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру, студенттердің танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру, бағалау дағдыларын қалыптастыру шет тілін оқытуды тиімді жүзеге асырудың алғышарттары болады.

Әдіс арқылы оқытушы түрлі оқу құралдарын, студенттердің білім деңгейін, берілген сағат санын ескере отырып, түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданады. Жұмыс барысында шет тілін оқыту тәжірибесінде қолданылып жүрген түрлі әдістер зерделенді. Әрбір әдістің өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Оқыту әдістерінің классификациясы

- танымдық белсенділікке негізделген білімді (репродуктивтік мазмұндағы) игеру әдістері (әңгіме, талқылау, материалмен жұмыс) ;

- шығармашылық танымдық белсенділікке негізделген білімді өздігінен меңгеру әдістері (проблемалық әдіс, ойындар т. б. ) ;

- эмоционалдық-көркемдік белсенділікке негізделген бағалау әдістері (импрессивті әдіс, экспрессивті әдіс, жаттығулар) ;

- практикалық әдістер.

Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытуда студенттердің кәсіптік-қатысымдық даярлығын қалыптастыру мақсатталғандықтан, сыни ойлау және шығармашылық-ізденімпаздық қадамды дамытуға ықпал ететін, оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қатысымдық әдіс шет тілін оқытуда басшылыққа алынады.

В. Расторгуев жаңаша қатысымдық әдіс - түрлі оқыту әдістерінің эволюциялық пирамидасының ең үстінде тұрған, шетел тілдерін оқытудың көптеген әдіс-тәсілдерінің үйлесімді қосындысы дейді [7, 511] .

Қатысымдық әдіс өз бастауын грамматикалық - аудармасыз оқыту, тура әдіс, аудио-лингвалдық, суггестопедиялық әдістерден т. б. алады.

1875 жылы В. Шмиц жоғары оқу орындарында ағылшын және француз тілдерін оқыту курсы жайлы 25 тезис жазады. Онда тілдік дағдылар, айтылу және тілдің білімдік құндылығы жайлы сөз қозғалады. Шет тіліне оқытудың «тура», аудармасыз, табиғи жолмен оқыту әдісі 1882 жылы В. Фиетордың «Шет тілдерін оқыту реформалануы тиіс» атты шет тілдерін оқыту үдерісіне түбегейлі өзгеріс енгізу туралы еңбегінде көрініс табады. Лингвист В. Фиетор студенттерге тіл үйрету барысында теориядан бұрын тәжірибелік сабақтарды жүргізу, студенттердің өздік жұмысын жүйелендіруді ұсынған. В. Фиетор ұсынған шет тілін аудармасыз оқыту әдісі шет тілін оқыту теориясы мен тәжірибесінде тың жаңалық болды және көптеген ғалымдардың шет тілін оқыту әдістемесіне жаңа ой-пікір әкелуіне түрткі болды.

Белгілі лингвист Г. Пауль (1909) жоғары оқу орындарында аудиториялық сабақ пен өздік жұмысты үйлестіруді, жаттығулардың жүйелілігі туралы мәселе көтерген алғашқы ғалымдардың бірі. В. Фиетор ұсынған шет тілін оқытудағы «тура» әдіс бойынша тіл үйрену барысында ана тілі және ана тіліне аудару алынып тасталды, осыдан барып жаттығулар арқылы тіл үйрену іске асты [8, 45-51] .

Бұл жүйені XIX ғасырдың 20-30-жылдары Г. Пальмер [9, 165] және М. Уэст [10, 250] . жалғастырды. Г. Пальмер шет тілін жаттығулар арқылы «ауызша әдіспен» оқытуды ұсынған. Белгілі сөз тіркестерінің дайын моделіне жаңа сөзді қойып, қарапайым сөз тіркестерін жасау арқылы жартылай механикалық түрде сөздер меңгерілген. М. Уэст мәтіндік материалдарды іріктеу мен оқуға үйретуді мақсат ететін оқулық жүйесін қарастырған. Аталған ғалымдар лексикалық-грамматикалық материалдарды іріктеу теориясы мен тәжірибесіне зор үлес қосқан ғалымдар.

Екі онжылдықтан кейін Ч. Фриз Г. Пальмердің тілдік модельдерін ситуативтік негізде үйретуді ұсынған. Ч. Фриз Р. Ладомен бірігіп, шет тілін аудио-лингвалдық әдіспен оқытуды енгізеді [11, 238] . Ч. Фриз тіл үйренушілердің ана тіліне сүйенуі керектігін талап етеді. Шет тілін «тура» немесе аударма арқылы оқыту мәселесі көптеген жылдар бойы сыншылардың, ғалымдардың талқылау тақырыбы болды.

Аудио-лингвалдық әдіс бойынша жаңа сөз, грамматикалық конструкция- лар диалогта беріледі және диалогқа қатысты жаттығулар жасалады, әдіс ерекшелігі ауызша және аудио дағдыларға, материалды жаттауға көп көңіл бөлінеді.

1966 жылы АҚШ-та, Нью-Йорк қаласында «Басқа тілде сөйлеушілердің ағылшын тілі оқытушылары» бірлестігі құрылады (TESOL) . Бірлестіктің алғашқы басшысы белгілі лингвист Х. Аллен, проректоры Р. Ладо, атқарушы секретары Дж. Е. Алатис болады. Дж. Е. Алатис «Алайда, уақыт өте келе аудио-лингвалдық әдіс тіл үйретудің жалғыз жолы емес екендігін түсіндік. Тіл үйретудің жедел әдісі, Dartmouth approach, Community Language learning, Silent way, Suggestopedia, Тotal Рhisycal response т. б. көптеген әдістер пайда болды» дейді [12, 2-9] .

Тіл үйретудің жаңаша ең танымал әдістеріне қысқаша тоқталсақ,

суггестопедиялық (Suggestopedia) (лат. suggestio иландыру) бағыттың авторы - психотерапевт, медицина ғылымдарының докторы, болгар ғалымы Г. Лозанов. Г. Лозановтың пікірінше, суггестопедиялық жүйемен оқыту адамның жадындағы ашылмаған қорларын ашып, адамның интеллектуалды, эмоционалды, мотивациялық белсенділігін арттырады, тіл үйренушінің кешенді дамуына әсер етеді. Суггестопедия шетел тілін оқытуда музыка, дене және жан релаксациясы арқылы студенттің жасырын когнитивті ресурстарын пайдалана отырып, еске сақтауды күшейту [13, 56] .

Калеб Гатенью әдісі «Silent Way» (Үнсіз тәсіл) оқытуға мәселелік-іздену қадамы арқылы сипатталады. Бұл әдіс бойынша студенттің дербестігі, даралығы және жауапкершілігі дамытылады: 1) студент тілді оқуда жаттап, қайталағаннан, неғұрлым бір нәрсені анықтап, тудыруға (discovers or creates) тырысса; 2) есте сақтау берілген материал бойынша мәселенің шешімін іздеу, шығармашылық тұрғыдан анықтау, суреттеу арқылы жүзеге асады. «Үнсіз тәсіл» деп аталуына байланысты оқытушы оқу уақытының 10% ғана пайдаланады, қалған 90% студенттердің еншісінде. Оның мақсаты оқытушының барынша аз сөйлеуі, студенттің неғұрлым көп сөйлеуіне ықпал ету болып табылады. Бұл әдіс те оқушылардың қатысымдық шеберліктерін арттыруға бағытталған, К. Гатеньюдің айтуынша «шетел тілінде мәселе шешуші» болады [14, 112] .

Н. С. Кобленцтің «синтетикалық әдісі» бойынша, мәтін - жау деп есептеледі, өйткені мәтін студенттің инициативасын шектейді, себебі ол дайын мәтінді мазмұндауға дайын тұрады, сондықтан студентке өзі құрастыра алатын құрылыс материалын беру керек. Оқытушы студенттерге белгілі бір лексикалық материал тізімін және конструкция топтамасын ұсынуы керек, студенттер осы ұсынылған конструкция арқылы көптеген нұсқадағы мәтіндер құрастыруы қажет [15, 136] .

Брейнсторминг - әдісі Алекс Осборн еңбегі. Бұл - шығармашылық белсенділікті күшейтетін белгілі әдістердің бірі. Әдіс ерекшелігі ой-пікір айтуда қандай-да бір бағалау, сын айту шектеледі. Әдістің А. Осборн ұсынған классикалық техникасы екі негізгі принципке негізделеді - «идеяға үкім шығармау» және «саннан сапа шығады». Бірінші кезеңде тақырып бойынша қиялға ерік беріледі: барынша көп идеялар ұсынылады. Екінші кезеңде идеяларды біріне-бірін қосып, жетілдіреді. Соңғы кезеңде бағалай отырып, ең ұтымды шешім таңдалады.

Брейнсторминг әдісі студенттердің сыни ойлау шеберліктерін қалыптастыруға ықпал етеді [16, 23-25] . Г. А. Китайгородскаяның белсендіру әдісі негізінде, адамның және ұжымның психологиялық, әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін белсендіру жатыр. Онда ұжымдық өзара әсер ету, жеке-бағыттағы қарым-қатынас-оқыту мен тәрбие мақсаттарын қарастырады. Шет тілін жеделдетіп оқытудағы қарым-қатынас дегеніміз аудиториядағы барлық студенттердің шет тілінде үнемі белсенді араласуы, қарым-қатынасы [17, 254] .

С. Крашен тілді табиғи жолмен (жаттанды емес) үйрену қағидасын ұсынады (Natural Order Hypothesis) . Онда жатталған материал меңгерілген материал бола алмайды, өйткені материал «меңгеруді» күшейту үшін «түсініктілігіне» (comprehensibility) қарай өрбуі керек [18] .

Шет тілін оқытудағы аударманы тікелей әдіс толығымен ерекшелейді. Кейін шет тілін оқытудағы аударма әдісіндегі Г. Пальмердің М. Уестің әдістері пайда болды Л. В. Щербанның айтуы бойынша шет тілін оқытуда аударма әдісі практикалық негізде теориялық негізде де маңызды рөл атқарады. Яғни тіл үйренушінің сөз байлығын шет тілінен білімін тексеруге сөздерді естігенде немесе оқығанда оны қалай түсінгенін грамматиканы қалай меңгергенін анықтауда аударма әдісі негізгі әдіс болып есептеледі. Егер жаңа сөздер аудармасыз үйретілетін болса ол сөздер тіл үйренушінің санасында калмайды, мағынасын түсінбеген соң тіл үйренушінің есінде сақталмайды ең соңында ол сөздерді тіпті оқи да алмауы мүмкін. Оқу бағдарламасы бойынша аударма әдісі негізгі әдіс болып есептеледі. Оқу бағдарламасы бойынша аударма әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:

Сөздің, фразеологиялық сөз тіркестерінің, грамматикалық түрдің, сөйлем үлгілерінің мағынасын шет тілінде беру үшін. Мысалы:很好 -өте жақсы, 忙- қарбалас, 邮局-пошта,报-газет. [19-20, 48] .

Жоғарыда көрсетілген тәсілдер белгілі бір жүйемен кешенді түрде пайданылған жағдайда, тілдің ең күрделі жағы: ауызекі сөйлеуді меңгеруге ықпал етеді.

Сонымен, оқытудың қатысымдық әдістерінің әртүрлілігіне қарамастан барлығы келесі ортақ ерекшеліктермен сипатталады:

1. Оқыту мақсаты жалғыз грамматикалық немесе лингвистикалық ережелерге ғана емес, қатысымдық құзіреттің барлық компоненттеріне бағытталады (лингвистикалық, социомәдени, стратегиялық, оқу, кәсіптік) .

2. Сөйлеу материалын ұйымдастыру оның түріне емес, функциясына бағытталады.

3. Қатысымдық бағытта оқытуда түпкі мақсат, тілді өңделмеген, дайындалмаған контексте оқытушының бақылауымен емес, басқаруымен өнімді, рецептивті қолдану болып табылады.

4. Қатысымдық бағытта студенттің кәсіптік құзіретін қалыптастыруда материалдың аутентикалылығы маңызды орын алады. Бұл студенттерге тілді тіл иелерінің қолдану қалыбында қабылдауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
Ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету
Жазуға үйрету мақсат міндеттері
Сауатты жазуға үйрету мәселелері
Әдістемелік даярлық
Ауызша сөз түрлері
Ауызша сөзге үйрету
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz