ХХ ғасыр басындағы лингвистикалық кейбір ойлар туралы


Лекция № 10
ХХ ғасыр басындағы лингвистикалық кейбір ойлар туралы.
ХХ ғасырдың екінші ширегінде тіл біліміндегі салыстырмалы-тарихи тәсіл Европада мейлінше кең тарады. Оған индоевропа тілдерінен табылған жаңа фактілер түрткі болады. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Хетт-лувия тобына жататын өлі тілдер және екі тохар диалектісінің сыры ашылды. Түрлі бағыт-тағы әр түрлі елдердің лингвистері индоевропа тілдерінің мәселелеріне қайта қарау қажеттігін айтып, ол үшін өз күштерін біріктірді. Алдымен индоевропа халықтарының тілдік комплексінің алғашқы территориялық орналасу мәселесі және индоевропа тілдерінің жеке-жеке тілдерге бөліну кезеңі қайта қаралды. Бұрын Азияны индоевропа халықтарының ата мекені деп келген болатын. Кейінірек неміс лингвистері мен археологтары бұл гипотезаның қателіктерін сынап, олар индоевропалықтардың алғашқы орналасқан территориясы Европаның солтүстігі, дәлдеп айтқанда Германияның солтүстігі болу керек деген гипотеза ұсынды. Алайда, олардың бұл ойын қазіргі тіл білімі қолдап жүрген жоқ. Керісінше, ұқыпты түрде зерттелген топонимикалық атау фактілері, индоевропа халықтарының Солтүстік Европадан шықпағандығын дәлелдеді. Бұл салада Европаның белгілі лингвистерінің бірі, жалпы және индоевропа тіл білімінің маманы. Болгария Ғылым академиясының мүшесі, София университетінің профессторы Владимир Георгиевтің (1908 ж. туған) еңбегінің айтарлықтай мәні бар. Ол өзінің «Гректерге дейінгі тіл білімі » (София, 1941 жылы бірінші рет басылып, 1945 жылы өнделіп екінші рет шығарылды ) деген еңбегінде ертедегі грек жазбаларын және гректерге дейінгі Оңтүстік Россиядағы, Жерорта теңізі мен Эгей теңізі аудандарындағы топонимикалық атауларды талдай келіп мұндағы гректерге дейінгі тұрғындар өздерінің тіл сипаты жағынан индоевропа-лықтар болғанын дәлелдейді. Көптеген материалдарға сүйене отырып, В№ Георгиев индоевропа комплексіндегі ертедегі халықтардың мекендеуі жайлы мынадай қорытынды жасайды: «б. э. д. 5000-жалдардың өзінде-ақ, тіпті одан да бұрын Орталық және Шығыс (бірақ Солтүстік Шығыс емес) Европа, шамамен Германия, Польша, Чехословакия, Оңтүстік Россияның Европалық бөлігі, Румыния және Венгриямен бірге Балқан жарты аралы, Солтүстік Италия территорияларын индоевропалықтар мекендеген. Сол кезде-ақ индоевропа тілі (кейбір диалектілерінің өзара айырмашылығы аз болса да) диалект-диалектіге бөлініп тұрды ».
Мұнда негізінен үш топқа бөлінген ірі диалектілер болды. Ол - солтүстік, орталық және оңтүстік диалектілері. Солтүстік индоевропалық диалектілер тобына- германдықтар, балтославяндар; ал кельттер болса, германдықтар мен итальяндықтарды байланыстыратын звено болды. Оңтүстік индоевропалық топқа нувиялықтар, хеттер, фракиялықтар жатады. Тохарлықтар, тегінде, фракиялықтарға көрші тұрған болуы керек. Грек тайпаларының ата-бабалары (прагрек) Эгей теңізі жағалауына шамамен біздің эрамызға дейінгі ХІІ ғасырда келіп, біртіндеп гректерге дейінгі тұрғындардың мекенін жайлаған болуы керек.
Алуан түрлі индоевропа диалектілерінің тоғысуы туралы және аталған үш топтағы тілдердің зерттелуі жайлы В. Георгиев былай дейді: «Они (прогреческие племена ) дали также толчок к так называемому эгейскому переселению, в котором
участвовали различные племена. Повторные, многократные языковые смешения имели место особенно в Малой Азии. Так возникли путем наслоений и скрещиваний различных индоевропейских диалектов лидийский, ливийский и карейский языки, одноко пелазгийский или лувийский язык был здесь основой.
Из вышеуказанных трех групп мы до настоящего времени лучше всего знали центральные индоевропейские диалекты (латынь, греческий, индийский ) и менее северную группу индоевропейский языков (кельтский, германский и балто-славянский ), так как их языковые памятники относятся к более позднему времени.
Сравнительная грамматика индоевропейских языков была до сих пор построена, главным образом, на основе центральных индоевропейских диалектов и в меньшей степени на основе северной группы индоевропейских языков».
Осы көзқарасты Георгиев өзінің 1950 ж. «Тіл білімі мәселелері » журналының бірінші санында жариялаған « Индоевропа тілдерінің шығу проблемалары » деген мақаласында да қолдайды. Бұл мақалада Георгиев қосымша жаңа фактілерге сүйене отырып, индоевропа тілдерінің жеке-жеке салаларға бөлінуі біздің эрамызға дейінгі 3000-жылдардың орта кезінде болған деп дәлелдейді. Бұл көзқарасты көрнекті совер археологы П. Н. Третьяков (1909-1976) та қолдайды. Егер П. Н. Третьяков өзінің «Шығыс славян тайпалары » (1953 ж. ) деген еңбегінде индоевропалықтардың шығуы жөнінде бұрынғы пікірлерге қосылса, 1953 жылы «Тіл білімі мәселелері » («Вопросы языкознания ») журналында (№ 11) олардың шығуын біздің эрамызға дейінгі 4000 жылдарға жатқызып сол кездің өзінде Балқан-Дунай аймақтарының халықтары индоевропалықтар болған деп санайды. Бұл ойды жақында анықталған біздің эрамызға дейінгі ХVІІ-ХІІ ғасырлардағы ертедегі Крит-минос ескерткіштері толық дәлелдейді. Ол тіл грек диалектісінің ерекше бір түрі болып шықты. Бұл ескерткіштерді 1949- жылы болгар ғалымы В. Георгиев расшифровка жасады. Дәл осы жерде славян елдері лингвистерінің ХХ ғасырда өлі тілдердің ерекшеліктерін расшифровка жасауда бірінші орынға ие екендігін айта кеткен жөн. Хетт тілі текстерін расшифровкалауда оның грамматикалық құрылысының индоевропалық ерекшелікке ие екендігін анықтауда Ертедегі шығыс халықтарының тарихы мен тілдерін зерттеуші, Чехословакия Ғылым академиясының академигі Бедржих Грозныйдың да (1879-1952) еңбегі зор. Бұл ғалымның тамаша зерттеулерінің нәтижесінде индоевропа тіл білімінің дамуы жаңа сатыға көтеріле түсті, бұл тілдердің салыстырмалы грамматикасын жаңа негізде жасауға мүмкіншілік туды.
Құпиялы сыр болып келген жазба естеліктердің (бірақ индоевропалық емес) бетін ашуда советтік тіл білімінің қосқан үлесі мол. Совет этнографы әрі лингвисі Ю. В. Кнорозов (1922 ж. туған) ертедегі дарынды да қабілетті Америка тұрғыны Майя халқының шартты иероглифтер жүйесімен жазылған естеліктерін оқудың кілтін тапты. Бұған дейін Майяның математикалық және астрономиялық білімге негізделген календарлық текстерін ғана оқи алушы еді. Ю. Кнорозовтың еңбегі нәтижесінде ғылым Майя мәдениетінің басқа жақтарымен де танысуға мүмкіндік алды.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі өкілдерінің ашқан үлкен жаңалықтарының бірі- ларингалдық теория . Бұл теорияның пайда болкына екі нәрсе болды:
1 ) 1879 жылы жарық көрген Ф. де Соссюрдің «Индоевропа тілдеріндегі дауыстылардың алғашқы жүйесі жөніндегі мемуар».
2 ) Хетт тіліндегі ерекше һ дыбысының табылуы.
Ф. де Соссюр өзіне белгілі индоевропа тілдерінің дыбыстық құрамына талдай келіп, индоевропа ата тілінде (языкоснова) айрықша сонанттық сипатқа ие болған тағы да екі дыбыс болуы керек деген ойға келеді. Олар жазба ескерткіштерде сақталмаса да, ертедегі индоевропа тілдерінің әрқайсында ізі қалған деп есептейді. Бұл гипотезалық дыбыстарды Ф. де Соссюр шартты түрде « А » және « О » таңбаларымен белгілейді. Оның ойы бойынша, осы гипотезалық дыбыстардың (комбинаторлық) әсерінің нәтижесінде « а », « ө », « о » созылыңқы дауыстылары және индоевропа тілдері дыбыстық жүйесінің кейбір басқа ерекшеліктері пайда болды. Хетт тілінің материалдары табылып, ғылымға әйгілі болғанға дейін Ф. де Соссюрдің бұл ойы гипотеза ретінде қала берген-ді. Салыстырмалы- тарихи талдау хетт тілінің көптеген формалары мен сөздерінде графикалық түрде бейнеленген ерекше белгілердің дәл Ф. де Соссюр көрсеткен позицияда тұратындығын дәлелдейді. « А » деп белгіленген дыбыс осылай болып шықты. Сөйтіп, Ф. де Соссюрдің гипотезасының дұрыстығы толық дәлелденді.
Қазіргі лингвистикалық теорияның дамуына индоевропа, семит және жалпы тіл білімінің маманы, структуралық лингвистиканың негізін қалаушылардың бірі Польша ғалымы Ежи Куриловичтің (1895-1978) қосқан үлесі мол. Ол өзінің «Индоевропа этюдтары» деген еңбегінде индоевропа ата тілінде үш ларингалдың болғандығын көрсетеді. Ол ларингалдар консонантты қасиетке ие болып, ерте дәуірде индоевропа тілдерінің дыбыстық құрамына позициялық зор ықпал жасағанын дәлелдеді. Е. Курилович индоевропалық түбірлерге басқаша, жаңа түрде қарады. Ол индоевропалық түбірлерді таза фонетикалық категория ретінде ғана түсінді. Әрине, мұндай тұжырыммен келісуге болмайды. Түбірлер- сөйлемдегі негізгі ойды білдіруші, сондықтан олардың семантикасын есепке алмауға болмайды. Дегенмен, бұл ескерту Е. Курилович тезисі негізініің дұрыстығын жоққа шығармайды. Ол тезис бойынша индоевропа түбірлері алғашқыда тек қана дауыссыз дыбыстардан басталған, дауысты дыбыстардың алдында ларингальдық дыбыстар тұрған. Мәселен, ларингальдық теорияға сүйене отырып, индоевропа түбірінің құрылысы (структурасы) теориясының авторы, жалпы және европа тіл білімінің маманы, француз лингвисі Эмиль Бенвенист (1902-1976) индоевропа тілдеріндегі сөз тудыру процесін таза фонетикалық процесс ретінде қарастырады. Бұл процесте, оның пікірі бойынша, түбірдің семантикалық жағының ешқандай мәні жоқ. Э. Бенвенист өзінің 1935 ж. француз тілінде шыққан (орыс тілінде 1935 ж. шықты) « Индоевропейское именное словообразование » деген еңбегінде индоевропа есім неіздерінің морфологиялық структурасына фонетикалық моменттердің үлкен әсер ететінін дәлелдеуге тырысады.
Аэрнтальдық теорияны қолдап оны дамытушылар да, оған қарсылар да бар. Соңғысына қазіргі Италиядағы «идеалистік неолингвистика» бағытының (бағыттың өзі осылай аталады) өкілі, роман, индоевропа және тіл білімінің маманы Италия лингвисі Джулиано Бонфанте (1904 ж. туған) және үш томдық «Индоевропа тілдерінің салыстырмалы сөздігінің » серіктес авторы, кельтолог неміс ғалымы Юлиус Покорный (1887-1970) жатады (екінші авторы-этимолог Алоис-Вальде (1869-1924), кітап 1927-1932 жылдары германияда басылып шыққан) . Айта кететін бір нәрсе, Америка лингвистері, тілдердің типологиялық классификациясының авторы,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz