Азаматтың құқықтың субъектілері


Жоспар
І Кіріспе
- Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың
субъектісі ретінде
2. 2 Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп
2. 3 Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
2. 4 Заңды, тұлғаны қайта құру
2. 5 Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Азаматтық құқық құқық жүйесінің ең күрделі салаларының бірі болып табылады. Ол азаматтық құқықпен қаралатын азаматтық қатынастардың элементтері субьект, обьект және мазмұны болып есептеледі.
Субьекті түсінігін алатын болсақ, онда ол азаматтық қатынастардың қатысушысы, азаматтық қарым-қатынастардың қатысушылары-азаматтық құқықтың субьектілері болып табылатыны анық. Оларға жататындар: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет. Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшкен соң, азаматтық құқық субьектілері де түбегейлі өзгерістерге ұщырады. Ол өзгерістер заңды тұлғаларға байланысты болды. Бұрынғы заң бойынша, азаматтық құқық субьектілеріне кәсіпорындар, бірлестіктер жатқан, ол тиістілік меншікке байланысты жасалған. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік танылған.
Осыған байланысты 1994 жылы Қазақстан Респуликасының Азаматтық кодексіне заңды тұлға деген ұғым пайда болды. Соған сәйкес 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы» және «Өндірістік кооперативтер туралы» жарлықтары шықты.
Ал, 1998 жылы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы қабылданды. Осы нормативтік құжаттардың бәрінде осы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы көрсетілген.
Ал, енді азаматтарды алсақ, оларда азаматтық құқықтың белсенді қатысушылары болып табылады. Бірақ, азаматтар азаматтық құқық қабілеттілікке ие болуы тиіс. Құқық субьектілік құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктен тұрады.
Сонымен қатар, мемлекетте азаматтық құқық субьектісі бола алады. Бірақ ол заңды тұлға мен жеке тұлғаларға қарағанда азаматтық қарым-қатынастарға сирек қатысады.
Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар
Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті - азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғағаҚазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол - құқыққабілеттілік- пен әрекет қабілеттілік.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі - бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т. б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.
Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және әрекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.
Жеке тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекет қабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері - ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Шектеулі әрекет қабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т. б. арызы бойынша сот оның әрекет қабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер әрекет қабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекет қабілеттілікке ие болады. Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекет қабілеттілігі сот арқылы шектеледі.
Әрекет қабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.
Деликтқабілеттілік - тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.
Әрекет қабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекет қабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекет қабілеттілік) деп аталады.
Құқық субъектілік - бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар қажетті азаматтық мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана жасай алады. Алайда олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз беттерінше жасауға, өзінің жалақысына, шәкіртақысына және өзге табысына иелік етуге. авторлық және өнертабыстық құқықтарын жүзеге асыруға және банк мекемелеріне ақша салуға құқылы. Мұндай әрекет қабілеттілік ішінара деп аталады. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы барлық жағдайда оның мүлкіне өз қалаулары бойынша билік ете алмайды және оның атынан мәміле жасай алмайды. Kәмелеттік жасқа толмаған баланың мүлкін азайтуға алып келетін мәмілені жасау үшін (мысалы, сату, сыйға тарту, кепілге қою, жалға беру) баланың ата-анасы (олар болмаған жағдайға тағайындалған қамқоршы) қорғаншылық және қамқоршілік органдарының алдын ала келісімін алулары тиіс
14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмаған баланың деликтқабілеттілігі жоқ, яғни олар өз міндеттемелері бойынша дербесмүліктік жауапкершілікті алып жүре алмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың әрекеттері үшін оның ата-анасы жауапты. Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі көмелеттік жасқа толмағандар толықтай деликт қабілеттілікке ие, олар өз міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен бірге дербес жауапкершілікте болады. Егер көмелеттік жасқа толмаған балалар үіпінші тұлғаларға және мүлікке зиян келтірсе, оны өтеу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баланың табысы жеткілікті болмаса, онда оның ата-анасы қосымша жауапкершілікте болады.
Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану
Кейде өмірде адамдар ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалып кететін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда coт азаматты хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таниды.
Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп
Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану, адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы бір жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның жұбайы некені АХАТ органдарында бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адам келген немесе тұрған жері табылған жағдайда, сот оны хабар- ошарсыз кеткен деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық тағайындау туралы шешімін жояды.
Азаматты қайтыс болды
Азаматты қайтыс болды деп жариялау, егер адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы уш жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады.
Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде
Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға - бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т. б. жатады.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабі- әрекет қабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.
Лицензия дегеніміз - заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.
Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.
Коммерциялық заңды тұлғалар:
мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.
Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:
мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т. б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезердезаңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.
Заңды, тұлғаны қайта құру
Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз - бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз-тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.
Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде
Қазір елімізде қолданылып жүрген азаматтық заңдардың бір ерекшелігі - мемлекетті азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тануы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет басқа азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылармен тең дәрежеде мемлекеттік қатынасқа түседі. Мемлекеттік билік пен баскару органдары мемлекет атынан сотта сөйлей алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленеді және оны жүзеге асыра алады.
Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар - жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтыққатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты.
Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекет қабілеттілігі белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда болады. Мемлекет толығымен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
- өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
- мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
- заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
- заңды тұлға құра алады;
- заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
- тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
- әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
- басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
- он төрт жасқа толмағандар;
- он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz