Жаяу жүргіншіге арналған жадынама


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жаяу жүргіншіге арналған жадынама

1. Жаяужүргіншіжаяужол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2. Елді-мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3. Жаяу жүргінші жолды жерасты өтпесі, аспалы көпірлер, жолтаңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяужол жиегі бойымен, ал олардың аралағында - жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4. ;

5. , сондай-, ;

6. . Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7. Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді текқана отырғызуалаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяужол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Жаяу жолда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1. Жаяужолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяужол үстіндегі кедергілерді көлікжолға шықпай айналып өт;

5. Жаяужолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяужол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;

6. Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, жаяужол үстінде тұрып ересектерден жәрдем сұра.

Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі

1. Жаяужолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың біржақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлікжолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Біржақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

8. Жол өтпесінен өткенде жаяужолға қарай қиғаштап емес, тура жүр.

Мектеп бойынша жолда жүру ережесіне арналған мектеп ішілік жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты жолда жүруге арналған іс -шаралар жоспарлы түрде өткізілді. Мектеп инспекторы Сулейманова Анар және полиция капитаны МАИ инспекторы С. Абдуллинмен бірігіп «Мен және менің көшем» атты 1-4 сыныптар аралығында дәрісөткізді. 16 қазан күні «Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік» атты лездеме және 14-17 қазан аралығында «Бағдаршамды білейік, аман - есен жүрейік» атты 1-8 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Мен және жол» тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. 6 «а», 7 «ә», 8 «в» сыныптарының қабырға газеттері мазмұнды, эстетикалық талаптарға сай орындалды.

Абуева Айзада Ғазизқызының басқаруымен «Жол қауіпсіздігін сақтай біл?» 5-6 сыныптар арасында викториналық сұрақтар өткізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді.

«Қазақстан» спорт кешенінде өткен «Біз -таза қаланы қалаймыз» атты байқауға 7ә сынып оқушылары қатысты. Іс-шаралар өз дәрежесінде өтіп, өз мақсатына жетті.

«Транспорт және велосипед жүргізушілерінің жалпы ережесі» атты сайыстар ұйымдастырылып жол полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесулер, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бастауыш сыныптары «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» тақырыбына байланысты суреттер салып, эсселер жазды.

Мектеп бойынша жолер ежелерін бұзған, жол көлік оқиғасына түскен оқушылар жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол белгілері
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Қауіпсіздік белдіктері және қауіпсіздік белдіктерінің кернеу құрылғылары
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
Бірегей жол ережелері
Ренкин шартының мысалы
Демалыс орталықтары
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Алаңдарда қозғалыста ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz